ОқУ Әдістемелік кешен "ШАҒын жинақталған бастауыш мектепте оқу тәрбие процесін ұйымдастыру" ПӘні бойынша


тақырып. ШЖБМ ертеңгілік жаттығулар, олардың маңызы, түрлері



бет36/46
Дата11.11.2022
өлшемі350,85 Kb.
#157836
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   46
Байланысты:
шагын
318, 318, 16 НОРМАТИВНЫЕ КОЭФФИЦИЕНТЫ ИСПОЛЬЗОВАНИЯ РАБОЧЕЙ ПЛОЩАДИ СКЛАДОВ, 3.8-ресурсы ОМЖ Инсулин өндіру (1), 5кл-1 кмж, Активті және пассивті тасымалдаудың ұқсастығы мен айырмашылығы (1), Python 1-сабақ, stud.kz 16610, stud.kz 59589, асық ату
7.2 тақырып. ШЖБМ ертеңгілік жаттығулар, олардың маңызы, түрлері
Мақсаты: ШЖБМ-те ертеңгілік жаттығулардың бала өміріне маңызын түсіндіру.
1. ШЖБМ ертеңгілік жаттығулар
2. Олардың маңызы, түрлері
1. ШЖБМ ертеңгілік жаттығулар
Бастауыш мектептегі баланы дене жағынан тәрбиелеу ерекше орын алады. Мықты денсаулықтың, дененің дұрыс жетілуінің, жоғары жұмыс қабілетінің негізі нақ осы балалық шақта каланады. Мектепте дене жаттығулары мынадай түрлерге бөлінеді: таңертеңгі жаттығу, қимылды ойындар, спорттық жаттығулар, қарапайым туризм. Таңертеңгілік жаттығу балаларды ақыл – ой адамгершілік, еңбек және эстетикалық жағынан тәрбиелеу жұмысын жүзеге асыруға, олардың сергек, шат көңілді және күні бойы белсенді болуларына ықпал етуі тиіс. Таңертеңгі жаттығу балаларды сауықтыру мен тәрбиелеудегі бағалы құрал болып табылады. Таңертеңгі жаттығумен жүйелі айналысушыларда ұйқышылдық жоғалады, эмоционалдық өрлеу басталады, ең қабілеттілігі артады, балаларды тәртіптендіреді. Сөйтіп таңертеңгі жаттығу жасау алдында мүлде ерекше міндеттер қойылмайды, атап айтқанда: бала организмін «ояту», оны әрекетшіл қалыпқа келтіру, жан-жақтылыққа, бірақ бұлшық ет жүйесіне жайлап ықпал ететіндей, организмнің жүрек, тынысы және басқа функцияларының қызметін белсендіру, ішкі органдар мен сезім органдарының жұмысын стимулдау, тұлғаның дұрыс, жүрістің жақсы қалыптасуына ықпал ету, табанның қисайып кетпеуін болдырмау. Егер балалар күн сайын таңертең дене жаттығуын жасауға дағдыланса және мүдделі болса, ертеңгілік жаттығу сонысымен құнды. Осындай пайдалы әдет адамда өмір бойында сақталады. Таңертеңгі жаттығу мектепте күнде ұйымдасқан түрде бастауға мүмкіндік береді, күн кестесін дәл орындауға ықпал етеді. Бір уақыттың ішінде бірге жүргізілген бірқалыпты қимыл қызметінде жүгіріп, секіріп, үлгеріп, алып ұшқан балалар тынышталады, ал белсенділігі төмендері белсенділенеді. Мұның бәрі балалардың барлығының да көңіл күйін бірдей етеді, сергітеді, оларды келесі сабаққа даярлайды. Сөйтіп таңертеңгілік жаттығуды біден ұйқыдан кейін емес, біршама уақыт өткен соң жасағанда оның тәрбиелік маңызы кеңейеді. Ол күн кестесінің бөлінбес ұйымдастырушы сәті болады, балаларды белгілі бір тәртіпке, жинақылыққа үйретеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет