Оқу әдістемелік кешен



бет8/22
Дата05.11.2016
өлшемі2,59 Mb.
#945
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22

10 сабақ

Баяндау хат


(Докладные записки)
Баяндау хат – кәсіпорын басшысына арналған немесе тұжырымдар мен ұсыныстардан тұратын, жұмысты орындау туралы құбылыс, фактісі бар қалыптасқан оқиға туралы жоғары тұрған органға ақпарат беретін құжат. Жоғары тұрған басшыны қандай да бір фактілер, оқиғалар туралы хабардар ету жағдайында автордың бастамасы немесе басшының нұсқауы бойынша жасалады. Баяндау хатта баяндалған мәселе бойынша құрастырушының ұсынысы да болуы мүмкін. Мақсаты – басшының белгілі бір шешім қабылдауына ықпал ету.

Баяндау хаттың мазмұнын ашатын тақырыбы болады. Құжаттың осы түрін ресімдеу адресатқа байланысты. Баяндау хат ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді.

Баяндау хаттың күні оған қол қойылған күн болып есептеледі. Кәсіпорын қызметінің негізгі қызметі бойынша баяндау хаттар 5 жыл сақталады.

Мәтінге арналған сөздік

Словарь к тексту

Баяндау хат – докладные записки

кәсіпорын – предприятие

басшысы – руководитель

тұжырымдар – выводы

ұсыныстар – предложение

құбылыс – явление

қалыптасқан оқиға – сложивщаяся ситуация

жоғары тұрған – вышестоящий

бастама – инициатива

нұсқау – указание

құрастырушы – составитель

шешім қабылдау – принять решение

мазмұн – содержание

ашатын – раскрывающий

ресімдеу – оформление

5 жыл сақталады – хранятся 5 лет


Баяндау хат үлгісі

(Форма докладной записки)



Өндірістік-техникалық бөлім

БАЯНДАУ ХАТ

00.00.00.

М.Д. Сағатовты іссапарға жіберу туралы


____________________ байланысты өндірістік-техникалық бөлімнің менеджері М.Д. Сағатовты «Формаз» зауытына 00.00.00 – 00.00.00 дейін іссапарға жіберуіңізді өтінемін.

ӨТБ-нің бастығы қолы аты-жөні


Производственно-технический отдел


ДОКЛАДНАЯ ЗАПИСКА

00.00.00
О командировании Сагатова М.Д.


В связи ___________________ прошу командировать менеджера производственно-технического отдела Сагатова М.Д. на завод «Формаз» с 00.00.00. по 00.00.00.
Начальник ПТО подпись И.О. Фамилия




1-жаттығу. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз (Ответьте на вопросы).
Баяндау хат деп құжаттың қандай түрі аталады? Баяндау хат қандай жағдайларда, нендей себептермен жасалады? Баяндау хатта баяндалған мәселе бойынша кімнің ұсынысы болуы мүмкін? Баяндау хаттың мақсаты не? Баяндау хаттың мазмұнын ашатын несі болады? Баяндау хатты ресімдеу кімге байланысты болады? Баяндау хат қалай және нешеге бөлінеді? Баяндау хаттың күні қай күн болып есептеледі? Баяндау хаттар неше жыл сақталады?
2-жаттығу. Жіктеңіз (Проспрягайте).
Мен солмын мынаумын Біз _________ __________

Сен _________ __________ Сендер _________ __________

Сіз _________ __________ Сіздер _________ __________

Ол _________ __________ Олар _________ __________




3-жаттығу. Сөз формаларының тиістісін таңдап алып, жақшаны ашыңыз (Раскройте скобки, выбрав подходящую форму слова).
Баяндау хат – ұйым (басшысымен, басшысына, басшысын, басшысының) қандай да бір мәселені жан-жақты қамтып баяндаған, қорытынды, ұсыныстар (жасамаған, жасаған, жасап, жасай, жасасатын) құжат. (Ұйымға, ұйымның, ұйымдағы, ұйыммен, ұйымнан) өз ішіне арналған баяндау хаттар қолмен (жазылар, жазылып, жазысып, жазатын) жазған адамның қолы қойылады, мерзімі (көрсетілді, көрсетіліпті, көрсетіледі, көрсетілген). Сонымен қатар, мекеменің (атауға, атауының, атауы, атауымен), құрылымдық (бөлімшеге, бөлімшелер, бөлімшеде, бөлімшенің) атауы, құжат аты, жазылған орны, мәтін тақырыбы, кімге (арналыпты, арналса, арналғаны, арналар, арналатын) көрсетіледі. Баяндау хат мекеменің (атымен, атында, атынан, атындағы, атын) жоғары жаққа арналса, компьютерге басылып, мекеме басшысы қол қояды.
4-жаттығу. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыз (Переведите на казахский язык).
Баяндау хат – ұйым басшысына қандай да бір мәселені жан-жақты қамтып баяндаған, қорытынды, ұсыныстар жасаған құжат. Ұйымның өз ішіне арналған баяндау хаттар қолмен жазылып, жазған адамның қолы қойылады. Мерзімі көрсетіледі. Сонымен қатар, мекеменің атауы, құрылымдық бөлімшенің атауы, құжат аты, жазылған орны, мәтін тақырыбы, кімге арналғаны көрсетіледі.

Баяндау хат мекеменің атынан жоғары жаққа арналса, компьютерге басылып, мекеме басшысы қол қояды.


5-жаттығу. Төменде берілген есімдіктерді қатыстырып сөйлем құрастырыңыз (Составьте предложения с данными местоимениями).
Мен, кім, өзі, сонау, сіз, мына, қашан? өзіңіз, осы, сол, қандай?
Тест тапсырмалары
1. Кәсіпорын басшысына арналған немесе тұжырымдар мен ұсыныстардан тұратын, жұмысты орындау туралы құбылыс, фактісі бар қалыптасқан оқиға туралы жоғары тұрған органға ақпарат беретін құжат

А) жедел хат

В) өтініш хат

С) баяндау хат

D) ұсыныс хат

Е) бастама хат


2. Кәсіпорын қызметінің негізгі қызметі бойынша баяндау хаттар неше жыл сақталады?

А) 3 жыл


В) 5 жыл

С) 2 жыл


D) 10 жыл

Е) 8 жыл


3. Белгісіздік есімдігін көрсетіңіз.

А) анау


В) біреу

С) біз


D) қанша

Е) неше
4. Болымсыздық есімдігін көрсетіңіз.

А) мен

В) ешбір


С) болмайды

D) әркім

Е) қай
5. Жалпылау есімдігін табыңыз.

А) бұл

В) өзім


С) барлық

D) өзі

Е) ешкім


11-сабақ

Түсініктеме

(Объяснительные записки)

Түсініктеме – негізгі құжаттың (жоспардың, есептің, жобаның) жекелеген ережелерін немесе қандай да бір фактінің, оқиғаның себептерін түсіндіретін құжат. Мазмұны бойынша түсініктеме екіге бөлінеді. Бірінші топқа негізгі құжатқа (жоспарға, есепке) ілесіп жүретін және негізгі құжаттың жекелеген ережелерін түсіндіретін құжаттар кіреді. Олар кәсіпорынның жалпы бланкілерінде ресімделеді.

Екінші топқа қандай да бір оқиғалар, қалыптасқан жағдайлар, жекелеген қызметкерлердің әрекеттері мен тәртібіне байланысты түсіндірме жазбалар енеді. Мұндай жазбалардың мәтіні дәлелді, қысқа болуы керек. Баяндау хаттар сияқты олар ішкі және сыртқы болып бөлінуі мүмкін. Құрылымдық бөлімшелердің немесе мекемелердің басшыларына берілетін ішкі түсініктемелер компьютермен бастырылған түрде немесе қолмен жазылған түрде таза қағазға ресімделеді. Жоғары тұрған органдарға жіберілетін сыртқы түсініктемелерге кәсіпорынның басшылары қол қояды және хаттар, факстерге арналған жалпы бланкіде ресімделеді.



Мәтінге арналған сөздік

Словарь к тексту

түсініктеме – объяснительная записка

негізгі құжат – основной документ

жоспар – план

есеп – отчет

жоба – проект

жекелеген – отдельные

ереже – положение

мазмұн – содержание

бөлінеді – делятся

ілесіп жүретін – сопровождающий

ресімделеді – оформляются

құрылымдық бөлімше – структурное подразделение

оқиға – происшествие

қалыптасқан жағдай – сложившаяся ситуация

жекелеген қызметкерлер – отдельные работники

ішкі түсініктемелер – внутренние объяснительные

қолмен жазылған түрде – рукописным способом

жоғары тұрған органдар – вышестоящие органы


Түсініктеме үлгісі

(Форма объяснительной записки)



Бағалы қағаздар бөлімі Банк басқармасы

ТҮСІНІКТЕМЕ төрағасының орынбасары


    1. ______________________

Бөлімнің 2007 жжылдың ІІІ тоқсанына арналған жиынтық есебін факс-модем байланысының бұзылуына және банктің Алатау филиалындағы есеп беру мәліметтерінің болмауына байланысты көрсетілген мерзімде өткізе алмадық.


Бөлім бастығы қолы аты-жөні

Отдел ценных бумаг Заместителю председателя


ОБЪЯСНИТЕЛЬНАЯ ЗАПИСКА правления банка

    1. _______________________

Сводный отчет отдела за ІІІ квартал 2007 г. не был представлен в указанный срок в связи с повреждением факс-модемной связи и отсутствием отчетных данных Алатауского филиала банка.


Начальник отдела подпись И.О. Фамилия




1-жаттығу. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз (Ответьте на вопросы).
Қандай құжат түсініктеме деп аталады? Мазмұны бойынша түсініктеме нешеге бөлінеді? Бірінші топқа қандай құжаттар кіреді? Олар қалай ресімделеді? Екінші топқа нелер енеді? Мұндай жазбалардың мәтіні қандай болуы керек? Олар қалай бөлінуі мүмкін? Құрылымдық бөлімшелердің немесе мекемелердің басшыларына берілетін ішкі түсініктемелер қалай ресімделеді? Жоғары тұрған органдарға жіберілетін сыртқы түсініктемелер қалай ресімделеді?
2-жаттығу. Негізгі және туынды етістіктерді екі бөліп теріп жазыңыз, олардың басты белгілерін атаңыз (Выпишите отдельно корневые и производные глаголы, назовите их основные признаки).
Кез-келген елдің тілдік кеңістігінде мемлекеттік тілден басқа, бір жерге шоғырланған этникалық топтардың тілдері болады. Бұл тілдердің қолданылуы, әдетте, отбасылық-тұрмыстық сала аясынан аспайды.

Ана тілін білу – ана тілін сақтаудың қажетті шарты. Сондықтан Қазақстан халықтарының тілдерін оқытып үйретуге және ол тілдердің қолданыста болуына жағдай туғызуды мемлекет өз міндетіне алады.


3-жаттығу. Туынды етістіктердің жұрнақтарын түбірден сызықшамен бөліп жазыңыз (Выделите суффиксы производных глаголов).
Жүрексін, жалбыра, көлкі, көшір, жалғызсыра, байы, күмпи, бүріс, ойла, ойна, орналас, кешік, пайымда, тамақтан, қызықта, абайла, әндет, жалқаулан, жарала, киін, оқыт, жұдырықта.
Тест тапсырмалары
1. Негізгі құжаттың (жоспардың, есептің, жобаның) жекелеген ережелерін немесе қандай да бір фактінің, оқиғаның себептерін түсіндіретін құжат.

А) анықтама

В) түсініктеме

С) түйін


D) хаттама

Е) жобалау


2. Мазмұнына қарай түсініктеме нешеге бөлінеді?

А) үшке


В) беске

С) екіге


D) төртке

Е) алтыға


3. Негізгі етістікті табыңыз.

А) қара


В) сана

С) өшір


D) тұрғыз

Е) айтыс
4. Туынды етістікті табыңыз.

А) жүгір

В) байла


С) ойла

D) сөйле

Е) түсін
5. Есімнен жасалған туынды етістікті табыңыз.

А) отырғыз

В) тұрғыз

С) жазыс

D) апарыс

Е) көмектес


12-сабақ

Факстер және Е-mail

(Факсы и Е-mail)


Факс – байланыстың телефон жүйесі бойынша арнайы аппараттың (телефакстің) көмегімен алынған құжат. Факс ұсынылатын құжаттың көшірмесі болып табылады. Телефакс бойынша құжаттардың кез-келген түрлері және оған қосымшалар жіберіледі: кестелер, сызбалар, схемалар, суреттер, т.б. Факс іскер әріптестермен, ұйымдармен арадағы хат алмасудың бір түрі. Факсті ресімдеу іскерлік хатты рәсімдеуге ұқсас.

Аппараттың өзі қоятын қосымша деректері:



  • жіберушіні (кодты) көрсету;

  • ақпараттың берілген күні және уақыты;

  • ақпарат берілген телефакстің (аппараттың) нөмірі;

  • беттердің саны болады.

Факсті жіберуші ақпараттың алушыға жеткендігі туралы

растау (CONFIRMITION REPORT) алуға тиіс, онда:



  • алушы фирманың коды;

  • факсті алушының нөмірі;

  • күні;

  • ақпаратты берудің уақыты және ұзақтығы;

  • алынған беттердің саны (Р);

  • нәтижесі (RESUL TS) көрсетіледі.

Ең басты баған «RESUL TS» болып табылады, егер хабар толық және қатесіз жетсе, оған «ОК» (o key) қойылады немесе факс алу кезінде іркілістер болса, «NG» (негатив) белгісі соғылады.

Егер алынған факстердің маңызды ақпараты болса және ол ұзақ пайдалануға арналса, онда олардың көшірмесін түсіріп алады, өйткені факс қағазы ұзақ сақталмайды. Алайда қымбат факс аппараттарын пайдалану кезінде көшірме жасау міндетті емес.

Байланыстың бұл түрі жедел ақпарат жіберу үшін қолданылады, өйткені факспен берілген құжаттардың өзінің түпнұсқалығы туралы растамасы болмайды, егер шартта факспен хабар алмасу айтылған болса, онда олардың осындай нысанның өзінде заңдық күші болады.

Коммерциялық хат алмасулардың көп бөлігі 3 жыл сақталады және мұрағатқа өткізуге жатпайды. Аса маңызды мәселелер бойынша шетел фирмаларымен алмасқан ақпараттар (экспорт, импорт, кепілдік) 10 жыл сақталады.

Электрондық поштамен жіберілген құжаттардың көшірме деген мәртебесі болады және қолы мен мөрі болуға тиіс. Бұл ретте электрондық қолды пайдаланылатын субьект пайдалану құқығына және электрондық қолдарға рұқсат алуға қатысты сақтық пен бақылаудың тиісті шараларын белгілейді. Факс және Е-mail бойынша құжаттар алмасу шарты азаматтық-құқықтық сипаты бар шарттарда айтылуға тиіс. Осындай құжаттарға заңдық күш беру үшін 27.12.94 ж. № 268 – ХІІ ҚР АК-нің 152 бабының және 07.01.2003 ж. № 320-ІІ ҚРЗ-ның талаптары орындалуы тиіс.

Мәтінге арналған сөздік

Словарь к тексту

байланыстың телефон жүйесі – телефонный канал связи

көмегімен – с помощью

көшірме - копия

кез-келген түрлері – любые виды

қосымша – приложение

сызбалар – чертежи

кестелер – таблицы

суреттер – рисунки

іскер әріптестер – деловые партнеры

ұйым – организация

арадағы – между

хат алмасу – переписка

іскерлік хат – деловое письмо

қосымша деректер – дополнительные данные

жіберуші – отправитель

бет саны – количество страниц

ақпарат – информация

алушы – получатель

растау – подтверждение

нәтиже – результат

баған – графа

іркілістер – сбои

жедел ақпарат – оперативная информация

түпнұсқалық – подлинность

сақталады – хранится

мұрағат – архив

кепілдік – гарантия

мәртебе – статус

мөр – печать

пайдалану құқығы – право использование

электрондық қол – электронная подпись

бақылау – контроль

азаматтық-құқықтық – граданско-правовой

бап – статья

талап – требование
Факс үлгісі

Кәсіпорынның атауы Кәсіпорынның басшысы

Кәсіпорынның мекен-жайы _____________________

Тел., факс факс (095) 1411526

«____» __________ 200__г. №__

№ __ «___» __________ 200__ ж.

«___» _____________ 200 __ №_____ шот бойынша төлемді кешіктіру туралы



Құрметті _____________________!

«Технократ-105» жабығының комплектісін жеткізіп беру туралы «__» ____________ 200__ жылғы № ___________ шот бойынша төлемнің кешіктірілгенін естеріңізге саламыз. Шотты Сіздерге факс бойынша 10 күн бұрын жібергенбіз.

«__» ____________ 200__ жылғы № _______ келісім-шарттың 6.4. тармақшасына сәйкес 5 банктік күннен кейін кешіктірілген төлем үшін өсімақы есептеледі.

Директор қолы аты-жөні
Р.S. Бұл ескертпені алғанға дейін Сіздер төлемді төлеп үлгерсеңіздер, біз Сіздерге тек қана алғысымызды білдіреміз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет