Оқу әдістемелік кешен Пән: «Таңдап алған спорт түріндегі спорттық педагогикалық шеберлік жас негіздері»



бет5/7
Дата27.07.2017
өлшемі0,76 Mb.
#22075
1   2   3   4   5   6   7

Белдеуден өту


Белде у жаққа бұрылу тек ''ұшқаннан '' соң ғана орындалады.

Тіреніштен ажыраған кезде дене массасының жалпы орталық нүктесінің тік жылдамдығы жоғары класты секірушіде 4,9-5,2 м/с. аралығында болады.

Белдеуге көтірілген сәтте сол жақтағы сермелген аяққа қол паралель жағдайда бағытталады. қолдың ассиметриялық қозғалуына екі қол бірқалыпты орындалып, белдеуден өткен кезде қолдар денемен бір деңгейге қойылады. қолдардың осылайша орналасуы неғұрлым тиімді, өйткені бұл жағдайда инерция азайып, денені белдеу арқылы "лақтырудың"

Бұрыштық жылдамдығы арта түседі. Одан әрі секіруші барынша түсірілген аяқпен иіліп, белдеуге басымен және иығымен '' кіреді''. Сермелген аяқ итерілген аяқтың деңгейіне дейін түсіріледі. Белдеуден өткен тұста аяқтар тізе буынынан бүгіледі. Белдеудің үстінде секіруші иіле келіп, бөксесін көтереді. Белдеуден өткен сәтте қолдар лақтырылып, дененің кеуде тұсынан иілуі көбейе түседі, ал қолдар дененмен бір деңгейде болғанда, бөксе тұстың иілуі барынша шегіне жетеді. Дене массасының жалпы орталық нүктесі қозғалыснын траекториясы аударылу арқылы секірумен салыстырғанда ұзақтау болады. Сеірушінің дене массасының жалпы орталық нүктесінің ең жоғары биігі белдеуден 20 см. қашықтыққа жетеді, ал аударылу тәсілінде ол 8 см. болады. Бөксе белдеуден өте салысымен, белдеуден тезірек '' кету'' басталады. Ол басты бұрумен, бөксе тұстан аяқты бүгу және тізе тұсынан тік ұстау арқылы орындалады. Секіруші белдеуден аяғымен сырғанап бара жатқандай болуы керек. Секіруші паралоннан жасалған матаға түсіп, іле - шала баспен аунапкетеді.



6 – лекция Тақырыбы: Үш дүркін секірудегі оқыту әдістемесі

Жоспары:

1. Үш дүркін секіру техникасының негізгі ерекшеліктері

2. Секірушінің секірген кездегі іс - әрекеті

Әдебиеттер:

  1. Дене тәрбиесі ілімі мен әдістемесі. Э.Ж.Тілеуов, оқу құралы. Шымкент– 2003 ж

  2. Дене шынықтыру және спорттың теориясы мен әдістемесі. П.ғ.қ.Р.Р.Аманбаев, типтік оқу бағдарламасы. Алматы – 2001 ж

  3. Теория и методика физического воспитания. ( под ред. Л.П.Матвеева и А.Д.Новикова – М: ФИС, 1976 гл. І-ІІ ).

  4. Матеев Л.П.Теория физической культуры – М.ФИС.1991 г

  5. Теория спорта / Под ред. В.Н.Платонова – К: Вищашк., 1987 г

Лекцияның мәтіні

1. Үш дүркін секіру техникасының негізгі ерекшеліктері.

'' Адымдау'' әдісімен биіктікке секіруде жүгіру белдеуге 30-45 градус бұрышпен орындалады. Итерілу белдеуден алыс тұрған аяқ арқылы жүзеге асады. Секіруші итерілгеннен кейін денесін тік жағдайда ұстап, жоғары ''ұшады''. Секіруші денесімен және серпілетін аяқпен белдеуге ''кіріп'' итерілген аяқты жайлап төмен жібереді. Белдеуден өткен кезде қозғалыстар орындалады:белдеудің арғы жағында серпілетін аяқты түсіру есебінен итерілген аяқ долға сызығы бойынша тізіні бұра отырып, белдеуден өткенде сыртқа қарай жылжытады. Бас, иық және барлық дене алға қарай иіліп, белдеуге қарай бет алады. Белдеуден өткен сәтте басты иіп, иықты алға жіберіп, секіруші бөксесін көтереді. Дененің белдеу жаққа қарай шамалы қозғалысы белдеуден тиімді өтуге мүмкіндік береді. қолды дене бойымен жіберу де белдеуден тиімді өтуге көмектеседі. Жерге сермелге аяқпен түседі, содан кейін итерілген аяқ түсіріледі.

7 – лекция.

Тақырыбы: Қысқа қашықтыққа жүгіру техникасына үйрету

Жоспары:

1. Қысқа қашықтыққа жүгіру түрлері

2. Б.д.д жеңіл атлетиканың ерекшеліктері

Әдебиеттер:


  1. Дене тәрбиесі ілімі мен әдістемесі. Э.Ж.Тілеуов, оқу құралы. Шымкент – 2003 ж

  2. Дене шынықтыру және спорттың теориясы мен әдістемесі. П.ғ.қ.Р.Р.Аманбаев, типтік оқу бағдарламасы. Алматы – 2001 ж

  3. Теория и методика физического воспитания. ( под ред. Л.П.Матвеева и А.Д.Новикова – М: ФИС, 1976 гл. І-ІІ ).

  4. Матеев Л.П.Теория физической культуры – М.ФИС.1991 г

  5. Теория спорта / Под ред. В.Н.Платонова – К: Вищашк., 1987 г

Лекцияның мәтіні

1. Қысқа қашықтыққа жүгіру түрлері.

Қысқа қашықтыққа жүгіру - жеңіл атлетиканың көп тараған түрі. Қысқа қашықтыққа жататын жүгірудің классикалық түрлері: 100м, 200м, 400м; Эстафеталық жүгіріс 4х100, 4х200, 4х400 метрлік болып келеді. Қысқа қашықтыққа жүгіру ертеден белгілі жарыстың бір түрі. Ол әйгілі Гераклдан басталған. Геракл алғашқы рет қашықтықтың негізін қалағаГеракл алғашқы рет қашықтықтың негізін қалаған деседі халықтың аңызы. Ол өз табанымен 600 қадам жерді өлшеп , осы аралықты " стадий " деп атаған. Міне , осыдан стадион деген сөз шыққан. Стадий ұзындығы әр түрлі болып келеді , 192,27-ден 195м. дейін созылады. Эллада жел аяқтар 200 метрлік қашықтыққа сайысқа түскен деп айтуға болады. Гректер жеңіл атлетиканың көптеген түрінен таң қаларық жеңіске жеткен. Мысалы, бір стадийді олар қанша уақытта жүгіргені біз үшін құпия. Ол кезде уақытты өлшейтін құралдар болмағандықтан , стадийдің қанша секундта жүүіріп өткені белгісіз. Бірақ, бізге әртүрлі мағлұматтар жеткен, оларды уақытқа айналдыру қиын. Мысалы, сол кездегі желаяқтар жүгірген кезде , тіпті аяқтарының ізі құмға да түспеген. Ал, кейбіреулерін мәре мен сөреде ғана көрген, олардың белгілі арақашықтықты қалай жүгіріп өткенін ешкім аңғарып та үлгермеген.

2. Б.д.д жеңіл атлетиканың ерекшеліктері.

Тарихшылардың айтуы бойынша біздің дәуірімізге дейін 632 жылғы олимпиада чемпионы Милеттегі Полименестор желаяқтардың бірі болған. Ол өзі қойшы , өзінің жылдамдығын лақтарды қуып олармен бірге ойнап, секіріп шыңдаған. Бір күні осы Олимпионаик ( сол кезде чемпиондарды осылай атаған ) мал бағып жүрген жерге қоян жүгіріп шығады қасындағылардың айғайы басылып та үлгермей тулаған қоян у Полименестор дың қолында тұрды. Ал қоян секундына 14м. жылдамдықпен жүгіреді делік, сонда ғалымдардың есептеуі бойынша 100м. аралықта Полименестор 7,2 сек. уақытта жүгіріп өткен яғни, ол стадийді ( 192,27м )15 сек. жүгірді деуге болады. Қандай жылдамдық десеңізші. Бұл аңыз" наука и жизнь " журналында жазылған болатын. Сонда " әлде қоянның ауру болғаны, болмаса жауынан қашып, шаршап шалдыққан кезі". Бірақ қаңдай болғанда да бар жылдамдығымен жүгіріп келе жатқан қоянға жету қиын. Сонда қазіргі желаяқтарды Полименестормен салыстыруға тұрмайды. ең әйгілі деген желаяқтардың өзі 100 м қашықтықта одан 25 метр ұтылып қалар еді. Жеңіл атлетика манежінде 50 және 60 метрге, эстафетналық жүгіріс 4Х100 шеңбер, әйелдер арасында 4Х100 ерлер 4Х400 шеңбер бойымен жүгіреді. Қысқы қашықтыққа жүгіру үшін бойдағы барлық қуатты аз уақытта тиімді пайдалану қажет. 100 метрге жүргізу кезінде кейбір қашықтықтық аралығында әйелдер 11,6 м/сек , жылдамдық көрсетеді, ал ерлер 10,6 м/сек . бұл жүіріске тән нәрсе аяқтың қуат күшімен жұмыс істеуі, өте жедел қимыл жасау, сонымен қатар бұлшық етті, буынды босаң күйінде сақтап жүгіру. Қысқа қашыштыққа жүгіруді төрт кезеңге бөлуге болады: 1. сөре /жүгірудің басталуы/ 2. сөрелік қозғалыс / старттық қозғалыс/ 3. қашықтық бойымен жүгіру 4. мөре /финиш/.

8 – лекция.

Тақырыбы: Орта және ұзақ қашықтыққа жүгіру техникасына үйрету

Жоспары:

1. Орта және ұзақ қашықтыққа жүгіру техникасы

2. Спортшының техника шеберліктері

Әдебиеттер:


  1. Дене тәрбиесі ілімі мен әдістемесі. Э.Ж.Тілеуов, оқу құралы. Шымкент– 2003 ж

  2. Дене шынықтыру және спорттың теориясы мен әдістемесі. П.ғ.қ.Р.Р.Аманбаев, типтік оқу бағдарламасы. Алматы – 2001 ж

  3. Теория и методика физического воспитания. ( под ред. Л.П.Матвеева и А.Д.Новикова – М: ФИС, 1976 гл. І-ІІ ).

  4. Матеев Л.П.Теория физической культуры – М.ФИС.1991 г

  5. Теория спорта / Под ред. В.Н.Платонова – К: Вищашк., 1987 г

Лекцияның мәтіні

1. Орта және ұзақ қашықтыққа жүгіру техникасы.

Старттық қозғалыстан кейін жүгірушінің басты мақсаты адымды ұзарту, жедел қимыл арқылы жылдамдықты өсіру. Осы арада аяқты жиі қозғалтудың маңызы зор. Егерде аяқтың жиілігің тұрақты ұзындығы болмаса, жылдамдық төмендейді. Адым жиілігі шаршаудың пайда болуынан төмендей береді. Жеделдікті ұзаққа сақтаудың бірден бір кепілдемесі денені босата біліп, еркін жүгіру керек. Түзу сызықпен жүгіру, басы артық қимылдың байқалмауы үнемді техниканы көрсетеді. Жүгірушінің қозғалыс техникасын кинограмманы талдау арқылы сипаттама берейік. Жүгіруші вертикаль кезінде байқалып тұр . итеретін аяқ тізе мен табан буыны арасы бүгіліп серпілуге дайын. Осы кезде сермейтін аяқ сирақ буыннан бүгіліп тез алға қозғалып итеретін аяқтын зор күшпен жазылуына ісерін тигізеді. Итеретін аяқ жерден серпілгеннен кейін сермейтін аяқтың тізе буыны бір денгейге дейін көтеріліп бел сол иіліп, жамбас алға жиылып, дене керекті бағытқа бағытталып тік, бос ұсталады, көз қиығы алға бағытталған. Итеру кезеңі аяқталғанан кейін ұшу кезеңі басталады. Жерден көтеріліп серпілген аяқ, сирақ буынынан бүгіліп төмендеп келе жатқан сермейтін аяққа қарай ұмтылады. Сермейтін аяқ түзу сызық бойымен табанның бас жағына ешқандай бұрылусыз қойылады. Сермейтін аяқтың тез төмендеп жерге қойылуы, тізе буынының толық жазылуына соқпауы қажет. Сонда ол дененің ортақ нүктесіне қойылады, сонымен қатар қозғалыс кезіндегі кедергіні азайтады, аяқ тез серпілуге дайын болады.

2. Спортшының техника шеберліктері.

Спортшының техника шеберліктері Қолдың бүгілу бұрышы жүгіру кезінде әрүүрлі өзгереді. Ұшу бөлігі кезінде жамбас жедел бір - біріне жақындатылып отырады. Итерілген аяқ инерцияға байланысты артқа жоғары қозғалады. содан кейін аяқ тізеден бүгіліп, жамбас төмен - жоғары қозғалады, аяқ жолға табаннан қосылған кезде кедергі күштердің бәсендеуіне әсерін тигізеді. Аяқ табанның бас жағына қойылады. Әйгілі желаяқтар 30-60 м ара қашықтықта 4,7- 5,5 адым шапшаңдығын көрсетеді , адым ұзындығы шамалы мөлшерде өзгереді 1,25+ 0,44 желаяқтын денесінің ұзындығна шамалас \Л.Левченко , 1986ж.\ 60-80 м ара қашықтықта жылдамдық жиынтығы 1,55-0,33 шамасында адым ұзындығы төмендейді. Сол аяқты, оң аяқ адымдары біркелкі емес, күші көп аяқтың адым ұзындығынан қосатын үлесі жоғары. Жүгіру кезінде аяқтын бірден ұзындықта болғаны жүгру әдістемелігіне көп әсерін тигізеді. Спринттік жүгіруде табанды тік алға бір бағытта қоюды талап ету керек. Табан сырт жаққа бұрылып қойылса итерілу нашарлайды. МӘРЕ. Арақашықтық аяқталар кезінде жоғарғы жылдамдықты ұстауға күш салу абзал. Ақырғы адымда денені алға қарай еңкейтіп сөре сызығынан жүгіріп өту қажет. Ал, егерде бірнеше адым қалғанда спортшы секіріп өтетін болса, тепе-тендікті жоғалтып , кей жағдайда құлап қалуы да ықтимал. Жылдамдық өсудің орнына төмендейді. Жүгіруші сөреге қатар жеткен кезде тең сайыста еңкеюдің немесе иықты бұрудың манызы зор. Осындай қозғалыс көбінесе жеңіске жеткізеді.

9 – лекция.

Тақырыбы: Аласа старт.

Жоспары:

1. Аласа старттың алғашқы қимылы

2. Аласа старттағы тыныс алу ережесі

Әдебиеттер:


  1. Дене тәрбиесі ілімі мен әдістемесі. Э.Ж.Тілеуов, оқу құралы. Шымкент – 2003 ж

  2. Дене шынықтыру және спорттың теориясы мен әдістемесі. П.ғ.қ.Р.Р.Аманбаев, типтік оқу бағдарламасы. Алматы – 2001 ж

  3. Теория и методика физического воспитания. ( под ред. Л.П.Матвеева и А.Д.Новикова – М: ФИС, 1976 гл. І-ІІ ).

  4. Матеев Л.П.Теория физической культуры – М.ФИС.1991 г

  5. Теория спорта / Под ред. В.Н.Платонова – К: Вищашк., 1987 г

Лекцияның мәтіні

1 Аласа старттың алғашқы қимылы. Атақты жүгірушілер қысқа қашықтыққа жүгіруге арналған сөрелік тірегішті қолданды, оның көлемі әр түрліболады .2серетте көп тараған сөрелік тірегіш көрсетілген Бұл тірегіштің тұрақты бұрыш мөлшері 45 градус. Жарыс тәртібі бойынша әр спротшының өз тірегішін қолдануына рұқсат етіледі, оның құрылымы бұрыштарды өзгертетіндей етіп жасалады. Артқы тірегіштің бұрышын 80 градусқа, дейін өзгертуге болады. Сөре сызығында тірегішті орналастыру мынандай түрге бөлінеді: 1. Әдеттегі стартта алдыңғы тірегішті сөре сызығынан 1-1,5 табан, ал артқы тірегішті тізе ұзындығы мөлшерінде 2. Таяу старт кезінде артқы тірегіш алдыңғы тірегішке жақындастырылады 3. Созылмалы старт кезінде алдыңғы тірегіш сөре сызығынан алшақ қойылады Бірінші тірегіштің сөре сызығына қатысты қойылуы жеңіл атлешінің бойына және тірегіштің ара қашықтығына байланысты. Тірегіштің дұрыс қойылуы, старттан дұрыс шығудың бірден-бір кепілдемесі. " Стартқа " деген бұйрық берілгеннен кейін, жүгіруші тірегіштің алдына тұрып, еңкейіп алақанды жерге тірей, аяғының табаның алдыңғы тірегішке қояды, содан кейін, жүрелеп отырып, екінші аяғының табанының артқы тірегішке яды да, артқы қойылған аяғының тізесін жерге тірейді, қолдарын сөре сызығына жеткізбей қояды, иықтың кеңдігіндей етіп саусақтарын жерге тірейді, үлкен бармақтар бір-біріне қарама-қарсы ал басқа саусақтар сырт жаққа қаратылып құйылады. Бұл кезде иық тұра старт сызығы үстінде одан сол ғана алға шығып тұрады. Табан тірегішті сезіп, дене сығылмай бос болуы қажет. .

2 Аласа старттағы тыныс алу ережесі. Сақтал бұйрығы бойынша арт тізені жерден көтеріп, денені сол ғана алға қарай еңкейтіңкіреп жүгірушінің жамбасы, иық деңгейінен жоғары кетеріледі. Дене қандай өзгерісте болса да, екі аяқты тірегіштен босатпау қажет. Дененің ауырлық күші алдыңғы тірештен аяқ пен қол арасына бірдей түсіреледі. Денені жоғары көтерумен бірге баяу тыныс алып, жүгіруге даяр тұру керек. Осы кезде назарды берілетін дыбысқа аудармай, мәре сызығының қозғалысына аудару керек. Дыбыс берілгеннен кейін, жүгіруші денесін алға қарай ұмтылдырадыда, екі аяен бірдей серпіледі. Артқы аяқ тірегіштен серпіліп алға қарай қозғала бастайды. Одан кейін тірегішті аяқ жұмысқа қосылады. Алдыңғы тірегіштен серпілген аяқтың қозғалыс бұрышы әйгілі сприншілерге мынандай 32-44 градус ( В.Борзов, Э.Фигорола, К.Льюис) ал төмн разрядты балларда 60-65 градус. Тірегіштен қатты серпінмен шығу көбінесе артқы аяқтың жедел қозғалуына, оған қарама-қарсы қолдың алға шығуына байланысты. Ал екінші қол сермеліп артқа беріледі.

10 – лекция

Тақырыбы: Кедергімен жүгірудегі техникасын талдау

Жоспары:

1. Кедергімен жүгіру түрлері және ерекшеліктері

2. Кедергіден жүгірудегі сөрелік жылдамдықтың техникасы

Әдебиеттер:


  1. Дене тәрбиесі ілімі мен әдістемесі. Э.Ж.Тілеуов, оқу құралы. Шымкент – 2003 ж

  2. Дене шынықтыру және спорттың теориясы мен әдістемесі. П.ғ.қ.Р.Р.Аманбаев, типтік оқу бағдарламасы. Алматы – 2001 ж

  3. Теория и методика физического воспитания. ( под ред. Л.П.Матвеева и А.Д.Новикова – М: ФИС, 1976 гл. І-ІІ ).

  4. Матеев Л.П.Теория физической культуры – М.ФИС.1991 г

  5. Теория спорта / Под ред. В.Н.Платонова – К: Вищашк., 1987 г

Лекцияның мәтіні

1 Кедергімен жүгіру түрлері және ерекшеліктері. Әрбір қашықтықтарда қойылған -10 кедергіден тұратын стдиондағы жол бойымен өткізіледі. Кедергіден қарғып жүріру 110-140 м. Ара қашықтықта өткізіледі. Қатарластыра қойылған кедергіден қарғып жүгіруге жаттығу үшін : 3 адымдап жүгіру үшін кедергілерді 8,40м, 5 адымдап жүгіру үшін 9-9,14 м. Аралықта қою керек. Мектеп оқушыларының осы екі жағдайда да кедергілерден еркін қарғи жүгірулері керек. Кедергілерді жүгіру жолына орналастырып қою тәртібі төмендегідей: бірінші кедергі мәре сызығынан 13м. 72 см қашықтықта қойылады. (110м.)

2. Кедергіден жүгірудегі сөрелік жылдамдықтың техникасы



  1. Жүгіру тұрақты түрде мына дистанцияда жүргізіледі.

  2. Кедергінің ұзындығы -1,20 м. Жалпы салмағы ең аз дегенде -10 кг.

  3. Жоғары белдеменің ені -70 мм., қалындығы 10-25 мм., дейін, жоғары жағы дөңгелетілген.

  4. Барлық ара қашықтықта жүгіру жекелеген жолда өтеді, әрбір қатысушы дистанцияның аяғына дейін өз жолымен жүгіреді.

Жарысқа қатысушы аяғын немесе табанын кедергіден қолымен тыс жерден қойса, әдейі кедергіні қолымен, аяғымен құлатса жарыстан босатылады

11 – лекция.

Тақырыбы: Жеңіл атлетика сабағына және жаттығу тапсырмасы

Жоспары:

1. Жеңіл атлетикада жаттығу әдістемесінің негізі

2. Жеңіл атлетиканың түрлері

Әдебиеттер:

  1. Дене тәрбиесі ілімі мен әдістемесі. Э.Ж.Тілеуов, оқу құралы. Шымкент – 2003 ж

  2. Дене шынықтыру және спорттың теориясы мен әдістемесі. П.ғ.қ.Р.Р.Аманбаев, типтік оқу бағдарламасы. Алматы – 2001 ж

  3. Теория и методика физического воспитания. ( под ред. Л.П.Матвеева и А.Д.Новикова – М: ФИС, 1976 гл. І-ІІ ).

  4. Матеев Л.П.Теория физической культуры – М.ФИС.1991 г

  5. Теория спорта / Под ред. В.Н.Платонова – К: Вищашк., 1987 г

Лекцияның мәтіні

1. Жеңіл атлетикада жаттығу әдістемесінің негізі. Жеңіл атлетика мектептегі дене тәрбиесінің ең негізгі бір құрамы болып табылады. Жеңіл атлетикасыз мектептегі дене тәрбиесінің бірде-бір сабағы өткізілмейді десек те болады. Сондықтан ол өзінің салалығына және зор тынысыты екендігіне қарай "спорт корролевасы " деп аталады. Бұл өте дұрыс қойылған атау, өйткені жеңіл атлетиканың элементтері спорттың барлық түрлерінде қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет