ОҚУ-Әдістемелік кешен «Қағаз пластикасы» 5В012000 – «Кәсіптік білім» мамандығына



бет11/21
Дата27.04.2017
өлшемі6,37 Mb.
#15209
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21
Бақылау сұрақтары:

1.Қағаздан өру түрлері?



Ұсынылатын әдебиеттер:

Н. Докучаева. Мастерим бумажный мир «Диамант», «Валери СПБ», Санкт-Петербург, 1997г.


5.Тақырып:

Аппликация және оның түрлері. Жазықтық және көлемдік аппликация.

Сабақтын мақсаты:

Студенттерді апликация техникасымен, оның түрлерімен және жасау тәсілдерімен таныстыру. Осы техникада шығармашылық бұйымдарын жасауға үйрету.



Әдістемелік ұсыныстар:

Латын тілінен аударғанда апликация деген сөз жапсыру, басу деген мағынаны береді, яғни ою-өрнектерді, суреттерді әртүрлі материалдарды (мата, былғары, қағаз) желіммен жапсыру арқылы жасауды айтады. Аппликация кептірілген жапырақтардан, гүлдерден, саламнан, қағаздан және осы сияқты материалдардан жасалуы мүмкін.

Қағаздан жасалатын апликацияның әр түрі болады: ою-өрнекті құрастыру, жеке заттардан жасалатын апликация, сюжеттік аппликация, контурлық сурет аппликациясы,геометриялық фигуралардан жасалған аппликация, мозаика.

Аппликация –суреттеменің реалистік негізі сақталатын ең қарапайым және қолжетімді шығармашылық туындыны жасау әдісі.Бұл апликацияны кеңінен тек безендіру мақсаттарында ғана емес, картиналар, ою-өрнектерді салудада үлкен мүмкіндіктер береді.

Апликацияның негізгі нышаны силуэттілік, образдың жинақталған жазықтық бейнесін беру, түстін біркелкілілігі.

Аппликация заттық болу мүмкін, жеке суреттемелерден тұратын (жапырақ, бұтақ, ағаш, саңырауқұлақ, гүл, құс, үй, адам және т.б.); сюжеттік, қимыл мен уақиғалар жиынтығын көрсететін («Жеңіс салюты», «Космосқа ұшу», «құстар ұшып келді» жәнеи т.б.); декоративті, әртүрлі заттарды әшекелейтін ою-өрнекпен,өрнектердің топтамасы.

Аппликация көптеген халықтарда киімд, аяқ киімді, үй жихазын, үй ішін әшекейлеудің ең көне әдістердің бірі болып табылады. Апликация ежелгі заманан бастау алады және киімде, аң терілерінде тігістің пайда болуымен байланысты.

Әртүрлі халықтар апликация үшін әртүрлі материалдарды қолданады: тувалықтар, мысалы, украшая конское седлоертоқымды әшекейлеген кезде апликацияда былғарымен қоса алтын түсті дала бұтасын қолданады, ол қайталанбас көлем мен көленкенің үйлесімін береді.

Көптеген қасырлар бойы апликация Азияда ғана емес Европада да кеңінен қолданылуда: Италияда, Испанияда, Германияда, Францияда. Рыцарлық заман кезінде апликаци Европада кеңінен тарады. Соғыстар, көптеген рыцарлық турнирлер – рулық гербтердің пайда болуына әкелді. Гербтер екі жағынан да анық көріну керек болтын, сондықтан ол апликациялық тігудің дамуына септігін тигізді.

Матадан жасалған аппликацияның орнына өағаз аппликациясы келді. Ол қағаз шығарыла бастаумен байланысты болды. Ең кейінпайда болған аппликацияның түрі болып қағаздан қиылған қара силуэттер есептелді. Силуэт өнері Францияда жанданды. Мұнда силуэт деген атау да пайда болды.Қара силуэтті өнер орыс дворяндарының үйлерінде әшекей ретінде пайдаланды. Ежелден Украинада, Белорусияда қағаз өрнек кескіндері витинянкалар кеңінен белгілі болды. Бұланық грамматикалық формалары бар түрлі-түсті қағаздан қиылған қарапайым әшекейлер. Қиюдың ең оңай тәсілі – қағазды қақ бөліп бүктеу. Бүктелген қағаздан ағаштар, вазалар, ал бірнеше рет бүктелген қағаздан хороводтар өиылды.Мұнымен көбінесе қыздар мен әйелдер әуестенді.

Қағаздантіпті, құстар, жануарлар, балықтар, өсімдіктер, архитектуралқ ғимараттар бейнеленген, қарапайым сюжеттен тұратын картиналар да жасалды. Қиындылар қабырғаларға, терезелерге жапсырылды.

Жеке және ұжымды формалы аппликациялар әртүрлі мағыналы болуы мүмкін. Осыған байланысты сабақтарды түр бойынша бөледі. Мұнда заттық, сюжеттік-тақырыптық, декоративті аппликация жатады.

Заттық аппликацияда балар қиып алып фонға жеке заттарды жапсыру әдісін игереді.

Сюжеттік - тақырыптық аппликацияда тақырыпқа немесе сюжетке байланысты әртүрлі заттарды қиып жапсыру қабілеті ескеріледі. Декоративті аппликация–ритм, симметрия, түстік салыстыруды қолдана отырып балалар қию және әшекейлеудін әртүрлі элементтерін қолдануды игеруі бойынша орнаменталды жұмыс. Бұл сабақтарда бала әртүрлі заттарды бір стильге келтіріп декоративті өзгертеді, құрылысын біріктіреді, затқа жаңа қасиеттер береді.

Бала баұшада өтетін сабақтарда жолақтық және орталықты-сәулелі композициялы декоративті аппликация қолданылады.

Жұмыс тәртібі:

Жұмысты бастамас бұрын суретті дайындайды, соған байланысты қағазды, негізді таңдап жекебөліктерді жапсыру тәртібін белгілейді.

Негіз үшін тығыз (сызуға, суретке арналған) қағаз немесе картонды таңдайды.

Аппликация үшін қағаздан жасалған детальдарды негізге рет-ретімен салып, содан кейін белгілі ретпен жапсырылады: перспективада еі алыс орналасқан детальдарды бірінші жапсырады, содан кейін алдынғы планға жақындатып қалғандарын жапсырады.



Ою-өрнектегі аппликацияны қағаздан құрастыру:

Геометриялық, өсімдік тәріздес және т.б фигуралардын кезекпе-кезек орналасуы ою-өрнек болып табылады. Оны бірдей немесе аралас дайындалған материалдардан жасауға болады.Мұндай әдіспен кітаптын бау белгісін жасауға, альбомды әшекейлеуге болады.

Ою-өрнекті жасау үшін суретті таңдап алу керек, сондықтан алдымен эскиз салынады. Сол бойынша қолөнер бұйымы жаслады.

Жеке элементті қағазға түсіреді де қиып алады, кейін оны басқа бөліктерді жасау үшін шаблон ретінде қолданады.Қиылған бөліктерді негізге салып жапсырады. Ою-өрнекті аралас геометриялық фигуралар немесе өсімдік тәріздес формалардан жасауға болады.



Бақылау сұрақтары:

1.Аппликация және оның түрлері.

2. Жазықтық, көлемді, рельефті аппликация.

3. Аппликация туралы тарихи мәлімет.

4. Аппликацияға арналған материалдар мен құралдар.
Ұсынылатын әдебиеттер:

Аппликация Гусакова М.А. М.1987г.


6.Тақырып:

Квиллинг.

Сабақтын мақсаты:

студенттерді квилинг өнерімен, оның тарихымен, жасау технологиясымен таныстыру.



Әдістемелік кеңестер:

Ежелгі жапон өнері оригамиге Европада 14-15 ғасырларда пайда болған қағаз бұйымдарын жасаудын батыстық техникасы бәсеке болады: квиллинг (қағазды бұрау) – спираль түрінде бұралған ұзын және және жіңішке ұағаз жолақтарынан жалпақ немесе көлемді композицияларды жасау өнері.

Бұл техникамен әртүрлі заттар әшекейленеді (шкатулкалар, рамкалар, фотоальбомдар және т.б.), көлемді открыткалар, декоративті картиналар, панно және мүсіндер жасалады. Мұндай әуесқойлық шыдамдылық пен ұқыптылықты талап етеді. Алайда қарапайым және түсінікті, бұл алғашқы тәжрибеден бастап әсем жұмыс нәтижелерін береді. Қағаздан басқа біз, қайшы, пинцет және желім қажет. Қағаз жолағы бізге оралып спираль жасалады, одан кейін тиісті фигураға қалыптастырылады.

Бұл техникада әртүрлі фигуркалар, қорабшалар, төсеуіштер және гофрокартоннан тоңазытқышқа жапсыратын магниттер жасалады.



Квиллинг тарихы.

Ағылшын тілінде бұл қолөнербұйымы«quilling» деп аталады — «quill» сөзден немесе «құс қауырсыны». Отаны Жапония болатын оригамиге қарағанда В отличие от оригами, родиной которого является Япония, бұралған қағаздан бұйым жасау өнері 14-15 ғасырларды пайда болды.Ортағасырлық европада монахинялар,құс қауырсынының ұшына шеті алтындатылғанқағазды орап, әсем медальондар ды жасады.Жақыннан қарағанда бұл қағаздан жасалған шағын шедеврлер олар алтандатылған жолақтардан жасалған сияқты елес тудырды.Өкінішке орай, қағаз — көп сақталмайтын материал сондықтан ортағасырлық бұйымдардан аз нәрсе сақталды. Бірақ бұл ежелгі техника біздің заманға дейін сақталып көптеген елдерде сақталған.Бұралған қағаздан бұйым жасау өнері Европада тарады, бірақ түрлі-түсті сапалы қағаз өте қымбат материал болғандықтан ол көбінесе қоғамның дәулетті ханымдарыныі өнері болды.

Біздің заманда бұл өнер хобби ретінде Батыс Европада, әсіресе Англия мен Германияда кеңінен тараған. Бірақ ең кең көлемде бұл өнер Шығыста таралды. Бұл жақтағы графика мен пластиканың бай дәстүрлері, ұағаз платикасының дамуына үлкен бір серпіліс берді.

Оңтүстік Кореяда қағаз пластикасы әуесқойларының ассоциациясы бар, ол бұл өнерді сүйетіндердін қағаздан бұйым жасаудын әртүрлі бағыттарында жұмыс істейтін сан алуан адамдарды біріктіреді.

15 ғасырда бұл өнер деп есептелді.19 ғасырда ханымдардын ермегі деп қабылданды. 20 ғасырда көп уақыт ол ұмыт қалды.Тек өткен ғасырдың соңында квиллинг қайтадан өнерге айналды.

Англияда Елизавета ханшайымы квиллингпен шынайы айналысты, оның көптеген туындылары Лондондағы Виктория және Альберт мұражайларында сақталуда. Қағазды біз мықты емес және уақытқа төзімсіз материал деп білеміз.Бірақ квиллинг бұл ойды теріске шығарады – на көлемді филиграндыүйкекке мысалы кесе немесе ауыр кітап қойып қоюға болады. Қағаз элементтерден кәмпит салатын ваза жасап оны тиісінше қолдануға болады - сынбайды. Жалпы айтқанда, квиллинг — жай қағаздын ерекше қасиеттерін көруге мүмкіндік беретін өнер.



Айта кету керек, кәрістік квиллинг мектебі европалықтан біраз айырмашылықтары бар. Европалық туындылар, көп жағдайда, аз детальдардан тұрады, олар қарапайым, мозикаға ұқсайды, открытка мен рамкаларды әшекейлейді. Европа әрқашан асығады, сондықтан мұнда тезжасалатын техниканы ұнатады.Шығыстын шеберлері болса зергерлік өнердің үлгілеріне ұқсайтын туындыларды жасайды. Жәһіңішке нәзік бұйым жүздеген ұсақ детальдардан өріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет