Оқу әдістемелік кешен Пән: «Таңдап алған спорт түріндегі спорттық педагогикалық шеберлік жас негіздері»



бет13/40
Дата07.02.2022
өлшемі112,62 Kb.
#90087
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   40
Байланысты:
6926617d-3bc8-11e3-9713-f6d299da70eeТАСТ жас ерек 13-14

Лекцияның мәтіні
1. Қысқа қашықтыққа жүгіру түрлері.
Қысқа қашықтыққа жүгіру - жеңіл атлетиканың көп тараған түрі. Қысқа қашықтыққа жататын жүгірудің классикалық түрлері: 100м, 200м, 400м; Эстафеталық жүгіріс 4х100, 4х200, 4х400 метрлік болып келеді. Қысқа қашықтыққа жүгіру ертеден белгілі жарыстың бір түрі. Ол әйгілі Гераклдан басталған. Геракл алғашқы рет қашықтықтың негізін қалағаГеракл алғашқы рет қашықтықтың негізін қалаған деседі халықтың аңызы. Ол өз табанымен 600 қадам жерді өлшеп , осы аралықты " стадий " деп атаған. Міне , осыдан стадион деген сөз шыққан. Стадий ұзындығы әр түрлі болып келеді , 192,27-ден 195м. дейін созылады. Эллада жел аяқтар 200 метрлік қашықтыққа сайысқа түскен деп айтуға болады. Гректер жеңіл атлетиканың көптеген түрінен таң қаларық жеңіске жеткен. Мысалы, бір стадийді олар қанша уақытта жүгіргені біз үшін құпия. Ол кезде уақытты өлшейтін құралдар болмағандықтан , стадийдің қанша секундта жүүіріп өткені белгісіз. Бірақ, бізге әртүрлі мағлұматтар жеткен, оларды уақытқа айналдыру қиын. Мысалы, сол кездегі желаяқтар жүгірген кезде , тіпті аяқтарының ізі құмға да түспеген. Ал, кейбіреулерін мәре мен сөреде ғана көрген, олардың белгілі арақашықтықты қалай жүгіріп өткенін ешкім аңғарып та үлгермеген.
2. Б.д.д жеңіл атлетиканың ерекшеліктері.
Тарихшылардың айтуы бойынша біздің дәуірімізге дейін 632 жылғы олимпиада чемпионы Милеттегі Полименестор желаяқтардың бірі болған. Ол өзі қойшы , өзінің жылдамдығын лақтарды қуып олармен бірге ойнап, секіріп шыңдаған. Бір күні осы Олимпионаик ( сол кезде чемпиондарды осылай атаған ) мал бағып жүрген жерге қоян жүгіріп шығады қасындағылардың айғайы басылып та үлгермей тулаған қоян у Полименестор дың қолында тұрды. Ал қоян секундына 14м. жылдамдықпен жүгіреді делік, сонда ғалымдардың есептеуі бойынша 100м. аралықта Полименестор 7,2 сек. уақытта жүгіріп өткен яғни, ол стадийді ( 192,27м )15 сек. жүгірді деуге болады. Қандай жылдамдық десеңізші. Бұл аңыз" наука и жизнь " журналында жазылған болатын. Сонда " әлде қоянның ауру болғаны, болмаса жауынан қашып, шаршап шалдыққан кезі". Бірақ қаңдай болғанда да бар жылдамдығымен жүгіріп келе жатқан қоянға жету қиын. Сонда қазіргі желаяқтарды Полименестормен салыстыруға тұрмайды. ең әйгілі деген желаяқтардың өзі 100 м қашықтықта одан 25 метр ұтылып қалар еді. Жеңіл атлетика манежінде 50 және 60 метрге, эстафетналық жүгіріс 4Х100 шеңбер, әйелдер арасында 4Х100 ерлер 4Х400 шеңбер бойымен жүгіреді. Қысқы қашықтыққа жүгіру үшін бойдағы барлық қуатты аз уақытта тиімді пайдалану қажет. 100 метрге жүргізу кезінде кейбір қашықтықтық аралығында әйелдер 11,6 м/сек , жылдамдық көрсетеді, ал ерлер 10,6 м/сек . бұл жүіріске тән нәрсе аяқтың қуат күшімен жұмыс істеуі, өте жедел қимыл жасау, сонымен қатар бұлшық етті, буынды босаң күйінде сақтап жүгіру. Қысқа қашыштыққа жүгіруді төрт кезеңге бөлуге болады: 1. сөре /жүгірудің басталуы/ 2. сөрелік қозғалыс / старттық қозғалыс/ 3. қашықтық бойымен жүгіру 4. мөре /финиш/.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет