Оқу-әдістемелік кешен


Курстың қысқаша ұйымдық- әдістемелік сипаттамасы



бет7/32
Дата07.06.2020
өлшемі390,5 Kb.
#72557
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   32
Байланысты:
УМКД Биохимия

1.6 Курстың қысқаша ұйымдық- әдістемелік сипаттамасы
1.6.1 Білім берудің және оқу жетістіктерін бақылаудың негізгі түрлері мен әдістері

Кредиттік технология ережесіне сәйкес студенттер білімі балдық рейтингтік жүйе бойынша бағаланады. Бағалау саясаты объективтілік, айқындылық, икемділік және жоғары дифференциалдығы принциптеріне негізделуі керек. Қорытынды баға келесілерден тұрады:

- Рейтингтік бақылау;

- Емтихан.

Пән оқытушысы семестрдің әрбір 8 және 15 аптада 100 балдық шкала бойынша рейтингтік бақылаудың нәтижесін шығарады.

Курсты оқу кезінде сізде келесідей тапсырмалар болады:

1. Аудиториядағы сабаққа белсене қатысу, сөзжұмбақтар, кейс-тапсырмалар, іскерлік ойындар, шағын тестілер (аудитория мен үй жұмысы)

2. Жазбаша жұмыстар

- бақылау жұмыстары, сауалдар

- қысқаша баяндамалар

- ғылыми зерттеу жұмысы

3. Топтық жоба

4. Презентация

5. Қорытынды бақылау

Айталық, 1-аттестация балын алу үшін Сіз өз біліміңіз бен пәнді түсінгендігіңізді көрсететін тапсырмаларды орындауыңыз керек, атап айтқанда Сіз шағын тестілерге, кейс-тапсырмаларға, бақылау жұмыстарына, әр түрлі тақырыптар бойынша қысқаша баяндамалар дайындауға және басқа да өз бетінше орындайтын жұмыстарға (СӨЖ) дайын болғаныңыз жөн. Ең жоғары балл алу үшін Сіз мәселені түсініп, терминдерді меңгеріп, толық қисынды жауап бере алуыңыз қажет.

Алғашқы 7 аптада практикалық сабақта 5 шағын тестілеу, кейс-тапсырмалар беріледі. Бұл сабақ түрлерінің әрқайсының үлес салмағы 2%-дан. Жиыны 10%.

Бақылау жұмысы (сауал жасау) 3-аптадан 5-аптаға дейінгі кезеңнің кез келген уақытында белгіленіп, ең жоғарысы 40%-н асырылмай бағаланады.

Оқытушы алдын ала берген тақырыптар бойынша қысқаша жазбаша баяндаманы тапсыру 6-7-апталарда қабылданатын болады. Баяндаманы бағалаудың ең жоғары шегі 50%.

2-аттестация бойынша балл алу үшін Сіз алған біліміңізді және қажетті ақпаратты қолдану, талдау және синтездеуіңізді көрсететін тапсырмаларды орындағаныңыз жөн. Сіз топпен жұмыс жасауға дайын болуыңыз, ғылыми-зерттеу және басқа да өз бетімен жұмыстарды (СӨЖ) орындауыңыз керек.

Қалған 8 аптада Сізге практикалық сабақтарда 5 шағын тестілеу, кейс-тапсырмалар беріледі. Бұл сабақ түрлерінің әрқайсының үлес салмағы 2%-н. Жиыны 10%.

Презентацияны пайдаланып топтық жобаны қорғау 11-аптадан бастап 12-аптаға дейінгі кезеңде жүргізілетін болады. Ең жоғары балл – 50%.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарын қорғау 14-аптадан 15-аптаға дейінгі кезеңде жүргізілетін болады. Ең жоғары баллы – 40%.

Оқытушы топтық жоба мен ғылыми-зерттеу бағалаған кезде Сіздің креативтілігіңіз, материалдың нақты мазмұнын бере алуыңыз, шешендік өнеріңіз, әдебиет көздерінен мысал келтіре алуыңыз, әдебиеттердің кең көзін пайдалануыңыз және т.б. ескерілетін болады.

Кеңес беру және орындалған тапсырмаларды қорғау аудиториядан тыс, күннің қалған жартысында студенттердің оқытушының жетекшілігімен өз бетімен жұмыстар орындауына арналған уақытта жүзеге асырылады.

Барлық тапсырмалар арнайы жасақталған кестеге сәйкес тапсырылғаны жөн.

Барлық талаптар орындалған жағдайда студент емтиханға жіберіледі.

Екі аттестация қорытындысы бойынша 30 баллдан (50%) төмен балл алған студент емтиханға жіберілмейді.

Қорытынды баға келесі формуламен есептеледі:

U = (Р1 + Р2 : 2) *0,6+ Е*0,4

Р1–бірніші рейтингтің сандық эквиваленті;

Р2–екінші рейтингтің сандық эквиваленті;

Е –емтихандағы бағаның сандық эквиваленті.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет