Оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде) 1-тарау. Жалпы ережелер



бет171/294
Дата25.04.2024
өлшемі2,8 Mb.
#201338
түріБағдарламасы
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   294
Байланысты:
65 - 132 › AK H0

4-тоқсан

4.1 Биохимия

Аминқышқылдары.
Нәруыздар
Көрсетілім №4: 
«Нәруыздардың еруі және тұнбаға түсуі, нәруыздар денатурациясы; нәруыздардың жануы (жүн, құс қауырсыны) Зертханалық тәжірибе № 5 «Нәруыздардың түсті реакциялары»

11.4.1.9 - аминқышқылдары молекулаларының құрамы мен құрылысын сипаттау
11.4.1.10 - α – аминоқышқылдарынан нәруыздарды алудағы пептидтік байланыстың түзілуін түсіндіру;
11.4.1.11 нәруыздың бірінші, екінші, үшінші реттік құрылымдарын ажырату
11.4.1.12 - нәруыздар гидролизі өнімдерін білу;
11.4.1.13 - нәруыздардың қызметін білу;
11.4.1.14 - нәруыздардың сапалық реакцияларын және денатурациясын білу;
11.4.1.15- нәруыздардың денатурациясы реакциясын тәжірибе жүзінде жасау



Нуклеин қышқылдары
Көрсетілім №5
«ДНК мен РНК молекулаларының модельдері»

11.4.1.16 - нуклеин қышқылдары туралы жалпы ұғымды және олардың жіктелуін білу;
11.4.1.17 - ДНК мен РНК биологиялық маңызын түсіндіру

Дәрумендер және гормондар туралы түсінік.



11.4.1.18 - дәрумендер мен гормондардың адам ағзасындағы функциясын сипаттау;
11.4.1.19 - кейбір дәрумендердің табиғаттағы көздерін білу

3.1 Жер химиясы

Жасыл химия

11.3.1.1 - «Жасыл химияның» 12 принципін білу және түсіндіру;

3 -тарау. «Химия» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
(төмендетілген оқу жүктемесімен)
1-параграф. «Химия» оқу пәнінің мазмұны

15. «Химия» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі (төмендетілген оқу жүктемесімен):


1) 10-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында 72 сағатты;
2) 11-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында 72 сағатты құрайды.
Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспарына тәуелді (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 болып тіркелген).
16. Оқу мақсаттары мұғалім мен білім алушыларға болашақ қадамдары жөнінде өзара ой бөлісуге, оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкіндік беретін бірізділік пен сабақтастықты көрсететін 5 бөлімнен тұрады:
1) заттардың бөлшектері;
2) химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары;
3) химиялық реакциялардың энергетикасы;
4) химия және қоршаған орта;
5) химия және өмір.
17. «Заттардың бөлшектері» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) атомдар, иондар және молекулалар;
2) атом құрамы мен құрылысы;
3) атомда электрондардың қозғалысы мен таралуы;
4) химиялық байланыстардың түрлері.
18. «Химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) периодтық заң мен периодтық жүйе;
2) заттар массасының сақталу заңы;
3) стандартты электрондық потенциалдар.
19. «Химиялық реакциялардың энергетикасы» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар;
2) химиялық реакцияның жылдамдығы;
3) химиялық тепе-теңдік;
4) қышқылдар мен негіздер теориясы. Электролиттер ерітінділеріндегі иондық тепе-теңдіктер.
20. «Химия және қоршаған орта» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) жер химиясы;
2) көміртек және оның қосылыстары.
21. «Химия және өмір» бөлімі «Биохимия» бөлімшесінен тұрады.

22. «Химия» оқу пәнінің 10-сыныптағы базалық білім мазмұны:


1) «Атом құрылысы». Атом құрылысының заманауи теориясы; атомдағы электрон күйі және қозғалысы; Квант саны; Паули принципі; Хунд ережесі; Клечковский ережесі; изотоптар; радиоактивті заттар туралы түсінік; ядролық реакциялар және олардың Қазақстанның энергетикалық потенциалындағы маңызы;
1көрсетілім: «Атом құрылысы моделі»;
Есеп шығару: «құрамындағы химиялық элемент атомының массалық үлесі бойынша қосылыстың химиялық формуласын табу».
2) «Периодтық заң және химиялық элементтердің периодтық жүйесі». Периодтық заң және периодтық жүйе атом құрылысы тұрғысынан; атом валенттілігі және валенттілік мүмкіндігі; атомның тотығу дәрежесі; негізгі топшада және периодта элемент қасиеттерінің периодты өзгеруі; Периодта және топта қосылыстардың қышқылды-негіздік қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары; қоршаған ортаның химиялық бейнесін және технология мен ғылымның дамуы үшін периодтық заңның мәнін түсіну.
3) Химиялық байланыс және зат құрылысы; химиялық байланыс түрінің біртұтас электронды табиғаты; ковалентті химиялық байланыс; ковалентті химиялық байланыс қасиеттері; ковалентті байланыстың донорлы- акцепторлы механизммен түзілуі ; атом орбитальдарының гибридтелуі (sp, sp2, sp3) және молекула геометриясы; электртерістілік және байланыс полярлығы; ионды химиялық байланыс және иондық кристалдық тор; металдық байланыс және металдық кристалдық тор; сутектік байланыс; жай және күрделі заттардың қасиеттерінің химиялық байланыс және кристалдық тор типіне тәуелділігі;
2 көрсетілім: «Графит, алмаз, көміртегі (IV) оксидінің кристалдық тор моделі»;
3 көрсетілім: «Натрий, мыс хлоридтерінің кристалдық тор моделі»;
№ 1 зертханалық тәжірибе: «Әр түрлі химиялық байланысты заттардың молекуласын даярлау. Түрлі кристалдық торлы заттардың қасиеттерін оқу».
4) «Химиялық реакциялар заңдылығы». Химиялық реакциялардың жіктелуі; жай, бинарлы және күрделі бейорганикалық заттардың қатысуымен тотығу-тотығу реакциялары; тұз ерітінділерінің және балқымаларының электролизі; қышқыл, сілті және тұз ерітінділерінің рН-і; тұздар гидролизі; химиялық реакциялардың жылу эффектісі және оның маңызы;
4 көрсетілім: «Өнеркәсіптік үдерістер электролизінің бейне көрсетілімдері: мыс, алюминий, натрий гидроксиді және хлоридінің өнеркәсіптік өндірісі»;
№ 2 зертханалық тәжірибе: «Гидроксидтер, қышқыл және тұздар қасиеттерін зерттеу. Тұздар гидролизі»;
№ 3 зертханалық тәжірибе: «Ерітінділер рН –ын, тұздар, негіздер және қышқылдардың сапалық құрамын тәжірибе арқылы дәлелдеу»;
5 көрсетілім: «Экзо-эндотермиялық реакциялар».
5) «Кинетика». Химиялық реакция жылдамдығы; химиялық реакция жылдамдығына әсер ететін факторлар; катализаторлар мен ингибиторлар; гомогенді және гетерогенді катализ; Қазақстанда катализдік химия ғылымының дамуы;
№ 4 зертханалық тәжірибе: «Химиялық реакция жылдамдығының әртүрлі факторларға: температура, концентрация, қысымға тәуелділігін тану»
№ 5 зертханалық тәжірибе: «Химиялық реакция жылдамдығының әртүрлі факторларға тәуелділігін зерттеу, гомогенді және гетерогенді катализ».
6) «Химиялық тепе-теңдік». Химиялық тепе-теңдік және оның ығысуына әсер етуші жағдайлар. Ле Шателье-Браун принциптері;
№6 зертханалық тәжірибе: «Химиялық тепе-теңдіктің ығысуы (аммоний не калий тиоционаты мен темір (ІІІ) хлориді концентрациясының өзгеруі бойынша».
7) «Металдар мен бейметалдардың жалпы сипаттамасы». Металдар және бейметалдар: химиялық элементтер және жай заттар; металдар мен бейметалдардың (атом, ион) құрылысы және кристалдық торларының ерекшелігі, металдар мен бейметалдар, олардың қосылыстарының қасиеттерінің период және топ бойынша өзгеруі; металдар және бейметалдар: негізгі физикалық және химиялық қасиеттері; металдардың электрохимиялық кернеу қатары; металдар, бейметалдар және олардың қосылыстарының табиғатта кездесуі; тірі ағзалардың іс-әрекетінде металдар және бейметалдардың биологиялық ролі;
6 көрсетілім: «Металдар, бейметалдар және олардың қосылыстарының үлгілері, металдардың кристалдық тор модельдері»;
№7 зертханалық тәжірибе: «Типтік металдар, бейметалдар мен амфотерлі элементтердің химиялық қасиеттері».
8) «Маңызды s-элементтер және олардың қосылыстары». Химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі s-элементтердің орны, атом құрылысының ерекшелігі, олардың металдық және тотықсыздандырғыштық қасиеттерін салыстыру; натрий, калий және олардың маңызды қосылыстарының физикалық, химиялық қасиеттері, алынуы, қолданылуы, биологиялық маңызы; кальций, магний және олардың қосылыстарының физикалық, химиялық қасиеттері, алынуы, қолданылуы, биологиялық маңызы; судың кермектігі, оны жою жолдары; сілтілік металдар мен сілтілік жер металдарының табиғи қосылыстарының Қазақстандағы кен орындары;
7 көрсетілім: «Натрий, калий және кальцийдің сумен әрекеттесуі. Натрий, калий және кальций иондарына сапалық реакция (жалын түсінің өзгеруі);
№8 зертханалық тәжірибе: «Натрий, калий, магний, кальцийдің маңызды тұздарының үлгілерімен танысу, металдардың химиялық белсенділігін салыстыру. Сілтілік және сілтілік-жер металдары тұздарының жалынды бояуы».
9) «Маңызды d-элементтер және олардың қосылыстары». d-элементтердің периодтық жүйедегі орны, атом құрылысының ерекшелігі; Қазақстандағы мыс, мырыш, темір, хром және олардың қосылыстарының кен орындары; мыс, мырыш және олардың маңызды қосылыстары. Хром және оның қосылыстары; темір және оның қосылыстары; коррозия түрлері және коррозияның алдын алу шаралары;
№9 зертханалық тәжірибе: «Cu2+, Zn2+ иондарын тануға сапалық реакция»;
№10 зертханалық тәжірибе: №10 «Fe2+, Fе3+ иондарын тануға сапалық реакция»;
№1 практикалық жұмыс: «Темір (ІІ), (ІІІ), мыс (ІІ), мырыш, хром (ІІІ) гидроксидтерін алу; қышқыл мен сілтінің гидроксидтерге әсерін зерттеу».
10) «Маңызды p-элементтер және олардың қосылыстары». Периодтық жүйедегі р-элементтердің орны, олардың атом құрылысының ерекшеліктері; алюминий және олардың қосылыстары; көміртек, кремний және олардың қосылыстарының қасиеттері; көміртек, кремний және олардың қосылыстарының табиғатта таралуы; азот молекуласы құрылысы және қасиеттерінің ерекшеліктері; аммиак, аммоний тұздары; ортофосфор қышқылы және фосфаттар; азот және фосфор қосылыстарының тыңайтқыш ретінде қолданылуы; азот оксидтерінің, нитраттар және фосфаттардың қоршаған ортаға экологиялық әсері; күкірт, оның оксидтері, қышқылдары, сульфаттар; күкірт қышқылының қасиеттері; галогендер; хлорсутек, тұз қышқылы және хлоридтер;
«йод ерітіндісінің крахмалға әсері»; адам тіршілігіндегі йодтың биологиялық ролі; йод жетіспеушілігінен туындайтын аурулардан Қазақстан тұрғындарын сақтандыру шаралары;
8 көрсетілім: «Еріген заттың белсендірілген көмірге сіңірілуі (адсорбция);
№2 пратикалық жұмыс: «Аммиак алу, оның сулы ерітіндісінің және аммоний тұздарының қасиеттерін зерттеу»;
№ 3 практикалық жұмыс: «Кейбір аниондарға сапалық реакция» тақырыбына эксперименттік есептер шығару.
11) «Бейорганикалық қосылыстарды және құймаларды өндіру»; Қазақстанда қара және түсті металдарды және олардың құймаларын алу; жанасу әдісімен күкірт қышқылын өндіру; аммиак, азот қышқылыш өндіру; Қазақстандағы силикат өндірісі; химиялық және металлургиялық өндіріс қалдықтарымен қоршаған ортаның ластануы.

23. «Химия» оқу пәнінің 11-сыныптағы базалық білім мазмұны:


1) «Органикалық химияға кіріспе». Көміртек атомы құрылысының ерекшеліктері; гибридизация; органикалық қосылыстардағы химиялық байланыстардың сипатттамасы және электрондық табиғаты А.М.Бутлеровтың органикалық қосылыстардың химиялық құрылыс теориясының негізгі қағидалары;изомерия және гомологтық қатар; бос радикалдар туралы ұғым және олардың тірі ағзалар өміріндегі маңызы; органикалық заттардың номенклатурасы мен жіктелуі; органикалық қосылыстардың табиғатттағы және адам өміріндегі маңызы; органикалық химияның дамуындағы Қазақстандық ғалымдардың ролі;
1 көрсетілім: «Органикалық затттар үлгілері (мұнай, керосин, этанол, глицерин, глюкоза, сахароза, парафин, мақта, ағаш сүрегі)»;
№1 зертханалық тәжірибе: «Метан, этан, этилен, ацетилен, бензол, метанол, этанол, сірке қышқылы молекулаларының модельдері».
2) «Көмірсутектер және олардың көздері». Алкандар; циклоалкандар; алкендер. полиэтилен;
2 көрсетілім: «Метан, этилен, ацетиленнің жануы. Каучуктер.резина, эбонит үлгілерімен танысу»;
№ 2 зертханалық тәжірибе: «Этиленнің, ацетиленнің, мұнай үлгісінің және бензолдың калий;
№2 практикалық жұмыс: «Этиленді алу және қасиеттерін зерттеу» перманганаты және бром/ йод суы ерітінділеріне әсері».
3) «Көмірсутектер және олардың көздері». Алкадиендер; алкиндер; арендер және олардың туындылары; көмірсутектердің және олардың туындыларының генетикалық байланысы; көмірсутектердің табиғи көздері және олардың Қазақстандағы кен орындары; газ, мұнай, көмірді өңдеу; Казақстанда көмір және мұнай-газ өндірістерінің дамуы; Қазақстанда өнімді өндірудегі, өңдеудегі экологиялық аспектілер;
№ 3 зертханалық тәжірибе: «Изопренді каучуктің шарөзекті моделін құрастыру».
4) «Оттекті органикалық қосылыстар». Оттекті органикалық қосылыстардың жіктелуі, номенклатурасы; біратомды және көпатомды спирттер; фенол; альдегидтер; кетондар; карбон қышқылдары;
№ 4 зертханалық тәжірибе: «Этанолды этилен гидратациясы және глюкозаның ашуы арқылы алу»;
№5 зертханалық тәжірибе: «Спирттердің суда еруі, жануы және біратомды және көпатомды спирттерге сапалық реакциялары»;
№ 2 практикалық жұмыс: «Оттекті органикалық қосылыстарға сапалық реакциялар».
5) «Оттекті органикалық қосылыстар». Жай және күрделі эфирлер; майлар; сабын және жуғыш заттар; Қазақстандағы сабын және синтетикалық жуғыш заттар өндірісі; көмірсулардың жіктелуі, биологиялық рөлі; моносахаридтер; глюкоза; фруктоза; дисахаридтер; сахароза; лактоза; полисахаридтер; крахмал; целлюлоза.
3 көрсетілім: «Сабын және жуғыш ұнтақ ерітінділерін индикаторлармен сынау»
№ 6 зертханалық тәжірибе: «Тамақ өнімдеріндегі крахмалды анықтау»
6) «Құрамында азоты бар органикалық қосылыстар. Гетероциклді қосылыстар. Нуклеин қышқылдары». Аминдер; анилин; аминқышқылдары; нәруыздар; нуклеин қышқылдары;
4 көрсетілім: «Аминқышқылдарында функционалдық топтардың барын дәлелдеу»;
5 көрсетілім: «Нәруыздардың еруі және тұнбаға түсуі, белоктар денатурациясы; белоктардың жануы (жүн, құс қауырсыны);
№ 7 зертханалық тәжірибе: «Нәруыздардың түсті реакциялары»;
6 көрсетілім: «ДНК мен РНК молекулаларының модельдері».
7) «Жасанды және синтетикалық полимерлер Химия адам өмірінде».
Жасанады және синтетикалық полимерлер; пластмассалар, каучуктер, талшықтар; Қазақстандағы полимерлер өндірісі; дәрумендер және гормондар туралы түсінік; биогенді органикалық заттардың рөлі; химия және өмір; экологиялық мәселелер;
7 көрсетілім: «Пластмассалар, синтетикалық каучуктер және талшықтар үлгілерімен таныстыру».
№8 зертханалық тәжірибе: «Пластмассалар мен талшықтарды анықтау».

