Умарова Н.Н.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Пән: Дүниетану
Сынып: 1
|
Мектеп:
|
Ортақ тақырып: Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті
Бөлім: Тарих беттерінен
Бөлімше: 3.1Көне мәдениеттер мен өркениеттер
Сабақтың тақырыбы: Мен қазақпын
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
|
|
|
Оқу мақсаты (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
1.3.1.1 Көрнекі материалдарды зерделеу арқылы ежелгі адамдардың өмірі туралы әңгімелеу.
|
Бағалау критерийлері
|
Көрнекі материалдарды зерделеу арқылы ежелгі адамдардың (батырлардың) өмірі туралы әңгімелеп береді.
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Білу және түсіну
|
Сабақтың мақсаттары
|
Барлық оқушылар: Жаңа тақырыпты меңгереді.
Көптеген оқушылар: Батырлар қолданған бес қаруды біледі.
Кейбір оқушылар: Қазіргі заман батырларымен салыстыра біледі.
|
Тілдік мақсаттар
|
Пәнге тән лексика мен терминология:
Ауыз әдебиеті, аңыз, ерлік
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
Суреттегі заттарды қайдан көрдіңіз немесе қайдан көруге болады?
Олардың атауларын білесіз бе?
Бұл заттар неден жасалған деп ойлайсыз?
Оларды не үшін пайдаланғаны туралы білесіз бе?
Мұндай заттарды неліктен мұражайға қояды?
Мына суреттегі кейіпкерді танимыз ба?
Неліктен ол батыр атанды?
Қазіргі заманда батыр атануға болады ма?
|
Құндылықтарды дарыту
|
Ел қорғаған батырлардың ерлігін паш ете отырып, Отанын сүюге, қорғай білуге тәрбиелеу;
|
Пәнаралық байланыс
|
Сауат ашу, тарих
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Кітап, видео, слайд, әуен
|
Алдыңғы оқу
|
Оқушылар батырлар туралы балабақшада алған білімдеріне сүйенеді.
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
(С) Ширату: «Бес қару»
Суреттерге мұқият қараңыз. Сұрақтарға сүйене отырып, ой бөлісіңіз.
Суреттегі заттарды қайдан көрдіңіз немесе қайдан көруге болады?
Олардың атауларын білесіз бе?
Бұл заттар неден жасалған деп ойлайсыз?
Оларды не үшін пайдаланғаны туралы білесіз бе?
Мұндай заттарды неліктен мұражайға қояды?
|
Бес қарудың суреттері
|
Сабақтың ортасы
Саралау
Қалыптасты-рушы бағалау
|
(С) «Миға шабуыл»
БАТЫР
Ендеше, бүгінгі сабағымыздағы алға қойған мақсат: Елін, жерін қорғаған батырлар туралы әңгімелеу
Топтастыру: «Ер қаруы – бес қару»
Мына суреттегі кейіпкерді танимыз ба?
Танысып қой, бұл- Толағай батыр
Неліктен ол батыр атанды?
Қазіргі заманда батыр атануға болады ма?
(ҰЖ) Кел тамашалайық! «Толағай » мультфильмі
(ЖЖ) «Ішке – сыртқа» стратегиясы
Ішке Сыртқа
Алып бала болуы, Жаңбырдың жаумауы
Мерген болуы
Мұнда мәтін бойынша оқушылар « ішке» деген бөліміне риза болған оқиғаларын, «сыртқа» деген бөліміне мәтінді оқыған кездегі көңілі толмаған кезеңдерін қысқаша жазу керек.
Қайсысы артық. Толағайдың заттарын тап. Олардың суретін боя.
(МК) Біле жүр:
Бұл – Қасым хан. Қасым хан – қазақтың белгілі ел билеушісі. Ол елін сүйген. Қолына қару алып, жерін жаудан қорғаған. Ол билік еткен уақытта қазақ елі басқа халықтарға танымал болды. Еліміздің шекарасы бекіді.
(Ж) Басқа елдегі досыңа өз еліңнің батырлары туралы шағын хат жаз
(Ж) «Ортадағы қаламсап» стратегиясы. Мұғалім әр топ мүшелеріне қаламдарын ортаға қоюын сұрайды. Мұғалім таңдаған қалам иесі жазған хатын оқиды.
Дескриптор: Білім алушы
- өз елін қорғаған батырлар туралы досына хат жазады;
- жазған хатын оқиды;
|
Слайд , Толағайдың суреті
Толағай мультфильмі
Парақша
Слайд
Дәптер, қалам
|
Сабақтың соңы
|
Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:
Рефлексия: «Таңдау» әдісі
1. Маған сабақ ... қызықты қызықсыз болды
2. Мен сабақта .... көп нәрсені үйрендім үйренгенім аз болды
3. Мен басқаларды ... мұқият тыңдадым зейінсіз тыңдадым
4. Мен пікірталасқа ... жиі қатыстым сирек қатыстым.
5. Мен сабақтағы өз
жетістіктеріме ризамын риза емеспін.
Бұл карточканы таратып бергенде оқушылар өздерінің сабаққа қатысу деңгейі мен сабаққа деген ынтасын білдіретін сөйлемдердің бірінің тұсына « +» белгісін қою тапсырылады.
|
Парақша
|