Оқу-әдістемелік кешен «Ботаника» пәні бойынша


III бөлім. Өсімдіктердің дене мүшелері



бет59/66
Дата01.08.2020
өлшемі0,5 Mb.
#75929
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   66
Байланысты:
96b461cd-3622-11e3-b629-f6d299da70eeумкд ботаника

III бөлім. Өсімдіктердің дене мүшелері

1. Өркен, бүршік

А. Анықтаманы толтыр.

  1. Төменгі сатыдағы өсімдіктердің тамыр мен өркенге бөлшектенбеген және күрделі құрылыссыз денесі - …..

  2. Псилофиттердің цилиндр тектес ось органы - …..

  3. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің негізгі вегетативті ось органы - ……

  4. Ағаштың негізгі сабағы - …..

  5. Ағаштың өркен жиынтығынан тұратын жоғарғы бөлігі - ….

  6. Өсімдіктің денесінің көлемін ұлғайтатын, дененің белгілі бір деңгейінде, бағытта күшті бөлшектенуі - ……

  7. Өркеннің апексі екінші деңгейдегі бірдей екі өркендітуындайтын бұтақтану түрі - …..

  8. Сабақтың төменгі бөлігінде көп мөлшерде ірі өркендердің пайда болу құбылысы - …

  9. Сабақтың жер бетіне жақын орналасқан және жер асты бүршіктерінен жаңа өркендерінің базитонды бұтақтану нәтижесінде пайда болуы - ….

  10. Сабақтың ұшына тақау жанама өркендердің пайда болуын туғызатын бұтақтану - …

  11. Сабақтың жапырақ немесе жапырақтар орналасқан бөліктері - …

  12. Сабақтың көршілес екі буынының аралығындағы участогі - …

  13. Жаңа өркеннің бастамасы - ….

  14. Өркеннің төбе меристемасы - …

  15. Өркеннің бетік өсуін қамтамасыз ететін және ішке қарай жаңа клеткаларды түзбейтін апекстің меристема қабаты - …

  16. Өркен аспексінің туника астында орналасқан меристема зонасы - …

  17. Аспенкте екі өркен метамериясының пайда болуына кететін уақыт бөлшегі - ….

  18. Сабақ стеласының орталық бөліміндегі паренхимадан тұратын негізгі ұлпа - ….

  19. Крахмал дәндері жинақталатын сабақ энтодермасы - …

  20. Сабақтың өткізгіш шоқтар аралығында орналасқан ұлпа зоналары - …

  21. Камбий астында жатқан жас сүрек - ….

  22. Жапырақтағы өткізгіш шоқтардың сабаққа өтетін жері - …

  23. Сосудты өсімдіктердің сабағы мен тамырындағы өткізгіш және оны қоршаған ұлпалар жиынтығы - ….

  24. Көлденең кескіндіде ксилема сақина тәрізді орналасқан және ортасында өзек пайда болатын стель типі - …

  25. Көлденең кесіндіде жұлдызша тәрізді ксилема бар, оның шетінде жапырақ ізі орналасқан стель типі - …

  26. Өзек сәулелері арқылы бөлінген шеңберлі өткізгіш шоқты стель типі - …

  27. Ортасында өзегі жақсы жетілген ашық коллатералды өткізгіш ұлпа орналасқан стель типі - …

  28. Ылғалдың жетіспеушілігіне байланысты болатын өркенмен жапырақтың метаморфозасы - ….

  29. Шығу тегі көп жылдық өркен - …

  30. Сыртқы пішіні пиязшыққа ұқсас, қабыршақталған құрғақ жапырақтармен қапталған, метаморфозданған жер асты өркені - …

  31. Жарғақталған ұсақ жапырақшалары бар, ақ түсті жер асты метаморфозданған өркен - …

  32. Жақсы жетілген паренхималық өсі бар, метаморфозданған жер асты өркені - ….

  33. Қор заттары жиналған және вегетативті көбею қызметін атқаратын көп жылдық жер асты өркені - …

  34. Қысқарған түбіртікті өсі және етженді шырынды қабыршақтанған (жапырақтары бар жер астындағы кейде жер үстіндегі метаморфозданған қысқарған өркен - …



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет