Оқу-әдістемелік Кеңесінің шешімімен ұсынылған, №5 хаттама, 12 қаңтар 2012 ж



Pdf көрінісі
бет67/117
Дата09.06.2020
өлшемі1,4 Mb.
#72750
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   117
Байланысты:
Жүсіпкалиева
Жүсіпкалиева
6.2. Қазіргі заманғы физика сабағы 
Педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерде қазіргі заман-
ғы физика сабағы ұғымы жаңадан пайда болды. Қазіргі заманғы 
физика  сабағы  оның  барлық  элементтері  оқытудың  негізгі  мақ-
саттарына жетуді көздейтін, белсенді ойлайтын, шығармашылық 
қабілеттерге  ие,  жан-жақты  дамыған  жеке  тұлғаны  қалып-
тастыруға бағытталған оқытудың жүйесі ретінде қарастырылады. 


 
114 
Жүйе  компанентерінің  өздері  және  олардың  құрылымы  әртүрлі 
авторлармен түрліше анықталынады. 
Оқыту  үдерісінің  компанентері
 
деп  И.Я.Лернер  оқу  мате-
риалын  (оның  мазмұнын),  мұғалім  мен  оқушыларды  айтады. 
М.И.Махмутов  оқу  үдерісінің  құрылымдық  компанентеріне  оқу 
материалының  мазмұнын,  оқыту  әдісін,  іс-әрекеттердің  түр-
лерін, оқыту формалары мен құралдарын енгізеді. Г.Д.Кириллова 
сабақ  копанентеріне  сабақтың  мақсатын,  оқу  материалының 
мазмұнын,  оқыту  әдістері  мен  тәсілдерін,  оқытуды  ұйымдас-
тыру формаларын жатқызады. 
Сабақ  сапалы  өтуі  үшін  әуелі  сол  сабақтағы  мұғалімнің  іс-
әрекеттерінің мақсатын анықтау керек-ол неге қол жеткізуі керек, 
мақсатқа  жетуге  не  көмектеседі,  мақсатқа  жету  үшін  не  істеу 
керек.  Сонымен, қазіргі заманғы физика сабағы-сабақ жүйесінің 
компаненттері(оқу  материалының  мазмұны,  оқыту  әдістері 
және  оқыту  үдерісін  ұйымдастыру  формалары)  өзара  бір-
бірімен  тығыз  байланыста  болып,  сабақтың  мақсатын 
анықтайтын  оқу  үдерісін  ұйымдастырудың  формасы  болып 
табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   117




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет