Несеп жолдарының тастары
Несеп – тас ауруы өте көп тараған ауруға жатады: адамдардың 1 % осы аурумен ауырады. Несеп жолдарының тастары қымыздық қышқылының тұздарынан ( оксалаттық тас) Ca3( PO4)2, Mg NH4 PO4 , Ca Co3, несеп қышқылынан, цистиннен түзіледі. Әрбір бөлек тастарда осы тұздардың біреуінің мөлшері жоғары болады. Несеп жолында жиі кездесетін тасқа оксалаттық тас жатады.
Сонымен қатар несепте тас түзуші тұздардың тұнбаға түсуіне кедергі жасайтын заттары бар.Оларға магний ионы, пирофосфат, гепарин, хондроитин сульфаттары жатады. Тұздардың тұнбаға түсуіне кедергі жасайтын заттардың концентрациясы төмендегенде немесе тас түзуіші тұздардың мөлшері жоғарылағанда тұздар түйіршіктенеді де, түйіршіктер өзара байланысып тас түзіледі.
Сонымен қатар тастың түзілуі несептің рН – ортасының өзгеруіне де байланысты болады. Қышқылдық несепте оксалаттық және ураттық, ал сілтілік несепте фосфаттық және карбонаттық тастар түзіледі. ( несептің рН – 4,6 – 8,0 аралығында болады).
Әдебиеттер:
1. Клиническая биохимия. Под редакцией чл. –корр. РАН, акад. РАМН В.А.Ткачука. 2004г.
2. Березов Т.Т., Коровкин Б.Ф. Биохимия. 2000. Москва. 520 с.
3. Шарманов Т.Ш., Плешков С.М. Метаболические основы питания
с курсом общей биохимии. 1998. Алматы. 460 с.
4. . Тапбергенов С. Медицинская биохимия. 2001. Астана 284 с.
5. Николаев А.Я. Биохимия. 1989. Москва. 390с.
6. Строев Е.А. Биологическая химия. 1986. Москва. 420с.
7. Кенжебеков П.К. Биологиялық химия. 2005ж
8. Кушманова О.Д., Ивченко Г.М. Руководство к лабораторным
9. занятиям по биологической химии. 1986.
10. Сейтембетова А.Ж. Лиходий С.С. Биологиялық химия
11. Сейтов З.С. Биологиялық химия
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік фармацевтика академиясы
«Биохимия, биология және микробиология» кафедрасы
Тәжірибелік және зертханалық сабаққа арналған әдістемелік өңдеу
Достарыңызбен бөлісу: |