Қосымша нұсқау
Таблицадағы көрсетілген рН мәні буферлі ерітінділердің компоненттерінің дәл көлемі араласқанда ғана болады.
Проблемалық сұрақтар
Ферменттер активтілігінің ортаның рН-ына тәуелділігін қалай түсіндіруге болады?
Организмнің буферлі жүйесінің ферменттер әсеріне қандай маңызы бар?
Крахмал ерітіндісі түсінің өзгеруін тіркей отырып, оны крахмалдың ыдырауына байланыстырып түсіндіру.
Өз бетімен дайындалуға арналған тапсырма
Жұмысты жақсы орындау үшін оқулық пен лекция конспектілерінен ферменттердің жалпы қасиеттерімен танысыңдар.
7-жұмыс
Гормондарға сапалық реакциялар
Әдістің принципі. Бұл тәсіл гормондардың химиялық құрылысына байланысты түрлі-түсті реаакциялар беруіне негізделген.
Жұмыстың мақсаты. Адреналин, инсулин және фолликулин гармондарына сапалық реакциямен танысу.
Достарыңызбен бөлісу: |