Сабақ жоспары. Сабақтың тақырыбы: Көпжақтардың көлемін табуға есептер шығару



бет1/4
Дата13.08.2017
өлшемі350,8 Kb.
#23515
түріСабақ
  1   2   3   4
Ашық сабақ жоспары.
Сабақтың тақырыбы: Көпжақтардың көлемін табуға есептер шығару.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Көпжақтардың көлемін табуға есептерді тиімді жолдармен шеше білуге үйрету. Әр түрлі деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың білімдерін тексеру.

Дамытушылық: Оқушыны ұқыпты тыңдауға, сұрақтарға нақты жауап беруге , тез шешім қабылдай білуге, өз білімін көрсете алу қасиеттерін ашуға үйрету.

Тәрбиелік: Оқушыларды ізденуге , өз бетінше есеп шығаруға, шығармашылықпен еңбек етуге баулу.
Сабақтың түрі: Практикалық. Біліктілік пен дағдыны игеру, есептер шығару сабағы.
Сабақтың көрнекілігі: Тірек сызбалары, тест, таратпа материалдар, сөзжұжбақ, көпжақтардың модельдері.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.(2мин)

а) Оқушыларды түгелдеу

б) Оқушылар назарын сабаққа аудару.
ІІ. Мұғалімнің кіріспе сөзі. Оқушылар білімін тексеру (20 мин)

«Алғырлар» және «Тапқырлар» тобы


1.Топ басшыларының теориялық білімдерін тексеру.

а) Призманың көлемі

б) Параллелепипедтің көлемі
2.Таратпа материалдар.

1 қима. Призма дегеніз не?

2 қима. Пирамида дегеніміз не?

3 қима. Параллелепипед дегеніміз не?

4 қима. Дұрыс көпжақтар дегеніміз не?
ІІІ. Тездік сұрақтары. (8мин)

1 топ

1.Көпжақ дегеніміз не ?

2.Геометрия неше бөлімнен тұрады?

3.Стреометрияның 1 аксиомасы.

4.Параллель түзулер.

5.Жазықтықтардың перпендикулярлығы

6.Айналу денелерін ата

7.Призманың биіктігі

8.Куб дегеніміз қандай көпжақ?

9.Цилиндрдің неше табаны бар ?

10.Конустың жасаушысы дегеніміз не ?
2 топ


  1. Стреометрияның 3-ші аксиомасы

  2. Перпендикуляр түзулер

  3. Жазықтықтардың параллельдігі

  4. Цилиндрдің биіктігі

  5. Тетраэдр қандай көпжақ

  6. Конустың биіктігі

  7. Стреометрияның 2-ші аксиомасы

  8. Конустың неше табаны бар?

  9. Параллелепипед

10.Призманың көлемі неге тең?


ІV.Теориялық білімді практикада іске асыру ( 25 мин)
Деңгейлік есептер.

1 деңгей (жеңіл есептер)


1) Өлшемдері 25 см,12см,6,5см болатын кірпіштің көлемін табыңдар . Жауабы:1950 см

2) Өлшемдері 7см,4см,және 3см болатын тік бұрышты параллелепипедтің көлемін табыңдар. Жауабы:84см
3) Пирамиданың табаны 2см,2см,4см,4см болатын тік бұрышты төртбұрыш .Пирамиданың биіктігі 9см.Пирамиданың көлемін тап. Жауабы:24см
2деңгей ( сәл күрделі)

1) Дұрыс төрбұрышты призманың бүйір бетінің ауданы 40 м. Биіктігін табыңдар. Жауабы : 4м
2 ) Тік төртбұрышты призманың табан қабырғалары 20см,44 см,ал биіктігі 32 см.Призманың толық бетінің ауданын табыңдар Жауабы: 3см
3) Көлемі 4см,ал табанының қабырғасы 2см-ге тең төртбұрышты дұрыс пирамиданың биіктігін табыңдар.

Жауабы:4м


3деңгей( күрделі)

1) Пирамиданың табан қабырғалары 9м және 12 мболатын тік төртбұрыш .Барлық бүйір қырлары 21,5м-ге тең пирамиданың көлемін табыңдар. Жауабы: 360м
2) Пирамиданың табаны қабырғалары 6см,6см және 8 см болатын тең бүйірлі үшбұрыш.Барлық бүйір қабырғалары 9см-ге тең.Пирмаиданың көлемін табыңдар. Жауабы:48 см

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет