ОқУ Әдістемелік кешен "ШАҒын жинақталған бастауыш мектепте оқу тәрбие процесін ұйымдастыру" ПӘні бойынша



бет18/50
Дата13.12.2022
өлшемі8,06 Mb.
#162536
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   50
Байланысты:
Шағын жинақталған мектепте оқу - тәрбие жұмысын ұйымдастыру - оқу - әдістемелік кешен

Жетіншіден, сыныптан тыс тәрбие жұмысы оқушылардың мүмкіндіктеріне сай қолдары бос уақытта (үзілісте, сабақтан кейін, мейрам немесе сенбі және жексенбі күндері, демалыстарында) ұйымдастырылады. Сонымен қатар оған кең көлемде ата-аналар мен жұршылық өкілдері қатыстырылады.
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. ШЖБМ тәрбие процесінің мақсаты
2. ШЖБМ тәрбие процесінің міндеттеріне тоқталыңдар
3. Сыныптан тыс тәрбие жұмыстарына сипаттама
4. Сыныптан тыс тәрбиелік шараға сценарий жазу


3.2 тақырып. ШЖБМ мұғалімінің кәсіптік мәдениеті және сынып жетекшісінің қызметі


Мақсаты: ШЖБМ мұғалімінің кәсіптік мәдениетін көтеруде өткізілетін шаралар түрлерімен таныстыру. Сынып жетекшісінің қызметі түрлерін меңгерту.

1. ШЖБМ мұғалімінің кәсіптік мәдениеті


2. Сынып жетекшісінің қызметі


1. ШЖБМ мұғалімінің кәсіптік мәдениеті
Шағын жинақталған бастауыш мектеп мұғалімдеріне қойылатын талап өте жоғары, олай болса мұғалімнің келбетін сипаттап көрейік:

Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған келелі мәселе – білім беру, ғылымды дамыту, өркениет біткеннің өзегі, білім, ғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ. А.Байтұрсыновтың «Мектеп керектері» еңбегінде былай делінген: «...Мұғалім қандай болса, мектеп һәм осындай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика әдістемеден хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім».«Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім мектептің жүрегі» - деп Ыбырай Алтынсарин айтқандай: қазіргі мектеп алдындағы міндеттерді шешуде мұғалімнің кәсіптік мәдениеті басты шарт екені аян. Бүгінгі таңда мұғалімнің ұстаздық тұлғасын қалыптастыру күшеймесе, кеміген жоқ. Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, жаттандылықтан аулақ, практикалық қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген психолог – педагогтік диагностика қоя білетін іскер мұғалім керек.ХХІ ғасыр мұғаліміне қойылатын талаптар зор.Мұғалім жеке көзқарасы бар, соны қорғай білетін жігерлі тұлға, зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар маман, білімді де білікті, көп оқитын, білімін күнделікті ісіне шебер қолдана білетін, өзінің оқушысын өз бетінше білім алуға үйрете алатын болу керек. Бұл - өмір талабы. Мұғалімде ұйымдастырушылық, құрылымдық, бейімділік, сараптамалық қабілеті болу шарт. Ол сонымен қоса ұлттық құндылықтарды яғни этнопедагогика, этнопсихология негіздерін меңгеру қажет, ғаламдасуға байланысты «Ғаламтор» жүйесін жетік меңгерген, әлемдік білімге сай, мәдениеті жоғары жеке тұлға тәрбиелей алатын ұстаз болу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет