Лекцияның мәтіні
1. Үш дүркін секіру техникасының негізгі ерекшеліктері.
'' Адымдау'' әдісімен биіктікке секіруде жүгіру белдеуге 30-45 градус бұрышпен орындалады. Итерілу белдеуден алыс тұрған аяқ арқылы жүзеге асады. Секіруші итерілгеннен кейін денесін тік жағдайда ұстап, жоғары ''ұшады''. Секіруші денесімен және серпілетін аяқпен белдеуге ''кіріп'' итерілген аяқты жайлап төмен жібереді. Белдеуден өткен кезде қозғалыстар орындалады:белдеудің арғы жағында серпілетін аяқты түсіру есебінен итерілген аяқ долға сызығы бойынша тізіні бұра отырып, белдеуден өткенде сыртқа қарай жылжытады. Бас, иық және барлық дене алға қарай иіліп, белдеуге қарай бет алады. Белдеуден өткен сәтте басты иіп, иықты алға жіберіп, секіруші бөксесін көтереді. Дененің белдеу жаққа қарай шамалы қозғалысы белдеуден тиімді өтуге мүмкіндік береді. қолды дене бойымен жіберу де белдеуден тиімді өтуге көмектеседі. Жерге сермелге аяқпен түседі, содан кейін итерілген аяқ түсіріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |