Оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде) 1-тарау. Жалпы ережелер


-параграф. Оқыту мақсаттарының жүйесі



бет196/294
Дата25.04.2024
өлшемі2,8 Mb.
#201338
түріБағдарламасы
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   294
Байланысты:
65 - 132 › AK H0

2-параграф. Оқыту мақсаттарының жүйесі

12. Бағдарламада оқыту мақсаттарын пайдалану ыңғайлылығы үшін кодтау енгізілді. Кодта бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сандар – бөлім мен бөлімшенің, төртінші сан – оқыту мақсатының реттік санын білдіреді. Мысалы, 10.1.1.1. кодында «10» - сынып, «1.1» - бірінші бөлімнің бірінші бөлімшесі, «1» - оқыту мақсатының реттік саны.


13. Оқыту мақсаттарының жүйесі бөлім бойынша әр сыныпқа берілген.



Бөлім

Бөлімше

Оқыту мақсаттары

1. Тірі ағзалардың көптүрлілігі, құрылымы мен қызметтері



1.1
Тірі организмдердің әртүрлілігі

10-сынып

11-сынып

10.1.1.1 - жер бетінде тіршіліктің қалыптасу кезеңдерін және сызбаларын сипаттау




10.1.1.2 - кладограммалар мен филогенетикалық ағаштарды түсіндіріп беру

1.2 Қоректену




11.1.2.1. - хлоропласттың құры-лымы мен қызметі арасындағы өзара байланысты орнату;
11.1.2.2 - фотосинтездің жарық кезеңінде өтетін үдерістерді түсіндіру;
11.1.2.3 - фотосинтездің қараңғы кезеңінде өтетін үдерістерді түсіндіру;
11.1.2.4 - фотосинтездің шектеуші факторларын түсіндіру;
11.1.2.5 - фотосинтез және хемосинтез процестерінің ерекшеліктерін салыстыру

1.3 Заттардың тасымалдануы

10.1.3.1 - пассивті және активті тасымалдау механизмдерін салыстыру



11.1.3.1 - заттар тасымал-данудың симпласттық, апопласттық, вакуолярлық жолдарының мәнін түсіндіру

1.4
Тыныс алу



10.1.4.1 - аденозинүшфосфаттың құрылысы мен қызметтерін сипаттау;
10.1.4.2 - метоболизмнің түрлерін сипаттау;
10.1.4.3 - энергетикалық алмасу кезеңдерін сипаттау
10.1.4.4 - митохондрия құрылымдары мен жасушалық тынысалу үдерістерінің өзара байланысты орнату







1.5
Бөліп шығару

10.1.5.1 - су мөлшерін реттеудегі антидиурети-калық гормонның рөлін түсіндіру;
10.1.5.2 - диализ механизмін түсіндіру;
10.1.5.3 - бүйрек трансплантациясы мен диализдің артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылау




1.6
Қозғалыс

10.1.6.1 - көлденең жолақты бұлшықеттердің құрылымы мен бұлшықеттің жиырылу механизмін арасындағы байланысты түсіндіру




1.7 Координация және реттеу

10.1.7.1 - жұлын мен мидың құрылысы мен қызметтерін оқып білу



11.1.7.1 - биологиядағы басқару жүйесін сипаттау;
11.1.7.2 - гормондардың әрекет ету механизмін түсіндіру

2 Көбею, тұқым қуалаушылық, өзгергіштік, эволюциялық даму

2.1
Көбею


11.2.1.1. - адам гаметогенезін түсіндіру;
11.2.1.2 - сперматогенез бен оогенездің айырмашылығын түсіндіру

2.2 Жасушалық цикл

10.2.2.1 - өсімдіктер мен жануарлардағы гаметалардың қалыптасу ерекшелігін түсіндіру;
10.2.2.2 - жасушалардың бақылауға бағынбайтын бөлінуі нәтижесінде обырдың түзілуін түсіндіру;
10.2.2.3 - қартаю үдерісін түсіндіру




2.3
Өсу және даму




11.2.3.1 - бағаналы жасуша-лардың мамандану үдерісін және олардың практикалық қолданылуын түсіндіру

2.4
Тұқым қуалаушы
лық пен өзгергіштік заңдылық
тары

10.2.4.1 - модификациялық өзгергіштіктің заңдылықтарын зерттеу;
10.2.4.2 - дигибридті будандастыру, жыныспен тіркескен тұқым қуалаудың цитологиялық негіздерін есептер шығаруда қолдану;
10.2.4.3 - аллельді және аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуін салыстыру;
10.2.4.4 - хромосомалар санының ауытқуымен байланысты адамның хромосомдық ауруларын (аутосомдық және жыныстық) сипаттау

11.2.4.1 - мутациялардың ДНҚ репликациясы арасындағы байланысын табу
11.2.4.2 - Халықаралық «Адам геномы» жобасының маңызын талқылау

2.5
Селекция негіздері

10.2.5.1 - селекция әдістері арқылы ауыл шаруашылық өсімдіктері мен жануарлардың қолтұқымдарын жақсарту тәсілдердің зерттеу




2.6 Эволюция
лық даму

10.2.6.1 - эволюцияның дәлелдемелерін талдау;
10.2.6.2 - түр түзілудің негізгі механизмдерін жіктеу
10.2.6.3 - антропогенездің кезеңдерін атау




3. Ағза мен қоршаған орта

3.1 Биосфера, экожүйе,
популяция




11.3.1.1 - экожүйенің алуан түрлілігі мен тұрақтылығы арасындағы өзара байланысын орнату;
11.3.1.2 - өз аймағының экожүйесін статистикалық талдау әдістерін қолданып зерттеу

3.2
Адам іс−әрекеті
нің қоршаған ортаға әсері




11.3.2.1 - мүмкін болатын климаттың жаһандық жылыну салдарыа болжау;
11.3.2.2 Қазақстанның экологиялық проблемала-рының шешу жолдарын ұсыну

4. Қолданбалы кіріктірілген ғылымдар

4.1 Молекула
лық биология және биохимия



10.4.1.1 - Жердегі тіршілік үшін судың іргелі маңызын түсіндіру;
10.4.1.2 - көмірсуларды құрылымы, құрамы және қызметтері бойынша жіктеу;
10.4.1.3 - майлардың химиялық құрылысы мен қызметтерін сипаттау;
10.4.1.4 - нәруыздарды олардың құрылымы, құрамы, атқаратын қызметтері бойынша жіктеу,
10.4.1.5 - түрлі жағдай-лардың нәруыздар құрылы-мына әсерін зерттеу;
10.4.1.6 - биологиялық нысандарда нәруыздың болуын анықтау;
10.4.1.7 - дезоксирибонуклеин қышқылы мен рибонуклеин қышқылы типтерінің құрылысы мен қызметтерін сипаттау;

11.4.1.1 - антиген мен антидененің әрекеттесуін түсіндіру;
11.4.1.2 - фермент-субстрат комплексінің түзілу механизмін түсіндіру;
11.4.1.3 - нәруыз биосинтезі үдерісінің кезеңдерін сипаттау;

4.2 Жасушалық биология

10.4.2.1 - электронды микроскоп арқылы көрінетін жасуша органоидтерінің құрылысы мен қызметтерінің ерекшеліктерін түсіндіру;
10.4.2.2 - жасуша мембранасының сұйық кристалды моделін пайдаланып, жасуша мембранасының құрылымы, қасиеттері және қызметтері арасындағы байланысты орнату

11.4.2.1 - микрофотография қолданып жасушалардың негізгі компоненттерін анықтау және сипаттау



4.3 Биотехнология

10.4.3.1 - биотехнологияда қолданылатын тірі ағзалардың артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылау;
10.4.3.2 - полимеразды тізбекті реакцияның таксономия, медицина және криминалистикадағы маңызын сипаттау;
10.4.3.3 - гендік модифика-цияланған ағзаларды қолданудың этикалық тұрғыдан талқылау

11.4.3.1 - грамм «оң» және грамм «теріс» бактерияларды зерттеу;
11.4.3.2 - рекомбинантты дезоксирибонуклеин қышқылын алу тәсілдерін түсіндіру;
11.4.3.3 - ферменттерді медицинада, өнеркәсіпте қолдану мүмкіндігін талқылау;




4.4 Биомедици
на және биоинформатика

10.4.4.1- биомеханиканы робототехникада қолдалынуын зерттеу;
10.4.4.2 -электрокардиограмманы қолдана отырып жүрек автоматиясы механизмін түсіндіру

11.4.4.1 - электромагниттік және дыбыс толқындарының адам ағзасына әсерін түсіндіру;
11.4.4.2 - биоинформатиканың рөлін сипаттау;
11.4.4.3 – экстракорпоральды ұрықтандыру (ЭКҰ) әдісінің маңызын түсіндіру

14. Осы оқу бағдарламасы жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарға арналған «Биология» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасының Ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.


15. Тоқсандағы бөлімдер және бөлімдер ішіндегі тақырыптар бойынша сағат сандарын бөлу мұғалімнің еркіне қалдырылады.
3-параграф. Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-11-сыныптарға арналған «Биология» оқу пәні бойынша Үлгілік оқу бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұзақ мерзімді жоспар


1)10-сынып

Бөлімше

Тақырып

Оқу мақсаттары

1- тоқсан

Молекулалық биология және биохимия



Жердегі тіршілік үшін судың маңызы.

10.4.1.1 - Жердегі тіршілік үшін судың іргелі маңызын түсіндіру

Көмірсуларды жіктеу: моносахаридтер, дисахаридтер, полисахаридтер. Көмірсулардың қасиеті және қызметтері.

10.4.1.2 - көмірсуларды құрылымы, құрамы және қызметтері бойынша жіктеу

Липидтердің құрылымдық компоненттері. Майлардың құрылысы мен қызметтері.

10.4.1.3 - майлардың химиялық құрылысы мен қызметтерін сипаттау

Нәруыздарды құрамы
және қызметі бойынша жіктеу. Нәруыз денатурациясы мен ренатурациясы. №1 зертханалық жұмыс «Нәруыздардың құрылымына әртүрлі жағдайлардың әсері (температура, pH)».

10.4.1.4 - нәруыздарды олардың құрылымы, құрамы, атқаратын қызметтері бойынша жіктеу
10.4.1.5 - түрлі жағдайлардың нәруыздар құрылымына әсерін зерттеу

Биологиялық нысандарда нәруыздың болуы.
№2 зертханалық жұмыс «Биологиялық нысандарда нәруыздың болуын анықтау».

10.4.1.6 - биологиялық нысандарда нәруыздың болуын түсіну

ДНҚ және РНҚ молекуласының құрылысы мен қызметтері.

10.4.1.7 - дезоксирибонуклеин қышқылы мен рибонуклеин қышқылы типтерінің құрылысы мен қызметтерін сипаттау

Жасушалық биология



Жасуша органоидтерінің құрылысы мен қызметтерінің ерекшеліктері.

10.4.2.1 - электронды микроскоп арқылы көрінетін жасуша органоидтерінің құрылысы мен қызметтерінің ерекшеліктерін түсіндіру

Жасуша мембранасының құрылымы, қасиеттері және қызметтері арасындағы байланыс. Жасуша мембранасының сұйық -мозаикалық моделі.

10.4.2.2 - жасуша мембрана-сының сұйық кристалды моделін пайдаланып, жасуша мембранасының құрылымы, қасиеттері және қызметтері арасындағы байланысты орнату

2- тоқсан

Заттардың тасымалдануы



Пассивті тасымалдау механизмі:қарапайым тасымал, мембраналық каналдар арқылы диффузия, жеңілдетілген диффузия. Белсенді тасымалдау механизмі

10.1.3.1 - пассивті және активті тасымалдау механизмдерін салыстыру

Тыныс алу



Аденозинүшфосфор (АҮФ) қышқылының құрылысы мен қызметі

10.1.4.1 - аденозинүшфосфор қышқылының құрылысы мен қызметтерін сипаттау

Метаболизм түрлері. Энергетикалық алмасу кезеңдері.



10.1.4.2 - метоболизмнің түрлерін сипаттау
10.1.4.3 - энергетикалық алмасу кезеңдерін сипаттау

Митохондрияның құрылымы мен қызметтері. Митохондрия құрылымдары мен жасушалық тынысалу үдерістерінің өзара байланысы.

10.1.4.4 – митохондрия құрылымдары мен жасушалық тынысалу үдерістерінің өзара байланысты орнату

Бөліп шығару



Су мөлшерін реттеу. Нысана мүшелер. Гипофункция. Гиперфункция.

10.1.5.1 - су мөлшерін бақы-лаудағы антидиуретикалық гормонның ролін түсіндіру

Адам денесіндегі қан мен басқа сұйықтықтарды жасанды тазарту. Диализ әсерінің себептері,. Диализ әдістері: перитонеальды, гемодиализ.

10.1.5.2 - диализ механизмін түсіндіру

Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі. Диализ және бүйрек трансплантациясы. Артықшылықтары мен кемшіліктері.

10.1.5.3 - бүйрек трансплан-тациясы мен диализдің артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылау

3 тоқсан

Жасушалық цикл



Өсімдіктер мен жануарлардағы гаметогенез. Гаметалар. Гаметогенез кезеңдері. Өсімдіктердегі спорогенез және гаметогенез.

10.2.2.1 - өсімдіктер мен жануарлардағы гаметалардың қалыптасу ерекшелігін түсіндіру

Онкологиялық жаңа түзілулердің пайда болуы. Обыралды жағдайлардың туындауына әсер етуші факторлар

10.2.2.2 - жасушалардың бақылауға бағынбайтын бөлінуі нәтижесінде обырдың түзілуін түсіндіру

Қартаю. Қартаю үрдісі туралы теориялар

10.2.2.3 - қартаю үдерісін түсіндіру

Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары



Модификациялық өзгергіштік. Белгілердің өзгеруіндегі вариациялық қатарлар. №3 зертханалық жұмыс «Вариациялық қатар мен қисыққа құрылған модификациялық өзгергіштікті зерттеу».

10.2.4.1 - модификациялық өзгергіштіктің заңдылықтарын зерттеу

Белгілердің тұқымқуалауындағы цитологиялық негіздер.
Жыныспен тіркесіп тұқым қуалау. Есептер шығару.

10.2.4.2 - дигибридті будандастыру; жыныспен тіркескен тұқым қуалаудың цитологиялық негіздерін есептер шығаруда қолдану

Аллельді және аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуі. Комплиментарлық. Полимерия, көп аллелділік. Кодоминанттылық. Көп аллельділік.

10.2.4.3 - аллельді және аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуін салыстыру

Гендік, хромосомалық, геномдық мутациялар. Модельдеу «Адам кариограммасын құру. Геномдық мутацияны оқып білу».
Хромосомалар санының ауытқуына байланысты адамның хромосомалық аурулары




10.2.4.4 - хромосомалар санының ауытқуымен байланысты адамның хромосомдық ауруларын (аутосомдық және жыныстық) сипаттау

Эволюциялық даму Селекция негіздері.
Тірі ағзалардың алуантүрлілігі



Жер бетінде тіршіліктің қалыптасу кезеңдері. Филогенетикалық шежіре ағашы. Кладограммалар. Түсінік «Соңғы әмбебап жалпы ата тек». Кладограммалар мен филогенетикалық ағаштар.

10.1.1.1 - Жер бетінде тіршіліктің қалыптасу кезеңдерін және сызбаларын сипаттау
10.1.1.2 кладограммалар мен филогенетикалық ағаштарды түсіндіріп беру

Селекция әдістері арқылы ауыл шаруашылық өсімдіктері мен жануарлардың қолтұқымдарын жақсарту тәсілдері.

10.2.5.1 - селекция әдістері арқылы ауыл шаруашылық өсімдіктері мен жануарлардың қолтұқымдарын жақсарту тәсілдердің зерттеу

Эволюцияның дәлелдемелері.

10.2.6.1 - эволюцияның дәлелдемелерін талдау

Түр түзілудің механизмі.

10.2.6.2 - түр түзілудің негізгі механизмдерін жіктеу

Антропогенез кезеңдері. Проантроптар. Архантроптар. Палеоантроптар. Неоантроптар

10.2.6.3 - антропогенездің кезеңдерін атау

4 -тоқсан

Координация және реттеу

Орталық жүйке жүйесінің құрылысы. Мидың құрылысы мен қызметтері. Жұлынның құрылысы мен қызметтері.

10.1.7.1 - жұлын мен мидың құрылысы мен қызметтерін оқып білу

Қозғалыс



Көлденең жолақты бұлшықет ұлпаларының құрылысы. Бұлшықет талшықтарының жиырылу механизмі.

10.1.6.1 - көлденең жолақты бұлшықеттердің құрылымы мен бұлшықеттің жиырылу механизмінің өзара байланысын түсіндіру

Биомедицина и биоинформатика

Биомеханиканы робототехникада қолдану. Инженерлік биомеханика (экзоқаңқа, робототехника т.б.). Медициналық биомеханика (протездеу т.б. Эргометриялық биомеханика (оптимизация т.б.)

10.4.4.1 - биомеханиканы робототехникада қолдалынуын зерттеу

Жүрек автоматиясының механизмі. Жүректегі қозудың өту жылдамдығы. Жүрек бұлшықеттерінің жиырылғыштығы. Электрокардиография, оның диагностикалық маңызы.

10.4.4.2 - электрокардио-грамманы қолдана отырып жүрек автоматиясы механизмін түсіндіру

Биотехнология

Микроағзаларды өндірісте, ауыл шаруашылығында, медицинада, тұрмыста қолданудың артықшылықтары мен кемшіліктері. Гендік инженерияның маңызы.

10.4.3.1 - биотехнологияда қолданылатын тірі ағзалардың артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылау



Полимеразды тізбекті реакцияны қолдану. Полимеразды тізбекті реакцияның таксономия, медицина және криминалистикадағы маңызы

10.4.3.2 - полимеразды тізбекті реакцияның таксономия, медицина және криминалистикадағы маңызын сипаттау

Гендік модификацияланған ағзаларды қолданудың оң және теріс тұстары. Гендік модификацияланған ағзаларды қолданудың этикалық сұрақтары.

10.4.3.3 - гендік модификация-ланған ағзаларды қолданудың этикалық сұрақтарын талқылау

2) 11-сынып





Бөлімше

Тақырып

Оқу мақсаттары

1 - тоқсан

Молекуляр
лық биология және биохимия



Антиденелердің құрылысы мен құрылымы. Антиген мен антидененің әрекеттесу механизмі

11.4.1.1 - антиген мен антидененің әрекеттесуін түсіндіру

Фермент пен субстраттың өзара әрекеттесуі. Ферментативті катализде белсенді орталықтың рөлі.

11.4.1.2 - фермент-субстрат комплексінің түзілу механизмін түсіндіру

Транскрипция. Трансляцияның кезеңдері.

11.4.1.3 - нәруыз биосинтезі үдерісі кезеңдерін сипаттау

Қоректену



Хлоропластың құрылымдық компоненттері және олардың қызметтері. Фотосинтездің пигменттері. №1 зертханалық жұмыс «Әртүрлі өсімдік жасушаларында фотосинтездеуші пигменттердің болуын зерттеу».

11.1.2.1. - хлоропласттың құрылымы мен қызметі арасындағы өзара байланысты орнату



Фотосинтездің жарық кезеңі. Фотофосфорлану.

11.1.2.2 - фотосинтездің жарық кезеңінде өтетін үдерістерді түсіндіру

Фотосинтездің қараңғы кезеңі. Кальвин циклі.

11.1.2.3 - фотосинтездің қараңғы кезеңінде өтетін үдерістерді түсіндіру

Фотосинтездің жылдамдығына әсер ететін факторлар. Фотосинтездің шектеуші факторлары.



11.1.2.4 - фотосинтездің шектеуші факторларын түсіндіру

Хемосинтез. Фотосинтез бен хемосинтез үдерістерін салыстыру.

11.1.2.5 - фотосинтез және хемосинтез үдерістерінің ерекшеліктерін салыстыру

2- тоқсан

Заттардың тасымалдануы

Заттар тасымалдануының симпласттық, апопласттық, вакуолярлық жолдары және олардың маңызы.

11.1.3.1 - заттар тасымалданудың симпласттық, апопласттық, вакуолярлық жолдарының мәнін түсіндіру

Координация және реттелу



Биологиядағы басқару жүйесі. «Басқару жүйесі» ұғымы.

11.1.7.1 - биологиядағы басқару жүйесін сипаттау

Гормондардың әсер ету механизмі.
Инсулин мен эстроген мысалдарында гормондардың нысана - жасушаларға әсер ету механизмі.

11.1.7.2 - гормондардың әсер ету механизмін түсіндіру

Көбею



Гаметогенез. Адам гаметогенезінің сатылары.

11.2.1.1. - адам гаметогенезін түсіндіру

Сперматогенез бен оогенезді салыстыру.

11.2.1.2 - сперматогенез бен оогенездің айырмашылығын түсіндіру

3- тоқсан

Өсу және даму

Бағаналы жасушалар ұғымы және олардың қасиеттері. Бағаналы жасушалардың түрлері.Практикада қолданылуы. Этикалық аспектісі.

11.2.3.1 - бағаналы жасушалардың мамандану үдерісін және олардың практикалық қолданылуын түсіндіру

Тұқым қуалау-шылық пен өзгергіштік заңды
лықтары

Дезоксирибонуклеин қышқылының кездейсоқ мутациясы.

11.2.4.1 - дезоксирибонуклеин қышқылы рекомбинациясы мен мутациялардың арасындағы байланысын табу

Халықаралық «Адам геномы» жобасы.

11.2.4.2 - Халықаралық «Адам геномы» жобасының маңызын талқылау

Жасушалық биология



Жасушалардың негізгі компоненттерін анықтау. № 2 зертханалық жұмыс «Жасушалардың негізгі компоненттерін микрофотографиялар қолданып сипаттау».

11.4.2.1 - микрофотография қолданып жасушалардың негізгі компоненттерін анықтау және сипаттау

Биотехнология



Грамм оң және грамм теріс бактериялар және олардың құрылыс ерекшеліктері.

11.4.3.1 - грамм оң және грамм теріс бактерияларды салыстыру



«Рекомбинантты дезоксирибонуклеин қышқылы» ұғымы.. Рекомбинантты дезоксирибонуклеин қышқылының қолданылуы. «Клондау» ұғымы.

11.4.3.2 - рекомбинантты Дезоксирибонуклеин қышқылын алу тәсілдерін түсіндіру



Ферменттердің медицинада, химияда және өнеркәсіпте қолданылуы.

11.4.3.3 - ферменттерді медицинада, өнеркәсіпте қолдану мүмкіндігін талқылау

4- тоқсан

Биомедицина және биоинформатика

Электромагниттік және дыбыс толқындарының адам ағзасына әсер ету ерекшеліктері.

11.4.4.1 - электромагниттік және дыбыс толқындарының адам ағзасына әсерін түсіндіру

«Биоинформатика» ұғымы. Биоинформатиканың құралдарын зерттеулерге қолдану.

11.4.4.2 - биоинформатиканың рөлін сипаттау

Экстракорпоральды ұрықтандыру (ЭКҰ) әдісі және оның маңызы. Экстракорпоральды ұрықтандырудың этикалық аспектілері.

11.4.4.3 - экстракорпоральды ұрықтандыру (ЭКҰ) әдісінің маңызын түсіндіру

Биосфера, экожүйе,
популяция

Түрлердің биоалуантүрлілігі мен экожүйенің тұрақтылығы арасындағы байланыс.

11.3.1.1 - экожүйенің биоалуан түрлілігі мен тұрақтылығы арасындағы өзара байланысты орнату

Жергілікті экожүйедегі ағзалардың саны мен таралуын анықтауда түрлі статистикалық әдістерді қолдану. Жергілікті экожүйенің биоалуантүрлілігін анықтауда кездейсоқ іріктеу әдісінің маңызы. №3 зертханалық жұмыс «Талдаудың статистикалық әдістерін қолдану арқылы өз аймағының экожүйесінің жағдайын анықтау».

11.3.1.2 - өз аймағының экожүйесін статистикалық талдау әдістерін пайдаланып зерттеу

Адам іс-әрекетінің қоршаған ортаға әсері

Ғаламдық жылыну: себептері, салдарлары және шешу жолдары. Модельдеу «климаттың ғаламдық жылынуының компьютерлік моделі»

11.3.2.1 - мүмкін болатын климаттың жаһандық жылыну салдарын болжау

Қазақстанның экологиялық проблемалары және оларды шешу жолдары.

11.3.2.2 - Қазақстанның экологиялық проблемаларының шешу жолдарын ұсыну





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   294




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет