Әдістемелік нұсқаулар. Геометрияның структуралық құрылымы мен математикадағы аксиомалық тәсілдің мәні жөніндегі алғашқы көзқарасатар қалыптастыру қажет. Планиметрияны оқып үйренуге қажетті оқушылардың төменгі сыныптарда жинақтаған геометриялық дайындықтардың деңгейін анықтап алу керек.
Геометрияны оқытудың алғашқы кезеңдері қиыншылықтарының бірі, ол оқушыларға «онсыз да түсінікіті болып көрінетін» фактілерді негіздей білу бейімділігін қалыптастыру болып табылады. Бұл қиыншылық, негізінен алғашқы геометриялық фактілердің «көрнекілік ақиқаттылығынан туындайды». Сол себепті сабақ барысында оқушылар назарын геометриялық сызбалар тұжырымдаудың дәлелдемесі ретінде негізсіз қабылдауға болмайтынына аудару қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |