Грамматикалық мәлімет
Бұйрық рай бұйрық, өтініш, кеңес, талапты білдіреді.
Повелительное наклонение выражает волю говорящего, побуждение к действию, направленное на одно лицо.
Жекеше
І жақ. Мен орында – йын, тағайындал – айын, төле – йін, көр - ейін
ІІ жақ. Сен орында, тағайындал, төле, көр
Сіз орында – ңыз, тағайындал – ыңыз, төле – ңіз, көр - іңіз
ІІІ жақ. Ол орында – сын, тағайындал – сын, төле – сін, көр – сін
Көпше
І жақ. Біз орында – йық, тағайындал – айық, төле – йік, көр - ейік
ІІ жақ. Сендер орында - ңдар, тағайындал - ыңдар, төле - ңдер, көр - іңдер
Сіздер орында – ңыздар, тағайындал – ыңыздар, төле – ңіздер, көр - іңіздер
ІІІ жақ. Олар орында – сын, тағайындал – сын, төле – сін, көр – сін
1-жаттығу. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз (Ответьте на вопросы) (Ответьте на вопросы).
Бұйрық деп қандай құжатты айтамыз? Мазмұнына қарай бұйрықтар қалай бөлінеді? Бұйрық қандай мәселелерге қатысты шығарылады?
2-жаттығу. Сөз формаларының тиістісін таңдап алып, жақшаны ашыңыз (Раскройте скобки, выбрав подходящую форму слова)
Кәсіпорынның ағымдағы (қызметінің, қызметінде, қызметі, қызметпен) бұйрық-жарлық құжаттары арқылы реттеліп, басқарылып отырады. Бұйрық беру (құқығын, құқығынан, құқығына, құқығы) бірінші басшы ие. Бұйрықтың жобасы кәсіпорын мамандары (тараптары, тарапымен, тарапынан, тарапына) әзірленеді. Егер мәтінде (бұйрыққа, бұйрықтың, бұйрықпен, бұйрықтан) аяқталу мерзімі көрсетілмесе, оның күші тұрақты болады. Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар кәсіпорынның бланкісіне (толтырады, толады, толтырғызады,толтырылады).
3-жаттығу. Төменде берілген сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып сөйлем құрастырыңыз (Составьте предложения, используя слова и словосочетания).
Бұйрық, жеке құрам, жұмысқа қабылдау, тағайындалсын, жүктелсін, босатылсын, қабылдансын, штаттық кестеге сәйкес, бастық.
4-жаттығу. Қазақ тіліне аударыңыз (Переведите на казахский язык).
О приеме на работу, принять меры, повысить, усилить, обратить внимание, активизировать, в соответсвии, в целях, подготовить, зачислить, организовать, обеспечить, возложить, разработать, приложение к приказу, уволить с занимаемой должности.
5-жаттығу. Көп нүктенің орнына бұйрық райдың тиісті жұрнақтарын қойып, сөйлемдерді көшіріп жазыңыз (Перепишите предложения, вставляя вместо многоточий окончания повелительного наклонения).
Кадрлар бөлімінің инспекторы Ж. Тастанбеков басқа қызметке ауысуына байланысты жұмыстан босатыл… . Барлығымыз ұжым болып бұйрықты бұлжытпай орында… . Қазақ тілін үйрен… деген ниеті бар адам ғана үйрене алады. Сіз жұмысқа кешікпей кел… . Мен алдымен құжат мазмұнымен танысып ал… . Сендер қате жібермеуге тырыс… .
6-жаттығу. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін бұйрық рай тұлғасында жіктеңіз (Проспрягайте данные слова и словосочетания в форме повелительного наклонения).
Қол қою, бұйрық шығару, танысу, өзгеріс енгізу, ұйымдастыру, тексеру, тапсыру.
Достарыңызбен бөлісу: |