Әдістемелік нұсқаулар
Оқушылармен есептеулер мен тепе-тең түрлендірулер жүргізу барысында үнемі белгілі бір деңгейде математиканы оқытудың жалпы білім беру, дамыту, тәрбиелеу және практикалық мақсаттары жүзеге асады.
Есептеу, оны орындау тәсіліне байланысты үш түрге бөлінеді: ауызша, жазбаша және қосымша құралдың көмегімен есептеу. Тепе-тең түрлендірулер ауызша және жазбаша жүргізіледі. Есептеу мен тепе-тең түрлендірудің мәдениетінің негізі бастауыш мектепте қаланады. IV сыныпта теріс емес бүтін сандармен жүргізілетін төрт арифметикалық амалдар туралы мағлұматтар қайталанады және жүйеге келтіріледі.
Есептеу мен тепе-тең түрлендірудің мәдениетін дамыту мәселелері жоспарланады.
Достарыңызбен бөлісу: |