3-жұмыс
Витаминдерге тән сапалық реакциялар
Сабақтың мақсаты: А, Д және С витаминдеріне тән сапалық реакциялармен танысу.
Әдістің принципі: Сапалық реакциялар витаминдердің химиялық құрылыстарының айырмашылықтарына негізделген.
Реактивтер мен құралдар:
Балық майы
Үшхлорлы сурьманың хлорформдағы ерітіндісі
Концентрлі күкірт қышқылы
Тұз қышқылы мен анилин қоспасы (анилиннің 15 бөлігі және концентрлі тұз қышқылының 1 бөлігі)
Аскорбин қышқылының ертіндісі
Калий ферроцианидінің K3[Fe (CN)6] қаныққан ерітіндісі
Хлорлы темірдің 1 %-ті ерітіндісі
Спирт шамы
Пробиркалар
Жұмыстың орындалу тәртібі:
А витамині
1. Үшхлорлы сурьмамен реакция
Құрғақ пробиркаға 1 мл балық майын, 10-12 тамшы үшхлорлы сурьманың қанық хлороформды ерітіндісін құйып, жақсылап араластырады. Егер А витамині болса, бірте-бірте қызыл түске ауысатын көгілдір түс пайда болады.
2. Күкірт қышқылымен реакция.
Құрғақ пробиркаға 1 мл балық майын, 1 мл концентрлі күкірт қышқылын құйып, жайлап араластырады.
Егер А витамині болса, алғашқыда күлгін, сосын бірте-бірте қызыл-қоңыр түс пайда болады.
Д витамині
1. Анилинмен реакция.
Құрғақ пробиркаға 1 мл балық майын, 1 мл анилин мен тұз қышқылы қоспасын құйып, араластырады. Араластыра отырып қыздырады. Сөйтіп қайнағанға дейін жеткізіп, жарты минут қайнатады. Егер Д витамині болса, сары түсті эмульсия алғашында жасыл түске боялып, сосын қызыл түске ауысады.
С витамині
Берлин лазурі түзілу реакциясы.
Пробиркаға 1-2 мл аскорбин қышқылының, 1-2 тамшы калий феррицианидінің және 1 тамшы 1 % хлорлы темірдің ертінділерін құяды. Көгілдір немесе жасыл түс пайда болып, біраз тұрғаннан кейін берлин көгінің тұнбасына айналады.
Бұл реакция аскорбин қышқылының тотыға келе калий феррицианидін тотықсыздандырып, оны калий феррицианидіне айналдыру процесіне негізделген.
Калий феррицианиді хлорлы темірмен реакцияға түсіп, берлин көгінің көк түсті тұнбасын түзеді.
3К4[Fe(CN)6] +4FeCl3→Fe4[Fe(CN6)]6+12KCl
калий феррицианиді берлин лазурі
Егер аскорбин қышқылы болмаса, калий феррицианиді мен хлорлы темір қоңырқай түсті ертінді береді.
Қосымша нұсқаулар
Калий феррицианиді ертіндісі жаңадан дайындалып, суықта қанығуы керек.
Үшхлорлы сурьмамен реакция жүргізгенде құрғақ пробиркаларды пайдалану қажет, ал пробикалар ылғал болса, онда үшхлорлы сурьмадан сурьманың хлороксиді пайда болып, ол А витаминімен реакцияға түспейді.
Өз бетімен дайындалуға арналған тапсырма
Суда және майда еритін витаминдердің толық сипаттамасын бейнелейтін кесте сүлбе сызу. Оқулық пен лекция конспектілері бойынша «Витаминдер» тарауына дайындалу.
Достарыңызбен бөлісу: |