Бақылауға арналған сұрақтар:
Кребс циклы теңдеулерін жазу.
Триглицеридтердің биосинтезі сатылары.
Ұсынылатын әдебиет:
1. Сейітов З.С. Биохимия, Алматы, 1991.
2. Сейтембетов Т.С., Төлеуов Б.М. Биологиялық химия. Қарағанды, 2007.
№ 6 Дәріс
Тақырыбы: Нуклеин қышқылдары.
Мақсаты: Нуклеин қышқылдары туралы мағлұмат беру.
Түйіндік сөздер: Азотты негіздер, пурин, пиримидин, аденин, гуанин, урацил, тимин, цитозин, мононуклеотид, комплементерлық, антипараллельдік, репликация, траскрипция, мутация, генетикалық информация, генетикалық код, кодон.
Негізгі мәселелер мен қысқаша мазмұны:
Нуклеин қышқылдары, олардың құрамы, химиялық табиғаты. Нуклеин қышқылдарының құрамына кіретін азотты – пуриндік және пиримидиндік негіздер. Мононуклеозидтер, мононуклеотидтер, динуклеотидер және полинуклеотидтер. ДНҚ, құрамы, химиялық табиғаты, құрылым деңгейлері. Чаргафф ережелері, ДНҚ молекуласының комплементарлығы, антипараллельдігі, репликациясы және транскрипциясы. ДНҚ-ның тұқым қуалау белгілерін сақтаудағы маңызы.
РНҚ, құрамы, химиялық табиғаты, құрылысы және қасиеттері. РНҚ түрлері, иРНҚ, тРНҚ, аРНҚ, олардың қызметі. РНҚ биосинтезі. Генетикалық код және генетикалық информация.
Достарыңызбен бөлісу: |