Оқу әдістемелік кешен Пән: «Таңдап алған спорт түріндегі спорттық педагогикалық шеберлік жас негіздері»



бет9/40
Дата07.02.2022
өлшемі112,62 Kb.
#90087
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   40
Байланысты:
6926617d-3bc8-11e3-9713-f6d299da70eeТАСТ жас ерек 13-14

Белдеуден өту


Белде у жаққа бұрылу тек ''ұшқаннан '' соң ғана орындалады.
Тіреніштен ажыраған кезде дене массасының жалпы орталық нүктесінің тік жылдамдығы жоғары класты секірушіде 4,9-5,2 м/с. аралығында болады.
Белдеуге көтірілген сәтте сол жақтағы сермелген аяққа қол паралель жағдайда бағытталады. қолдың ассиметриялық қозғалуына екі қол бірқалыпты орындалып, белдеуден өткен кезде қолдар денемен бір деңгейге қойылады. қолдардың осылайша орналасуы неғұрлым тиімді, өйткені бұл жағдайда инерция азайып, денені белдеу арқылы "лақтырудың"
Бұрыштық жылдамдығы арта түседі. Одан әрі секіруші барынша түсірілген аяқпен иіліп, белдеуге басымен және иығымен '' кіреді''. Сермелген аяқ итерілген аяқтың деңгейіне дейін түсіріледі. Белдеуден өткен тұста аяқтар тізе буынынан бүгіледі. Белдеудің үстінде секіруші иіле келіп, бөксесін көтереді. Белдеуден өткен сәтте қолдар лақтырылып, дененің кеуде тұсынан иілуі көбейе түседі, ал қолдар дененмен бір деңгейде болғанда, бөксе тұстың иілуі барынша шегіне жетеді. Дене массасының жалпы орталық нүктесі қозғалыснын траекториясы аударылу арқылы секірумен салыстырғанда ұзақтау болады. Сеірушінің дене массасының жалпы орталық нүктесінің ең жоғары биігі белдеуден 20 см. қашықтыққа жетеді, ал аударылу тәсілінде ол 8 см. болады. Бөксе белдеуден өте салысымен, белдеуден тезірек '' кету'' басталады. Ол басты бұрумен, бөксе тұстан аяқты бүгу және тізе тұсынан тік ұстау арқылы орындалады. Секіруші белдеуден аяғымен сырғанап бара жатқандай болуы керек. Секіруші паралоннан жасалған матаға түсіп, іле - шала баспен аунапкетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет