Сабақтың тақырыбы: Ә. Жапаров «Қазына көтерген бала»



бет1/3
Дата26.06.2018
өлшемі251,35 Kb.
#44637
түріСабақ
  1   2   3
Жезқазған қаласы

10 орта мектебі



4 «б»сынып жетекшісі

Абдраимова Женисгул

Әдебиеттік оқу 20.11.14ж Сабақтың тақырыбы: Ә.Жапаров «Қазына көтерген бала»
Сабақтың мақсаты: білімділік мақсаты:Оқушыларды Қ.Сәтбаевтың өмірі жайлы әңгімемен таныстыру; дамытушылық мақсаты: Қ.Сәтбаев есімімен байланысты кен орындарын білгізу,оқушыларды ізденуге, ойлауға жетелеу; көркем сөйлеу іскерлігін арттыру, танымын, елестету, сезіну қабілетін дамыту;
тәрбиелік мақсаты: Туған ел байлықтарын қорғауға үйрету,ұлы адамдар өмірін үлгі ету;
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой туғызу, қызығушылығын ояту,топпен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: элекрондық оқулық , слайд
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.

Ана тілің біліп қой,

Еркіндігің, теңдігің.

Ана тілің біліп қой,

Мақтанышың, елдігің

Жоспары:

1. Топтарды таныстыру

2. Мәтінмен жұмыс

3. Сұрақтарға жауап алу

4. Топтарға мәтін бойынша тапсырмалар беру

5. Сергіту сәті

6.Қосымша кітаптармен жұмыс

7.Қосымша деректер

8. Қорытындылау.Бағалау.

Сабақ барысы
I.Ұйымдастыру

Топтарды таныстыру:


1-топ: Әдебиет орталығы

2-топ: Дүниетану орталығы

3-топ: Өнер орталығы

Әр топ бір-біріне тілек айтады.



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Бірнеше оқушыдан сұрау.

Сұрақ-жауап алу.

-Құрманғазы Динаға қандай әңгіме айтты?

-Күйшінің бұл әңгімесінен оның өмірі жөнінде не түсіндің?

-Құрманғазының анасына арнап шығарған күйі қалай аталады?

-Бұл күйді қай кезде шығарған?

-Күйшіні не үшін тұтқынға алды деп ойлайсың?

- Құрманғазыны тұтқынға алып, қолын байлаған кездегі

-Динаның көңіл күйі қандай болғанын мәтіннен тауып оқы.

-Құрманғазының түрмеге кетердегі сөзін дауыс ырғағына

келтіріп оқы?



-Бұл сөзді оқығанда өзің қандай сезімде болдың?


III.Жаңа сабақ

1.Қызығушылықты ояту

- Мен мынадай қоржын әкелдім, оның ішінде не бар деп ойлайсыңдар?

-Оны білу үшін Әнуар Жапаровтың «Қазына көтерген бала» әңгімесін оқып танысайық

2.Оқулықпен жұмыс

Электрондық оқулықтан мәтінді тізбектеп оқу

- Қ .Сәтбаев туралы не білесіңдер?

-Мәтін кім туралы? (1-слайд, 2-слайд-Қ.Сәтбаевтың балалық шағынын фотосурет)


3.Мәтінмен жұмыс

Сұрақтарға әр топ кезектесе жауап береді (3-слайд)


  1. Балалар қапшықтың ішінде не бар деп ойлады? Неліктен?

  2. Қапшықтың ішінен не шықты?

  3. Қаныш қандай сурет салған екен?

  4. Оның әр нәрсені білуге ынтазар бала болғанын неден аңғаруға болады?

  5. Әңгімеден Қаныштың бойындағы қандай қасиеттерін байқадыңдар?

  6. Қаныш туралы ұстазы не деді?

  7. Қаныш тастарды неге әкелді деп ойлайсыңдар?

4.Топтармен жұмыс.Ой толғаныс.

Топтарға жеке тапсырмалар беріледі (4-слайд)



  • Қанышқа мінездеме беру

  • Қаныштың бойында қандай өнері болған?

  • Мәтіннен дүниетануға байланысты деректерді табу

5. Сергіту сәті (5-слайд)

6. Қосымша әдебиетпен жұмыс (6-слайд)

Әдебиет орталығы : Қаныштың өмірбаянын әңгімелеу

Дүниетану орталығы: Қаныш еңбектері туралы тауып оқу

Өнер орталығы: Мәтінде ұстаздың көз алдына елестеген көріністі бейнелеу

8.Қосымша деректер (7,8,9,10-слайд)





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет