Оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде) 1-тарау. Жалпы ережелер


Жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарға арналған



бет282/294
Дата25.04.2024
өлшемі2,8 Mb.
#201338
түріБағдарламасы
1   ...   278   279   280   281   282   283   284   285   ...   294
Байланысты:
65 - 132 › AK H0

Жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарға арналған
«Графика және жобалау» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы
1-тарау. Жалпы ережелер

1. Оқу бағдарламасы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген).


2. «Графика және жобалау» оқу пәнінің мақсаты – білім алушыларға кескіндеу теориясы негізін таныстыру және меңгерту, жобалау және графикалық моделдеу әдістерінің заңдылықтары туралы білім беру, жобалық және шығармашылық қызметін дамытуға көмектесу, графикалық мәдениетті, графиканың дәстүрлі және заманауи құралдарымен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
3. Оқу пәнінің міндеттері:
1) білім алушылардың графикалық кескіндеудің басты функцияларын таным құралы және визуалды (графикалық) ақпаратты беру құралы ретінде түсінуіне көмектесу;
2) ақпаратты құру және беруге, кескіндеудің дәстүрлі және заманауи құралдары, жобалау әдістері заңдылықтары туралы білімін қалыптастыруға мүмкіндік беру;
3) білім алушылардың әр түрлі графикалық әрекетке байланысты зияткерлік қабілеттері мен зерттеушілік дағдыларын дамытуға мүмкіндік жасау;
4) білім алушыларға жобалау, графикалық моделдеу және пішіндеу әдістерін меңгеруге ықпал ету.
2-тарау. «Графика және жобалау» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
1-параграф. «Графика және жобалау» оқу пәнінің мазмұны

4. «Графика және жобалау» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі:


1) 10-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында 72 сағат;
2) 11-сыныпта – аптасына 2сағат, оқу жылында 72 сағатты құрайды.
Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспарына тәуелді (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 тіркелген).
5. Оқу пәнінің мазмұны 8 бөлімді қамтиды:
1) ақпаратты визуалдаудың графикалық әдістері мен құралдары;
2) кескіндердің негізгі түрлері және оны құрастыру;
3) кескіндерді түрлендіру;
4) форманың қалыптасуы және құрылымдау;
5) форманы түрлендіру;
6) техникалық, сәулет – құрылыс және ақпараттық графика элементтері;
7) шығармашылық тапсырмалар;
8) жобалау және жобалау графикасы.
6. «Ақпаратты визуалдаудың графикалық әдістері мен құралдары» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) ақпаратты визуалдаудағы кескіндердің рөлі;
2) ақпаратты визуалдау құралдары;
3) сызбаны орындаудағы негізгі ережелер;
4) сызбадағы геометриялық құрылым.
7. «Кескіндердің негізгі түрлері және оны құрастыру» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) проекциялау әдістері;
2) графикалық кескіндердің негізгі түрлерін құрастыру тәсілдері;
3) заттың (геометриялық денелердің) сызбаларын оқу және орындау;
4) қималар мен тіліктер.
8. «Кескіндерді түрлендіру» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) кескіндердің түрі мен құрамын түрлендіру;
2) кескіндерді қайта құру (реконструкция).
9. «Форманың қалыптасуы және құрылымдау» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) геометриялық денелердің формаларының қалыптасу зандылықтары;
2) форманы құрылымдау;
3) беттің жазбалары.
10. «Форманы түрлендіру» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) зат формасын түрлендіру;
2) заттың кеңістіктегі қалпы мен бөлшектерін түрлендіру.
11. «Техникалық, сәулет – құрылыс және ақпараттық графика элементтері» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) стандарттау;
2) құрамалық сызба. Бөлшектерді қосу;
3) сәулет – құрылыс графикасының элементтері;
4) инфографика (сұлбалар, графикалар және диаграммалар).
12. «Шығармашылық тапсырмалар» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) жобалық қызметке жалпы даярлықтарын дамытатын жаттығулар;
2) жобалық іс – әрекет элементтері бар шығармашылық тапсырмалар.
13. «Жобалау және жобалау графикасы» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) жобалау әдістері;
2) шығармашылық идеяларды визуалдау.
14. «Графика және жобалау» оқу пәнінің 10-сыныптағы базалық білім мазмұны:
1) «Ақпаратты визуалдаудың графикалық әдістері мен құралдары». Ақпаратты визуалдаудағы кескіндердің алатын орыны; кескіннің тарихы; адам өмірінде және әртүрлі салада (ғылымда, техникада және өнерде) визуалды ақпараттың алатын орны; графикалық кескінді орындау әдістері; ақпаратты визуалдау құралдары; негізгі сызу құралдары; сызу құралдарымен жұмыс жасау тәсілдері; жұмыс орнын ұйымдастыру; сызбаны орындаудағы негізгі ережелер; сызбаны безендіру ережелері (формат, масштаб, негізгі жазулар); тәжірбиелік жұмыс (сызық түрлері, сызба әріптері, өлшемдерді қою); сызбадағы геометриялық құрылым; шеңберлерді және бұрыштарды, кесіндіні тең бөліктерге бөлу; түйіндесулер.
2) «Кескіндердің негізгі түрлері және оны құрастыру». Проекциялау әдістері; проекциялаудың негізгі әдістері; екі және үш жазықтыққа тік бұрыштап проекциялау; графикалық кескіндердің негізгі түрлерін құрастыру тәсілдері; аксонометриялық проекциялар; техникалық сурет және нобай; заттың (геометриялық денелердің) сызбаларын оқу және орындау; сызбаға өлшемдерді қою; сызбадағы шарттар мен жеңілдетулер; сызбаларды орындау және оқу.
3) «Кескіндердің негізгі түрлері және оны құрастыру». Қималар мен тіліктер; Қима мен тілік түрлері; Сызбада қима мен тілікті кескіндеу ережелері.
4) «Кескіндерді түрлендіру». Кескіндердің түрі мен құрамын түрлендіру (графикалық жұмыс); кескіндерді қайта құру (реконструкция).
5) «Форманың қалыптасуы және құрылымдау». Геометриялық денелердің формаларының қалыптасу зандылықтары; геометриялық дене (заттардың) бетінің жазбалары; заттардың (геометриялық денелердің) формаларын құрылымдау.
6) «Форманы түрлендіру». Зат формасын түрлендіру; кескінділер арқылы заттардың формаларын түрлендіру.
7) «Техникалық, сәулет – құрылыс және ақпараттық графика элементтері». Стандарттау. Стандарттау, өзара алмасушылық, сәйкестендіру, бөлшек және жиынтық бiрлiгі туралы жалпы түсінік; құрастыру сызбасы; бөлшектердің қосылыстары; ажырайтын және ажырамайтын біріктірулер; құрастырмалы сызбаны орындау және безендіру ережелері; сәулет – құрылыс графикасының элементтері; құрылыс сызбалары туралы жалпы мағлұмат; қарапайым құрылыс сызбаларын оқу және орындау.
15. «Графика және жобалау» оқу пәнінің 11-сыныптағы базалық білім мазмұны:
1) «Ақпаратты визуалдаудың графикалық әдістері мен құралдары». Компьютерлік графиканың негізгі түрлері. Растрлық, векторлық графикаға арналған бағдарламалар; 2D кескінін құру үшін БҚ (бағдарламамен қамтамасыз ету); 2D кескінін құру; векторлық және расторлық графикадағы түстік модельдер; векторлық және расторлық графикалардың графикалық операциялары; графикалық безендіруін орындау үшін графикалық редактордың мүмкіндіктерін пайдалану; примитивтерді қолдана отырып, 2D объектінің кескінін құру. Примитивтерді қолдана отырып, геометриялық құрылымдар орындау; кескіндерді баспада басып шығару.
2) «Кескіндердің негізгі түрлері және оны құрастыру». Компьютерлік графика құралдары арқылы көлемді денелерді және үстіртін модельдеудің негізгі тәсілдері; 3D моделін құрудың негізгі кезеңдері. 3D моделін (аксонометриялық проекция, техникалық сурет, жиынтық бiрлiк) құрудағы расторлық және векторлық бағдарлама мүмкіндіктері. Көлемді моделдеу операциясының негізіне сүйеніп 3D моделін құру; 3D моделдердің визуализациялау түрлерін анықтау. 3D моделдерін тұрғызу тәсілдерін таңдау. 3D моделдерінің текстурасы мен фактурасы; 2D нысанының қима және тілік көрінісін орындау үшін БҚ (бағдарламамен қамтамасыз ету) таңдау. Қима мен тілікті қалыптастыратын көлемді моделдеу тәсілдері.
3) «Кескіндерді түрлендіру». Кескіндердің түрі мен құрамын түрлендіру (графикалық жұмыс).
4) «Форманың қалыптасуы және құрылымдау». Компьютерлік графика құралдары арқылы геометриялық дене (заттардың) бетінің жазбасын сызу.
5) «Форманы түрлендіру». Бөлшектерді жою және басып шығару арқылы 3D моделді түрлендіру; бөлшектерді ауыстыру арқылы 3D моделді түрлендіру;
6) «Техникалық, сәулет – құрылыс және ақпараттық графика элементтері». Жиынтық бiрлiгінің 3D-моделі; графикалық бағдарламалардың кітапханамен жұмысы; құрылыс сызбаларын графикалық редакторларда орындау; инфографика (сұлбалар, графикалар және диаграммалар). Әртүрлі саладағы инфографика.
7) «Жобалау және жобалау графикасы». Жобалау әдістері»; жобалаудың негізгі кезендері; жобалау объектілеріне қойылатын талаптар (эстетикалық, функциялық); Шығармашылық идеяларды визуалдау. Графикалық құжаттар; техникалық құжаттамалардың түрлері және олардың құрамы; шығармашылық идеяларды визуалдаудың әртүрлі құралдары (эскиз, макет, сызба); берілген тақырыпқа шығармашылық жоба орындау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   278   279   280   281   282   283   284   285   ...   294




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет