Жауабы: а) 0,01моль; 0,26г; б) 0,3моль; 33г.
4. Газдардың ауа бойынша тығыздықтары а. 0,9; б.2,45 болса, олардың 1л массалары қанша болады? Жауабы: а) 1,16г; б) 3,17г.
5. Эквивалент массасы 9г металдың 3 грамы тотыққанда неше грамм оксид түзіледі? Жауабы: 5,7г.
6. Изотоптар, изобаралар деген не? Мысал келтіріңдер.
7. Клечковский ережелерінің мәні неде? d- элементтері атомдарының атомдық орбитальдарының толтырылуы, s- және р- элементтерінің АО толтыруларынан қандай айырмашылығы бар? Мысалдар келтіріңдер.
8. 3,24г үш валентті металл қышқылмен әрекеттескенде 4,03 л сутегі (қ.ж.) бөлінетін болса, оның атомдық, мольдік және эквивалент массалары қанша?
№ 11
1.Көміртегі мен судың мольдік массалары арқылы көміртегі атомы мен судың молекуласының абсолюттік массасын есептендер. Жауабы: 2,010-28 г; 3,01023г.
2. 0,943г фосфорлы Н3РО3 қышқылын нейтралдауға 1,291г калий гидроксиді жұмсалған. Қышқылдың эквивалентін, эквивалент массасын және негіздігін анықтандар. Реакция тендеуін жазыңдар. Жауабы: 0,5моль; 41г/моль; 2.
3. Паули принципінің мәні неде? Атомының кез келген деңгейшесінде р7– не d12- электрондары болуы мүмкін бе? Неге? Реттік номері 22 элементтің электрондық формуласын жазып, оның валенттілік электрондарын көрсетіңдер.
4. Оксидтер мен гидроксидтердің қышқылдық, негіздік қасиеттері оларды түзетін элементтің тотығу дәрежесіне қалай байланысты? Қандай гидроксидтерді амфотерлі деп атайды? Мысал келтіріңдер.
5. а) 1г сутегі мен 1г оттегіде; б) 1моль хлор мен 1моль оттегіндегі молекулалар саны бірдей ме?
6. Газдың гелий бойынша тығыздығы 19,5 болса, оның молекулалық массасы қаншаға тең?
7. 200 г кальций карбонатын СаСО3 қыздырғанда 112 г кальций оксиді СаО түзілген. Реакция тендеуін жазып, бөлінген көміртегі диоксидінің массасын, көлемін анықтаңдар.
8. Мына элементтердің (азоттың, фосфордың, күкірттің) оттекті және сутекті қосылыстарындағы валенттіліктерін тауып, молекулалық формулаларын жазыңдар.
№ 12
1. Массалар сақталу заңына анықтама беріңдер, бұл заңға сүйеніп оксидтің формуласын табыңдар, егер ол заттың молярлық массасы 232г/моль болса және оның 1моліне темірдің 3молі кірген болса.
2. Фосфор қышқылы реакция нәтижесінде а) гидрофосфатқа; б) дигидрофосфатқа; в) ортофосфатқа айналса, оның эквиваленті және эквивалент массасы қаншаға тең?
3. Энергетикалық деңгейлердегі s-, p-, d-, f- орбитальдарына орналасатын максимал электрондар саны қанша? Неге? Реттік номері 31-ші элементтің электрондық формуласын жазыңдар.
4. Периодтық жүйенің үшінші периодының элементтерінің жоғарғы тотығу дәрежесіне сәйкес келетін оксидтері мен гидроксидтерінің формулаларын жазыңдар. Алюминий гидроксидінің амфотерлігін дәлелдейтін реакциялар тендеулерін жазыңдар.
5.190,8г алюминий гидросульфаты қанша моль болады?
6. Бір газдың массасы (қ.ж.) 0,00125кг болса, ал азоттың 0,001м3-ның массасы 0,00125кг (қ.ж.) болса, ол газдың молекулалық массасын а) азот бойынша тығыздығы арқылы; б) молярлық көлемі бойынша есептеңдер. Жауабы: 34,0.
7. Мына екі гидроксидтердің қайсысы күштірек негіз болады: Ba(OH)2 әлде Mg(OH)2; Ca(OH)2 әлде Fe(OH)2? Жауапты периодтық жүйедегі бұл элементтердің орнына байланысты түсіндіріңдер.
8. Мына газдардың HCl, H2S, NO2, N2, Cl2, CH4,SO2, NH3 қайсысы натрий гидроксидімен реакцияға түседі? Бұл реакциялардың тендеулерін жазыңдар.
№ 13
1. 5,6 г темір күкіртпен әрекеттескенде 8,8г темір сульфиді түзілген. Егер күкірттің эквивалент массасы 16г/моль болса, темірдің эквиваленті және эквивалент массасы қанша болады? Жауабы: ½ молі, 28 г/моль.
2. Магнийдің бе, кальцийдің бе металдық қасиеті көбірек, неге? IV периодтағы көбірек металдық қасиет көрсететін элементті атаңдар.
3. Мына реакциялардағы күкірт қышқылының эквивалентін және эквивалент массасын табыңдар.
H2SO4 + NaOH = NaHSO4 + H2O
H2SO4(с) + Zn =ZnSO4 + H2↑
4. Мына изотоптардың ядроларында неше протон және неше нейтрон бар? Осы элемент атомының электрондық формуласын жазып, валенттілік электрондарын көрсетіңдер. Электрондарды квант ұяшықтарға орналастырындар: 3216S және 3316S; 2311Na және 2411Na;
5. Д.И. Менделеевтің периодтың заңының қазіргі анықтамасын келтіріндер. Неге литий, натрий, калий, рубидий, цезий, франций І топтың негізгі топшасына, германий, қалайы, қорғасын – IV топтың негізгі топшасында орналасқан? Жауаптарыңды сыртқы энергетикалық деңгейлерінің құрылыстарына байланысты айтыңдар.
6. Атомдардың сыртқы электрондық қабаттары: 4s24p2; 5s25p4; 6s25p3 болса, олар қай периодтарда, қай топшаларда орналасқан?
7. Органикалық заттың буынын азот бойынша тығыздығы 1,65. Ол заттың молярлық және салыcтырмалы молекулалық массаларын есептеңдер. Жауабы: 46,2 г/моль; 46,2.
8. 5л (қ.ж.) газдың массасы 9,80г болса, оның молярлық массасы қанша?
Жауабы: 44г/моль.
№ 14
1. Бір газдың 170С температура және 0,997105 Па қысымда 5,6 грамы 4,84л көлем алады. Бұл газдың салыстырмалы молекулалық массасы қанша? Жауабы: 28.
2. Эквиваленттік масса деген не? Толық бейтараптау реакциясы үшін қышқылдар мен негіздердің эквивалент массалары нешеге тең? Алюминий гидроксидінің эквивалентін және эквивалент массасын табыңдар.
Al(OH)3 + 3HCl = AlCl3 + 3H2O
Al(OH)3 + 2HCl = Al(OH)Cl3 + 2H2O
Al(OH)3 + HCl = Al(OH)2Cl + H2O
3. Мына заттардың көрсетілген массаларында неше молярлық массалар бар : КОН – 168г; H2SO4 – 245г; H3PO4 – 1,225кг.
4. Бір-бір килограмнан алынған заттарда Li2O; RbOH; BaSO4 олардың қанша мөлшерлері (моль) бар: Жауабы: 33,33; 9,76; 4,29; 5,92 моль.
5. Периодтық жүйедегі көптеген элементтердің атомдық массалары неге бөлшек санға тең?
6. Гидротұздар дегеніміз не? Оларды қалай алады? Қышқылдармен ұқсастықтары неде?
7. Периодтық жүйедегі элементтер атомының электрон қабаттарының максимал саны нешеге тең?
8. Периодтық заңның қазіргі анықтамасы мен Д.И. Менделеев берген анықтаманың айырмашылығы неде?
Периодтық жүйеде қай периодтарды кіші, қай периодтарды үлкен деп атайды? Олардағы элементтер саны қалай анықталады? Қай периодтардың элементтер саны бірдей, неге? Егер 7-ші период аяқталса, онда қанша элемент болады?
№ 15
1. Мына иондардың О2-, S2-, Сr3+, Мn2+ - электрондық формулаларын жазыңдар.
2. Периодтық заң санның сапаға көшу заңын қалай көрсетеді? Мысал келтіріңдер.
3. Егер элемент атомында 5 электрондық қабат болса, сыртқы электрондар саны 7 болса, олар қандай квант сандарымен сипатталады?
4. Элемент атомының массасын қандай әдістер арқылы анықтауға болады? Егер 1,3 г заттың буының көлемі 870С температурада және 0,83105Па қысымда 0,6л болса, оның молекулалық массасы қанша болатынын есептендер. Жауабы: 78,2г/моль.
5. Мына түсініктерге анықтама беріңдер: а) элемент, атом, молекула; б) жай және күрделі заттар; в) салыстырмалы атомдық және молекулалық массалар; атомның және молекуланың абсолют массалары.
6. Егер калий, магний, алюминий үшін n = 1моль болса, онда осы металдардың эквиваленттері үшін n неше тең?
7. Оттегінің 32, сутегінің 5,08 грамдарында бұл заттардың неше эквивалент массалары бар? Жауабы: 4 және 5.
8. 1кг кальций карбонатын қыздырғанда 0,56 кг кальций оксиді және 224л (қ.ж.) көміртегі(IV) оксиді түзілген . Бұл сандар массалар сақтау заңына сәйкес келе ме?
2- апта
№ 1
1. Мына жүйеде N2+ 3H2 ↔ 2NH3 газ қоспасының көлемін екі есе азайтса, реакциялар жылдамдықтары қалай өзгереді? Жүйедегі тепе – теңдік қай жаққа ығысады?
2. Мына гетерогенді жүйе үшін С,графит +О2 = СО2 жылдамдықты өрнектеңдер. Егер оттегінің концентрациясын 4 есе арттырса, реакция жылдамдығы неше есе өседі?
3. Реакциялық ыдыстың көлемін үш есе азайтса, мына реакцияның 2NO + O2= 2NO2 жылдамдығы қалай өзгереді?
4. Фосфор(V) хлоридінің кристалдары судың буымен әрекеттескенде сұйық POCl3 және хлорлы сутек түзіледі. Реакция нәтижесінде 111,4кДж жылу бөлінеді. Бұл реакцияның термохимиялық тендеуін жазыңдар.
5. Этанның жануының термохимиялық теңдеуі.
C2H6 + 3,5O2 = 2CO2 + 3H2O(c) ∆Hх.р = - 1559.87 кДж этанның түзілу жылуын есептеңдер.
№ 2
1. Fe2O3 -ті алюминиймен тотықсыздандырғанда 335,1г темір бөлінген. Қанша жылу бөлінетінін есептеңдер. Жауабы: 2543,1кДж.
2. Этилен (газ) және су буы өзара әрекеттессе, газ тәріздес этил спирті түзіледі. Бұл реакцияның термохимиялық тендеуін жазып, жылу эффектісін есептеңдер.
Жауабы: - 45,76кДж.
3. Егер қысымды екі есе арттырса, мына реакциялар үшін тура реакциялар жылдамдығы қалай өзгереді?
1) H2 + Cl2 = 2HCl; 2) N2O4 = 2NO2
4. Егер температураны 200-тан 400С-қа көтерсе, химиялық реакция жылдамдығы неше есе өседі? Температуралық коэффициент 3-ке тең.
5. Егер жүйедегі қысымды азайтса, тепе – тендік қай жаққа ығысады?
1) 4HBr (г) + O2 ↔ 2H2O(r) + 2Br2(r)
2) H2(r) + S(k) ↔ H2S(r)
Бұл реакциялар үшін тепе – теңдік константаларын жазыңдар.
№ 3
1. Егер: 1. күкірт (IV) оксидінің концентрациясын екі есе арттырса; 2. оттегі концентрациясын екі есе арттырса; 3. осы екі заттың да концентрацияларын 2 есе арттырса, мына реакцияда 2SO2(r) + O2 ↔ 2SO3 тура реакция жылдамдығы қалай өзгереді?
2. Мына жүйеде PCl5 ↔ PCl3 + Cl2 ∆H298= +92,45 кДж/моль температураны 40С-қа көтерсе, тепе – теңдік қай жаққа ығысады? Егер тура реакция үшін = 3, ал кері реакция үшін = 2 болса, реакция жылдамдығы қалай өзгеретінін көрсетіңдер.
3. Газ тәріздес күкіртті сутек пен көміртегі (IV) оксиді әрекеттессе су буы мен күкіртті көміртегі СS2(r) түзіледі. Осы реакция үшін термохимиялық теңдеуін жазыңдар, оның жылу эффектін есептеңдер. Жауабы: +65,43 кДж.
4. Мына реакциялар үшін ∆G298 есептеңдер:
а. 2NaF(к) + Cl2 = 2NaCl(к) + F2(г)
б. PbO2(к) + 2Zn(к) = Pb(к) + 2ZnO(к)
Бұл реакциялар жүре ме? Жауабы: +313,94кДж; -417,4кДж.
5. Мына реакциялар үшін энтропияның өзгеруін есептеңдер:
2CH4(г) = C2H2(r) + 3H2(г)
N2(г) + 3H2(г) = 2NH3(г)
Жауабы: 220,21 Дж /моль; -198,26Дж/мольК.
№ 4
1. Мына реакциялар үшін әрекеттесуші массалар заңын өрнектеңдер:
а. 2NO(г) + Cl2(г) → 2NOCl(г)
б. CaCO3 (к) → CaO(к) + CO2(г)
2. Реакцияның температуралық коэффициенті 3-ке тең болса, температураны 200-тан 750С-қа көтерсе, реакция жылдамдығы қанша өседі?
3. Мына жүйеде 2СО + О2 ↔ 2СО2 тепе –теңдік концентрациялары СО = 0,04 моль/дм3; О2 = 0,06 моль/дм3; СО2 = 0,02 моль/дм3 болса, тепе – теңдік константасы қанша болады?
4. Мына теңдеумен жүретін реакцияға қатысатын заттардың стандартты түзілу жылуы мен стандартты энтропияларына сүйеніп, реакцияның ∆G0298 есептеңдер:C2H4(г) + 3O2(г) = 2CO2(г) + 2H2O(г) . Бұл реакция стандартты жағдайда жүре ме?
Жауабы: - 1331,2 кДж.
5. 2,1г темір күкіртпен әрекеттессе 3,77кДж жылу бөлінеді. Темір сульфидінің түзілу жылуын есептеңдер. Жауабы: -100,3кДж/моль.
№ 5
1. F3O4-ті көміртегі(ІІ) оксидімен тотықсыздандыру реакциясының тендеуі:
Fe3O4(т) + CO(г) = 3FeO(т) + CO2(г). Бұл реакция үшін ∆G0298 және ∆S0248 есептеңдер. Реакция өздігінен жүре ме? Жауабы: +24,69 кДж; +31,3 Дж/мольК.
2. Қалыпты жағдайда алынған 8,4л сутегі жанғанда қанша жылу бөлінеді?
3. СО,г және сутегі арасында жүрген реакцияның термохимиялық теңдеуін жазыңдар. Реакция нәтижесінде СН4 және Н2О,г түзілген. Егер қ.ж. 67,2л метан түзілсе, бұл реакция нәтижесінде қанша жылу бөлінеді? Жауабы: 618,48 кДж.
4.Егер реакция былай жүрсе: 2NО + О2 = 2NО2. Алынған заттар концентрациясы [NO] = 0,02моль/дм3; [O2] = 0,03моль/дм3. Егер О2 концентрациясын 0,1 моль/л, NО концентрациясын 0,05 моль/л көтерсе, тура реакция жылдамдығы қалай өзгереді?
5. 2NО+Сl2 ↔ 2NOCl жүйесі үшін (∆H = -73,6 кДж) тепе–теңдік температураны 300С көтерсе қай жаққа ығысады ? =2 тура реакция үшін, кері реакция үшін ? =3 жағдайдағы реакциялар жылдамдықтарының өзгеруін есептеңдер.
№ 6
1. Ле Шателье принципін қолданып, тепе – теңдік қай жаққа ығысатынын көрсетіңдер: СО + Н2О ↔ СО2 + Н2, ∆Н =12,85кДж, егер а. сутегінің концентрациясын көтерсе; б. температураны азайтса; в. көміртегі (IV) оксидінің концентрациясын азайтса.
2. Температураны 300С-қа көтергенде, реакция жылдамдығы 64 есе артқан. Реакцияның температуралық коэффициентін есептеңдер.
3. 11,5г сұйық этил спирті жанғанда 308,71 кДж жылу бөлінген. Реакция нәтижесінде су буы, көміртегі (IV) оксиді түзілген. Осы реакцияның термохимиялық теңдеуін жазып, С2Н5ОН(с) түзілу жылуын есептеңдер. Жауабы : -277,67 кДж.
4. Мына реакция үшін СО(г) + Н2О(г) = СО2(г) + Н2(г) Гиббс энергиясын ( ∆G0298) заттардың стандартты түзілу жылуының мәндері және абсолютті стандартты энтропия мәндері арқылы есептеңдер.
5. Мына жүйе үшін СО(г) + 2Н2(г) ↔ СН3ОН(c) ∆Н=128,05кДж тепе – теңдік қай температурада орнайды?
№ 7
1. Мына жүйеде СН4(г) + СО2(г) = 2СО(г) + 2Н2(г) ∆Н =+247,37 кДж тепе – теңдік қай температурада орнайды?
2. Заттардың стандартты түзілу жылуының мәндерін және абсолют стандарт энтропия мәндерін пайдаланып, мына реакция үшін ∆G0290 есептеңдер:
NН3(г) + НСl(г) = NН4Сl(к). Бұл реакция стандарт жағдайында өздігінен жүре ме? Жауабы: -92,08кДж.
3. Газ тәріздес аммиак жанғанда су буы және азот(ІІ) оксиді түзіледі. Егер реакция нәтижесінде 44,8л NО (қ.ж.) түзілген болса, қанша жылу бөлінген? Жауабы:452,37кДж.
4. Мына жүйеде 2SО2(г) + О2(г) ↔ 2SО3(г) газ көлемін үш есе азайтса, тепе – теңдік қай жаққа ығысады? Тура және кері реакциялар жылдамдықтары қалай өзгереді?
5. Егер температураны 300-дан 700С-қа көтерсе, реакция жылдамдығы қалай өзгереді? =2
№ 8
1. Фосфордың пентахлоридінің айырылу реакциясы былай жүреді: PCl5(г) ↔ РCl3(г) + Cl2(г) ∆Hx.p. = 92,59кДж. Осы тепе – теңдік тура реакция бағытында жүру үшін, яғни РCl5 айырылу реакциясы: а. температураны; б. қысымды;
в. концентрацияны қалай өзгерту керек?
2. Газ фазасында өтетін реакция үшін температураны 1200С-тан 800С-қа түсірсе, реакция жылдамдығы неше есе азаяды. =3.
3. Мына гомогенді жүйе үшін тепе – теңдік константасын есептеңдер. CО(г) + H2O(г) ↔ CO2(г) + H2(г) егер реакцияға қатысатын заттардың тепе – теңдік концентрациялары: [CO] = 0,004 моль/л; [CO2] = 0,016 моль/л; [H2O] = 0064 моль/л;
[H2] = 0,016 моль/л болса.
4. Фосфордың пентахлоридінің диссоциациясы қай температурада басталады: PCl5(г) = PCl3(г) + Cl2(г). Жауабы: 509К.
5. 165г (қ.ж.) ацетилен жанғанда көміртегі(IV) оксиді және су буы түзілсе, қанша жылу бөлінеді? Жауабы: 924,88 кДж.
№ 9
1. Газ тәріздес аммиак пен сутегі хлориді әрекеттескенде кристалл күйінде аммоний хлориді түзілген. Бұл реакция үшін термохимиялық теңдеу жазып, түзілу жылуын табыңдар. Егер реакцияға 10л (қ.ж.) аммиак қатысса, қанша жылу бөлінеді?
2. 6,3г темір күкіртпен әрекеттескенде 11,31кДж жылу бөлінген. Темір сульфидінің (FeS) түзілу жылуын есептеңдер. Жауабы: -100,26кДж/моль.
3. Мына жүйеде СН4(г) + СО2(г) ↔ 2СО(г) + 2Н2(г) стандартты жағдайда тура реакция жүре ме әлде кері реакция жүре ме?
4. Күкірттің және оның диоксидінің тотығуын мына теңдеумен көрсетуге болады:
а) S(к) + O2 = SO2(г);
б) 2SO2 (г) + O2 = 2SO3(г)
Егер олардың көлемдерін 4 есе азайтса, осы реакциалардың жылдамдықтары қалай өзгереді?
5. Егер температураны 600С көтерсе, газ фазада жүретін реакция жылдамдығы қалай өзгереді? =2
№ 10
1. Мына гомогенді жүйе үшін N2 + 3H2 ↔ 2NH3 тепе –теңдік константасын жазыңдар. Егер сутегінің концентрациясын үш есе көбейтсе, тура реакция жылдамдығы қалай өзгереді?
2. 13г ацетиленді жаққанда 652,5кДж жылу бөлінеді. Реакцияның жылу эффектісін есептеңдер. Жауабы: 2610кДж.
3. 1моль метан жанғанда су буы мен көміртегі(IV) оксиді түзілген, реакцияның термохимиялық теңдеуін жазып, жылу эффектін есептеңдер.
4. 10л (қ.ж.) метан жанғанда қанша жылу бөлінеді?
СН4(г) + 2О2(г) = СО2(г) + 2Н2О(г) ∆Нх.р= - 46кДж
Мына реакция үшін 2СО + О2 = 2СО2 жылдамдықтың математикалық өрнегін жазып, көміртегі(ІІ) оксидінің концентрациясын 4 есе арттырса, реакция жылдамдығы қанша есе артатынын есептеңдер.
№ 11
1. Реакция жылдамдығының концентрацияға байланыстылығын қай заңмен көрсетеді? Мына реакция үшін SO2 + O2 ↔ 2SO3 қысымды 2 есе арттырса, тура реакция жылдамдығы қалай өзгереді?
2. Егер температураны 800-тан 500С-қа азайтса, реакция жылдамдығы неше есе азаяды? Реакцияның температуралық коэффиценті 3-ке тең.
3. Мына реакция үшін 2СО(г) + О2(г) = 2СО2(г); ∆G0298 –ті стандартты түзілу жылуы және абсолютті стандартты энтропияға сүйеніп есептеңдер.
4. Этилен мен су буы әрекеттескенде газ тәріздес этил спирті түзілген. Осы реакцияның термохимиялық теңдеуін жазыңдар, реакцияның жылу эффектін есептеңдер. 10л (қ.ж.) этилен реакцияға түссе, қанша жылу бөлінеді?
Достарыңызбен бөлісу: |