Оқу-әдістемелік Кеңесінің шешімімен ұсынылған, №5 хаттама, 12 қаңтар 2012 ж



Pdf көрінісі
бет66/117
Дата09.06.2020
өлшемі1,4 Mb.
#72750
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   117
Байланысты:
Жүсіпкалиева
Жүсіпкалиева
 
 
Білімді пысықтау мен бақылауға арналған сұрақтар 
1. 
 Түсіндірмелі – иллюстративтік әдіске сипаттама 
беріңіз. 
2. 
 Репродуктивтік әдіске сипаттама беріңіз. 
3. 
 Проблемалық әдіске сипаттама беріңіз. 
4. 
 Эвристикалық әдіске сипаттама беріңіз. 
5. 
 Зертеушілік әдіске сипаттама беріңіз. 
 
VІ тарау 
ФИЗИКАНЫ ОҚ ЫТУ Ү ДЕРІСІН Ұ ЙЫМДАСТЫРУ ФОРМАЛАРЫ 
 
6.1. Физиканы оқыту үдерісін ұйымдастру 
формалары 
Қазіргі  заманғы  мектепте  оқу  үдерісін  ұйымдастырудың 
негізінде сыныптық- сабақтық жүйе жатыр. 
Сыныптық-сабақтық  жүйе  ұлы  педагог  Я.А.Коменскийдің 
еңбектерінің  арқасында  16-17  ғ.ғ.  пайда  болды.  Оқытудың  осы 
формасының  алдында  жеке  және  жеке-топтық  оқыту  формасы 
болды. 
Оқытуды  ұйымдастырудың  жеке-топтық  оқыту  формасы 
біртіндеп  топтық  оқыту  формасымен  алмастаралып,  ал  ол 
кезегінде сыныптық-сабақтақ жүйеге орын берді. 
Бірте-бірте сыныптық-сабақтық жүйе жетілдіріліп, дамыды. 
Оқытудың  сыныптық-сабақтық  жүйесінің  бүгінгі  таңда 
сипаттық белгілері: 
 
оқу топтарындағы оқушылардың тұрақты құрамы; 
 
әр  сыныптың  білімінің  мазмұнын  анықтайтын  оқу 
жоспарлары мен бағдарламалары; 
 
оқу сабақтарының қатаң айқындалған кестесі; 
 
оқушылардың  жеке  және  ұжымдық  жұмыс  формаларының 
үйлесімділігі; 


 
113 
 
оқу-тәрбие  үдерісін  ұйымдастыратын  мұғалімнің  жетек-
шілік ролі; 
 
оқушылар білімін жүйелі түрде тексеру мен бағалау. 
Қазіргі  кезеңдегі  оқу  сабақтарының  сыныптық-сабақтық 
жүйесінің  ерекшеліктері: барлық оқу-тәрбие үдерісінің ұйымдас-
тырылуының  айқындылығы  және  реттілігі,  оқытудың  жүйелілігі 
мен  бірізділігі,  ұжымдық  жұмыс  үдерісінде  оқушыларға  үнемі 
мұғалімнің эмоционалдық-өнегелік ықпалының болуы, ұжымдық 
жұмыс  барысында  оқушылардың  арасында  өзара  қарым-
қатынастың болуы. 
Мектептегі  оқытудың  негізгі  ұйымдастырушылық  формасы-
сабақ болып табылады. 
 Сабақ-нақты  берілген  уақыт  ішінде  оқытудың  әр  түрлі 
әдістері мен құралдарын қолданып, пән бойынша берілген білімді 
меңгертіп,  дамытуды,  тәрбиелеуді  көздеген  мұғалімнің  тұрақ-
ты  оқушылардан  тұратын  сынып  ұжымының  танымдық  іс-
әрекетін  басқарып,  ұйымдастырылып  өткізетін  оқытудың 
формасы. 
Мектепте  кесте  бойынша  өткізілетін  сабақтардан  басқа 
факультативтік  сабақтар,  экскурсиялар,  әр  түрлі  сыныптан  тыс 
жұмыстар  өткізіледі.  Зертханалық  жұмыстар  мен  физикалық 
практикум  жұмыстары  практикалық  сабақтардың  түрі.  Бұл 
сабақтардың  барлық  түрлері  оқушыларға  білім  берудің,  дамы-
тудың,  тәрбиелеудің  біріккен  жүйесін  құрайды.  Оқу  жұмысын 
жоспарлағанда  сабақты  ұйымдастырудың  барлық  формаларын 
ескеру қажет. Сабақты ұйымдастырып, өткізудің әдісі оқыту мен 
тәрбиелеудің  мақсаттарына  және  материалдың  мазмұнына 
байланысты. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   117




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет