2-жаттығу. Сөз формаларының тиістісін таңдап алып, жақшаны ашыңыз (Раскройте скобки, выбрав подходящую форму слова)
Кәсіпорын немесе құрылымдық бөлімше қандай да бір мәселе бойынша бұйрықты (әзірлеумен, әзірлеулік, әзірлеудің, әзірлеуге) бастама көтеруі мүмкін. Бұйрықтың жобасын дайындаудың бірінші кезеңі онда көрінетін мәселелер тобымен (айқындалар, айқындалып, айқындалады, айқындалса). Екінші (кезеңнің, кезеңімен, кезеңдер, кезеңде) қойылған мәселенің мәні бойынша қажетті мәліметтер жинау жүзеге асырылады. Қажетті (құжатты, құжатқа, құжаттың, құжатында) жинау мен зерделеу негізінде бұйрықтың жобасы әзірленеді. Бұйрықтың жобасын басшының тапсырмасы бойынша (кәсіпорынға, кәсіпорында, кәсіпорынның, кәсіпорынын) маманы дайындайды.
3-жаттығу. Төменде берілген сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып сөйлем құрастырыңыз (Составьте предложения, используя слова и словосочетания).
Бұйрықтың мәтіні, қажетті мәліметтер, жоба, маман, әзірлеу, жүзеге асыру, жеке құрам, бөлім, тармақ, шара қолданылсын, жақсарту қажет.
4-жаттығу. Қазақ тіліне аударыңыз (Переведите на казахский язык).
Второй этап, нумеруются, обеспечить, осуществляет контроль, глагол, контроль исполнения, информация, исполнительный срок, оформляются, экземпляр, подпись, дата, содержание, ознакомление с приказом.
5-жаттығу. Көп нүктенің орнына тәуелдік жалғауларын қойып, сөйлемдерді көшіріп жазыңыз. Тәуелдік жалғаудың қай жақта қолданылып тұрғанын анықтаңыз (Перепишите предложения, заменяя многоточия притяжательной формой существительных, стоящих в притяжательной форме).
Нақты орындаушыға дейін ақпараттың жету уақыт…н есепке алу керек. Бұйрықтың мәтін… өзара байланысты екі бөлімнен тұрады. Әрбір тапсырма үшін жеке орындау мерзім… белгіленеді. Бұйрықты бұлжытпай орындау сенің міндет… . Менің бұрық…ды неге орындамадың? Біздің тапсырма… орындалды. Бұйрықтың жоба…н дайындаумен айналысатын мамандардың жеткілікті құзірет… оның сапа…ның ең басты шарт… болып табылады.
6-жаттығу. Берілген сөздерді үш жақта, ортақ және оңаша түрде тәуелдеңіз (Образуйте притяжательную форму в трех лицах частного и общего вида).
Орындаушы, бастық, бұйрық, көшірме, жоба, бастама, тапсырма.
Достарыңызбен бөлісу: |