1-жаттығу. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз (Ответьте на вопросы).
Қандай қызметкер коммерциялық құпияны жарияламау туралы жеке жазбаша міндеттемеге қол қояды? Міндетеме неше данада жасалады? Міндеттеме неше жыл сақталады? Конфиденциалды мәліметтер мен құжаттарға рұқсат берілген кәсіпорынның қызметкерлері рұқсат алардан бұрын не алады? Мұндай қызметкерлер немен таныстырылуы тиіс? Жаднаманы қандай қызмет жасайды? Оған кім қол қояды? Жаднаманы кім бекітеді?
2-жаттығу. Сөз формаларының тиістісін таңдап алып, жақшаны ашыңыз (Раскройте скобки, выбрав подходящую форму слова)
Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексі коммерциялық (құпияны, құпияның, құпияға, құпиямен) жатқызылуы мүмкін мәліметтердің (тізімінің, тізімін, тізімінде, тізімің) көрсетеді. Кәсіпорынның (өзін, өзі, өзінің, өзіненен, өзім) заң негізінде коммерциялық құпияға жатқызылатын (мәліметтерден, мәліметтермен, мәліметтердің, мәліметтерін) тізімін нақты анықтайды. Кәсіпорын басшылығы коммерциялық құпияға жататын мәліметтердің сипаты мен (көлемде, көлемін, көлемінің, көлемінсіз) өзі анықтайды және бұл мәліметтерді жария (болуға, болумен, болудан, болудың) қорғайды, құпия мәліметті білетін (адамдарға, адамдармен, адамдарын, адамдардың, адамдардан) тізімін белгілейді.
3-жаттығу. Мәтінге морфологиялық талдау жасаңыз. Баяндауыш етістіктің қай шақта тұрғанын анықтаңыз (Сделайте морфологический разбор текста. Определите в каком времени выражено сказуемое).
Мемлекеттік үкімет орындары коммерциялық құпияны анықтау мен сақтауға заңда көрсетілген жағдайлардан басқа уақытта араласа алмайды. Коммерциялық құпияны қорғау үшін кәсіпорын әкімшілігі құпия мәліметті қорғаудың техникалық шарттарын белгілейді.
4-жаттығу. Жіктеңіз (Проспрягайте).
Мен
|
жаз-а-мын
|
айт-а-мын
|
қара-й-мын
|
сүйе-й-мін
|
Сен
|
|
|
|
|
Сіз
|
|
|
|
|
Ол
|
|
|
|
|
Біз
|
жаз-а-мыз
|
айт-а-мыз
|
қара-й-мыз
|
сүйе-й-міз
|
Сендер
|
|
|
|
|
Сіздер
|
|
|
|
|
Олар
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |