3-тарау. Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
59. Жалпы орта білім беру аяқталғанда білім алушы:
1) әскери іс, белгілеуді, ұйымдастыру құрылымын, штаттық қаруландыруды және техниканы, төменгі тактикалық буын бөлімшесінің мүмкіндіктерін, бағдарлау құралдарын қолдануды, робототехника және IT-технология негіздерін, Қазақстан Республикасының азаматтық қорғанысын ұйымдастыруды; қазіргі заманғы зақымдау құралдарын қолданғанда, террористік қауіп-қатерді және табиғи апатты хабарлау жүйесін және әрекет ету тәртібін; табиғи апаттардың сипаттарын, зақымдау ошақтарында құтқару және апаттан кейінгі қалпына келтіру жұмыстарын шұғыл ұйымдастыруды; штаттық қаруды, қорғанудың дербес және ұжымдық құралдарының, радиобелсенді және химиялық бақылау құрылғыларының атқаратын қызметін, құрылысы мен қолдану тәртібін, сондай-ақ, тұрғындарды эвакуациялауды, жергілікті жерде орналастыруды ұйымдастыру және өткізу тәртібін; алғашқы көмектің міндеттері мен түрлерін, жолда жүру ережесін біледі;
2) әскери іс, робототехника және IT-технология негіздерін, ядролық, химиялық, биологиялық (бактериологиялық) қарулардың және басқа да адамдарды зақымдаудың қазіргі заманғы құралдарының әсер ету ерекшеліктерін, оларды қолданған кезде шаруашылық нысандарына, қоршаған ортаға және экологияға тигізетін әсерін; табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың салдары мен келтіруі мүмкін экономикалық және экологиялық шығынын, жол жүрісі жүйесін ұйымдастыруды түсінеді;
3) орын алған әртүрлі жағдаятта ұрыс алаңында сарбаздың рөлінде, радиациялық және химиялық бақылау жүргізу бекетінің құрамында барлаушы ретінде әрекет етуді; штаттық қаруды, жеке және ұжымдық қорғану құралдарын, жараланғанда, қан кеткенде, күйік шалғанда және үсік шалғанда, күн өткенде, электрлі жарақат алғанда, суға батқанда алғашқы көмек көрсетуді; дененің түрлі бөліктері жараланғанда байлап, таңуды; дененің түрлі бөліктерінде сынықтың ашық және жабық түрі бойынша алғашқы көмек көрсетуді; интернет байланысты, аудио-визуалды технологияларды пайдаланады, автомобиль көлігін жүргізу, робототехника дағдыларын меңгереді, сандық фото және бейне жабдықтарды қолданады;
4) зақымдаудың қазіргі заманғы құралдарын қолданғанда туындауы мүмкін тосын жағдайды; табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайдың салдарын, жолдардағы мүмкін болатын штаттан тыс жағдайларды талдайды;
5) зақымдаудың қазіргі заманғы қаруын қолданғанда туындауы мүмкін тосын жағдайда әрекет ету алгоритмін; табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдай туындағанда әрекет ету алгоритмін, жолда болуы мүмкін төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-қимыл алгоритмдерін жинақтайды, синтездейді;
6) қабылданған шешімнің салдарын бағалайды.
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
2022 жылғы « »
№ бұйрығына
115-қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |