Амилопластар - амилопласты. Өсімдік клеткаларында крахмал пайда болатын түссіз пластидтер. Лейкопластардың бір түрі. Көбінесе тамырда, тамыр сабақта, т.б. кездеседі.
Апопласт - апопласт. Судың және ондағы еріген қоректік заттардың сақталуын және өсімдік бойымен тасымалдануын жүзеге асыратын, барлық клетка қабықтарындағы талшық аралық және клетка аралық бстықтардың тұтасып байланысқан жүйесі (бос кеңістік).
Ассимиляция - ассимиляция. Организмдердің сыртқы ортадан заттарды қабылдап, өздеріне тән күрделі органикалық заттарды синтездеуі. Бұл процесс энергия пайдалану арқылы жүзеге асады.
Ассимиляттар- ассимиляты. Фотосинтез кезінде хлоропластарда ең алғаш пайда болатын органикалық заттар.