15 – практикалық сабақ
Тақырыбы: Айналу денелерінің бетін және көлемін табуға есептер шығару
Сабақтың мақсаты: Айналу денелерінің бетін және көлемін табуға есептер шығаруды меңгеру
Тапсырмалар:
«Цилиндрдің беті және көлемі» тақырыбына сабақ конспектісін дайындаңдар.
«Конустың беті және көлемі» тақырыбына есептер жүйесін шығарылуымен дайындаңдар.
Әдістемелік нұсқаулар: Айналу денелерін және олардың қималарын бейнелеуді оқушыларға арнайы таңдап алынған есептер арқылы үйретіледі. Есеп шығарғанда айналу денесінің қимасы бөлек сызып көрсетіледі және планиметрияның кейбір сұрақтары қайталанады
Әдебиеттер:
Əбілқасымова А.Е. Математиканы оқытудың теориясы мен
əдістемесі: дидактикалық əдістемелік негіздері. – Алматы, 2013. – 225 б.
Теория и методика обучения математике: общая методика : учеб. пособие / Е. А. Суховиенко, З. П. Самигуллина, С. А. Севостьянова, Е. Н. Эрентраут. − Челябинск: Изд-во «Образование», 2014. − 65 с.
Қасқатаева Б.Р. Математиканы оқытудың әдістемесі мен технологиясы. Оқу құралы. – Алматы: «Отан» баспасы, 2015. -304 бет
6. СӨЖ тақырыптары мен мазмұны
1-СӨЖ тақырыбы: Математикалық терминдер мен символдарды енгізудің, түсіндірудің жəне қолданудың əдістемесі. Теңбе-тең түрлендірулерді оқытып-үйрету əдістемесі. Математиканы есептер арқылы оқып-үйрену;
Мазмұны:
1. Математикалық терминдер мен символдарды енгізудің, түсіндірудің жəне қолданудың əдістемесі.
2.Теңбе-тең түрлендірулер, олардың түрлері, мектеп математика курсындағы орны
мен ролі
3. Жалпы білім беретін мектептің əртүрлі буындарында теңбе-теңтүрлендірулерді оқытып-үйрету.
5. Математиканы оқытудағы есептердің ролі, олардың дидактикалық қызметі;
6. Процентке, қозғалысқа, жұмысқа жəне еңбек өнімділігіне берілген есептер.
Достарыңызбен бөлісу: |