Балаларды қабылдау Ата-аналармен әңгімелесу



Дата28.01.2020
өлшемі229,35 Kb.
#56681
Байланысты:
назерке циклог 1


Күн тәртібі

Балаларды қабылдау

Ата-аналармен әңгімелесу

Ойындар (үстел үсті, саусақ және т.б. )

Таңертеңгі гимнастика

8.00-8.30









Таңғы ас

8.30-9.00

























Ойындар,Ұйым-дастырылған оқу қызметіне (ҰОҚ) дайындық

9.00-9.20

Дүйсенбі

«Пішіндерден бейне құрастыру» Пішіндерді ажырата білуге, пішіні ұқсас заттарды топтай білуге үйрету. Өзім жайлы түсініктерін молайту.





Ойын- жаттығу (мысалы:) Сылдырлайды мөлдір су,

Мөлдір суға қолыңды жу. Жуынсаң сен әрдайым,

Таза бетің, маңдайың.

Астарың дәмді болсын!

Ас уақытында балаларға тамақты таусып жеуге, нанның қиқымын жерге тастамауға үйрету.





Балалармен ұйымдастырылатын оқу қызметіне қажетті материалдарын, көрнекіліктерін, дидактикалық ойын материалдарын дайындау







Ұйымдастырылған оқу қызметі

9.20-10.30









































Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Айсұлу адасып кетті»

(тілдің дыбысталу мәдениеті)

Мақсаты: Дыбыстардың дұрыс айтылу артикуляцияларын игеруді қамтамасыз ету. Сөздерге қызығушылықтарын арттыру, зейінін жетілдіру, сөздік қорын молайту.

Әдіс-тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, ойын

Қажетті көрнекі құралдар:Хат макеті, Айсұлу қуыршағы, тауық, қаз,балапан, бұзау.Балалар карточкалардағы суреттерді атайды,суреттерде бейнеленген маса, қоңыз, дауылпаз, пойыз, сиыр, көкек, желге байланысты дыбыстар



Шаттық шеңбері

Арайланып таң атты!

Алтын сәуле таратты.

Қайырлы таң достарым

Жаңа күнді бастадым!

(Балалардың назарын тәрбиеші қолындағы хатқа аудару)

-Балалар, бұл не?

-Бізге атай мен әжейден хат келді. Олардың немере қызы орманға барып, адасып кетіпті

-Балалар, бүгін біз Айсұлуды іздеуге орманға барамыз ба?







Тіл ұстарту жаттығулары:

Тәрбиеші айтып тұрады:

-Айсұлу адасып кетті, орманда жел соқты:

-У-у-у

-Балалар, біз әндеткенді өте жақсы көреміз ғой. Ерінді кішкене ашып, алға созу қажет. Қане, желдің қалай соққанын бірге көрсетейік

-Ағаштар шайқалады: у-у-у-у

Балалар қолдарын бастарынан асырып сермейді және дыбысты созып айтады

-Қасқыр ұлып жатыр, қандай қорқынышты:

-у-у-у; ал бөлтірік ұлуды білмейді, ол ақырын қысқа, жіңішке дауыспен ұлиды, міне былай «у» , енесі оны ұлуға үйретті: «у-у-у»

Айсұлу қасқырлардың ұлығанын естіп, одан бетер қорықты. Айсұлуды құтқару керек!

Оны шақырайық: «Ау-у-у-у!»

-Балалар, Айсұлу естімей жатыр, қаттырақ шақырайық: «Ау-у-у-у!

-Айсұлу бізді естіп жүгіріп келді, енді орманға жалғыз бармайтын болды- деп, тәрбиеші қуыршақ Айсұлуды көрсетеді

Ойын: «Бірге қайтала»

Балаларға «а», «у» дыбыстарын сөздерде буындарда таза, анық айтқызады: гу, му, ну, ух

Буындарды қайталатады



 























Суретпен жұмыс:

«Таңғажайып орман» суретін көрсетіп, сұрақтар қояды:

-Суретте қандай жыл мезгілі берілген?

-Суретке қараңдаршы, орман қандай қалыңғ адасып кетуге болады, ал сендер үйлеріңнің мекен –жайың білесіңдер ме?

-Егер адасып кетсеңдер, аты-жөндеріңді айта аласыңдар ма?

Сергіту сәті:

Қолға, алып шарды, Үрлеймін мен былай. Уф-ф-ф, Үрлеймін деп қатты, Жарып алдым шарды. Пах.



Д/О: «Бұл не зат?»

Балаларға ішіне сыйлық салынған қоржынды көрсетеді

-Балалар, Айсұлуды құтқарғандарына ата-әжесі, сендерге қаржынмен сыйлық жіберіпті, кәне оның ішінде не бар екенін көрейік

Қоржындағы заттарды біртіндеп шығарып, атын атауды ұсынады



Сюжетті-рөлді ойын:

«Абай бол, балақай»



Күтілетін нәтиже:

біледі: Сөйлеу барысында дауысты, дауыссыз дыбыстарды дұрыс, анық айтуды біледі

игереді : Анық сөйлеуді игерді

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:

«а», «у» дыбыстарын созылыңқы айту дағдыларын меңгерді





























































Дене шынықтыру

1. Екі қолмен жоғары бастан асыра допты лақтыру

2. Допты қағып алуға қалыптастыру

Қимылды ойын:

От пен су


  • Сурет салу

  • Тақырыбы: «Машина»

    Мақсаты: Геометриялық пішіндер(тіктөртбұрыш, дөңгелектер) арқылы ойыншық машинаның суретін салуды үйрету. Тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.



    Ұйымдастырушылық кезеңі

    Балаларға ойыншық жүк машинасын көрсетемін.

    Жүк көлігін көрсетіп, оның бөлшектерін талдаймыз:

    -Балалар, жүк көлігі қандай бөлшектерден тұрады?

    -Кабина қандай пішінге ұқсайды?

    -Доңғалақтар қандай пішінді?

    -Жүк көлігі немен жүреді?

    Билингвалдық компонент: жүк көлігі – грузовик , доңғалақ – колесо

    2.Негізгі бөлім

    Балалар біз жүк көлігінің суретін салайық.

















































Суретті салуды көрсетемін.

Балалар біз жүк көлігін салуды неден бастаймыз?

Сосын жүк салғышын саламыз.

Біздің жүк көлігімізге не жетіспейді?

Ал кабинада не жоқ?

