Оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде) 1-тарау. Жалпы ережелер


Негізгі орта білім беру деңгейінің 9-сыныбына арналған «Алаштану» таңдау курсының типтік оқу бағдарламасы



бет269/294
Дата25.04.2024
өлшемі2,8 Mb.
#201338
түріБағдарламасы
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   294
Байланысты:
65 - 132 › AK H0

Негізгі орта білім беру деңгейінің 9-сыныбына арналған
«Алаштану» таңдау курсының типтік оқу бағдарламасы


1 тарау. Жалпы ережелер


1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 726 қаулысымен бекітілген «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы Ұлттық даму жоспарының «Білім беру сапасын арттыру» 3-міндетін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 724 қаулысымен бекітілген «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасының «Қазақстандық бірегейлік пен зияткерлік әлеуетті дамыту» 1-міндетін, Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарының «Патриотизм құндылықтарын дәріптеу» 6-жалпыұлттық басымдығын ескере отырып, әзірленді.
2. Алаш қозғалысы – қазақ елі тарихының жарқын бір беті, ұлттық рух пен мемлекеттілік идеясының, отандық ғылым мен білімнің, мәдениет пен руханияттың айқын көрінісі. ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақстан тарихының «ақтандақ» беттері Алаш қозғалысы, Алаш партиясы және Алашорда тарихымен тікелей байланысты.
3. Қазіргі уақытта қоғамымызда Алаш идеясы – тәуелсіздік идеясы деген ой-пікір берік қалыптасуда. Білім беру үдерісінде ХХ ғасырдың бірінші ширегіндегі Алаш қозғалысына байланысты құбылыстар, оқиғалар, тұлғалар, еңбектер туралы білім алушылардың түсінігін, талдау дағдысын қалыптастыру – ел тәуелсіздігі талаптарымен орайласып жатқан көкейкесті міндет.
4. Бағдарлама білім алушылардың Алаш тұлғаларының мемлекеттік және ғылыми-шығармашылық қызметін білу арқылы отаншылдық қабілетін арттыруға бағытталған.
5. Курсты оқыту мақсаты:
Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметінің және оның қайраткерлерінің қазақ жері мен мемлекеттілігі және ұлттық идея мен рухани-мәдени сананы қалыптастыру жолындағы қызметтерін тарихи арнада талдап оқыту.
6. Оқыту міндеттері:
1) жаңа замандағы білім беру үдерісінде Алаш қозғалысына байланысты құбылыстар, тарихи оқиғалар, тұлғалар келбеті, сан салалы еңбектер туралы білім алушылардың тарихи түсінігін қалыптастыру;
2) білім алушыларды Алаш тұлғаларының мемлекеттік және ғылыми-шығармашылық қызметі арқылы отаншылдық қасиеттерге баулу және тәрбиелеу;
3) білім алушылар бойында тәуелсіздік, ел, жер, ұлттық болмыс, ұлттық таным, ұлттық намыс, ұлттық сана категорияларын Алаш қозғалысы тарихы арнасында қалыптастыру;
4) қазақ мемлекеттілігінің тәжірибесі санатындағы Алаш қозғалысы, Алашорда үкіметі, Алаш автономиясы және Түркістан автономиясы сияқты тарихи құбылыстар туралы білім алушылар санасында жүйелі білімді орнықтыру;
5) Алаш тұлғаларының отандық ғылым мен білімнің бастауындағы мұраларын зерделеу;
6) білім алушылардың «Алаштану» курсы бойынша тарихи үдерістерді дербес талдай білу біліктілігін дамыту, тарихи фактілер, құбылыстар мен тұлғаларға дербес көзқарас білдіру бейімін жетілдіру және тақырыптық негізде түйінді тұжырымдар жасауды қалыптастыру;
7) білім алушылардың алаштануға қатысты деректермен жұмыс істей білу және осы саладағы білімін шығармашылықпен дамыту дағдысын арттыру;
8) ізденімпаздық қабілеттерін жетілдіру, тұлғалық әлеуметтену үдерісіне ықпал ету;
9) мемлекеттік қайраткерлік қызметін қадірлейтін және елдік дәстүр құндылықтарын жете түсінетін саналылық келбетін дамыту;
10) білім алушылардың Алаш тәжірибесіндегі әлем мәдениетіне, зайырлылық пен өркениетке құрметпен қарау дағдысын жетілдіру.
7. Курсты оқытуда мынадай оқу пәндерімен пәнаралық байланыс жүзеге асады:
1) «Дүниежүзі тарихы» және «Қазақстан тарихымен»: Қазақстан тарихы – дүниежүзі тарихының құрамдас бөлігі; көршілес мемлекеттердің тарихымен байланысты қарастырылатын ортақ мәселелердің болуы; ХХ ғасырдың басы мен 20-30 жылдардағы Қазақстан тарихының күрделі, «тар жол, тайғақ кешу» беттері;
2) «Географиямен»: Қазақ КСР мен Қазақстан Республикасы территориясы мен шекарасының анықталу кезеңі; Қазақстан территориясында әлеуметтік-экономикалық реформалардың жүргізілу мерзімдері; Ресей мемлекеттік Думасында, Кеңес өкіметінің бастапқы жылдарында Алаш қайраткерлерінің жартылай көшпелі қазақ шаруашылығын дамытуға байланысты ұстанымдары, тұжырымдамалары;
3) «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиетімен»: ХХ ғасырдың басындағы тарихи оқиғаларды бейнелеген ақын-жазушылардың шығармалары; ХХ ғасырдың басындағы жүйеленген әліпби, емле, жазу реформалары; білім мен ғылым тілінің қалыптасуы, қазақ тіліндегі алғашқы оқу құралдары.
8. Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбында «Алаштану» курсын оқытуда оқытушы мынадай жалпы педагогикалық қағидаларды ұстануы тиіс:
1) тарих пәнін жете меңгеріп, басқа да гуманитарлық пәндерден (әдебиет, тіл, өнер, география т.б. пәнаралық байланыс) қабілетті болу;
2) білім алушымен дербес жұмыс істеу үшін білім алушылардың қызығушылығын арттыратын, «мамандандыратын» (мемлекет және қоғам қайраткерлері, мемлекетшілдік ізденіс тарихы, шығармашылық, мәдениет және т.б.) оқу материалына қосымша элементтерді қосу;
3) білім алушыларды нәтижелі және белсенді жұмыс түрлеріне тартатын ізденіс форматтарын (семинар, тренинг, дөңгелек үстел, баспасөз конференциясы, рөлдік ойындар, пікірсайыс, т.б.) тірек ету;
4) деректерді, оқиғаларды, құбылыстарды, тұлғаларды тарихи пайымдау мен бағалауды қалыптастыратын өзіндік жұмыс түрлерін ұйымдастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   294




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет