ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Мәдениеттану» Мамандығы: 0302000 «Медбике ісі»



Дата01.04.2017
өлшемі96,88 Kb.
#13157
түріЖұмыс бағдарламасы
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ

Техникалық және кәсіби білім беру факультеті

Қоғамдық пәндер кафедрасы

«БЕКІТЕМІН»

ТжКББФ деканы

________Отыншиев М. А

______»______________2013ж.

ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Пән: «Мәдениеттану»

Мамандығы: 0302000 «Медбике ісі»

Біліктілігі : 0301043 « Жалпы практикадағы медбике»

Курс : 2

Семестр: 3-4

Сағат саны: 72

Шымкент -2013 ж

Жұмыс бағдарламасы Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрінің 2013 ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде құрастырылды.


Кафедра мәжілісінде қаралды.

«____» _________ 2013 ж. №___ хаттама

Кафедра меңгерушісі, филос.ғ.к, доцент ______ К.Б. Кемелбеков

Әдістемелік кеңестің мәжілісінде бекітілді.

«____»_________2013 ж. №___ хаттама

Әдістемелік кеңестің төрайымы _____________ Н.Р.Джуманкулова

Дайындаған оқытушы:Тілепбаева А.К.



2. Тақырыптық жоспар.




Тарауы мен тақырыптың аталуы

Сағат саны

Теориялық сабақ

1

Кіріспе.Мәдениет түсінігі мен оның мәні.

2

2

2

Ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер орталықтары: Вавилон, Мысыр, Қытай, Үнді мәдениеті. Антикалық мәдениет.

2

2

3

Европалық Қайта өрлеу және Жаңа заман кезеңіндегі мәдениет.

2

2

4

Ортағасырлық араб парсы мәдениеті.

2

2

5

Қазақ жеріндегі ежелгі мәдениеттермен өркениеттер, қазақ мәдениетінің бастауы.

2

2

6

Дәстүрлі қазақ мәдениеті. Халық ауыз әдебиеті мен шешендік өнер.

2

2

7

Діни көзқарастың шығу тарихы мен қазақ халқының діни нанымдары.

2

2

8

ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениеті.

2

2

9

Қазіргі Қазақстан мәдениеті.

2

2







18

18

3. Пәннің мазмұны.

Кіріспе

І.Бөлім.Мәдениет теориясының жалпы мәселелері.Мәдениет түсінігі мен мәні.

1.1.Кіріспе.

Мәдениетттану пәні оның міндеті.Мәдениет адам әлемі.Қоғамдағы мәдениеттің негізгі қызметі.Мәдениеттің негізгі жүйелері.Материалдық және рухани мәдениет,оның құндылықтар жүйесіндегі орны.Мәдениеттің мұрагерлік,адамды қалыптастыру қызметі.Мәдениет күрделі қоғамдық құбылыс.Мәдениеттану ғылымының білімдік жүйесі,олардың құндылығы.



ІІ.Бөлім.Дүниежүзілік мәдениеттің даму тарихы.

2.1.Ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер орталықтары: Вавилон, Мысыр, Қытай, Үндістан.

Вавилон мәдениетінің қалыптасуы мен ерекшелігі.Вавилон мәдениеті адамзат мәдениетінің ең көне орталығы.Египет мәдениетінің құндылықтары:пирамидалар,мысыр жазуы,наным сенімдері.Ежелгі Қытай мәдениетінің мәні:Конфуций,Дао,Будда ілімінің алатын орны.

Қытай иероглифтерінің мәдени тарихы.Ежелгі Қытай өнері.Үнді мәдениетінің негізгі бағыттары,алғашқы философиялық мектептер.Үнді эпостарының дүниежүзілік мәдениетттегі орны.Үнді халқының әдет ғұрыптары.»Махабхарата»мен «Рамаяна»поэмалары көне үнділік әдеби мұра.

Грек философиясы,космологиясы.Рим тарихнамасының қалыптасуы.Грек,Рим мәдениетінің сабақтастығы.Антикалық мәдениеттің қазіргі Еуропалық мәдениеттің қалыптасуына тигізген әсері.Ежелгі грек мәдениетіндегі мүсіндеу және сәулет өнерінің дүниетанымдық мәні.Спартандық тәрбие.Афина демократиясы және оның маңызы.Антикалық Рим мәдениетіндегі сабақтастық және жаңашылдық.Гомер поэмасы.Римдік шешендік өнер.Цицерон.



3. Еуропалық Қайта өрлеу және Жаңа заман кезеңіндегі мәдениет.

Ортағасырлық мәдениеттегі діни және көркемдік канондар.Қайта өрлеу мәдениетінің кезеңдері.Еуропаның Реформация дәуіріндегі мәдениеті.Мәдениеттегі рационализм.Ағартушылық кезеңіндегі Еуропа мәдениеті.Византия және оның христиандық мәдениетті дамытудағы тарихи ролі.Данте,Леонардо да Винчи,Рафаэль,Микелланджело және олардың әлемдік мәдениеттігі орны.Ренессанс дәуіріндегі жеке адам мүмкіндігін бақылау.Қайта өрлеу дәуірінің өнер туындылары.Жаңа дәуір мәдениетіндігі ғылым мен техниканың маңызы.Ағартушылық дәуіріндегі Еуропа мәдениеті.Өнердегі романтизм.



4. Ортағасырлық араб- парсы мәдениеті.

Ортағасырлық араб мәдениеті мен ислам.Исламды қабылдаушы елдердің рухани және материалдық мәдениеттеріндегі ерекшеліктер.Парсы мәдениетінің құндылықтары.Араб парсы мәдениетінің қазақ мәдениетіне тигізген әсері.Ортағасырлық араб мәдениеті мен ислам.Омар Хаям,Сағди,Хафиз,Низами,Руми дастандары.


ІІІ.Бөлім.Отандық мәдениеттің теориясы мен тарихы.

5. Қазақ жеріндегі ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер және қазақ мәдениетінің бастауы.

Қазақ мәдениетінің түп негізі.Андронов мәдениеті.Ежелгі көшпелілер мәдениетіндегі мифология және космогония.Ежелгі сақ өнері.Сақтардың дүниетанымы.Ұлы Жібек жолы.Ұлы Жібек жолы бойындағы қала мәдениетінің дамуы.Қазақ жеріндегі петроглифтер сыры.Ежелгі түркі өркениеті.Жазу және әдебиет.

Ежелгі түркі өркениеті және оның ерекшелігі.Орхон Енисеи ескерткіші көне түркі жазьасы.Түркі дүниетанымы мен қазақ дүниетанымындағы сабақтастық.Күлтегін,Тоныкөк,Білге қаған жыры.Куле чор,Мойын чор ескерткіштері.Ертіс;талас жазбалары.Қазақ мәдениетінің ортағасырлық кезеңі.

Түркі мәдениетіне араб парсы мәдениетінің ықпалы. «Мұсылман Ренессансы» дәуіріндегі жазба мәдениеттің дамуы.Әл Фараби мұралары.Ислам дүниетанымы бағытында жазылған еңбектер.Ортағасырлық кезеңдегі тарихи ескерткіштер. «Қорқыт Ата кітабы» мен «Оғыз Наме» түркілердің ортақ мұрасы.М.Қашқари «Түркі тілдерінің сөздігі»түркі тайпалары туралы зерттеулер.Ж.Баласағұн «Құтты білік»энциклопедиялық еңбек.А.Иассауи «Диуани Хикмет». «Құмандар кітабы».Көшпелі өркениет құндылықтары.

Көшпелі өркениет әлемдік өркениеттің құрамдас бөлігі.Көшпелілер дүниетанымы.Көшпелі өркениеттің ерекшелігі.Дәстүрлі қазақ мәдениетінің табиғи ғарыштық негіздері.Көшпелілер өміріндегі мал шаруашылығының ролі.Кеңістікті игерудегі жылқы малы.Көшпелілердің әдет ғұрыптары.

6. Дәстүрлі қазақ мәдениеті. Халық ауыз әдебиеті мен шешендік өнер.

Дәстүрлі қазақ мәдениетінің ерекшелігі.Халық ауыз әдебиеті бай мәдени мұра.Халық ауыз әдебиеті жанрындағы батырлар бейнесі мен жерге деген сүйіспеншілік.Шешендік өнер сөз жауһары.Айтыс өнері.Материалдық және рухани мәдениет құндылықтары(қол өнер,тұрғын үй,киімі,қазақ күнтізбесі,халық білімі,Наурыз).Халық ауыз әдебиетіндегі лирикалық поэмалар: «Қозы Көрпеш Баян Сұлу», «Қыз Жібек».Ұлттық аспаптар,күй,ән өнері.



7. Діни көзқарастардың шығуы тарихы және қазақ халқының діни нанымдары.

Дін әлеуметтік құбылыс.Діннің және діни ұғымдардың пайда болуы мен оның тарихи түрлері.Қазақ халқының діни нанымдары және оның зерттелу тарихы.Көк тәңірі,Көк Бөрі,Ұмай Ана ұғымдары.Шамандық және бақсылық.Тәңір діні көне дін.Ш.Уалихановтың зерттеу еңбектеріндегі қазақтың діни нанымдары мен дүниетанымы.



8 .ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениеті.

ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы ағартушылық бағыттың қалыптасуы. Шоқан, Ыбырай, Абай мұраларының қазақ мәдениетіне қосқан үлесі.Зар заман ақындары. Шортанбай, Мұрат, Дулат толғауларындағы заман келбеті. Ғасырлар тоғысындағы қазақ мәдениетіндегі ұлттық демократиялық бағыт. Қазақ мәдениетінің жаңа кезеңдері. Шәкәрім мұралары. Қазақ сазгерлерінің шығармалары.

Кеңестік кезеңдегі Қазақстан мәдениетінің дамуы.

Ұлттық мәдениеттің жаңаруы.20-30 жылдардағы білім беру жүйесінің дамуы.Әдебиет пен өнердің дамуы.Халық шаруашылығын дамытуда ұлттық кадрларды дайындау.Қазақ ғылымының дамуы.С.Д.Асфендияров,А.Байтұрсынов,Қ.Жұбанов,Қ.И.Сатбаев.Қазақ әдебиетінің жаңа кезеңі.С.Сейфуллин,І.Жансүгіров,Ж.Аймауытов,М.Әуезов т.б.Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстан мәдениеті.



9. Қазіргі Қазақ мәдениеті.

ХХ ғасырдағы мәдениеттің дамуындағы қайшылықтар мен ерекшеліктер.Қазақстанның көпұлтты мәдениеті.Қазіргі қазақ мәдениетінің типтері.Мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдары.Модерн:оның ерекшеліктері,әлеуметтік және көркемдік бағыттары.Авангард мәдени әлеуметтік құбылыс.Қазіргі Қазақстан мәдениетінің жетістіктері.Әлемдік

Бөлім Мәдениеттер типологиясы

4.Оқу әдістемелік жабдықталуы.

4.1.Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі

1.Н.Назарбаев. «Ғасырлар тоғысында.». Алматы:Өнер 2004.

2.Абай.Қара сөз.Алматы.Ел.1993.

3.Винничук Л.Люди, нравы и обычай Древней Греции и Рима.М.1980.

4.Кун.Н.А.Ежелгі грек аңызы.А.1985.

5.Рутенбунбург В.И. Қайта өрлеу алыптары.Л.1986.

6.Төлеубаев А. Реликты до исламских верований в семейной обрядности казахов.А.1991.

7.Хасенов Ә.Қазақстанның мәдениеті мен өнерінің тарихы.А.1989..

8.Акишев К.Кушаев Т.Сақтар мен үйсіндердің ежелгі мәдениеті.А.1963.

9.Быстрова Г.Мир культуры.Основы культурологии.Уч пособие.М.2000.

10.Ғабитов Т.Мүтәліпов М. Құлсариева Ж.Мәдениеттану.А.2004.

11.Адалис А.Шығыс ақындары.А.1987.

12.Любимов Н.Өнердің ықшам тарихы.А.1994.

13.Құлсариева А.Мәдениеттану сөздігі.А.2001.



Қосымша

1. Мәдени философиялық энциклопедия.А.2004.

2.А.Құнанбаев.Шығармалары.А.1995.

3.Әл Фараби.Әлеуметтік этикалық трактаттар.А.1989.

4.А.Байтұрсынов .Шығармалары.А.1989.

5.Ә.Бөкейханов.Шығармалары.А.1994.

6.Валиханов Ш.Собрание сочинении.А. 1984.

7.Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы.А.1999.

8.А.Сейдімбек.Күй шежіре.А.1997.

9.Шаңырақ энциклопедиясы.1989.



4.2.Көрнекілік құралдар және ОТҚ:

1.Мультимедиялық энциклопедиялық коллекция.ТОО «RJB STUDIO»

1.Таңбалы.2.Қазақтың көне зергерлік бұйымдары.3.Қазақ киімінің антологиясы.4.Қазақ скиф сақ алтын жинағы.5.Әзірет Сұлтан.6.Берел Қорғаны.7.Отырар.8.ҚР Президентінің мәдени орталығы.

2.Тортаева Ә.АБДИ компаниясы.Қазақстан тарихы кестелер жинағы.А.2005.

3. Тортаева Ә.АБДИ компаниясы.Ел басшылары Портреттер топтамасы..А.2006.

4.Сакенова Р. АБДИ компаниясы.Қазақ ақын жазушылары.Портреттер топтамасы..А.2006.

5.Мультимедиялық интерактивті бейнежазбалар.http:www. Ata mura. kz
4.3.Тест тапсырмалары (260 тест тапсырмалары қосымша беріледі):

1) Мәдениет ұғымы және оның мәні- 20 тест тапсырма;

2) Дүниежүзілік мәдениеттің даму тарихы- 25 тест тапсырма;

3) Антикалық мәдениет- 20 тест тапсырма;



4) Еуропалық Қайта өрлеу және Жаңа Заман мәдениеті- 25 тест тапсырма;

5) Отандық мәдениет -35 тест тапсырма;

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет