Бақылауға арналған сұрақтар:
Мононуклеотидтердің құрылымдық формуласын жазу.
Полинуклеотид тізбегін құру.
ДНҚ-ның құрылым деңгейлері.
Ұсынылатын әдебиет:
1. Сейітов З.С. Биохимия, Алматы, 1991.
2. Овчинников Ю.А. Биоорганическая химия, М., 1986.
3. Петров А.А., Бальян Х.В., Трощенко А.Т. Органикалық химия. –М., ВШ, 1981.
№ 7 Дәріс
Тақырыбы: Ақуыздардың алмасуы.
Мақсаты: Ақуыздардың алмасуы туралы мағлұмат беру.
Түйіндік сөздер: азот балансы, ақуыз минимумы, биосинтез, инициация, элонгация, терминация.
Негізгі мәселелер мен қысқаша мазмұны:
Ақуыздардың қоректік маңызы, азот балансы, ақуыз минимумы. Толыққанды және толыққанды емес ақуыздар. Ақуыздардың қорытылуы және сіңірілуі. Амин қышқылдарының тканьдерде ыдырауы, ақырғы өнімдер. Аммиакты заласыздандыру. Күрделі ақуыздардың қорытылуы.
Ақуыз биосинтезі. Биосинтез сатылары – инициация, элонгация және терминация. Амин қышқылдарының активтенуі және рибосомаларға тасымалдануы. Алғашқы пептидтік байланыстың түзілуі және тізбектің ұзаруы. Инициация, элонгация және терминация факторлары, қажетті ферменттер.
Достарыңызбен бөлісу: |