2-параграф. Оқыту мақсаттарының жүйесі (төмендетілген оқу жүктемесімен)


24. Бағдарламада «оқыту мақсаттары» төрт саннан тұратын кодтық белгімен белгіленді. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сандар бөлім және бөлімше ретін, төртінші сан бөлімшедегі оқыту мақсатының реттік нөмірін көрсетеді. Мысалы, 10.2.1.4. кодында «10»-сынып, «2.1» – екінші бөлімнің бірінші бөлімшесі, «4» – оқыту мақсатының реттік саны.





  1. Заттардың бөлшектері

Білім алушылар орындауы тиіс…




10-сынып

11-сынып

1.1 Атомдар, молекулалар және иондар

10.1.1.1 - құрамындағы химиялық элемент атомының массалық үлесі бойынша қосылыстың химиялық формуласын шығару



1.2 Атомның құрамы мен құрылысы

10.1.2.1 - атом құрылысының заманауи теориясын білу
10.1.2.2 - s, p, d, f орбитальдарының пішінін ажырату;
10.1.2.3 - радиоактивтілік табиғатын және радиоактивті изотоптардың қолданылуын түсіндіру



1.3 Атомда электрондардың қозғалысы және таралуы

10.1.3.1 - квант сандарының сипаттамасы мен мәндерін білу;
10.1.3.2 - электрон орбитальдарын толтыру ережелерін: минимальді энергия принципі, Паули принципі, Хунд ережесін қолдану;
10.1.3.3 - алғашқы 36 химиялық элементтің электрондық конфигурациясын жазу



1.4 Химиялық байланыстың түрлері

10.1.4.1 - донор-акцепторлы және алмасу механизмі бойынша ковалентті байланыстың түзілуін түсіндіру;
10.1.4.2 - ковалентті байланыстың қасиеттерін сипаттау;
10.1.4.3 - H2, Cl2, O2, N2, HCl, NH3 молекулалары үшін Льюис диаграммасын құру
10.1.4.4 - әртүрлі гибридтелу түрлерінің мәнін түсіндіру;
10.1.4.5 - BF3, CH4, NH3, H2O, ВеСl2 мысалында молекуланың электронды және кеңістіктік құрылысына зат қасиетінің тәуелділігін түсіндіру
10.1.4.6 - атомдардың электртерістілік ұғымының физикалық мәнін түсіндіру және оның негізінде химиялық байланыстың түрін болжау;
10.1.4.7 - иондық байланыстың қарама-қарсы зарядталған иондардың электростатикалық тартылуы нәтижесінде түзілетіндігін түсіну;
10.1.4.8 - NaCl, CaO, MgF2, KH қосылыстары үшін Льюис диаграммасын құру
10.1.4.9 - металдық байланыстың табиғатын және оның металдардың физикалық қасиеттеріне әсерін түсіндіру;
10.1.4.10 - сутекті байланыстың түзілу механизмін түсіндіру;
10.1.4.11 - кристалл тор типтері және байланыс түрлері әртүрлі қосылыстардың қасиеттерін болжау



2. Химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары



Білім алушылар орындауы тиіс…




10-сынып

11-сынып

2.1 Периодтық заң және периодтық жүйе

10.2.1.1 - периодтық заңның физикалық мәнін түсіндіру;
10.2.1.2 - валенттілік және атомның тотығу дәрежесі ұғымдарының физикалық мәнін түсіндіру;
10.2.1.3 - химиялық элемент атомдарының қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарының сипаттау: радиусы, иондану энергиясы, электронтартқыштық, электртерістілік және тотығу дәрежесі;
10.2.1.4 - период және топ бойынша химиялық элементтердің оксидтерінің, гидроксидтерінің және сутекті қосылыстарының қышқылдық-негіздік қасиеттерінің өзгеру заңдылығын түсіндіру;
10.2.1.5 - периодтық кестеде орналасуы бойынша химиялық элементтердің және олардың қосылыстарының қасиеттерін болжау;
10.2.1.6 - периодтық кестенің ашылуымен байланысты дамыған ғылымдардың негізгі бағыттарын тізімдеу;
10.2.1.7 - химиялық реакцияларды үдерістің бағыты, саны мен құрамы, реагенттер мен реакция өнімдеріндегі химиялық элементтердің тотығу дәрежелерінің өзгеруі бойынша жіктей білу;
10.2.1.8 - радиоактивті заттар ұғымын білу;
10.2.1.9 - радиоактивті ыдырау типін білу және қарапайым ядролық реакциялар теңдеуін құра алу (a, b-, b+, g ыдырау);
10.2.1.10 - Қазақстан энергетикалық потенциалында ядролық реакциялар мәнін түсіну;
10.2.1.11 - металдар және бейметалдар құрылысының ерекшелігін сипаттау: радиусы, иондану энергиясы, электронтартқыштық, кристалл торы;
10.2.1.12 - период және топта металл, бейметалл және олардың қосылыстарының қасиеттерінің өзгеру заңдылығын болжау;
10.2.1.13 - металдар және бейметалдардың негізгі физикалық қасиеттерін түсіндіру;
10.2.1.14 - электрохимиялық кернеу қатарында металдардың орналасу принципін түсіну;
10.2.1.15 - металдар және бейметалдардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру;
10.2.1.16 - типтік металдар, бейметалдар мен амфотерлі элементтердің химиялық қасиеттерін тәжірибе жүзінде зерттеу;
10.2.1.17 - металдар, бейметалдар және олардың қосылыстарының табиғатта таралуы туралы білу
10.2.1.18 - атом құрылысы негізінде s-элементтердің жалпы қасиеттерін түсіндіру
10.2.1.19 - s-элементтердің металдық, тотықсыздандырғыштық қасиеттерін салыстыру және реакция теңдеулерін құрастыру
10.2.1.20 - натрий, калий және олардың маңызды қосылыстарының алыну әдістерін білу;
10.2.1.21 - натрий, калий және кальцийдің сумен реакциясының химиялық белсенділігін ажыратуды түсіндіру ;
10.2.1.22 - кальций, магний және олардың қосылыстарының негізгі қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру
10.2.1.23 - калий, натрий, кальций иондарының сапалық реакциясын зерттеу (жалынды бояуы)
10.2.1.24 - атом құрылысы негізінде d-элементтердің периодтық жүйедегі орнын түсіндіру
10.2.1.25 - мыс, мырыш және олардың маңызды қосылыстарының қасиеттерін және қолданылуын түсіндіру
10.2.1.26 - Cu2+, Zn2+ иондарын тани білу;
10.2.1.27 - хром және оның қосылыстарың қасиеттерін және қолданылуын түсіндіру
10.2.1.28 - темір және оның қосылыстарының алынуын, тән физикалық және химиялық қасиеттерін сипаттау;
10.2.1.29 - Fe2+, Fе3+ иондарын тани білу;
10.2.1.30 - темір (ІІ), (ІІІ), мыс (ІІ), мырыш, хром (ІІІ) гидроксидтерін тәжірибе жүзінде ала білу және олардың қышқыл және сілтілермен әрекеттесуін зерделеу
10.2.1.31 - атом құрылысы көзқарасы тұрғысынан периодта және топта р-элементтердің қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын түсіндіру
10.2.1.32 - алюминий оксиді және гидроксидінің екәдайлы қасиеттерін оқып білу
10.2.1.33 - алюминий және оның құймаларының қолданылуын сипаттау
10.2.1.34 - көміртек, кремний және олардың қосылыстарының физикалық, химиялық қасиеттерін оқып білу
10.2.1.35 - иіс газымен уланудың қалай жүретінін түсіндіру және алғашқы көмек көрсету әдістерін сипаттау
10.2.1.36 - молекула құрылысы негізінде азоттың төмен химиялық белсенділігін түсіндіру;
10.2.1.37 - газтәрізді аммиактың және оның сулы ерітіндісінің химиялық қасиеттерін және алынуын сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру;
10.2.1.38 - ортофосфор қышқылының және фосфаттардың физикалық, хиииялық қасиеттерін оқып білу;
10.2.1.39 - құрамында күкірті бар қазбалы отындардың жануы кезіндегі күкірт диоксидінің түзілуін сипаттау;
10.2.1.40 - сұйылтылған және концентрлі күкірт қышқылының қасиеттерін салыстыру
10.2.1.41 - топ бойынша галогендердің физикалық және химиялық қасиеттерінің өзгеру заңдылығын түсіндіру
10.2.1.42 - тұз қышқылының химиялық қасиеттерін оқып білу және оның қолданылу аймағын білу;
10.2.1.43 - хлорид-, бромид-, йодид-, сульфат-, карбонат-, фосфат-, нитрат-, силикат- иондарына сапалық реакцияны білу;
10.2.1.44 - аниондарды анықтау бойынша тәжірибе жоспарын құру және оны іс –жүзінде жүзеге асыру;
10.2.1.45 - күкірт қышқылын өнеркәсіптік өндірудің жанасу үдерісін сипаттаужәне оның өнеркәсіп үшін мәнін білу
10.2.1.46 - аммиак және азот қышқылын өнеркәсіптік өндіру әдістерін және оның өнімдерінің қолданылу саласын сипаттау



2.2 Заттар массасының сақталу заңы

10.2.2.1 - металдар мен оның қосылыстарындағы генетикалық байланысты көрсететін химиялық реакция теңдеулері бойынша реагенттің немесе өнімнің массасына, зат мөлшеріне есептер шығару;
10.2.2.2 - металдар қатысуымен жүретін химиялық реакциялар теңдеуі бойынша (құрамында қоспасы бар реагенттер, теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы практикалық шығымның массалық үлесі) есептер шығару


2.3 Стандартты электрондық потенциалдар

10.2.3.1 - зат формуласы бойынша элементтің тотығу дәрежесін анықтай алу;
10.2.3.2 - электронды баланс әдісін қолданып тотығу және тотықсыздану теңдеулерін құрастыра алу;
10.2.3.3 - ерітінді және балқыма арқылы электр тоғы өткен кезде жүретін үдерістерді оқу және түсіндіру
10.2.3.4 - электролит ерітінділерін және балқымаларын электролиздеу кезінде электродтарда түзілетін электролиз өнімдерін болжау;
10.2.3.5 - ерітінді және балқыма электролизі үдерісі сызбанұсқасын құра алу
10.2.3.6 - электролиз өнімдерінің массасын, көлемін (газ) есептей алу;
10.2.3.7 - коррозия түрлерін, коррозияның болу себептерін білу және оның конструкцияларының пайдалану ұзақтығына кері әсерін түсіндіру;
10.2.3.8 - өнеркәсіпте металдарды алу әдістерін білу;
10.2.3.9 - тұрмыста, техникада және ғылымда қолданылатын маңызды құймалардың құрамын атау: шойын, болат, жез, қола, мельхиор, дюраль;
10.2.3.10 - шойын және болаттың алыну әдістерін және қасиеттерін сипаттау;
10.2.3.11 - шыны, цемент өндіру үдерісін және олардың қолданылуын сипаттау



3. Химиялық реакциялардың энергетикасы



Білім алушылар орындауы тиіс…



10-сынып

11-сынып

3.1 Экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар

10.3.1.1 - жылу эффектісі бойынша химиялық реакцияларды жіктей алу;
10.3.1.2 - химиялық реакциялардың жылу эффектісі мәнін тұсіндіру;
10.3.1.3 - химиялық реакциялардың жылу эффектісін есептей алу



3.2 Химиялық реакция-лардың жылдамдығы

10.3.2.1 - химиялық реакция жылдамдығына температура, концентрация, қысымның әсерін тәжірибелік зерттеу;
10.3.2.2 - химиялық реакция жылдамдына әртүрлі факторлар өзгерісінің әсерін түсіндіру;
10.3.2.3 - әрекеттесуші заттар концентрациясы және температурасы өзгеруі кезіндегі реакция жылдамдығының өзгерісін есептей алу;
10.3.2.4 - химиялық реакция жылдамдығына катализаторлар және ингибиторлар әсерін түсіндіру
10.3.2.5 - гомогенді және гетерогенді катализ механизмін түсіндіру
10.3.2.6 - Қазақстанда катализдік химияның дамуын білу



3.3 Химиялық тепе-теңдік

10.3.3.1 - әр түрлі факторлардың тепе-теңдіктің ығысуына әсерін тәжірибе жүзінде зерттеу;
10.3.3.2 - химиялық тепе-теңдікке температура, концентрация және қысым өзгерісінің әсерін болжау;
10.3.3.3 - тепе-теңдік константасы өрнегін құра алу




3.4 Қышқылдар мен негіздер теориясы. Электролиттер ерітінділеріндегі иондық тепе-теңдіктер

10.3.4.1 - ерітіндінің рН мәні бойынша тұздар, қышқылдар және гидроксид ерітінділерінің сапалық құрамын дәлелдеу;
10.3.4.2 - оның сапалық құрамы бойынша тұз ерітінділерінің ортасын болжау




4. Химия және қоршаған орта

Білім алушылар орындауы тиіс…



10-сынып

11-сынып

4.1 Жер химиясы

10.4.1.1 - кейбір металдар мен бейметалдардың және олардың қосылыстарының қоршаған ортаға әсерін зерделеу;
10.4.1.2 - тірі ағзалардың іс- әрекетінде металдар және бейметалдардың биологиялық рөлін түсіндіру;
10.4.1.3 - натрий және калий қосылыстарының биологиялық рөлін түсіндіру
10.4.1.4 - кальций және магнийдің биологиялық рөлін түсіндіру;
10.4.1.5 - судың кермектілігін және оны жою әдістерін түсіндіру;
10.4.1.6 - Қазақстанда таралған сілтілік және сілтілік жер металдардың табиғи қосылыстарын білу
10.4.1.7 - Қазақстандағы мыс, мырыш, темір, хром және олардың қосылыстарының кен орындары атау;
10.4.1.8 - азот оксидтерінің атмосфераға, нитраттардың топырақ және су ресурстарына әсерін анализдеу;
10.4.1.9 - азот және фосфор қосылыстарының қоршаған ортаға әсерін азайтудың мәселелерін шешу жолдарын ұсыну;
10.4.1.10 - қышқыл жаңбырлардың қалыптасуындағы күкірт диоксидінің ролін және оның қоршаған ортаға әсерін түсіндіру;
10.4.1.11 - тағам өнімдерін консервілеуде күкірт диоксидінің қолданылуын түсіндіру;
10.4.1.12 - адам ағзасындағы йодтың биологиялық рөлін білу және Қазақстан территориясында йод жетіспеушілігіне байланысты туындайтын ауруларды түсіндіру және осы мәселелерді шешу жолын ұсыну;
10.4.1.13 - Қазақстандағы химиялық өндірістердің экологиялық мәселелерін түсіндіру;
10.4.1.14 - химиялық және металлургиялық өндіріс қалдықтарының қоршаған ортаға әсерін бағалау

11.4.1.1 - «Жасыл химияның» 12 принципін білу және түсіндіру;
11.4.1.2 - атмосфера, гидросфера және литосфераның ластану көздерін білу, жаһандану мәселелерін шешу жолдарын ұсыну;
11.4.1.3 - «парниктік эффект» пен озон қабатынының бұзылу мәселелері арасындағы айырмашылықты түсіндіру ;
11.4.1.4 - Қазақстан химиялық өнеркәсібінің әр түрлі саласындағы экологиялық мәселелерді болжау және оның шешу жолдарын ұсыну

4.2 Көміртек және оның қосылыс-тары


11.4.2.1 - көмірсутектердегі көміртектің гибридизациясын зерделеу;
11.4.2.1 - С-С байланысының түзілу қабылетін және көміртек атомының құрылыс ерекшеліктерін түсіндіру;
11.4.2.3 - А.М. Бутлеровтың органикалық қосылыстар теориясының негізгі қағидаларын білу;
11.4.2.4 - көмірсутектердің молекулалық, эмпирикалық, құрылымдық формулаларын ажырату
11.4.2.5 - изомерлердің түрлерін атау және құрылымдық, байланыстардың орналасуы, функционалдық топтар және класаралық изомерлерінің формулаларын құру;
11.4.2.6 - бос радикалардар туралы ұғымды қалыптастыру
11.4.2.7 - тірі ағзалар өміріндегі радикалдардың рөлін білу;
11.4.2.8 - гомологтық қатарлардың қалай түзілетіндігін түсіну
11.4.2.9 - гомологтардың ұқсастығы мен айырмашалығын түсіндіру;
11.4.2.10 - қосылыстардың құрылымдық формулаларын құру және оларды IUPAC номенклатурасы бойынша атау;
11.4.2.11 - органикалық қосылыстардың адам өміріндегі маңызын түсіну;
11.4.2.12 - қазақстандық ғалымдардың органикалық химияны дамуындағы үлесі
11.4.2.13 - әртүрлі алкандардың жану үдерісін зерттеу және олардың отын ретінде қолданылуын түсіндіру;
11.4.2.14 - алкандардың жану өнімдерін білу және олардың қоршаған ортаға әсерін бағалау ;
11.4.2.15 - берілген жану өнімдері бойынша заттардың молекулалық формулаларын анықтау;
11.4.2.16 - органикалық заттардың масссалық үлестері және олардың буының салыстырмалы тығыздығы бойынша органикалық заттардың қарапайым молекулалық формуларын анықтау;
11.4.2.17 - циклоалкандардың гомологтық қатарын, құрылысын, физикалық, химиялық қасиеттерін. қарастыру
11.4.2.18 - изомерлерінің формулаларын құрастыру,
IUPAC бойынша атау;
11.4.2.19 - алкендердің көмірсутектердің алыну жолдарын, физикалық және химиялық қасиеттерін, құрылысын, гомологтық қатарын қарастыру;
11.4.2.20 - полимерлену реакция теңдеулерін құра білу (полиэтилен, полипропилен, поливинилхлорид);
11.4.2.21 - этиленнен этанолды алу және оның физикалық және химиялық қасиеттерін зерттеу;
11.2.4.22 - алкендердің сапалық реакциясын білу (қанықпағандық);
11.4.2.23 - алкадиендардің құрылысы, қасиеттерін білу;
11.4.2.24 - алкадиендердің қасиеттерін құрылысы негізінде түсіндіру;
11.4.2.25 - диендердің полимерлену реакциялары өнімдерінің шаростерженді модельдерін құрастыру (изопрен);
11.4.2.26 - алкиндердің алыну жолдарын,физикалық және химиялық қасиеттерін, құрылысын, гомологтық қатарын қарастыру;
11.4.2.27 - электрондардың делокализациясы тұрғысынан бензол молекуласының құрылымын түсіндіру;
11.4.2.28 - бензолды және оның гомологтарын алу, реакцияларының теңдеулерін құру;
11.4.2.29 - бензол және оның гомологтарына тән қасиеттерді сипаттау;
11.4.2.30 - органикалық синтезде бензолды қолдануды білу
11.4.2.31 - органикалық қосылыстардың негізгі кластарының генетикалық байланысының сызбанұсқасын құру;
11.4.2.32 - өнімнің шығымын реагант мөлшері (көлем. масса) және реакция өнімнің берілген шамасы ( көлем, массса) бойынша есептеу;
11.4.2.33 - көміртек қосылыстарын отын ретінде қолдануға болатынын білу;
11.4.2.34 - көмір, мұнай, табиғи газдардың Қазақстандағы кен орындарын карта бойынша анықтау;
11.4.2.35 - шикі мұнайды айдау үдерісінің маңызын түсіну және өңдіру үдерісін сипаттау;
11.4.2.36 - шикі мұнайды айдау өнімдерінің қолдану аясын білу;
11.4.2.37 - қазба отындар қорының шектеулі екенін түсіну;
11.4.2.38 - көмірсутек отындарын жағу қоршаған ортаның ластануына әкеп соғатынын және оның климатқа әсерін білу;
11.4.2.39 - спирттер, альдегидтер, кетондар,карбон қышқылдары, эфирлердің функционалдық топтарының құрылысын сипаттау;
11.4.2.40 - спирттер, альдегидтер, кетондар,карбон қышқылдары, эфирлердің құрылымдық формулаларын құру және IUPAC бойынша атау;
11.4.2. 41 - спирттердің құрылымдық, функционалдық топ, класаралық изомерлерінің формуларын құру және жіктелуін атау;
11.4.2.42 - спирттердің және фенолдың алу жолдарын білу;
11.4.2.43 - спирттер мен фенолдың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру;
11.4.2.44 - спирттер мен фенолдың қолдану аясын атау;
11.4.2.45 - спирттердің адам ағзасына уытты әсерін зерделеу;
11.4.2.46 - альдегидтер мен кетондардың құрылымдық формулаларын құру және оларды IUPAC бойынша атау ;
11.4.2.47 - альдегидтер мен кетондарды алу реакция теңдеулерін құрастыру;
11.4.2.48 - альдегидтер мен кетондарды тәжірибе жүзінде анықтау;
11.4.2.49 - альдегидтер мен кетондардың тотығу және тотықсыздану реакция өнімдерін атау;
11.4.2.50 - карбон қышқылдарының алу тәсілдерін және физикалық қасиеттерін түсіндіру;
11.4.2.51 - карбон қышқылының химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру;
11.4.2.52 - карбон қышқылдары, күрделі эфирлер, сабын, синтетикалық жуғыш заттардың қолдану аясын атау;
11.4.2.53 - синтетикалық жуғыш заттардан табиғатты қорғау қажеттігін түсіну;
11.4.2.54 - аминдердің номенклатурасы мен жіктелуін білу;
11.4.2.55 - анилин, аминдар, аммиактың негізгі қасиеттері мен құрылымын салыстыру;
11.4.2.56 - аминдер мен аниалиннің физикалық қасиеттерін түсіндіру;
11.4.2.57 - анилин мен аминдерді алу реакция теңдеулерін құрастыру;
11.4.2.58 - «мономер», «элементарлық буын», «олигомер», «полимер», «полимерлену дәрежесі» ұғымдарын ажырату;
11.4.2.59 - полимеризация мен поликонденсация реакцияларының теңдеулерін құру;
11.4.2.60 - кейбір полимерлер мен пластмассалардың қолдану аясын және қасиеттерін атау;
11.4.2.61 - тәжірибе жүзінде пластмассалар мен талшықтарды анықтау;
11.4.2.62 - Қазақстанда өндірілетін полимерлердің түрлерін білу

5. Химия және өмір



Білім алушылар орындауы тиіс …




10-сынып

11- сынып

5.1 Биохимия



11.5.1.1 - жай және күрделі эфирлерді алу реакцияларының теңдеулерін құрастыру;
11.5.1.2 - майлардың құрамы мен құрылысын білу ;
11.5.1.3 - майлардың функциясын түсіну;
11.5.1.4 - майларға сапалық реакция жасау;
11.5.1.5 - майлардың сабындану және гидролиз өнімдерін атау;
11.5.1.6 - глюкоза, фруктоза, рибоза, дезоксирибоза, сахароза, крахмал және целлюлоза молекулалары формулаларының айырмашылығын білу;
11.5.1.7 - глюкозада функционалдық топтардың болуын тәжірибе жүзінде анықтау;
11.5.1.8 - глюкозаның сүт қышқылды және спирттік ашуының реакция теңдеуін құрастыру;
11.5.1.9 - крахмалға сапалық реакцияны жасау;
11.5.1.10 - сахароза, крахмал және целлюлоза гидролизінің реакция өнімдерін атау;
11.5.1.11 - крахмал мен целлюлозаның құрылысы мен қасиеттерін салыстыру;
11.5.1.12 - аминқышқылдарын тривиалды және жүйелі номенклатуралар бойынша атауларын білу;
11.5.1.13 - аминқышқылдары молекулаларының құрамы мен құрылысын сипаттау;
11.5.1.14 - аминқышқылдарының екідайлылығын қарастыру;
11.5.1.15 - a – аминоқышқылдарынан нәруыздарды алудағы пептидтік байланыстың түзілуін түсіндіру;
11.5.1.16 - нәруыздар гидролизі өнімдерін білу;
11.5.1.17 - нәруыздардың қызметін білу;
11.5.1.18 - нәруыздардың сапалық реакцияларын және денатурациясын білу;
11.5.1.19 - нуклеин қышқылдары туралы жалпы ұғымды және олардың жіктелуін білу;
11.5.1.20 - ДНК мен РНК құрылымдарын салыстыру;
11.5.1.21 - ДНК мен РНК биологиялық рөлін түсіндіру;
11.5.1.22 - гендік инженерия мен биотехнологияның маңыздылығын түсіну;
11.5.1.23 - дәрумендер мен гормондардың адам ағзасындағы функциясын сипаттау;
11.5.1.24 - кейбір дәрумендердің табиғаттағы көздерін білу



25. Тоқсандағы бөлімдер және бөлімдер ішіндегі тақырыптар бойынша сағат сандарын бөлу мұғалімнің еркіне қалдырылады.
26. Осы оқу бағдарламасы жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-11-сыныптарға арналған «Химия» оқу пәнінің Үлгілік оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына (төмендетілген оқу жүктемесімен) сәйкес іске асырылады.
3-параграф. Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-11-сыныптарына арналған «Химия» оқу пәні бойынша Үлгілік оқу бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұзақ мерзімді жоспар (төмендетілген оқу жүктемесімен)



  1. 10-сынып

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі

Тақырыбы/Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі мазмұны

Оқыту мақсаттары



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   294




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет