ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР-САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ
ҚАМЗАЕВА КҮЛШАТ САЛИКҚЫЗЫ
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің доценті, ф.ғ.к.
Өмір сүрудің басты шарты бәсекелестік болып отырған кезеңде білім саласы мамандарына талап күшеюде.
Қазақ мәдениеті көгіндежалаң ағартушы болып қана емес, ғалым-ағартушы болып танылған, қазақ тілі мен әдебиетін пән ретінде қазақ тілінде баяндаушы, бес жылдай (1913-1918)уақыт өз қаражатымен шығарып тұрған «Қазақ» газетінде А.Байтұрсынұлы тіл және оны меңгеру мәселесін бірінші орынға қойған болатын.
Ғалым – әдіскер 1914 жылы: «Қазақ халқы қараңғы дегенде, кінә халықта емес, сол қараңғылықтан құтқаратын мүмкіндіктердің жоқтығында екендігін айта келіп, «алты миллион қазаққа алты ат жегіп, тарта алмады деп өкпелеужөн бе?» деп келісті сауал қойған еді.
Алайда қазіргі таңдағы мәселе өзгерек.
Қазіргі талап - қолжетімді талап.
Ғалым сөзімен зерделесек, «Балалар үшін қызық, жеңіл, заманға лайық» тәсіл керек.
Ахаң: «әр ұлттың менталитетіне лайық технологиясы болуы керек» демеп пе еді?
Білім беруді жаңарту – білім берудің мақсатын, құрылымын, мазмұнын, әдістері мен құралдарын, оқу үдерісін ұйымдастырудың формасын мейлінше жаңартуды көздейді.
Елімізде бүгінгі күнге дейінгі білім жүйесінің сапасы мен оқушылар денсаулығына кері әсерін тигізіп келген жағдайлар оқушылардың оқуға ынтасын да төмендеткені белгілі.
Нақты дәлелдемелерге сүйенсек, оны мынадан көруге болады:
Демек, білім беруді жаңарту – оның қажеттілігі ментиімділігін әр педагогтің, ата-ананың саналы түрде түсінуін, қабылдауы мен оған белсенді түрде араласуына мүмкіндік беру, асқан ұқыптылық пен сезімталдықты қажет ететін үдеріс екені түсінікті.
Инновациялық технологиялармен шет елдерде - 1940,Ресейде -1960 жылдардан бастап айналысып келеді.
Бүгінгі таңдақазақ тілін оқыту мен меңгертудің әдістемесін жетілдіру өзектілігі өз мәнін әлде де жойған жоқ.
Тіл адам санасының үш негізіне тіреледі,- дейді Ахаң,- Ақылға, Қиялға, Көңілге. Ал тілдің міндеті – ақылдың аңдауы аңдағанынша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түюін түйгенінше айтуға жарау. Айта алатын адамы табылса, тіл шама-қадырынша жарайды. Бірақ айта алатын адам табылуы қиын мәселе» - деген. Сол мәселе – қазақ тілінің сан қырлы қызметінің оқушыға меңгертілу жолы деп, әдістемесі деп түсінуіміз қажет шығар.
Профессор А.Ысқақов: «Бағдарлама қанша жақсы тізілгенімен, оқулық көңілдегідей болып жасалғанымен, мектеп әдістемелік, дидактикалық, техникалық құралдармен ойдағыдай жабдықталғанымен, оқушылардың көкейіне білім өздігінен құйыла салмайды. Оларға білім ана тілін толық игеруді, ауызша да мүдірмей дұрыс сөйлей білуді, шетінен сауатты етіп шығаруды қамтамасыз ететін мұғалім арқылы беріледі»,- деген.
Оқыту технологияларының ең басты ерекшелігі – өзіндік ой-пікірі бар жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталуында.
Технологиямен жұмыс істеу- сабақты бастағаннан кейін оның сапасын шығарып, қорытындысын беру.
Ал, ол жаңа нәтижелі ізденіс істерін талап етеді.
Баланың білімі, оған басшылық ету, білімді өз белсенділіктермен алуларына түрткі жасау – технологияның басты белгілері.
Педагогикалық технология – оқушы мен мұғалімнің іс – әрекетінің ортақтығы, адам мен техниканың бірлігі.
Яғни, оқушы мен мұғалімнің іс – әрекеттерінің біріккен жүйесі арқылы іске асатын, ақпаратты білім беру нәтижесі мен рефлексия негізінде білім алуға бағытталған педагогикалық жүйе.
Мұның құрылымын екі нұсқаға бөліп қарастырамыз:
1.Ақпарат және оқу әдісі;
2.Оқу әдісі, оқушы мен мұғалім.
Осы ретте қазақстандық тіл үйрету тәжірибелерін жүйелеп, санамалап көрсетуді жөн көрдік:
Б.Хасанұлы: «Қазақ тілін оқытуда «тілдік тұлға» қалыптастыру әдістемесі»,«Қазақ тілін суггестивтік тілдік әдістер арқылы үйрету»;
Ә.Жүнісбек: «Қазақ тілі дыбыстарын үйрету әдістемесі», «Қазақ тілін модельдеу арқылы үйрету әдістемесі»;
3.А.Алдашева:«Қазақ тілінің ресми стилі мен оны оқыту»;
Қ.Қадашева: «Тілді инновациялық жүйелер тоғысында үйрету әдістемесі», «Тілді деңгейлік жүйемен үйрету әдістемесі»;
Ф.Оразбаева: «Тілді үйретудің коммуникативтік әдістемесі»,
З.Күзекова: «Қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытудың лингвистикалық базасын тану әдістемесі», «Тілді функционалдық жүйе негізінде оқыту әдістемесі»;
Н.Құрман: «Қазақ тілін оқытуда теориялық ойлауды дамыту технологиясы», «Қазақ тілін үйретудің интерактивтік технологиясы», «Қазақ тілін үйретудің интенсивтік технологиясы», «Қазақ тілін этнолингвомәдени жүйе негізінде оқыту», «Қазақ тілін үйретудің ақпараттық технологиясы»;
Б.Қасым: «Қазақ тілін кәсіби салада (студенттерге) оқыту әдістемесі»;
Р.Авакова: «Қазақ тілін шетелдіктерге үйрету әдістемесі»;
Ж.Нұршайықова, З.Ерназарова: «Қазақ тілін шетелден келген студенттерге үйрету әдістемесі»;
Н.Оразақынова: «Тілді оқытудың сатылай комплексті талдау технологиясы»;
Р.Шаханова: «Техникалық мамандық бойынша қазақ тілін үйрету әдістемесі»;
С.Рахметова, Т.Әбдікәрімова, Ә.Жұмабаева: «Бастауышта мәтінді меңгерту арқылы тіл дамыту әдістемесі»;
К.Жаксылықова, З.Бейсенбаева: «Қазақ тілін оқытудың модульдік әдістемесі»;
А.Жапбаров: «Қазақ тілін оқытуда сөздік қорды байыту әдістемесі»;Г.Қосымова, А.Қыдыршаев: «Қазақ шешендігін үйрету әдістемесі»;
М.Қондыбаева:«Қазақ шешендік өнерін өзгетілді аудиторияда үйрету әдістемесі»;
Ж.Сүлейменова:«Қазақ тілін оқытудың белсенді әдістер жүйесі».
Мұғалім тіл біліміндегі жаңа бағыттардан хабардар болып (кәсіби құзыреттілігі жоғары), үнемі ізденісте жүруі керек. Профессор Н.Құрман: «Қазақ тілі маманын даярлаудың мақсаты мен оның нәтижесі –жоғары оқу орнында осы мамандық бойынша даярланған әрбір адамның бойында өз кәсібі бойынша қалыптастырған машық-дағдылары мен дүниетанымынан, шеберлігі мен қабілетітанылады. Соның нәтижесінде қазақ тілінің оқытылу сапасы да танылады»,- деп көрсетеді. Сапалылықты қамтамасыз ететін мұғалімдер өз білімін үздіксіз көтеріп, өз бетінше білім алуға, білім жүйесіндегі әдістемелік жұмыстың мазмұнына, түрлеріне және олардың ұйымдастырылуына тікелей байланысты шарттарды біліп, шығармашыл болуы тиіс.
Өмірдегі барлық өзгерістер, жаңарулар - шығармашылық күштердің өнімі.
Шығармашылық – адам әрекетінің ең жоғары түрі, өзін - өзі дамытуының, өзін-өзі танытудың формасы. «Мұғалімнің еңбегі қарадүрсін қарапайым болуға тиіс емес, себебі әрбір кез келген бала, кез келген сынып қалыптан тыс жағдайда еңбек етуге мәжбүрлейді, сол жаңаны басқа түрге айналдыру ерекшелігімен сипатталады»,-дейді педагогикалық шығармашылық жайында мәселе көтерген белгілі ғалым М.М.Поташник. Жалпы алғанда білім берудің ұлттық жүйесін қалыптастыруымыз қажет.
Білім берудің ұлттық жүйесін қалыптастыру – ұлттық дәстүрлерді біліммен сабақтастыра пайдалану деген сөз. Оқытудың түпкі мақсаты етіп тілдің грамматикасын үйретумен қатар, оқушыларға ана тілін ұлттық –мәдениқұндылықтардың ажырамас бөлігі ретінде меңгерту, ана тілінің дүниетанымдық, тәрбиелік, әлеуметтік, этномәдени аспектілерін біртұтастыққа қамти отырып оқыту т.б. көзделуі тиіс.
«Қазақтың Қанипасы» атанған Бітібаева (Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласындағы Жамбыл атындағы мектеп интернаттың мұғалімі) жаңа білімді меңгерту технологиясын былайша ұсынып келді. Олар:
1.Жаңа тақырып бойынша алдын – ала берілетін тапсырмалар жүйесі;
2.Тапсырмалар негізіндегі әңгіме-сұхбат, пікірлесу;
3.Мұғалім түсінігі– мұғалім – оқушы;
4.Қосымша материалдар, ғылыми еңбектермен жұмыс;
5.Оқулық, оқу құралдарымен жұмыс;
6.Жинақтау, қорытындылау, саралау.
Осыған орай Б.Хасанұлының «Мемлекеттік тілді оқытудың ділдік тұғыры» тақырыбындағы әдіснамалық зерттеулерін екі қолдап қуаттаймыз.
«Ұлттық діл – мемлекеттік тілдің ұйытқысы: ұлт пен діл егіз ұғымдар. Сөйлеушінің тұлғалық қабілетіне, тілдік біліктілігіне әсер ететін ең ықпалдысы – білім. Олай болса, діл біліктілігі болуы керек».
Ұлттық діл– көп қырлы, сан сырлы өмір бейнесі. Ұлттық діл –ұлттың дуалы аузынан шыққан киелі сөз, текті сөз.
Расында, ұлттың ұлы ұстазы саналатын Ахмет «Сауат ашқышта» үлкендердің аузынан сан рет естіп, құлақтары үйренген мақал –мәтелдерден, нақыл сөздерден мысалдар алған. 3-кітабында Қожанасыр, Алдаркөсе әңгімелерінен бастап, бұрынғы өткен ақын-жыраулар мұраларынан, Абай, Ыбырай, өзінің және Нысанбай ақынның «Кенесары - Наурызбай» поэмасынан алынған үзінділерді пайдаланған.
Ал ересектерге арналған кітапта «Қазақ салты» (авторы Елдес Омаров) т.б. мәтіндерін ұсынған.
Ұлттық құндылықтар
Сыншы ф.ғ.докторы Бекен Ыбырайым «Ең әділ төреші - уақыт» деген мақаласында ұлттық діл жайына тоқталады.
«Елуінші жылдардың аяғында елімізде қазақ мектептерінің жабылуы салдарынан орыстану біздің буыннан басталатын сияқты. Жәркенге қарағанда Несіпбек орысшалау, Тұрлыбекке қарағанда Серік пен Жұмабай да, мен де орысшалаумын. Осының барлығы айналып келгенде, бұрынғы әдебиетімізді тапжылтпай тануымызға кедергіні көбейте бастағандай әсер етеді.
Қартайған кезінде аудандық ақындар айтысында бас бәйгені жеңіп алған әкеме қазақтың маңдайалды ақындарының өлеңдерін оқығанымда, онша елең ете қоймаған еді.
М.Мақатаев пен Қ.Жұмаділовтің кітаптарын бергенімде, «мыналарың қазақша біледі екен» дегені есіме түсіп отыр.
Біз түгіл, бізден алғы буын да орысша ойлаудың элементтері еміс-еміс елестеп тұр».
Осы жайт құрметті ұстаздар бізді де ойлантуы тиіс.
Теориялық білімді былай қойғанда,
Мысалы, Қазақтың қара өлеңін өзіне шекпен жауып қайтарған Мұқағалиды,
тентек танадай, қыранның баласындай деп баламызды еркелетуді т.б. ұмытып барамыз.
Теориялық білім демекші, дәстүрлі не кешенді синтаксистік талдау кезінде пысықтауыштардың жасалу жолдары көп жағдайда есім сөз таптары ыңғайында толықтауыштың жасалу жолдарымен ұқсастығы байқалады.
Сол себептен де қазақ тіл білімінде пысықтауыштар мен жанама толықтауыштардың, күрделі анықтауышпен мезгіл пысықтауыштардыңара жігін айыру мәселелері мен негізгі мән зат есімдерді «анықтауыштарынан» бөліп, дара қарастыруға келмейтіндігі бар.
Изафет.Сөз-сөйлем. Вокативті сөйлемдер; Мәтін (???арқылы талдау...)
Әріге бармай-ақ, мысалға Қалтай шығармаларында қолданылатынмақал-мәтелдердің сыр-сипаты да ерекше. Өздеріне тән негізгі қасиет қысқалық, нақтылық болса, ол азғантай сөздердің тіркесіне, яғни атаулы сөйлемдерге сыйдырылған. Атаулы сөйлем құрылымы негізінде қолданылған мақал-мәтелдер сөздерді мейлінше әсемдеп, әрлендіріп, өңін түрлендіріп ұсына отырып, өз тұсындағы адам психологиясынан, қоғам тынысынан хабар беріп, көпшіліктің жүрегіне жол тапты.
Мысалы, «Осылай да кездесу болады» комедиясында: Алты бақан ала ауыз.../иттей үрді-қолданыста жоқ/ деп қазақтың бірін-бірі етегінен тартып, аяқтан шалатын кеселді мінезін, бар уақытын керексіз іске сарп ететінін жастарды әшкерелейді. Күнмен көрші, Аймен ауылдас болып барамыз. Асықпайтын заман ба бұл... Дертін жасырғаны несі?!./Дертін жасырған ажалсыз өлер/ дейді. Халық басындағы жағдайды, қалың еліне жалқаулық пен білімсіздіктен арылудың қажеттігін айтады.Өзінің көркем идеясын жеткізуге халықтың бай фольклорының алтын қазынасынан мол сүйеніш табады, халыққа арнаған сөзін халықтың өз рухына сай, ұғымына лайық етіп түйіндеп береді. Сол арқылы әрбір шығармасына халықтық, ұлттық сипат дарытады.
Сөйлеу мен ойлау тетігінің ділдік бірлігі негізінде көрініс беруі сөйлермен халықтың қатысымдық мінезқұлқын (коммуникативные поведение) білуді қажет етеді.
Мемлекеттік тілді оқытудың ділдік тұғыры– қатысымдық мінезқұлық туралы ғылым. Оның үш қырын қамту керек.
Олар: теориялық қыр (қатысым мінезқұлық теориясы), сипаттамалыққыр (әр халықтың қатысымдық мінез құлқын салыстыра сипаттау), түсініктемелік қыр (ұлттық қатысымдық мінезқұлық ерекшеліктері мен заңдылықтарының байқалған тұстарын түсіндіру).
Шынында, ұлттық ділді аударуға болмайды. Мысалы, қазақтың арманындай болған ділінің бірі-«қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заман» деген бейнелі сөзді А.Н.Самойлович «Заставить жаворонка нести яйца на овце» деп аударғанын Қ.Жұбанов кешірімсіз деп, сөккен болатын. (Б.Х.: Ділдік лингвистиканы ұсынды: ділдік құндылықтар жүйесін түзу ассоциативтік әдіс арқылы жүзеге аспақ, ділді таныту герменевтика әдісі арқылы анықталмақ; пәнге мән беру, сөздік шығару, ғылыми еңбектер шығару, семинарлар ұйымдастыру, бейнебаяндар шығару, «Қазақы діл мен өзге ұлттық ділдердің салыстырма сипаты» тақырыбында зерттеу жүргізу т.б.). Мысалы, «Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол». «Ел» туралы Бейбарыс сұлтаннан қалған қазақы діл осындай.
Мұны қазақ пен қазақ еместің қабылдауы екі түрлі болатын біз үшін айдан анық.
Қазақы ділді сақтау мәселесі жайлы қазақ зиялылысы Жәрдем Кейкін: «Діл хақында әңгіме бөлек. Діл-ұлттың Мені, туабітті қанына сіңген сипаты, өзге халықтардан даралайтын сипаты, адами құндылықтар жиынтығы», - дейді.
МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІ КЕСТЕ АРҚЫЛЫ ТАЛДАУ
|
ҰЯДА
|
НЕНІ КӨРСЕ
|
ҰШҚАНДА
|
СОНЫ
|
ІЛЕДІ
|
Т
У
Р
А
|
бүркіт балапанын баптап ұшыратын орын
|
балапанның аң-құстың дәмін, иісін алып жейтін үйреншікті тамағы
|
қара қанат болып, өзі ұшып, қыран құс болғаны
|
ұяда көріп жеген аң-құстарды
|
ұстап жейді, аңшылық қасиетін танытады.
|
А
У
Ы
С.
|
отбасында, шаңырақта, әулетте
|
қалай тәрбиеленсе, қандай үлгі-өнеге алса
|
ержетіп есейгенде, азаматтық жасқа келгенде
|
сол көрген үлгі-өнегені, тәлім-тәрбиені
|
көрсетеді, істейді, орындайды.
|
Қазақ тілін оқытуда бейнежазба арқылы тіл дамыту жүргізу мәселелері қызу талқылануда. Бұл бағыт жайлы профессор Қ.Қадашева:«Соңғы жылдарға дейін тілді үйретуде қазақ халқының тарихы мен мәдениетінен, тілдік байлығынан хабардар ету негізгі ұстанымдардың бірі болып келеді» (интонациялық, паралингвистикалық (қимыл мен мимикамен көрсету) жаттығулары, монолог жазу т.б.).
Сондықтан да қазақ тіл біліміндегі жүргізіле бастаған зерттеулерге: лингвомәдени, семантика-семиотикалық, функционалды-семантикалық, прагматикалық бағыттарға назар аударылу қажет.
Осы ретте араб жазушысы әл-Жиһаздың:«Мен одан қайырымды көршіні, одан әділ досты, одан асқан елгезек жолсерікті, одан артық көнбіс ұстазды, одан асқан дарынды ақылшыны білмеймін!»- дегені еске түседі.Ғұламаның кітапқа берген бағасы. Кейінгі буынғакітап оқытудың жолдарын қарастыруымыз қажет.
Ойымызды Ульям Артур Уордтың:
«Орташа оқытушы баяндайды,
Жақсы оқытушы түсіндіреді,
Атақты оқытушы көрсетеді,
Ұлы оқытушы жігерлендіреді».
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Байтұрсынұлы А. Тіл тағылымы.- Алматы, 1992.
2.Байтұрсынұлы А. Әдебиет танытқыш.- Алматы, 2003.
3.ҚР Тіл комитеті. Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы: «Мемлекеттік тілді үйретудің ғылыми-әдістемелік материалдары» атты республикалық ғылыми – практикалық семинар материалдары. 27 cәуір,2009.
4.Хасанұлы Б. Мемлекеттік тілді оқытудың ділдік тұғыры.- Астана, 2009.
5.Қадашева Қ. Қазақ тілін оқыту әдістемесі.- Алматы, 2005.
6.Педагогикалық ғылыми мұра. Дәстүрлі әдіс және жаңа технология. Алматы: Арыс, 2009.
Достарыңызбен бөлісу: |