Ал енді менің жүк көлігін қалай салғаныма назар аударыңдар.

Қылқаламды дұрыс ұстау техникасымен таныстырамын.

Қылқаламды оң қолымызға ұстап, бояуға батырамыз. Бояу парақты ластамас үшін, артық бояуды ыдысқа қалдырамыз. Қылқаламды алып тік сызық жүргіземіз. Қиғашынан бір сызық саламыз. Төменге бір сызық саламыз және сызықтарды қосамыз. Кабинамыз дайын болды. Енді жүк салғышын да осылай жасаймыз.

Ал енді бояймыз. Суретіміз кепкенше бір демалып алайық.

Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрамыз,

Алақанды ұрамыз.

Бір отырып, бір тұрып,

Тез шынығып аламыз.

Балалардың өзіндік жұмысы.

Жүк көлігінің суретін салады.

Жеке жұмыс: Нұралиге, Айсәулеге қылқаламмен сызықтарды салуға көмек көрсетемін.





































































Серуенге дайындық

10.00-10.20





Серуен

10.20-11.30

Ойын: «Торғайлар мен автомобиль»

Мақсаты: Балаларды жылдамдыққа шапшандыққа үйрету.Бір бала автомобиль, қалған балалар торғайлар болып орындықтарда отырады. Педагог торғайларға жем шашып шақырады. Торғайлар жем тере бастаған кезде зырылдап автомобиль келеді. Торғайлар автомобильден қашып орындықтарына отыра қалады.



3.Қорытынды:

Балалар біз бүгін ненің суретін салдық?

Балалар машинамен ұқыпты ойнау керек, олардың бөлшектерін сындырмау керек.

Балалардың суреттерінен көрме ұйымдастыру.

Мадақтау.

Дидактикалық ойын: «Тұрағын тап»

Біледі: машинаның түрлері, бөліктері жайлы мәліметті және дөңгелекпен жүретіндігін.

Игереді:ойыншықтармен ойнағанда ұқыпты болу керектігін

Меңгереді:геометриялық фигуралар арқылы машина салуға болатынын

Реттілікпен киіну.

Серуенге қызығушылық туғызу,балалармер жеке әңгімелесу,серуенге ойын материалдарын таңдау,серуенде балаларды әрекет етуге ынталандыру



































































Серуеннен оралу

11.30-11.50

Күн — жылу мен жарық көзі

Мақсаты:

күннің жарық және жылу көзі екені туралы түсініктерін қалыптастыру;

ойлау, талқылау, дәлелдеу дағдыларын дамыту;

— табиғатқа деген қамқорлық сезімге тәрбиелеу.

Бақылау барысы



Психологиялық жаттығу:

«Күншуақ»

Мақсаты: Балаларға жақсы көңіл-күй сыйлау.

Күн сәулесі адамға қуаныш, жылу беретінін сезіну

-Бәріміз көзімізді жұмып, күнге қол созамыз. Күннен жылу алып бір-бірімізге сыйлаймыз, қуанып қол соғамыз.

Еңбек:


Алаңды тазалауға кішкентайларға көмектесу.

Мақсаты: еңбексүйгіштікке, кішкентайларға көмекке келуге тәрбиелеу.

Қ/О: «Өрт сөндірушілер жаттығуда»

Мақсаты: қабырғаға өрмелеуге жаттықтыру

Балалардың реттілікпен киімдерін шешуі, дербес ойын әрекеті .





Түскі ас

11.50-12.30







Ұйқы

12.30-15.00









Біртіндеп ұйқыдан ояту, ауа, су шаралары

15.00-15.30

































Бесін ас

15.30-16.00





Балалардың назарын тағамға аудару ; мәдениетті тамақтануға баулу бойынша жеке жұмыс; әдеп ережесі.

Балалардың тыныш ұйықтауына жағымды жағдай орнату.

Табанды шынықтыру массажы Таяқтарды жылжытып, Массаж жасау білеміз. Он аяққа 1-2-3, Сол аяққа 1-2-3.

«Денсаулық» жолымен жүру. Әдемі ирек жолдармен, Жалаң аяқ жүреміз. Табаңға біз нүктелі, Массаж жасау білеміз. «Денсаулығым керемет, жаттығуға рахмет!» Дос бол сабын су мен сен,

Жиі – жиі жуын сен.

Балалардың назарын тағамға аудару ; мәдениетті тамақтануға баулу бойынша жеке жұмыс



Ойындар, дербес әрекет

16.00-16.30









Серуенге дайындық

16.30-16.40









Серуен

16.40-17.30















Балалардың үйге қайтуы

17.30-18.00

Үйшік» ертегісі (қуыршақ театры) Күз мезгілі туралы әңгімелесу

Мақсаты:қарапайым сұрақтарға жауап беруге үйрету.

Киіну, серуенге шығу

Серуенге қызығушылық туғызу.

қимылды ойындар

Мақсаты; Белгі бойынша бойынша қимыл- қозғалыс жасай білуге, секіру кезінде тепе-теңдік сақтауға үйрету.

Ата-аналарға кеңес; “Баламен мәдени орындарға бару” (театр, концерт,цирк )




Күн тәртібі





Балаларды қабылдау

Ата-аналармен әңгімелесу

Ойындар (үстел үсті, саусақ және т.б. )

Таңертеңгі гимнастика

8.00-8.30



Жаттығулар кешені





























Таңғы ас

8.30-9.00

Сейсенбі

Құрылыс ойындары: «Көңілді балабақша» Балаларды бақылауға Құрылыстардың бір бөлігін басқа бөліктерінен ажыратуға үйрету.

«Жапырақтар түседі»

Б.қ. аяқ алшақ, жапырақ төменде; 1-3 қолды алға, жоғары, екі жаққа көтере түсіру;4- б.қ.;( жапыраққа қараймыз)

Б.қ. қолды алға созу; 1-2 оңға ,солға бұрылу; 3-4 б.қ. келу; (аяқты орнынан қозғамау)

Б.қ. 1-4 алға енкейіп, қол төменде; 5-6 б.қ. (тізені бүкпеу)

Б.қ. 1-2 отыру, жапырақты еденге қою; 3-4 тік тұру, қолды белге қою;5-6 отырып, жапырақты алу;

Б.қ. 5-6 б.қ. келу;

Ойын- жаттығу (мысалы:)

Сылдырлайды мөлдір су,

Мөлдір суға қолыңды жу. Жуынсаң сен әрдайым,

Таза бетің, маңдайың.

Астарың дәмді болсын!

Ас уақытында балаларға тамақты таусып жеуге, нанның қиқымын жерге үйрету





Ойындар,Ұйым-дастырылған оқу қызметіне (ҰОҚ) дайындық

9.00-9.20











Ұйымдастырыл-ған оқу қызметі

9.20-10.30





Балалармен ұйымдастырылатын оқу қызметіне қажетті материалдарын, көрнекіліктерін, дидактикалық ойын материалдарын дайындау

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.

Тақырыбы: «Жол белгілері»

Мақсаты: «Бір – бірден», «бір де біреуі жоқ» ұғымдары туралы түсінік қалыптастыру, заттарды бір қатарға реті бойынша бір бағытта солдан оңға қарай оң қолымен орналастыруды бекіту.



Дидактикалық ойын: «Орнына қой»

Әдіс тәсілі: ойын технологиясы.

Сергіту сәті Күтілетін нәтиже:

Түсінеді: бірде біреуі жоқ ұғымдарын.

Қолдана алады:

Бір бағыттан солдан оңға қарай

Дене шынықтыру

(Негізгі қимылдар)

1. Допты қағып алуға қалыптастыру

2 Заттар арасымен еңбектеу

Қимылды ойын: «Мерген футболшы




Серуенге дайындық

10.00-10.20







Серуен

10.20-11.30

Реттілікпен киіну.

Серуенге қызығушылық туғызу; балалармен жеке әңгімелесу;серуенге ойын материалдарын таңдау; серуенде балаларды әрекет етуге ынталандыру;

Күз көрністерін бақылау

Бақылау: Жәндіктерді бақылау.

Мақсаты: Күзде жәндіктер қысқа қалай дайындалады?Мінекей, құмырсқаларды қараңдаршы, өз азықтарын жинап еңбектеніп жатыр.

«Қыстың қамын жаз ойла».

Еңбек:Біздің алаң.

Мақсаты: Ауладағы жапырақтарды жинау.Балалардың еңбекке ынтасын арттырып , өздігінен еңбек ете білуге үйрету.

Көркем сөз: Тыйым сөздерді жаттату.

Мақсаты: «Суға түкірме «, «Нанды баспа», «Дастархан басында кекірме» т.б сөздердің мағынасын айтып түсіндіру.

Қимылдық ойын: «Итеріспек»

Ойын барысы: Ойын көгалда өткізіледі, үлкен шеңбер сызылады, ортаға екі ойыншы шығады.Егер бір аяқпен секіріп жүріп , екі баланың біреуі екінші аяғын жерге тигізбестен қарсыласын шеңберден итеріп шығарса жеңгені.













Серуеннен оралу

11.30-11.50



Түскі ас


11.50-12.30







Ұйқы

12.30-15.00





Біртіндеп ұйқыдан ояту, ауа, су шаралары 15.00-15.30

Балалардың өз бетімен ойнауы:

1. Тығылыспақ.

2. Тартқышқа тартылу.

3.Допты қуалау.

Балалардың реттілікпен киімдерін шешуі, дербес ойын әрекеті

Балалардың назарын тағамға аудару ; мәдениетті тамақтануға баулу бойынша жеке жұмыс; әдеп ережесі.

Балалардың тыныш ұйықтауына жағымды жағдай орнату.

Табанды шынықтыру массажы Таяқтарды жылжытып, Массаж жасау білеміз. Он аяққа 1-2-3, Сол аяққа 1-2-3. «Денсаулық» жолымен жүру. Әдемі ирек жолдармен, Жалаң аяқ жүреміз. Табаңға біз нүктелі, Массаж жасау білеміз. «Денсаулығым керемет, жаттығуға рахмет!» Дос бол сабын су мен сен,

Жиі – жиі жуын сен.




Бесін ас

15.30-16.00



Ойындар, дербес әрекеттер

16.00-16.30























Серуенге дайындық

16.30-16.40





Серуен

16.40-17.30











Балалардың үйге қайтуы

17.30-18.00

Балалардың назарын тағамға аудару ; мәдениетті тамақтануға баулу бойынша жеке жұмыс

Сюжетті-рөлдік ойын

«Дүкен», «Аспаз»

Ірі құрылыс материалдарымен ойындар.

Жаңылтпаш кайталату.

Топ бала, топ бала,



Ойнап жур, топтала.

Зымырап допты ала,



Куады көп бала.

Киініп,серуенге шығу

Серуенге қызығушылық туғызу.

қимылды ойындар

Мақсаты; Белгі бойынша бойынша қимыл- қозғалыс жасай білуге, секіру кезінде тепе-теңдік сақтауға үйрету.

Психолог кеңесі

“Баланың жиі мазасыздануы”


Күн тәртібі



Балаларды қабылдау

Ата-аналармен әңгімелесу

Ойындар (үстел үсті, саусақ және т.б. )

Таңертеңгі гимнастика

8.00-8.30



Жаттығулар кешені



























Таңғы ас 8.30-9.00

Сәрсенбі

Фотосуреттер қарастыру «Суретті құрастыр» «Қиылған суреттер» Денсаулықты күту жайлы түсіндіріп кету.

«Жапырақтар түседі»

Б.қ. аяқ алшақ, жапырақ төменде; 1-3 қолды алға, жоғары, екі жаққа көтере түсіру;4- б.қ.;( жапыраққа қараймыз)

Б.қ. қолды алға созу; 1-2 оңға ,солға бұрылу; 3-4 б.қ. келу; (аяқты орнынан қозғамау)

Б.қ. 1-4 алға енкейіп, қол төменде; 5-6 б.қ. (тізені бүкпеу)

Б.қ. 1-2 отыру, жапырақты еденге қою; 3-4 тік тұру, қолды белге қою;5-6 отырып, жапырақты алу;

Б.қ. 5-6 б.қ. келу;

Ойын- жаттығу (мысалы:)

Сылдырлайды мөлдір су,

Мөлдір суға қолыңды жу. Жуынсаң сен әрдайым,

Таза бетің, маңдайың.

Астарың дәмді болсын!

Ас уақытында балаларға тамақты таусып жеуге, нанның қиқымын жерге тастамауға үйрету



Ойындар,Ұйым-дастырылған оқу қызметіне (ҰОҚ) дайындық

9.00-9.20





Ұйымдастырыл-ған оқу қызметі

9.20-10.30



Балалармен ұйымдастырылатын оқу қызметіне қажетті материалдарын, көрнекіліктерін, дидактикалық ойын материалдарын дайындау

Көркем әдебиет

Ә.Табылдиев “Машина” өлеңі



Мақсаты: Үзіндіні жатқа айтуға дағдыландыру. Шығарманың мағынасын түсініп, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Қауіпсіздік ережелері туралы түсініктерін кеңейту.

Дидактикалық ойын «Көшеден қалай өтеміз?»

Билингвилді компонент: дөңгелек- колесо-wheel, жел-ветер-wind.

Қажетті құралдар: қуыршақтар

Көрнекіліктер: Түрлі көлік суреттері,түрлі көліктер мен мамандардың суреттері.

Әдіс –тәсілі: ойын технологиясы

Шаттық шеңбер.

-Балалар, үстел үстінен бір сурет көрдім. Оның не екенің мына жұмбақты шешкенен кейін білесіңдер.

Жұмбақ:


Төрт аяғы дөңгелек,

Қозғалады орнынан.

Жүреді ол дөңгелеп,

Жұйтқиды желменен,

Дауысы бар гүрілдеп


-Балалар еңді өлеңді тыңдаймыз:

Ә.Табылдиевтің «Машина» өленің оқып береді, суретің көрсетіп, ол кісі жайлы ақпарат беру.

- Тақпақ не туралы?

- Кім машина жүргізеді?

- Асанды қайда мінгізеді?

Сөздік жұмыс:

«тартуы, қайырымды» деген сөздердің мағынасын түсіндіремін



Сергіту сәті:

Біз еңбекшіл баламыз,

Бау-бақшаға барамыз.

Алма жеміс тереміз,

Себетке үйіп саламыз.

Тәрбиеші шығарманы тағы оқиды, тез қабылдап алатың балаларды ортаға шақырып, суреттерді пайдаланып, өлеңді қайталайды.

Мақал-мәтел:

Көк алманы үзбе,

Өзі үзілер күзде.

Мақалдың мағынасың түсіндіреді. Сұрақтар қойып,тақырыпты қорытады:

-Балалар, біз бүгін не істедік?

-Қандай өлең тыңдадық?

Тәрбиеші балаларды мақтап, мадақтайды


Серуенге дайындық

10.00-10.20





Серуен

10.20-11.30







Біледі: Көліктердің түрлерін ажырата білуге арналған тапсырманы.

Меңгереді: Көліктердің пайдасы туралы мәліметтерді меңгереді.

Игереді: Сұраққа толық жауап бере білуді

Музыка

Тақырыбы: «Бағдаршам»

Мақсаты: Балаларға көшеде жүру ережесі, қауіпсіздік туралы мағлұмат беру. Қарапайым би элементтерін еркін орындауға үйрету

Ән тыңдау: «Светофор-бағдаршам» Ғ.Тамендаров

Ән айту: «Күз» А.Алпысбаев

Әуенді ырғақты -қимыл ойындар: «Жапырақтармен би»

Реттілікпен киіну.

Серуенге қызығушылық таныту,балалармен жеке әңгімелесу, серуенше ойын материалдарын таңдау,серуенде балаларды әрекет етуге ынталандыру

Жапырақтардың түсуін бақылау



Мақсаты:

— табиғаттың мезгілге байланысты құбылыстары туралы түсініктерін кеңейту;

— бақылағандарын сөйлеу тілінде қолдану қабылеттерін қалыптастыру.

Бақылау барысы

Көркем сөз

























Серуеннен оралу

11.30-11.50





Түскі ас

11.50-12.30



Ұйқы

12.30-15.00

Күзгі жапырақтар.

Қ. Шаңғытбаев

Алтын сары, қызыл, көк,

Алуан-алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

Күн шуақта маужырап,

Жатыр еді атырап.

Ағаштардан жамырап,

Үшты кенет жапырақ.



Еңбек

Алаңдағы жапырақтарды жинауға аула сыпырушыға көмектесу



Мақсаты:бірлесе жұмыс істеуге, мақсатқа жетуге баулу.

Қ/О: «Түлкі мен қояндар».



Мақсаты: жануарлар мінез-құлқын ажырата білу

Жаттығу ойындары: Қозғалысты дамыту.



Мақсаты:аяқ қозғалыстарын түрлендіре жаттығу жасау.

 

Балалардың реттілікпен киімдерін шешуі, дербес ойын әрекеті .

Балалардың назарын тағамға аудару ; мәдениетті тамақтануға баулу бойынша жеке жұмыс; әдеп ережесі.

Балалардың тыныш ұйықтауына жағымды жағдай орнату



Біртіндеп ұйқыдан ояту, ауа, су шаралары

15.00-15.30













Бесін ас

15.30-16.00







Ойындар, дербес әрекет

16.00-16.30



Табанды шынықтыру массажы Таяқтарды жылжытып, Массаж жасау білеміз. Он аяққа 1-2-3, Сол аяққа 1-2-3. «Денсаулық» жолымен жүру.

Әдемі ирек жолдармен, Жалаң аяқ жүреміз. Табаңға біз нүктелі, Массаж жасау білеміз. «Денсаулығым керемет, жаттығуға рахмет!» Дос бол сабын су мен сен,

Жиі – жиі жуын сен.

Балалардың назарын тағамға аудару ; мәдениетті тамақтануға баулу бойынша жеке жұмыс

Сюжетті-рөлдік ойын

«Құрылысшы», «Дәрігер»

Ірі құрылыс материалдарымен ойындар.

«Жұбын тап»

Мақсаты:

Балалардың ақыл-ойын, тілін дамыту, зейінді болуға тәрбиелеу.



Серуенге дайындық

16.30-16.40







Серуен

16.40-17.30









Балалардың үйге қайтуы

17.30-18.00

Киіну: серуенге шығу.

Серуенге қызығушылық туғызу.

қимылды ойындар, Мақсаты; Белгі бойынша бойынша қимыл- қозғалыс жасай білуге, секіру кезінде тепе-теңдік сақтауға үйрету.

Ата –анаға : Балабақша күн тәртібімен үйдегі күн тәртібін сәйкестендіру



Күн тәртібі

Балаларды қабылдау

Ата-аналармен әңгімелесу

Ойындар (үстел үсті, саусақ және т.б. )

Таңертеңгі гимнастика

8.00-8.30

Жаттығулар кешені

Таңғы ас 8.30-9.00

Бейсенбі

Саусақ ойыны « Дені саудың жаны сау» Денсаулық туралы суреттер немесе фотосуреттер. Денсаулықты күту, адамдардың өзіне қарап жүруі туралы әңгімелеп беру.

«Жапырақтар түседі»

Б.қ. аяқ алшақ, жапырақ төменде; 1-3 қолды алға, жоғары, екі жаққа көтере түсіру;4- б.қ.;( жапыраққа қараймыз)

Б.қ. қолды алға созу; 1-2 оңға ,солға бұрылу; 3-4 б.қ. келу; (аяқты орнынан қозғамау)

Б.қ. 1-4 алға енкейіп, қол төменде; 5-6 б.қ. (тізені бүкпеу)

Б.қ. 1-2 отыру, жапырақты еденге қою; 3-4 тік тұру, қолды белге қою;5-6 отырып, жапырақты алу;

Б.қ. 5-6 б.қ. келу;

Ойын- жаттығу (мысалы:)

Сылдырлайды мөлдір су,

Мөлдір суға қолыңды жу. Жуынсаң сен әрдайым,

Таза бетің, маңдайың.

Астарың дәмді болсын!

Ас уақытында балаларға тамақты таусып жеуге, нанның қиқымын жерге тастамауға үйрету



Ойындар,Ұйым-дастырылған оқу қызметіне (ҰОҚ) дайындық

9.00-9.20



Ұйымдастырыл-ған оқу қызметі

9.20-10.30



Балалармен ұйымдастырылатын оқу қызметіне қажетті материалдарын, көрнекіліктерін, дидактикалық ойын материалдарын дайындау

1.Дене шынықтыру (негізгі қимылдар)

1. Заттар арасымен еңбектеу

2. Көлденең нысанаға допты лақтыру

Қимылды ойын: «Жолдан абайлап өтейік»

2.Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: «Тұрмыстық бұйымдар»

Мақсаты:

Адам көмекшілері туралы балалардың білімдерін кеңейту, адам өміріне және еңбек етуінде көмекші болатын электр тогы,тұрмыстық техника туралы білім беру.

Балалардың назарын заттардың адам үшін қызмет ететіндігіне және ол заттарға ұқыптылықпен қарау қажет екендігіне аудару.

Үлкендердің еңбегіне құрмет көрсете білуге тәрбиелеу. Керекті құралдар: тұрмыстық техника құралдары бейнеленген суреттер,

шаңсорғыш, телефон, радио, теледидар.

Әдіс – тәсілдер: әңгімелесу, көрсету, түсіндіру, сергіту сәті, қорытындылау.





Шаттық шеңберіне тұрып, Қ. Мырзалиевтің өлеңін балалармен бірге айту.

-Екі көзің не үшін керек?

-Жақсыларды көру үшін!

-Екі қолын не үшін керек?

-Елге көмек беру үшін!

-Құлақ деген не үшін керек?

-Ақыл-кеңес тыңдау үшін!

-Жүрек деген не үшін керек?

-Жауларымнан қыңбау үшін!

-Тіл мен жағың не үшін керек?

-Ақиқатты айту үшін!-

Ал аяғың?..

-Шетте жүрсем,

Туған жерге қайту үшін!

«Мен кіммін?» әңгімесін оқу және талдау Балалар,шағын әңгімені тыңдаңдар, оның ішінде жұмбақ жасырылған.Бұл жұмақта не туралы айтылған,шешуін табыңдар. Мен кіммін?

Мен көзге көрінбейтін жұмыскермін, бірақ мені әрбір адам біледі. Мен барлығын жасай аламын: түскі тамақ әзірлеймін, шай қайнатамын, киімді үтіктеймін.

Менсіз заводтар, фабрикалар жұмыс істей алмайды. Менімен бірге жалықпайсың.

Мен ән де, еретегі де, айта аламын. Үйде көшеде мен барлығына

көмектесемін




Олар мен туралы: «Қолы жоқ болса да, он саусағынан өнер тамған» дейді. Мен кіммін?

-Әңгімеде кім туралы, не туралы айтылған?

Бұл қандай сиқыршы, оны ешкім көрмейді, ал ол көптеген пайдалы жұмыстар атқарады. (Бұл сикыршы - электр тоғы. Ол үйімізге сиқырлы жолдар, сымдар аркылы келеді және барлық электр кұралдарына өтеді. - Мен электр станциясында дүниеге келемін және үйлерге, зауыт тарға жер астындағы сымдар аркылы келіп, адамдарға барлық жағдайда көмектесемін. Бірақ маған ұқыпты карау керек, Мені калай қолдануы білмеген жағдайда, мен өмірге өте қауіптімін. Электр тоғы арқылы іске қосылатын электр құралдарын атаңдар. Жұмбақ шешу.

Балалар, жұмбақты шешіп, жауабын заттық суреттердің ішінен тауып, жинақ полотносына қойыңдар

Қыстың қаңтар, ақпанын,

Кебежеме сақтадым. (Тоназытқыш)

Қызықтырам өзіме,

Көрсетемін көзіңе,

Сендіремін сөзіме. (Теледидар)

Алыстағы апанмен,

Оқудағы ағаңмен,

Тілдестіріп тұратын,

Заттың атын табар ме ең? (Телефон)




Суретте бейнеленген заттарды жалпылама калай атауға? «Ақылды зат «Тұрмыстык кұралдар», «Біздін көмекшілеріміз»

-Бұл заттар адамға қалай көмектеседі?

Жұмбақта айтылмаған, бірақ біздін өмірімізге кажетті тағы қандай тұрмыстық құралдарды білесіңдер? (Кофе ұсақтағыш, ноутбук, қысқа толқынды пеш, ет турайтын машина, т.б.)-Розеткадан ток элекгр кұралдарына не арқылы өтеді? (Сым арқылы ) -Қане, сымдар ойынын ойнайық.

-Мен розетка боламын, ал сендер сым боласыңдар. Балалар бір сызык бойында қол ұстасып, жүрелеп оытырады Сымның бір ұшы - розетка ( тәрбиеші), ал екінші ұшы – электр шамы балалар болады

-Балалар, сендер үйде жалғыз қалғанда электр тоғымен қалай пайдалануды, қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керек? Дұрыс балалар, үлкендер үйде жоқ болса электр тоғымен ойнауға болмайды, электр құралдарын рұқсатсыз қосуға болмайды.

Балалар, мен сенлерге сөздер айтамын сендер әрі қарай жалғасытыруларын керек

Мысалы: Кілем –шаңсорғыш

Дидактикалық ойын:

«Не үшін қажет?»

Біледі: Тұрмыстық техника туралы білім беру. игереді: Ол заттарға ұқыптылықпен қарау қажет екендігін түсінеді

Меңгереді:Үлкен дердің еңбегіне құрмет көрсете білуге тәрбиелеу




Серуенге дайындық

10.00-10.20







Серуен

10.20-11.30

Реттілікпен киіну.

Серуенге қызығушылық туғызу; балалармен жеке әңгімелесу;серуенге ойын материалдарын таңдау; серуенде балаларды әрекет етуге ынталандыру;

Желді бақылау

Мақсаты: желдің күшін анықтауды үйретуді жалғастыру;

өлі табиғат туралы білімдерін кеңейту.

Бақылау барысы



 Жұмбақ:

Аяғы жоқ ұшады,

Аузы жоқ ән салады.

Кездескен жеңіл нәрсені

Аспанға ұшырады (жел)

Еңбек Алаңды тазалау



Мақсаты:бірлесе жұмыс істеуді жалғастыру,

орындалған жұмыс нәтижесіне қуана білу.

Қ/О: «Жел».



Мақсаты:- табиғат байланысы туралы түсініктерін бекіту, тәрбиеші командасын мұқият тыңдауға үйрету

Жаттығу ойындары: Доппен жаттығу



Мақсаты: допты жоғары лақтыру, жерге соғу, екі қолмен қағып алуды жалғастыру

Серуеннен оралу

11.30-11.50





Түскі ас

11.50-12.30







Ұйқы

12.30-15.00







Біртіндеп ұйқыдан ояту, ауа, су шаралары

15.00-15.30

































Бесін ас

15.30-16.00

Балалардың реттілікпен киімдерін шешуі, дербес ойын әрекеті .

Балалардың назарын тағамға аудару ; мәдениетті тамақтануға баулу бойынша жеке жұмыс; әдеп ережесі.

Балалардың тыныш ұйықтауына жағымды жағдай орнату.

Табанды шынықтыру массажы Таяқтарды жылжытып, Массаж жасау білеміз. Он аяққа 1-2-3, Сол аяққа 1-2-3. «Денсаулық» жолымен жүру. Әдемі ирек жолдармен, Жалаң аяқ жүреміз. Табаңға біз нүктелі, Массаж жасау білеміз. «Денсаулығым керемет, жаттығуға рахмет!» Дос бол сабын су мен сен,

Жиі – жиі жуын сен.

Балалардың назарын тағамға аудару ; мәдениетті тамақтануға баулу бойынша жеке жұмыс



Ойындар, дербес әрекет

16.00-16.30















Серуенге дайындық

16.30-16 .40





Серуен

16.40-17.30









Балалардың үйге қайтуы

Альбомдар,сюжетті картиналар қарастыру,

Ірі құрылыс материалдарымен ойындар.

Саусақ ойыны «Әжемнің ертегілері».

Отбасылық фотосуреттерді қарастыру. Жақындары туралы әңгімелеп беру .

Киіну: серуенге шығу.

Серуенге қызығушылық туғызу.

қимылды ойындар

Мақсаты; Белгі бойынша бойынша қимыл- қозғалыс жасай білуге, секіру кезінде тепе-теңдік сақтауға үйрету.

Кеңес:

Бала өміріндегі көркем әдебиеттің рөлі. (ертегі,тұрмыс салт жырлары )



Күн тәртібі



Балаларды қабылдау

Ата-аналармен әңгімелесу

Ойындар (үстел үсті, саусақ және т.б. )

Таңертеңгі гимнастика

8.00-8.30

Жаттығулар кешені

Таңғы ас 8.30-9.00

Жұма

Үстел-үсті ойыны:

-мозайка

«Үй құрастыр»

«Жапырақтар түседі»

Б.қ. аяқ алшақ, жапырақ төменде; 1-3 қолды алға, жоғары, екі жаққа көтере түсіру;4- б.қ.;( жапыраққа қараймыз)

Б.қ. қолды алға созу; 1-2 оңға ,солға бұрылу; 3-4 б.қ. келу; (аяқты орнынан қозғамау)

Б.қ. 1-4 алға енкейіп, қол төменде; 5-6 б.қ. (тізені бүкпеу)

Б.қ. 1-2 отыру, жапырақты еденге қою; 3-4 тік тұру, қолды белге қою;5-6 отырып, жапырақты алу;

Б.қ. 5-6 б.қ. келу;

Ойын- жаттығу (мысалы:)

Сылдырлайды мөлдір су,

Мөлдір суға қолыңды жу. Жуынсаң сен әрдайым,

Таза бетің, маңдайың.

Астарың дәмді болсын!

Ас уақытында балаларға тамақты таусып жеуге, нанның қиқымын жерге тастамауға үйрету



Ойындар,Ұйым-дастырылған оқу қызметіне (ҰОҚ) дайындық

9.00-9.20

Балалармен ұйымдастырылатын оқу қызметіне қажетті материалдарын, көрнекіліктерін, дидактикалық ойын материалдарын дайындау

Жаратылыстану

Тақырыбы: « Үй жануарлары»

Мақсаты: Балалардың үй жануарлары, оларға күтім жасау туралы түсінігін байыту. Жанды табиғатқа деген қызығушылығын дамыту. Жануарларға қамқорлық жасау, оларға мейірімді болуға тəрбиелеу.

Үй жануарларына байланысты тақпақ мақал- мәтелдерді қайталай отырып, сұрақ жауап арқылы балалардың тілін дамыту. Әдіс- тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ – жауап, қайталау, көрнекілік әдістері. Көрнекілік: үй жануарлары қой, сиыр, түйе, ешкі,жылқы, ит, мысық суреттері. Малдан алынған өнімдер: Сүт, айран, құрт, ет, жүн.

Сөздік жұмыс: үй жануары

Билингвальдік компонент: қой-овца-sheep. ешкі-коза-goat Кіріспе: Ұйымдастыру кезеңі Балалардың көңіл күйлерін көтеріп, ұйымдастырылған оқу іс- әрекетін бастау үшін балаларды орындарыннан тұрғызып шаттық шеңберін айтқызу.



Ұйымдастырыл-ған оқу қызметі

9.20-10.30

— Үй Үй қандай бөліктерден тұрады? — Төбесі, есік, терезе , үйдің қабырғасыннан тұрады. Үй бөліктері қандай геометриялық пішіндерге ұқсайды? — Төбесі үшбұрышқа, есігі тік төртбұрышқа, терезесі төртбұрышқа, қабырғалары тік төртбұрышқа ұқсайды. Балалар дұрыс айтасыңдар енді алдымыздағы тұрған үйдің неше терезесі бар екенін санайық — 1, 2, 3, 4, 5, 6,7 Балалар мен сендерге әр терезеде жұмбақтар бар екен. Мен сендерге соны оқып берейін 1. Терезе Қамыс құлақ, Тостаған тұяқ, Мінсең қанат, Сүті дәрі, еті тамақ. (жылқы)

2. Терезе Үстінде екі тауы бар, Қызықты бір жануар. (Түйе) 3. Терезе Кішкене ғана бойы бар, Айналдыра киген тоны бар (Қой)



4. Терезе Екі айнасы бар, Екі найзасы бар. (сиыр) 5. Терезе Үй жанында өмір сүреді Біреу келсе үреді (Ит) 6. Терезе Сүтті жақсы көреді Жылы жерде ұйықтайды (Мысық)

7. Терезе Секең- секең етеді, Таумен тасқа жетеді. (Ешкі)

Жұмбақ шешілген терезе ашылып ішіннен көрінген үй жануарлары тақтаға ілінеді. Үй жануарларының адамдарға тигізетін пайдасын кім айтады? Жұлдыз: Қой: Төрт түлік малдың бірі оның атасы – Шопан ата. Қой аша тұяқты, сүт қоректі жануар. Жылына бір рет төл береді. Шөппен қоректенеді. Қой адамдарға ет, сүт, жүн береді .


Асем: Сиыр: Үй жануарларының ішіндегі ірі аша тұяқты жануар. Атасы- Зеңгі баба.Сиыр сүт қоректі жануар, шөппен қоректенеді, жылына бір рет төл береді.адамдарға ет, сүт береді. Сиыр сүтіннен: Айран, сүт, ірімшік, кұрт, май, қатық жасайды. Бақдаулет: Түйе: Үй жануарларының ішіндегі ең ірісі сүт қоректі жануар. Атасы- Ойсыл қара. Түйе шөппен қоректенеді, екі жылда бір рет төл береді. Адамдарға жүн, ет, сүт береді. Сүтіннен : ең пайдалы дәрілік қуаты бар шұбат жасайды. Ерте кезде адамда көшіп, қону үшін көлік ретінде пайдаланған. Өкен: Жылқы:Үй жануарларының ішіндегі тостаған тұяқты , ірі сүт қоректі жануар, шөппен қоректенеді. Атасы- Қамбар ата. Жылқы жылына бір рет төл береді. Адамдарға ет, сүт береді жылқының сүтіннен адам денсаулығына өте пайдалы сусын қымыз жасайды. Балалар сендер маған үй жануарларының төлдері туралы тақпақты айтып беріңдерші. Кім айтады? Дониербек: Ақ бұзауым ұнайды «Мә — мә» деп сүт сұрайды Келеді өсіп күн сайын Тұмсығын созып қарайды Тілімен мұрнын жалайды

Сехриназ: Кіп — кішкене момақан Қошақанды ұнатам Сүйеді апам қозым деп Қошақаным өзім деп. Әсия: Құлыншағым құндызым Құлдырайды шабады Жылтылдаған жұлдызым Құстай қанат қағады Әмина: Айналайын, ботам Қандай күлте жотақ Табандарың жалпақ. Теріп жейсің жантақ. Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық, Алақанды ұрайық. Бір отырып, бір тұрып Біз тынығып алайық. Қолымызды созайық, Қане қанат қағайық, Ұшып-ұшып алайық.

Орнымызды табайық. Жарайсыңдар балалар кәне кім үй жануарлары туралы мақал- мәтел айтып береді: Мал өсірсең қой өсір, Пайдасы оның көл- көсір.

Төлден мал өседі, Шыбықтан тал өседі.

Жылқы малдың патшасы, Түйе малдың қасқасы.

Қой баласын қоңырым дейді, Ұя бұзбас момыным дейді.

Дидактикалық ойын:

«Мекеніне апар» ойыны Мақсаты: Үй жануарларын дала жануарларыннан ажырата білуге үйрету. Үй жануарлары мен дала жануарларының қайда тіршілік ететінін білуге үйрету. Балалардың ойлау қабылетін дамыту. Барысы: қалтада әр түрлі үй жануарлары мен дала жануарлары салынған аты аталған бала ортаға шығып қалтаға қолын салып бір жануарды алып шығады. Алып шыққан жануардың дала немесе үй жануар екенін айтып, орманға немесе үй қасына қояды.

Қорытынды: — Балалар, сонымен үй жануарларына нелер жатады? — Үй жануарларының төлдерін не деп атаймыз? — Малдың дыбысталғанын қалай атайды?


Жылқы — кісінейді Сиыр — мөңірейді Қой, ешкі — маңырайды Түйе — боздайды. Қане, балалар орнымыздан тұрып келген қонақтармен қоштасайық Біз ақылды баламыз Айтқан тілді аламыз Бүгінгі келген қонаққа Сау болыңыз деп, айтамыз.

Күтілетін нәтиже:

Білу қажет: Үй жануарларының, төлдердің аттарын, келтіретін пайдасы туралы біледі. Қалыптасқан түсініктер:

Жұмбақ, тақпақтар, мақал-мәтелдер туралы мәлімет алуға болатынын, үй жануарларының пайдасы барын түсінеді. Орындаушылық қабілеті: Берілген тапсырманы түсініп, орындай біледі, сұрақтарға толық жауап береді.

Дидактикалық ойын: «Болады,

Біледі: Үй жануарларын білу керек.

игерді: Бүгінгі тақырып жайында түсініктері болу керек

меңгерді: Үй жануарларын күте білу керек.

Мүсіндеу

Тақырыбы: «Таба нан» (заттық мүсіндеу)



Мақсаты:

-балаларға ұннан жасалатын тағамдар жайында қарапайым түсініктер беру;

-домаланған пішінді екі алақанның арасына салып, жалпақтау тәсілін пайдалана отырып, нанды мүсіндеуді үйрету;

-мүсіндеу, іскерлік дағдыларын қалыптастыру;

-ұқыптылыққа тәрбиелеу;

-қол икемділігін дамыту.

Көрнекіліктер: Тақырыпқа байланысты суреттер.

Құрал – жабдықтар:Ермексаз, тақтайша, сүлгі.

Әдіс-тәсіл: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап Іс – әрекет кезеңдері

Тәрбиеші: Балалар, бүгін бізге қонақтар келіпті қане, бәріміз амандасып алайық.

Шаттық шеңбері:

Орнымыздан тұрайық

Алақанды ашайық

Күннің нұрын салайық

Жүрекке жылу сыйлайық

Жиналған жылу шуақты

Қонақтарға шашайық

-Жарайсыңдар, балалар. Енді орнымызға отырайық.



Ғажайып сәт: Осы кезде есік қағып, қонаққа әже келеді.

-Мен таба нан пісірейін деп едім, маған көмектесесіңдер ме?

Балалардың жауабы

Тәрбиеші: Иә, алдымен біз нанның қайдан келетінің еске түсіріп алайық. Үлгі суретпен жұмыс

Суретті көрсетіп, нан туралы түсінік береді,сипатттатады.

Нан неден жасалады?

Ұнды неден жасайды?

Тірек сызба арқылы әңгімелеу

Әже: балалар сендер нан туралы тақпақ,тыйым сөздер білесіңдер ме?

Жарайсыңдар, балалар.

-Бұл нанды табаға салып пісіргендіктен, оның пішіні таба сияқты дөңгелек болады.

Тәрбиеші: Балалар,біз ендеше еңбектеніп, осы таба нанды өзіміз ермексазбен мүсіндеп берейік

Таба нанды мүсіндеу жолдары:

-ермексазды бөлшекке бөлу;

-ермексазды жұмсарту


Сергіту сәті: «Саусақтарым билеңдер» ойыны

Саусақтарым билеңдер,

Дәмді тоқаш илеңдер.

Неткен жақсы шеберлер,

Неткен жылдам шеберлер,

Алма қосып илеңдер,

Саусақтарым билеңдер.

бөлщектерді домалату;

-домалақ пішінді жалпайтып, таба нан мүсінін келтіру, нанның бетіне таяқшамен өрнектер салғызу.

Дайын нанымызды Әжеге сыйлаймыз

(Әже рақметін айтып шығып кетеді)

-Балалар, бүгін бізге қонаққа кім келді?

-Әжеге не мүсіндеп бердік?

-Жарайсыңдар, балалар. Енді орнымыздан тұрып, жүрек жылуымызды сезініп, бүгінгі оқу іс-әрекетімізді аяқтай отырып қонақтармен қоштасайық

Қол ұстасып тұрайық,

Шеңберді біз құрайық,

Көріскенше күн жақсы,

Сау-саламат болайық.



Серуенге дайындық

10.00-10.20





Серуен 10.20-11.30

Дидактикалық ойын:

«Анам пісірген тоқаштар»

Көрнекіліктер: үлгі,ермексаз,тақтайша,сүлгі

Сөздік жұмыс: нан

Үштілдік компонент: нан-хлеб- bread

Нені біледі: Ермексаздан нан жасай біледі.

игерді: жаймалау,жаныштау тәсілін.

меңгерді: ермексазбен жұмыс жасауды меңгерді

Реттілікпен киіну.

Серуенге қызығушылық туғызу; балалармен жеке әңгімелесу;серуенге ойын материалдарын таңдау; серуенде балаларды әрекет етуге ынталандыру;

Тастарды бақылау

Мақсаты: Тастардың өлі табиғат мүшесі екендігі жайлы түсініктерін молайту, олардың әртүрлілігі мен пайдасы туралы білім беру.

 Зерттеу жұмысы

Бор таспен қатты тасты салыстырып көру, ұру, сындыру (бор үгітіледі, тас сынбайды )



Серуеннен оралу

11.30-11.50





Түскі ас

11.50-12.30

Еңбек

Ауладағы тастарды жинау және олардан композиция құрау.



Мақсаты:

Бірігіп жұмыс істеуге үйрету;

Шығармашылық қиялын дамыту.

Қ/О «Ұшты-ұшты».



Мақсаты:

Тәрбиешіні мұқият тыңдауға үйрету;

Жаттығу ойындары

Қозғалысты дамыту.



Мақсаты:допты нысанаға лақтыруға жаттықтыру

 Балалармен асфальтқа түрлі-түсті бормен сурет салу «Күзгі табиғат»



Мақал-мәтел

Асыл тастан шығады,

Ақыл жастан шығады

Балалардың реттілікпен киімдерін шешуі, дербес ойын әрекеті .

Балалардың назарын тағамға аудару ; мәдениетті тамақтануға баулу бойынша жеке жұмыс; әдеп ережесі.


Ұйқы

12.30-15.00

Біртіндеп ұйқыдан ояту, ауа, су шаралары

15.00-15.30

Бесін ас

15.30-16.00



Ойындар, дербес әрекет

16.00-16.30

Балалардың тыныш ұйықтауына жағымды жағдай орнату.

Табанды шынықтыру массажы Таяқтарды жылжытып, Массаж жасау білеміз. Он аяққа 1-2-3, Сол аяққа 1-2-3. «Денсаулық» жолымен жүру. Әдемі ирек жолдармен, Жалаң аяқ жүреміз. Табаңға біз нүктелі, Массаж жасау білеміз. «Денсаулығым керемет, жаттығуға рахмет!» Дос бол сабын су мен сен,

Жиі – жиі жуын сен.

Балалардың назарын тағамға аудару ; мәдениетті тамақтануға баулу бойынша жеке жұмыс

Сәйкес ұяшыққа орналастыр» дидактикалық ойын

Мақсаты: ойлау қабілетін арттыру



Серуенге дайындық

16.30-16.40







Серуен

16.40-17.30













Балалардың үйге қайтуы

17.30-18.00

Киіну: серуенге шығу.

Серуенге қызығушылық туғызу.

қимылды ойындар

Мақсаты; Белгі бойынша бойынша қимыл- қозғалыс жасай білуге, секіру кезінде тепе-теңдік сақтауға үйрету.



Ата анаға: “Балаңыз отбасында өз-өзіне қызмет көрсете алады ма?”- қадағалау


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет