Оќу јдістемелік материалдар бейорганикалыќ химиядан


Жауабы: -45,76кДж; 20,43кДж жылу бөлінеді. 5. Мына реакция үшін TiO2(к) + 2C(к) = 2Ti(к) + 2CO2(г) энтропияны есептеңдер. Жауабы



бет110/112
Дата08.02.2022
өлшемі2,01 Mb.
#123033
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   112
Байланысты:
П нні О У- дістемелік кешені «теориялы бейорганикалы химия»

Жауабы: -45,76кДж; 20,43кДж жылу бөлінеді.
5. Мына реакция үшін TiO2(к) + 2C(к) = 2Ti(к) + 2CO2(г) энтропияны есептеңдер. Жауабы: 364,84Дж/мольК.

№ 12

1. Мына реакция үшін CO(г) + 3H2(г) = CH4(г) + H2O(г) стандартты түзілу жылуы мен абсолютті стандарт энтропияға сүйеніп, Гиббс энергиясын есептеңдер.
Жауабы: -142,16кДж.
2. Мына теңдеу бойынша жүретін реакция үшін Fe2O3(к) + 3C = 2Fe + CO; ∆H0, ∆S0 және ∆G0 есептеңдер. 500 және 1000К градустарда бұл реакция жүре ме?
Жауабы: ∆Н0 = +490,54кДж; ∆S0 = 541,1Дж/К; ∆G0298 = +219,99кДж;
3. Мына гетерогенді реакция үшін 2С,графит + 3Н2 = С2Н6 жылдамдықтың математикалық өрнегін жазып, сутегінің концентрациясын 3 есе арттырса, реакция жылдамдығы неше есе өсетінін есептеңдер.
4. Әрекеттесуші массалар заңының анықтамасын келтіріңдер. Мына гетерогенді реакция үшін С2Н5ОН(с) + 3О2(г) = 2СО2 (г) + 3Н2О қысымды 3 есе арттырса, реакция жылдамдығы қалай өзгереді?
5. Мына жүйеде СО + Сl2 ↔ СОСl2 заттардың тепе – теңдіктегі концентрациялары [Cl2] = 0,3моль/дм3, [CO] = 0,2моль/дм3 және [COCl2]=1,2 моль/дм3. Жүйенің тепе-теңдік константасын есептеңдер.
13

1. Мына жүйе үшін 2NO + O2 ↔ 2NO2 тура және кері реакциялар жылдамдығы қалай өзгереді, егер газдар көлемін 3 есе кемітсе? Жүйедегі тепе-теңдік бұл жағдайда өзгере ме?


2. Мына реакция үшін 2СО + О2 = 2СО2 жылдамдықтың математикалық өрнегін жазыңдар. Егер оттегінің концентрациясын 2 есе арттырса, реакция жылдамдығы қанша өседі?
3. Стандартты жағдайда мына экзотермиялық реакция H2(r)+ CO2(г)H2O(г)+CO(г); ∆H = -2,85 кДж жүрмейді. Неге? Осы реакция үшін Гиббс энергиясын есептеңдер. Жауабы: +18,19кДж
4. Стандартты жағдайда мына реакция 2NO(г) + O2(г) ↔ 2NO2(г) тура жүре ме, әлде кері жүре ме? Жауабын Гиббс энергиясына сүйеніп, беріңдер. Жауабы: - 69,70кДж.
5. Этилен мен су буы әрекеттессе газ тәріздес этил спирті түзіледі. Бұл реакцияның термохимиялық теңдеуін жазып, жылу эффектісін есептеңдер. Жауабы: -45,76 кДж.

№ 14

1. 1 моль этан жанғанда су буы және көміртегі(IV) оксиді түзіледі, бөлінетін жылу эффектін есептеп, реакцияның термохимиялық теңдеуін жазыңдар. 1м3 (қ.ж.) этан жанса, қанша жылу бөлінеді?
Жауабы: 63742,86 кДж.
2. Аммиактың жануының термохимиялық теңдеуі :
4NH3(r) + 3O2(г) = 2N2(г) + 6H2O(c), ∆H = -1530,28 кДж
Аммиактың түзілу жылуын есептеңдер. Жауабы: -46,19кДж
3. Егер температураны 600С көтерсе, газ фазадағы реакция жылдамдығы қалай өзгереді? Жылдамдықтың температуралық коэффициенті екіге тең.
4. Мына гомогенді жүйеде СО + Сl2 ↔ СОСl2 заттардың тепе-теңдік концетрациялары [СО] = 0,2моль/л; [Cl2] = 0,3моль/л; [СОСl2] = 1,2моль/л болса, жүйенің тепе-теңдік константасын есептеңдер. Жауабы: К=20.
5. Мына гетерогенді жүйе үшін СО2 + С ↔ 2СО тепе-теңдік константасын жазыңдар. Егер СО2-нің концетрациясын төрт есе азайтса, тура реакция жылдамдығы қалай өзгереді? Көміртегі(ІІ) оксидінің шығымын арттыру үшін қысымды қалай өзгерту керек?

№ 15

1. Мына гомогенді жүйеде А + 2В ↔ С заттардың тепе – теңдік концетрациялары [А] = 0,06 моль/л; [В] = 0,12 моль/л; [С] = 0,216 моль/л болса, тепе – теңдік константасы қанша болады? А және В заттарының алғашқы концентрацияларын табыңдар. Жауабы: К = 2,5; [А]алғашқы = 0,276моль/л; [В]алғашқы = 0,552моль/л;
2. Температураны 500С-қа көтергенде реакция жылдамдығы 32 есе өскен. Реакцияның температуралық коэффициентін есептеңдер.
3. Мына гетерогенді реакция үшін С (графит) + 2N2O(г) = CO2(г) + 2N2(г) азот(І) оксидінің концентрациясын 4 есе өсірсе, реакция жылдамдығы неше есе өседі?
4. Темір(ІІІ) оксидін алюминий металымен тотықсыздандырғанда 335,1г темір алынған. Бұл реакцияда қанша жылу бөлінетінін есептеңдер. Жауабы: 2543,1кДж.
5. Этилен мен су буы әрекеттессе газ тәріздес этил спирті түзіледі. Бұл реакцияның термохимиялық теңдеуін жазып, жылу эффектісін есептеңдер. Жауабы: -45,76 кДж.


8-апта

№ 1

1. Егер 18 г фосфор қышқылын 282 см3 суда ерітсе, ол ерітіндінің тығыздығы 1,031 г/см3 болады. Ерітіндінің а. проценттік; б. молярлық; в. нормальдық (эквиваленттің молярлық концентрациясы) концентарцияларын есептеңдер. Жауабы: 6% 0,63М; 1,89н.
2. 1л 10 %-ті калий гидроксидінің ерітіндісіне (тығыздығы 1,092 г/см3) 5% - ті 0,5 л калий гидроксидінің ерітіндісін (тығыздығы 1,045 г/см3 ) құйып, ерітіндінің көлемін 2 л-ге жеткізген. Алынған ерітіндінің молярлы концентрациясын есептеңдер. Жауабы: 1,2 М.
3. 3л 0,4н. ерітінді дайындау үшін 96%-ті тығыздығы 1,84 г/см3 күкірт қышқылының қанша көлемін алу керек. Жауабы: 33,32 см3.
4. Мына заттар арасында жүретін реакциялар үшін ионды-молекулалық теңдеулер жазыңдар: а. HCl және NaOH; б. Pb(NO3)2 және Na2S;
5. Мына ионды-молекулалық теңдеулерге сәйкес келетін реакциялардың молекулалық теңдеулерін жазыңдар: а. SO32+ + 2H+ = SO2 + H2O;
б. H+ + OH- = H2O
6. Мына тұздардың гидролизінің ионды-молекулалық және молекулалық теңдеулерін жазыңдар: а.KCN; б.Na2CO3.
7. Егер азотты қышқылдың (HNO2) молярлы концентрациясы 0,01моль/л болса, сутегі ионының концетрациясы қанша? Жауабы: 2,210-3 моль/л

№ 2

1. Егер азотты қышқылдың (HNO2) молярлы концентрациясы 0,25 моль/л болса, сутегі ионының концентрациясы қанша болады? Жауабы: 1,1210-2 моль/л.
2. Мына тұздардың гидролизінің ионды-молекулалық және молекулалық теңдеулерін жазыңдар: а. ZnSO4; б. NH4Cl;
3. Мына ионды-молекулалық теңдеулерге сәйкес келетін реакциялардың молекулалық теңдеулерін жазыңдар: а. Pb2+ + S2- = PbS; б. CО32- + 2H+ = CО2 + Н2О.
4. Мына заттар арасында жүретін реакциялар үшін ионды-молекулалық тендеулер жаз: а. NaHCO3 және NaOH; б. K2SO3 және НСІ.
5. HClO қышқылының концентрациясы 0,001 моль/л болса, қышқыл ерітіндісі үшін  және [H+] табыңдар. Жауабы: 7,0710-4 және 7,07·10-5 моль/л.
6. 20%-ті тығыздығы 1,328 г/см3 кальций хлориді ерітіндісінің молярлы және эквивалент (нормальды) концентрацияларын есептеңдер. Жауабы: 2,1 М; 4,2 н.
7. 30%-ті тығыздығы 1,328 г/см3 натрий гидроксиді ерітіндісінің нормальды концетрациясын есептеңдер. Оның 1л ерітіндісіне 5л су қосқан. Алынған ерітіндінің процентті концентрациясын табыңдар. Жауабы: 9,96н; 6,3%.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   112




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет