Окситоцин босану кезінде жатырдың тегіс бұлшық еттерінің жиырылуына әсерін тигізеді, және сүт бездерінің альвеолның айналасына орналасқан бұлшық ет талшықтарының жиырылуына әсер етіп сүттің бөлуін қамтамасыз етеді.
Ол қан тамырларының тегіс бұлшық еттерінің жыйырылу процесстеріне әсерін тигізеді. Бірақта вазопрессиннің негізі биологиялық қызметі су мен тұздардың алмасуын реттеу болып саналады. Ол бүйрек канальцтерінде судың кері енуін қамтамасыз етеді ( антидиуреттік қызметі). Қалыпты жағдайда ол қан қысымы мен организмдегі су баланысын реттеп отырады.
Патология кезінде қант диабеті емес ауру туады.Яғни көп мөлшерде несеппен су бөлініп шығады. 4 – 10 л
Адамның сомототропин гормоны 191 амино- қышқылдардан тұрады. Сомототропин барлық жасушаларға әсерін тигізеді. Ол ақуыздың, ДНҚ; РНҚ және гликогеннің биосинтезін үдетеді ( жылдамдатады).Сонымен қатар ұлпалардағы майлардың жұмсалуын жоғарғы май қышқылдарының және глюкозаның ыдырауын жылдамдатуға қолайлы жағдай жасайды ( көмектеседі).Аноболиттік процесстердің жүруінің әсерінен сүйек қаңқасының, және дененің өсуін қамтамасыз етіледі. Сомототропин алмасу прцесстерін байланыстырып және алмасу процесстерінің жүру жылдамдығын реттеп отырады. Адамның сомототропин аздаған сүт түзетін активтігін көрсетеді.
Шеткі ұлпаларға сомототропин тура және жанама түрде әсерін тигізеді.Сомототропиннің тура әсері аденилатциклаза арқылы жүреді. Осы жолмен бұлшық етке және ұйқы бездеріне әсер етеді. Мысалы ұйқы безінде ( асқазан асты бездерінде) сомототропин глюкагон мен инсулиннің синтезін және қанға секреттелуін үдетеді ( жылдамдатады).
Қанға глюкагон инсулинге қарағанда сомототропиннің әсерінен көбірек бөлінеді, сондықтан сомототропин аздаған диабетогендік әсер көрсетеді.