Байланысты: Шағын жинақталған мектепте оқу - тәрбие жұмысын ұйымдастыру - оқу - әдістемелік кешен
2. Бейнелеуөнерін оқыту принциптері Бейнелеу өнері сабақтарында оқушыларға көркемдік білім беріледі. Көркемдік білім берудің мазмұнын бейнелеу өнері негіздерін құрайтын білімдер мен бейнелеу дағдыларының жүйесінен құралады.Бейнелеу өнерін оқыту принциптері – оқыту үрдісінің тиімділігін арттыруға қажетті дидактикалық талаптардан құралады. Олар көрнекілік, ғылымилық, бірізділік, жүйелілік, өмірмен байланыстылық, лайықтылық, саналылық түрлеріне бөлінеді.Бейнелеу өнерін оқыту әдісі дегеніміз — мұғалімнің бейнелеу өнері сабақтарында оқушылардың бейнелеу іс-әрекетіне басшылық ету тәсілдерінің жүйесі. Оқыту әдісі арқылы оқушыларды көркемдік біліммен, бейнелеудің іскерліктері мен дағдыларымен қаруландырады. Оқыту әдісі -мұғалім мен оқушы арасындағы танымдық – педагогикалық әрекет болып табылады. Бұл оқушы үшін танымдық — бейнелеу іс-әрекет болса, мұғалім үшін, оқушының көркемдік білімді меңгеруіне басшылық жасау мақсатын көздейтін қызмет. Оқыту әдісі арқылы мұғалім оқушының танымдық практикалық іс-әрекетіне жетекшілік жасайды.Бейнелеу өнерін оқыту процесі – бейнелеу өнерінің негіздерін құрайтын білімдер жүйесін меңгерту мен бейнелеу икемділігі мен дағдыларын оқушыларға меңгертуге, жеке бастың жан-жақты дамуы мен ақыл-ой тәрбиесінің алдында тұрған міндеттерді шешуге арналған мұғалімнің іс-әрекеті деп түсінеміз. Бейнелеу өнерін оқыту процесі-мұғалім мен оқушының іс-әрекетінің қосындысы. Оқыту процесі оқушының танымдық іс-әрекетіне бағытталған процесс.Оқу процесіндегі оқушылардың таным әрекетінің өзіне тән ерекшеліктері бар. Олар атап айтқанда:
1.Оқушылар ғылымдар зерттеген жүйені өздігінен оқу арқылы танып біледі. Олар ғылымның ашылған жетістіктерін игереді.
2.Оқушылардың таным қабілеттерін дамыту үшін бейнелеу өнері пәні бойынша маңызды білімдер негіздері іріктеліп алынады.
3. Оқу процесінің ерекшелігі оқушылардың оқуды әрі қарай жалғастыруға және өз бетінше еңбек әрекетіне дайындалуына қажетті іскерлік пен дағдыны игеру болып табылады.
4. Бейнелеу өнері сабағындағы таным процесі тек білім берушілік қана емес, сонымен қатар тәрбиелеушілік, дамытушылық сипатта болады. Білімді игеру барысында оқушылардың көзқарастары мен сенімдері қалыптасады.
5. Оқушылардың таным процесі олардың жастарына сай ұйымдастырылады.
6. Бейнелеу өнері сабақтарында таным процесі мұғалімнің бағыттаушылық рөлімен байланысты іс жүзінде асырылады.
Тапсырмалар 1. Бейнелеу өнері мұғалімнің әдістемелік қызметі бірнеше бағыттарға бөлінеді:
1.Оқушылардың көркемдік білімдерінің деңгейін алғашқы бейнелеу сауаттылығын, бейнелеудің іскерлігі мен дағдыларын меңгергендігіне диагностика жасау қызметі;
2.Оқушыларға көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие беру мақсатындағы оқыту үрдісін жоспарлау қызметі;
3.Оқушыларға көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие беру үрдісін ұйымдастыру қызметі;
4.Оқушыларға көркемдік білім беру мен эстетикалық тәрбие беру мақсатында ұйымдастырылған оқу — тәрбие жұмыстарына сараптау және талдау жасау.