Қосымша-1 Киіз үй жабдықтар Аяқбау. Көшер кезде уықтардың аяқ жағын буып байлайтын жіп. Бақан



Дата01.10.2024
өлшемі14,83 Kb.
#205493
Байланысты:
Қазақстан тарихы 5 сынып Ежелгі көшпелілер өмірі Көшпелілер баспанасының ерекшелігі неде Қосымша-1 2-сабақ (1)


Қосымша-1


Киіз үй жабдықтар
Аяқбау. Көшер кезде уықтардың аяқ жағын буып байлайтын жіп.
Бақан. Киіз үй тіккенде, шаңырақ көтеруге, үзіктер мен түніктерді көтеріп жабуға керекті ашалы ағаш.
Бас арқан. Киіз үйді желден, дауылдан сақтау үшін, туырлықты бастыра, қазықтарға байлайтын ұзын арқан.
Басар. Қатты жел тұрғанда, киіз үйдің үстінен бастыра, қазықтарға байлайтын ұзын арқан.
Басқұр. Керегелердің бастарын тартып, үйді айналдыра байлайтын жалпақ бау.
Белбеу. Киіз үйдің туырлығын кереге бастыра тартатын ұзын арқан.
Белдеу. Туырлықты айналдыра буатын арқан.
Дөдеге. Сән үшін үзіктің шетіне айналдыра бастыратын өрнектелген киіз. Жел арқан. Киіз үйдің жел жағына байлайтын арқан.
Жалбау. Дауылды жел болғанда, шаңырақты тартып, байлайтын бау.
Құр. Киіз үйдің керегелері менуықтарын және үзіктің ішкі жағын байлайтын ені 2-3 елідей тоқып немесе есіп жасалған жалпақтау бау.
Тегеріш. Киіз үй керегесі, уығын сыртынан қысып, айналдыра ұстайтын әрі сәндік қызметін атқаратын жалпақ бау.
Туырлық. Уықтың орта тұсынан керегенің үстін жабатын киіз.
Түндік. Киіз үйдің шаңырағын жабатын киіз.
Уыққап. Көшкенде, сынбас үшін, уықтардың екі басына кигізілетін киіз.
Үзік. Уықтың үстіне жабылатын киіз.

1. Абажа. Ас, та,ғам салуға, арналып жасалған сандықтың (кебеженің)үлкен түрі.


2. Абдыра. Киім – кешек, әр түрлі бұйымдар салатын үлкен сандық.
3. Ағаш төсек. Жату үшін пайдаланылатын үй жиһазы.
4. Адалбақан. Киім және тағы басқа үй мүліктерін ішуге арналған жиһаз.
5. Асадал. Тамақ пен ыдыс – аяқ сақтауға арналған үй жиһазы.
6. Бөгіре. Кішкене қол сандық (шай жабдықтары үшін).
7. Жағылан. Былғарыдан істелген сандық.
8. Жозы. Жерге отырып, тамақ ішуге арналған аласа үстел.
9. Жүкаяқ. Жүк астына қоятын төрт аяқты бұйым.
10. Кебеже. Ас, тағам салуға арналып, ағаштан жасалған үлкен сандық.
11. Сандық. Әр түрлі бұйым салуға арналып, ағаштан не металдан жасалатын үй жиһазы. 



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет