Сабақ №: 16 Сабақтың тақырыбы : «Мұз айдынында» Сабақтың мақсаты



бет1/4
Дата25.11.2016
өлшемі0,77 Mb.
#2501
түріСабақ
  1   2   3   4
Күні:

Пәні: Бейнелеу өнері Сыныбы: 5 Сабақ №: 16
Сабақтың тақырыбы: «Мұз айдынында»
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың қиялындағы суреттті қағаз бетіне түсіруге баулу
сабақтың міндеттері:

Білімділік: оқушыларды нұсқаға қарап сурет салуға баулу. Оқушыларды сабақта образдық бейнелерді салуға үйрету.
Тәрбиелілік: Оқушыларды натюрморт салуға баулу. Бейнелеу өнері мәдениеттілігін таныстыру. Эстетикалық тәрбие беру. Шығармашылық қабілетін арттыру. 
Дамытушылық: Бейнелеу өнері заңдылықтарын дұрыс меңгеруге үйрету Есте сақтау, қиялдау, көре білу қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ 
Сабақтың типі: аралас, практикалық 
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: топтық жұмыс, практикалық жұмыс, түсіндірме, сұрақ-жауап, бағалау, «Б-Б-Б», «Кластер», «Аквариумдағы алтын балық» әдістері, ойын
Көрнекілігі: бағалау парағы, бағалау критерийі, «Б-Б-Б» жазылған плакаты, 4-кезеңге бөлінген суреттің үлгісі, заттардан құралған компоновка, үлестірме карточкалар, бағалау үшін бағдаршам көздерінің түстері.
Қажетті құрал-жабдықтар: альбом, түрлі-түсті қарындаштар, құмыра, жеміс-жидектер, жабын, маркерлер, плакаттар.

Сабақтың барысы: 
І. Ұйымдастыру бөлімі 
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, сынып оқушыларының сабаққа дайындығын қадағалау. 
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
А) «Кластер» әдісі (әр топқа плакат пен маркер және фламастер беріледі. Үйге берілген тапсырмадан түсінгендерін схема ретінде сызып, талдап, суретін салып, келесі топқа түсіндіреді.) Мысалы: 

Б) «Аквариумдағы алтын балық» әдісі ( Топ өз жобасын ортада қорғайды. Келесі топ түстер арқылы бағалайды.)
Бұл кезеңнің бағалау критерийі: 
«Қызыл түс»- түсінікті «5», 
«Сары түс» - аздап түсінікті «4», 
«Көк» - түсініксіз «3». 
Қолдарындағы түстер арқылы топтың жұмысын бағалайды. Әр топтың оқушысынан кім жобаны қорғауға қатынасты сол оқушы топтың алған бағасымен сәйкес өз тұсына стикер жапсырады.)

ІІІ. Жаңа материалды меңгерту.
Нәрсенің өзіне қарап сурет салумен қатар есте сақтап, жатқа сурет салуды үйрену керек. Жатқа сурет салып жаттығу нәрсені дұрыс бақылауға, көз алдына ойша елестетуге ерекше ықпал жасайды. Жатқа сурет салуға жаттығу үшін үнемі нобай, долбар жасап жаттығып отыру керек. Ұзақ салынатын суреттен нобай жасаудың айырмашылығы – нәрсенің ұсақ бөлшектеріне онша назар аударылмай, негізгі сипатына мән беріліп бейнеленеді. Нобай жылдам сурет салуға жаттықтырады. Мұндағы ең басты мақсат – ең әуелі нәрселердің жалпы формасын, ортақ пропорцияларын, жарық пен көлеңкені есте ұстау. 
Сурет салудың басты талаптары – жалпыдан дараға және дарадан жалпыға. Оны кезеңге бөліп қарастырамыз. 

1-кезеңде заттың жалпы белгілерін көрсетіп, оның сұлбасын сызып алу керек. Заттың пішінін бірнеше сызықтар немесе геометриялық фигуралар түрінде, көп жағдайда түзу сызық арқылы белгілейді. Схемасын тұрғызу. Кетіргішпен жұмыс жасай білу. 

2- кезеңде сурет салуды типке келтіру басталады. Схемалық бейне өзара жақын тұтас топқа тән зат пішінінің типтік ерекшеліктерін айқындайтын нақты белгілердің пайда болуымен толықтырылады. 

3-кезең – жекелеу. Бұл – заттың елеусіз элементтерін, бірақ өзіне тән қайталанбайтын ерекшеліктерін айқындайтын маңызды кезеңдердің бірі. 

4-кезең – бұрын жасалғандарды қорытындылау. Ол үшін суретті үлгімен мұқият салыстыру керек. Қателерін түзеткеннен кейін зат пен оның бейнесін толық көру үшін сурет пен үлгіні тағы да салыстырады. 

ІV. Машықтық кезең
Ортаға компоновка қойылады. Сол компоновканы затқа қарап сурет салудың кезеңдерін сақтай отырып, бейнелеу қажет. Мұғалім нұсқау беріп отырады. Бұл кезеңді бағалаудың критерийі:
«5» - 4-кезеңді бастап жатырған болса. 
«4» - 3- кезеңмен жұмыстанып жатырса.
«3» - 1-2 кезеңді салып жатырса. ( Критерий бойынша оқушылар өз жұмыстарын стикер түсі арқылы бағалайды)

V. Қорытынды
Б-Б-Б әдісінің үшінші кестесін толтыру. (Оқушылар өздері маркермен жазады. 
«Экипаж» ойыны.
Бұл ойынның жалпы мақсаты: алған білімдерін саралау, есте сақтау үшін тағы бір мәрте қайталап өту. Топта еркін сөйлеуге үйрену. 
Барысы: әр топқа мұғалім қолындағы карточкалардың ішінен біреуін суыртады. Карточкада мынадай жазулар болады. 
«Сайлау» карточкасын алған топтан мұғалім бір оқушыны өзі сайлап, сұрақ береді. 
«Барлығы» карточкасын алған топтан мұғалім тақырып бойынша барлық оқушыдан сұрайды. 
«Делегат» карточкасын алған топ іштерінен бір оқушыны дайындап, өздері делегат ретінде сұраққа жауап айтуға жібереді. 
«Сенім» карточкасын алған топта топ жетекшісі өз тобындағы оқушылардан өзі сұрайды, бағалайды, мұғалім оған сенім білдіреді. 
(Ойынның барысына қарай бағалайды) 
Үйге тапсырма: заттардан тұратын көп нобай дайындап алып келу.
Бағалау:
Бағалау парағы бойынша оқушыларды бағалап, 2 жұлдыз 1 ұсыныс айту. 


Күні:

Пәні: Бейнелеу өнері Сыныбы: 4 Сабақ №: 21
Сабақтың тақырыбы: Пластикалық мүсіндеу

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға пластикалық мүсін жайлы жалпы түсінік беру
Сабақтың міндеттері:
Білімділігі: Оқушыларды негізгі ұғымдармен таныстыру, мүсіндердің жасалу жолдарын, оның заңдылықтарын есте сақтай отырып түсіндіру.
Тәрбиелігі: Сабақ үстінде таза, ұқыпты, көркем сазбен еңбек етуге баулу. Оқушыларды адамгершілікке, мәдениеттілікке үйрету, тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың көру, есту, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сурет салудағы еңбек белсенділігін арттыру. Оқушының ой - өрісін, қиялын дамыту.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты түсіндіру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап арқылы сұрау.
Пән аралық байланысы: Мүсін өнерін тарих пәнімен байланыстыру.

Сабақтың көрнекілігі: плакат, пластилин, клеенка, картон.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі,
А) Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу
Ә) Оқушыларға сабақтың тақырыбын хабарлау
Б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Үй тапсырмасын сұрау:
Жаңа сабақ

Пластикалық мүсіндеу – бұл тәсілде тұтас бір кесек саздан, пластилиннен, не тұзды қамырдан жасалады. Бұны-«скульптуралық» тәсіл деп атайды. (Бала бақшада (пряник) тоқаш нан, алма, лимон, сәбіз, тәрелке т.б. жасауға болады.). Бұл күрделі тәсіл. Бұл тәсілде сол нәрсе туралы нақты мағлұматың болу керек, оны көз мөлшеріңмен байқап, дұрыс жасайтындай дәрежеде болуың керек. Мысалы, бір кесек пластилиннен үйректі жапсырмалайық. Кесек пластилинді шар пішініне келтіреміз, одан кейін оны жұмыртқа пішініне келтіреміз.Пластилиннің сүйірлеу жағын саусағымызбен ұстап мойнын және басын жасауға тырысамыз. Алынған форманы жеке – жеке өңдейміз.

Мүсіндеу әлемді пластикалық бейнеде меңгерудің кеңістік бейнелеу өнері.
Мүсіндік бейнелеу объектісі - көбіне адам, ал кейде хайуанаттар, жансыз заттар болып келеді.

Сергіту сәті: Жеңіл жаттығулар жасау, қол-аяқтарын сергіту.
Практикалық жұмыс:
Оқушылар бүгін аттың мүсінін жасаймыз. Қазақ халқында жеті қазынаның бірі «Жүйрік ат» жылқы малын қазақ халқы аса жоғары бағалаған. Пластилинді алып жұмысты бастаймыз. Қанеки оқушылар тақтадағы яғни көрнекілік бойынша аттың мүсінін ұқыпты түрде жасаңдар.
Бағалау.
Үйге тапсырма:
Оқушылар үйге биыл «қой» жылы болғандықтан қойдың мүсінін жасап келеміз.

Күні:

Пәні: Бейнелеу өнері Сыныбы: 2 Сабақ №: 13
Сабақтың тақырыбы: Сызықтықтың көмегімен табиғаттың, адамның, жануардың эмоциялық жай-күйін көрсету

Сабақтың мақсаты: Сызықтық графика арқылы адамның бейнесін жасау

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Сауатты сурет салу, графика өнері туралы мағлұматтар беру

Дамытушылық: Назар аудару, байқағыштық, есте сақтау қабілетін дамыту

Тәрбиелік: Қоршаған шындық пен өнерге эстетикалық қарым-қатынас қалыптастыру. Сабақтың әдісі: Сарамандық жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: мұғалім үшін: күйтабақ, суреттер.

Оқушылар үшін: альбом, қарандаш, өшіргіш т.б

Сабақтың пән – аралық байланысы: дүниетану, ән
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үйге берілген тапсырманы пысықтау

ІІІ. Жаңа сабақ

Графика гректің «жазамын», «суретін саламын» деген сөзінен шыққан. Графика суреті орындалу тәсіліне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Линогравюра – ақ және қара бояудан тұрады, бейне линолеумге салынады. Литография арнаулы әк тасқа салынады. Гравюра – ағашқа ойып салынады. Компьютерлік графикада бар.

Графика бұл ақ және қара таңба. Графикада қолданылатын құралдар: тущь, сангина, көмір, карандаш, бор.
Оқушылар бейнелеу өнерінде сурет салу төрт кезеңнен тұрады.

1.Қағаз бетіне дұрыс орналастыру (компоновка)

2.Тепе теңдік

3.Жарық пен көлеңке

4.Аяқталған жұмыс
Сарамандық жұмыс: Енді, балалар сабақты жақсы түсініп болсақ, сурет салуға көшейік. Күйтабақта А.Енсеповтың күйлері орындалады, оқушылар сазды әуен ырғағымен үлгіге қарап отырып графика әдісінің бір түрі – сызықтықтың көмегімен орындайды, қолданылатын құралымыз: жай карандаш пен альбомдық парақтар. Сурет салу барысында оқушылардың әрбір сызығы, әр қимылын жіті қадағалап отырамын, өйткені, сурет салудың бастапқы кезеңінде қателіктер жіберуге болмайды.

Сергіту сәті.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш,

Бойға жинап күш.

Жаттығу жасап алайық,



Бiр дем алып қалайық.

Сабақты қорытындылауда оқушылар өздерінің суреттері жайлы әңгімелеп береді, әрине бұл оқушының өз ойын сонымен қатар тіл байлықтарын дамыту мақсатында.

Бағалау

Үйге тапсырма: Графика әдісімен «Үй құстарын» бейнелеу.



Каталог: uploads -> doc -> 0a63
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0a63 -> Сабақ жоспары Сабақтың тақырыбы: «Үй жануарлары»
0a63 -> Анатілі. 1 сынып С/тақырыбы: Ғарышқаұшу. 158 159 жаттығу
0a63 -> Сабақтың тақырыбы: Абай салған сырлы әндер Сабақтын мақсаты: а
0a63 -> Астана қаласы Білім басқармасы №82 «Дарын» мамандандырылған лицейі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет