Оқу әдістемелік кешен



бет6/22
Дата05.11.2016
өлшемі2,59 Mb.
#945
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

3-жаттығу. Төменде берілген сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып сөйлем құрастырыңыз (Составьте предложения, используя слова и словосочетания).
Бұйрық, жеке құрам, жұмысқа қабылдау, тағайындалсын, жүктелсін, босатылсын, қабылдансын, штаттық кестеге сәйкес, бастық.
4-жаттығу. Қазақ тіліне аударыңыз (Переведите на казахский язык).
О приеме на работу, принять меры, повысить, усилить, обратить внимание, активизировать, в соответсвии, в целях, подготовить, зачислить, организовать, обеспечить, возложить, разработать, приложение к приказу, уволить с занимаемой должности.

5-жаттығу. Көп нүктенің орнына бұйрық райдың тиісті жұрнақтарын қойып, сөйлемдерді көшіріп жазыңыз (Перепишите предложения, вставляя вместо многоточий окончания повелительного наклонения).
Кадрлар бөлімінің инспекторы Ж. Тастанбеков басқа қызметке ауысуына байланысты жұмыстан босатыл… . Барлығымыз ұжым болып бұйрықты бұлжытпай орында… . Қазақ тілін үйрен… деген ниеті бар адам ғана үйрене алады. Сіз жұмысқа кешікпей кел… . Мен алдымен құжат мазмұнымен танысып ал… . Сендер қате жібермеуге тырыс… .
6-жаттығу. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін бұйрық рай тұлғасында жіктеңіз (Проспрягайте данные слова и словосочетания в форме повелительного наклонения).
Қол қою, бұйрық шығару, танысу, өзгеріс енгізу, ұйымдастыру, тексеру, тапсыру.


Тест тапсырмалары
1. Қандай да бір міндетті (өндірістік немесе кәсіпорын қызметкерлеріне байланысты) шешу үшін кәсіпорын басшысы шығаратын нормативтік құжат.

А) қаулы


В) бұйрық

С) өкім


D) жарғы

Е) шешім
2. «Ереже» сөзінің орыс тіліндегі аудармасын табыңыз.

А) приказ

В) доказателство

С) положение

D) протокол

Е) распоряжение
3. Бұйрық райдың І жағында тұрған сөзді табыңыз.

А) жаз


В) жазылсын

С) жазайын

D) жазғыз

Е) жазсын


4. Қате жазылған сөзді табыңыз

А) бұрыңғы

В) қазіргі

С) кешегі

D) былтырғы

Е) биылғы


5. «Бекіту» сөзінің орысша баламасын табыңыз.

А) установить

В) закрыть

С) утвердить

D) постановить

Е) принимать


4 сабақ


Бұйрықты дайындау

(Подготовка приказа)

Бұйрықты дайындаудың мынадай кезеңдері болады:


  • мәселенің мәнін зерделеу;

  • қажетті мәліметтерді жинау;

  • бұйрықтың жобасын дайындау;

  • жобаны келісу;

  • басшының қол қоюы.

Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар кәсіпорынның ішкі құжаттарына арналған бланкілерінде дайындалады.

Бұйрықта құжат түрінің атауы, күні нөмірі болуға тиіс. Бұйрықтың шыққан күні – басшының қол қойған күнінен басталады. Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар нөмірленеді және жеке құрамға арналған бұйрықтардан бөлек жүргізіледі.

Бұйрықтың міндетті түрде «не туралы?» деген сұраққа жауап беретін тақырыбы болады. Мысалы, «Кәсіпорынды тарату туралы», «Жұмысқа қабылдау туралы», «Басқа жұмысқа ауысу туралы» т.б.

Бұйрықтарда негізгі жүкті басқару бөлігі атқарады, ол «Бұйырамын» деген сөзден басталады. «БҰЙЫРАМЫН» сөзі бас әріптермен жазылады.

Бұйрықтың басқару бөлігінде кімге (орындаушыға немесе құрылымдық бөлімшеге) не жүктеледі (нақты жұмыс түрі көрсетіледі), күні (оның мерзімінің аяқталу күні) сияқты мәселелер көрсетіледі.

Құжаттың осы тармағында ерекше анықтық, нақтылық сияқты қатаң талаптар қойылады.

Тапсырмалар бірнешеу болса, бұйрықтың мәтіні бірнеше тармақтарға бөлінеді. Әрбір тармақ қызыл жолдан басталады. Тармақтар араб сандарымен нөмірленеді.
Мәтінге арналған сөздік

Словарь к тексту

бұйрықты дайындау – подготовка приказа

кезең – этап

мәселенің мәнін зерделеу – изучение существа вопроса

қажетті мәліметтерді жинау - сбор необходимых сведений

бұйрықтың жобасы – проект приказа

жобаны келісу – согласование приказа

ішкі құжаттар – внутренние документы

құжат түрінің атауы – название вида документа

бұйрықтың шыққан күні – дата приказа

бөлек жүргізіледі – ведутся отдельно

міндетті түрде – обязательно

кәсіпорынды тарату туралы – о ликвидации предприятия

Басқа жұмысқа ауысу туралы – о переводе на другую работу

негізгі жүк – основная нагрузка

басқару бөлігі – распорядительная часть

орындаушы – исполнитель

құрылымдық бөлімше – структурное подразделение

көрсетіледі – указываются

мерзімінің аяқталу күні – сроки ее окончания

анықтық – ясность

нақтылық – четкость

қатаң талаптар – жесткие требования

тапсырма – поручение

мәтін – текст

тармақ – пункт

Бұйрық үлгісі

(Форма приказа)


Қостанай облысының қаржы департаменті


БҰЙРЫҚ

14.12. 2007. № 160 ж/қ

Қостанай қаласы

Сақтағанов Арман Талғатұлын жұмыстан шығару туралы

Сақтағанов Арман Талғатұлы Астана қалалық сотының бас бухгалтері қызметіне ауысуына байланысты жұмыстан босатылсын.

Негіз: 10. 12. 2007 ж. Жұмыстан босату туралы арыз.


Бастық қолы аты-жөні
Бұйрықпен таныстым

Жұмыстан шығушының қолы

15.12. 2007.



1-жаттығу. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз (Ответьте на вопросы).
Бұйрықты дайындау неше кезеңнен тұрады, атаңыз? Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар қандай бланкілерде дайындалады? Бұйрықта қандай міндетті шарттылықтар болуға тиіс? Бұйрықтың шыққан күні қандай күннен басталады? Бұйрықтың міндетті түрде қандай тақырыбы болады? Бұйрықтарда негізгі жүкті қандай бөлік атқарады? Бұйрықтың басқару бөлігінде қандай мәселелер көрсетіледі? Бұйрықтың басқару бөлігіне қандай қатаң талаптар қойылады? Бұйрықтың мәтіні қандай жағдайда бірнеше тармақтарға бөлінеді?
2-жаттығу. Сөз формаларының тиістісін таңдап алып, жақшаны ашыңыз (Раскройте скобки, выбрав подходящую форму слова)
Кәсіпорын немесе құрылымдық бөлімше қандай да бір мәселе бойынша бұйрықты (әзірлеумен, әзірлеулік, әзірлеудің, әзірлеуге) бастама көтеруі мүмкін. Бұйрықтың жобасын дайындаудың бірінші кезеңі онда көрінетін мәселелер тобымен (айқындалар, айқындалып, айқындалады, айқындалса). Екінші (кезеңнің, кезеңімен, кезеңдер, кезеңде) қойылған мәселенің мәні бойынша қажетті мәліметтер жинау жүзеге асырылады. Қажетті (құжатты, құжатқа, құжаттың, құжатында) жинау мен зерделеу негізінде бұйрықтың жобасы әзірленеді. Бұйрықтың жобасын басшының тапсырмасы бойынша (кәсіпорынға, кәсіпорында, кәсіпорынның, кәсіпорынын) маманы дайындайды.
3-жаттығу. Төменде берілген сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып сөйлем құрастырыңыз (Составьте предложения, используя слова и словосочетания).
Бұйрықтың мәтіні, қажетті мәліметтер, жоба, маман, әзірлеу, жүзеге асыру, жеке құрам, бөлім, тармақ, шара қолданылсын, жақсарту қажет.
4-жаттығу. Қазақ тіліне аударыңыз (Переведите на казахский язык).

Второй этап, нумеруются, обеспечить, осуществляет контроль, глагол, контроль исполнения, информация, исполнительный срок, оформляются, экземпляр, подпись, дата, содержание, ознакомление с приказом.



5-жаттығу. Көп нүктенің орнына тәуелдік жалғауларын қойып, сөйлемдерді көшіріп жазыңыз. Тәуелдік жалғаудың қай жақта қолданылып тұрғанын анықтаңыз (Перепишите предложения, заменяя многоточия притяжательной формой существительных, стоящих в притяжательной форме).

Нақты орындаушыға дейін ақпараттың жету уақыт…н есепке алу керек. Бұйрықтың мәтін… өзара байланысты екі бөлімнен тұрады. Әрбір тапсырма үшін жеке орындау мерзім… белгіленеді. Бұйрықты бұлжытпай орындау сенің міндет… . Менің бұрық…ды неге орындамадың? Біздің тапсырма… орындалды. Бұйрықтың жоба…н дайындаумен айналысатын мамандардың жеткілікті құзірет… оның сапа…ның ең басты шарт… болып табылады.


6-жаттығу. Берілген сөздерді үш жақта, ортақ және оңаша түрде тәуелдеңіз (Образуйте притяжательную форму в трех лицах частного и общего вида).
Орындаушы, бастық, бұйрық, көшірме, жоба, бастама, тапсырма.


Тест тапсырмалары

  1. Бұйрықты дайындаудың төртінші кезеңін көрсетіңіз.

А) қажетті мәліметтерді жинау

В) жобаны келісу

С) басшының қол қоюы

D) мәселенің мәнін зерделеу

Е) бұйрықтың жобасын дайындау


  1. Бұйрықтың міндетті түрде қандай сұраққа жауап беретін тақырыбы болады?

А) неліктен?

В) не туралы?

С) қашан?

D) неліктен?

Е) кім туралы?


  1. Бұйрықтың басқару бөлігі қандай сөзден басталады?

А) Тапсырамын

В) Анықталсын

С) Бұйырамын

D) Келісемін

Е) Қарсы емеспін


  1. Тәуелдік жалғауының екінші жағында тұрған сөзді табыңыз.

А) бұйрығы

В) бұйрығың

С) бұйрығымыз

D) бұйрықтарымыз

Е) бұйрықтары


  1. Тәуелденетін сөзді табыңыз.

А) жүр

В) жұмыс


С) істе

D) жоғары

Е) үшін

5 сабақ



Өкімдер

(Распоряжения)


Өкім – кәсіпорынның күнделікті өндірістік-шаруашылық және әкімшілік қызметінің жедел мәселелері бойынша басшы немесе оның орынбасары шығаратын құжат.

Өкім кәсіпорынның ішкі құжаттарына арналған бланкілерде ресімделеді және оған басшы немесе оның орынбасарлары қол қояды.

Өкімнің мәтініне:


  • нақты тапсырма (жұмыс);

  • жауапты орындаушы;

  • орындау мерзімі кіреді.

Басқару бөлігі әдетте, қазақ тіліндегі мәтінде «Міндеттеймін», «Белгілеймін»деген сөздермен аяқталады.
Өкім үлгісі

(Форма распоряжения)




А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ

№ 567


ӨКІМ

12. 01. 2007.

Қостанай қаласы
Жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы
№ 211 аудиториядағы жылу жүйесінің апаттық жағдайына байланысты
МІНДЕТТЕЙМІН:


  1. № 211 аудиторияға жөндеу жұмыстары жүргізілсін.

  2. Жауапты шаруашылық бөлімінің инженері А.А. Гробарчук.

Орындау мерзімі: 2007 жылдың 13 – 16 қаңтар аралығы.

Өкімнің орындалуын бақылау шаруашылық бөлімінің бастығы П.Н. Иванов шаруашылық бөлімінің бастығы П.Н. Ивановқа жүктелсін.


Ректор қолы аты-жөні
Бұрыштамалар (визы)
№ 396 іске

Орындаушының қолы 12. 01. 2007.






Мәтінге арналған сөздік

Словарь к тексту

өкім – распоряжение

күнделікті – повседневный

өндірістік-шаруашылық – производственно-хозяйственный

әкімшілік – административный

қызмет – деятельность

жедел мәселе – оперативный вопрос

бойынша – по

орынбасар – заместитель

ресімделеді – оформляются

нақты тапсырма – конкретное задание

орындау мерзімі – срок исполнения

міндеттеймін – обязываю

белгілеймін – устанавливаю

1-жаттығу. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз (Ответьте на вопросы).
Өкім деп қандай құжатты айтамыз? Өкім қалай ресімделеді ? Өкімге кімдер қол қоя алады? Өкімнің мәтініне қандай мәселелер кіреді? Өкімнің басқару бөлігі қазақ тіліндегі мәтінде қандай сөздермен аяқталады?
2-жаттығу. Сөз формаларының тиістісін таңдап алып, жақшаны ашыңыз (Раскройте скобки, выбрав подходящую форму слова)

Басшының өкімі (ойдағымен, ойдағыдай, ойдағылар, ойдағысын) орындалды. Біз мемлекеттік тілді (құрметтесің, құрметтесе, құрметтейміз, құрметпен). Директордың орынбасары кезекті өкімін (шығарысты, шығарды, шықты, шығарылды). Өкім – басқару (құжаттарының, құжаттарына, құжаттарын, құжаттарында) бір түрі. Бүкірдің арманы (шалқасында, шалқасының, шалқасын, шалқасынан) жату.
3-жаттығу. Қарамен белгіленген сөздердің дұрыс мағынасын беріңіз (Определите правильное значение выделенных слов).
Билікті уысынан шығармады.

_________+___________ қолынан

_____________________ саусағынан
Бай мен кедейдің арасы алшақтап барады.

_____________________ алыстап барады

_____________________ анықталып барады
Заңның сақталмағаны жанына батады

_____________________ қиналтады

_____________________ жанданады
Өкімді орындамау - өрескелдік

_____________________ тәртіпсіздік

_____________________ өркөкіректік
Дағдарыстан шығудың қандай жолы бар?

_____________________ күйзелістен

_____________________ толғаныстан
Ел мүддесін ойлау – ер жігіттің белгісі

_____________________ қамын

_____________________ жолын
Жинақтаушы қорға орасан зор табыс түседі

_____________________ пайда келеді

_____________________ ұтыс түседі

Жер байлығына ауыз сала бастады

_____________________ қолдау

_____________________ қол сұғу
4-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті жіктік жалғауларын қойып, сөйлемдерді аяқтаңыз. Жоғарыда көрсетілген кестеге сүйеніп, жіктік жалғауының түрін анықтаңыз (Окончите предложения, вставив вместо многоточий личные окончания. Опираясь на вышеприведенную таблицу, определите вид формы спряжения).

Мен мемлекеттік қызметкер… . Біз сабақта отыр… . Сен қазақ тілін жақсы біле… бе? Айгүл іс қағаздарын жүргізе… . Сендер ертең театрға бара… ма? Мен бұл кітапты бұрын оқып… . Біз бүгін жиналыс өткізді… . Сендер ертең жұмысқа ертерек кел… . Біз тапсырманың ойдағыдай орындалғанына қуанды… . Бастық бүгін тағы бір өкім шығарып… . Қазақ тілінде дұрыс жазуға ұмтыла… . Біз жұмыстан шықса…, далада қар жауып тұр екен. Сіздер үйге кір… . Сіз төрге шық… . Сен бастыққа не үшін барды…? Мен қазақ мектебін бітірді… .
5-жаттығу. Төменде берілген сөздердің мағынасын анықтаңыз (Определите значение нижеприведенных слов).
Қамтамасыз ету, әлеуметтік жағдай, алшақтау, салы суға кету, мүдде, қанағат тұту, ығыстыру, беті бері қарау, жөн көру, түн қату, қоян қолтық жұмыс істеу, көз ілмеу, мұрты қисаймау, қомсыну, күпірлік ету, тәубесіне түсу.
6-жаттығу. Қазақ тіліне аударыңыз (Прерведите на казахский язык).
Распоряжение – это правовой акт, издаваемый по оперативным вопросам управления. Оно подписывается заместителями директора, руководителями структурных подразделений в пределах их полномочий. Текст рапоряжения имеет те же составные части, что и приказ.
Тест тапсырмалары


  1. «распоряжение» сөзінің қазақша баламасын табыңыз.

А) бұйрық

В) өтініш

С) өкім

D) жарғы


Е) шешім


  1. Кәсіпорынның күнделікті өндірістік-шаруашылық және әкімшілік қызметінің жедел мәселелері бойынша басшы немесе оның орынбасары шығаратын құжат түрін атаңыз.

А) өкім

В) үкім


С) жарғы

D) бұйрық

Е) пәрмен


  1. Көсемше арқылы жіктеліп тұрған сөзді көрсетіңіз.

А) барамын

В) барғанмын

С) баратынмын

D) барсам

Е) барармын
4. Шартты рай арқылы жіктеліп тұрған сөзді табыңыз.

А) келіппін

В) келсем

С) келетінмін

D) барғанмын

Е) бармаспын


5. Өкімнің қандай бөлігі «Міндеттеймін», «Белгілеймін» деген сөздермен аяқталады?

А) қосымша бөлімі

В) басқару бөлімі

С) кіріспе бөлімі

D) негізгі бөлімі

Е) тұрақты бөлімі


6 сабақ
Нұсқау

(Указания)


Нұсқау – бұйрықтарды, нұсқаулықтарды, тапсырмаларды орындауды ұйымдастыруға байланысты мәселелер бойынша басқару құжаты. Нұсқаулар бұйрық, нұсқаулық, өкімдердің орындалу тәртібін түсіндіреді. Нұсқауға кәсіпорынның басшысы немесе құзіреті шегінде оның орынбасары қол қояды.

Нұсқаудың басқару бөлігі «орындау мақсатымен», «соған сәйкес», «мақсатында» деген сөздерден басталады да, «Ұсынамын», «Міндеттеймін» деген сөздермен аяқталады.

Нұсқауларға күнтізбелік жыл шегінде реттік нөмірлер беріледі.
Мәтінге арналған сөздік:

нұсқау – указание

нұсқаулық – инструкция

ұйымдастыруға байланысты – связанным с организацией

басқару құжаты – распорядительный документ

құзіреті шегінде – в пределах компетенции

соған сәйкес – в соответствие (с тем)

мақсатында – в целях

ұсынамын – предлагаю

міндеттеймін – обязываю

күнтізбелік жыл - календарный год

шегінде – в пределах

реттік нөмір – порядковый номер


Нұсқау үлгісі

(Форма указания)



Қостанай облыстық әскери комитеті
НҰСҚАУ

02. 12. 2006.

Қостанай қаласы
2007 жылғы демалыстар кестесі туралы
2007 жылы берілетін кезекті демалыстар кестесін жасау үшін
ҰСЫНАМЫН:


  1. Құрылымдық бөлімшелердің басшылары хатшыға 2007 жылғы еңбек демалысының шамамен алынған мерзімі көрсетілген тізімді ұсынуға тиіс. Тізімді ұсыну мерзімі 2006 жылғы 20 желтоқсанға дейін.

  2. Хатшы қызметкерлердің 2007 жылғы еңбек демалысының жиынтық кестесін жасап, оны бастықтың бекітуіне ұсынсын. Кестені ұсыну мерзімі 2006 жылғы 22 желтоқсанға дейін.

Қостанай облыстық

әскери комитетінің бастығы қолы аты-жөні
Бұрыштамалар
№ 596 іске

Орындаушының қолы 02. 12. 2006.





1-жаттығу. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз (Ответьте на вопросы).
Қандай құжат нұсқау деп аталады? Нұсқау нелердің орындалу тәртібін түсіндіреді? Нұсқауға кімдер қол қояды? Нұсқаудың басқару бөлігі қандай сөздерден басталып, қандай сөздермен аяқталады?
2-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті жалғауды жалғап, сөйлемдерді оқыңыз (Прочитайте предложения, вставляя вместо многоточий подходящее окончание).


Ол

Бастығым


бүгін


өкім…

бұйрық…


нұсқау…

қол қойды



Сен


Мен

Бағдат…

Мамаң…


Айнұр…

әжем…


тамақ пісіруді

қазақша дұрыс жазуды

іс қағазын толтыруды

шахмат ойнауды



үйрендің


(үйрендім)


Олар


Әжем

сүзбе…

айран…


қаймақ…

сүт…


ірімшік

құрт


сүзбе

май


жасады


Меніңше


жүзім…

Алматы…


адам…

өтірікші…

Қостанай…

қазақ…


тәтті жеміс

әсем қала

ақылды жан

жаман адам

таза қала

дана халық



жоқ




3-жаттығу. Екі қатарды сәйкестендіріңіз (Найдите соответствия в двух столбцах).
1. күнтізбелік □ бөлімше

2. мекеменің □ құрам

3. құрылымдық □ орынбасары

4. нақты □ мерзімі

5. қол □ алу

6. директордың □ жобасы

7. орындалу □ беру

8. есепке □ атауы

9. ішкі □ шығару

10. жеке □ тапсырма

11. жауап □ жыл

12. бұйрықты □ қою

13. бұйрықтың □ құжаттар
4-жаттығу. Қатесін тауып, түзетіңіз (Найдите и исправьте ошибки).
Бұйрықтың мәтіні екі бөлікпен тұрады. Өкім бөлігі жеке жолға жазылған «БҰЙЫРАМЫН» деген сөздің басталады. Өкім – басқарумен шұғыл мәселелері бойынша шығарылатын құқықтық акт. Тұрақты бұйрықтардың күшіне мекеме басшысы жаңа бұйрық шығарып қана жоя алады. Құрылымдық бөлімше жетекшілері нұсқау, жарлықтар берген алады.
5-жаттығу. Төмендегі сөздерді септеңіз (Присклоняйте по падежам данные слова).
Бұйрық, өкім, шешім, бұйрықтың жобасы, менің нұсқауым, сенің тапсырмаң.
6-жаттығу. Көп нүктенің орнына дейін, кейін, бірге, таман, соң шылауларын қойып, сөйлемдерді толықтырыңыз (Дополните предложения, вставляя вместо многоточий послелоги дейін, кейін, бірге, таман, соң).
Кездесуден … суретке түстік. Отбасыммен … Бурабайда демалдым. Жұмыстан … театрға бардық. Сәрсенбіге … Астанаға кетеміз. Ол жұмысқа … жаяу барады. Түске … үлгеруім керек. Жиналыс сағат оннан … басталды.
7-жаттығу. Сөздердің жігін ажыратып, сөйлем санын көрсетіңіз (Разбейте слова и определите количество предложений).

Лауазымдықнұсқаулықтаркәсіпорынқызметкерлерініңқұқықтықжағдайынқызметтерінқұқықтарынміндеттеріменжауапкершіліктерінбелгілейдіжақсыжасалғантәжірибедесыналғанқұжатүміткерділауазымдықызметкетаңдаудажақсыбағдарболадысоғанқосаолүміткерлердіаталғанлауазымғаалудакелісімшарттардыңкөлемінелеулітүрдеқысқартуғамүмкіндікбереді.тиімдібасқаружұмысылауазымдыадамныңқызметіменсолқызметтіжүзегеасырудағымүмкіндіктерініңтепетеңдігіарқылымүмкінболадыЛауазымдықнұсқаулықтыңтепетеңдігімынаныбілдіреділауазымғатеколардыорындаудықамтамасызететінқұралдарарқылыорындалатынқызметтерғанаберіледісоныңөзіндеқұқықтарыменміндеттеріөзаратеңестірілуікерекяғниәрбірміндеттемебелгілібірқұқықпенқамтамасызетілуіқажетжәнеәрбірқұқықтекбелгілібірміндеттемелердіңарқасындажүзегеасырылуытиісжауапкершіліккөлеміменбиліккөлемідесолайсәйкестендірілуіқажетяғнибірнәрсегежауапкершіліксоғансайбиліккөлеміменқамтамасызетілуікерекжәнекерісіншелауазымдықнұсқаулықмәтінінееңалдыменжалпыережелеркіредіондамаманныңқызметаясыонытағайындауауыстыружәнебосатутәртібібелгіленедібіліктілікталаптаранықталадысондайақолкімгебағынатыныкімдібасқаратыныанықталады.


Тест тапсырмалары


  1. Бұйрықтар мен тапсырмаларды орындауды ұйымдастыруға байланысты мәселелер бойынша шығарылатын басқару құжатын атаңыз.

А) қарар

В) жарлық

С) нұсқау

D) өкім


Е) шешім


  1. Тәуелді септеуде тұрған сөзді табыңыз.

А) нұсқауды

В) нұсқауын

С) нұсқауға

D) нұсқаумен

Е) нұсқаулардың



  1. Ілік септігінде тұрған сөзді табыңыз.

А) тапсырмасының

В) тапсырмаға

С) тапсырмасымен

D) тапсырмада

Е) тапсырмадан


  1. Көмектес септікте тұрған сөзді табыңыз.

А) мәселені

В) мәселесімен

С) мәселелерінің

D) мәселеге

Е) мәселеден


  1. Жатыс септікте тұрған сөзді табыңыз.

А) бұйрығын

В) бұйрыққа

С) бұйрығында

D) бұйрықтың

Е) бұйрықпен

7 сабақ


Шешім (қаулы)

(Решение /постановление/)



Шешім немесе қаулы өндірістік мәселелер бойынша жасалған алқалық органдардың (Директорлар кеңесі, акционерлердің жалпы жиналысы) құжаттарын білдіреді. Шешім «ШЕШТІ», «ШЕШІЛДІ», «ҚАУЛЫ ЕТЕДІ», «ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАДЫ» деген сөздері пайдалана отырып, басқа басқару құжаттары сияқты ресімделеді. Шешімге (қаулыға) алқалық органның төрағасы және оның мүшелері немесе төраға мен хатшы қол қояды. Шешім мен қаулы тек қана дербес құжат емес, сонымен бірге хаттаманың құрамдас бөлігі болып табылады.

Хаттама – жиналыстарда, отырыстарда, мәжілістерде мәселелерді талқылау және шешімдер қабылдау фактісін белгілейтін құжат.

Хаттаманы отырысқа қатысушылардың сөздерін жазып отыратын немесе диктофонға жазып алатын хатшы отырыс кезінде жүргізеді.

Хаттама кәсіпорынның жалпы бланкісі түрінде таза параққа, негізгі деректемелер:


  • мекеменің атауы;

  • құрылымдық бөлімшенің атауы;

  • құжат түрінің аты (хаттама);

  • отырыстың күні;

  • құжаттың тіркеу нөмірі;

  • отырыстың орны;

  • мәтін тақырыбы;

  • құжаттың мәтіні;

  • қойылатын қолдар ескеріле отырып ресімделеді.

Хаттаманың негізі мәтін болып табылады. Ол екі бөліктен тұрады: бірінші –

кіріспе, мұнда төрағалық ететін тұлғаның, хатшының, қатысушылардың аты-жөні, күн тәртібі көрсетіледі. Екінші бөлікте отырыс барысын белгілейтін негізгі мәселе болады.

Хаттамалар отырыс барысын көрсету толықтығына қарай толық және

қысқаша болады.

Отырыстың барысында хаттаманың бірінші нұсқасы жасалады. Хаттама

нақтыланады, тексеріледі, редакцияланады және бес күндік мерзімде толық ресімделеді. Хаттамалар кәсіпорынның маңызды құжаттарының біріне жатады, сондықтан оларды кемінде он жыл сақтайды. Хаттамалар сақтауға мұрағатқа жіберіледі.
Мәтінге арналған сөздік

Словарь к тексту


шешім – решение

қаулы – постанавление

алқалық орган – коллегиальный орган

Директорлар кеңесі – Совет директоров

шешті – решил

шешілді – решили

қаулы етеді – постановил

қаулы қабылдады - постановили

төраға – председатель

хатшы – секретарь

дербес құжат – самостоятельный документ

құрамдас бөлігі – составная часть

болып табылады – является

жиналыс – собрание

отырыс – заседание

талқылау – обсуждение

белгілейтін - фиксирующий

таза парақ – чистый лист

негізгі деректемелер – оснаовные реквизиты

кіріспе бөлім – вводная часть

негізгі бөлім – основная – часть

тұлға – лицо

күн тәртібі – повестка дня

отырыс барысы – ход заседания

толық хаттама – полный протокол

қысқаша хаттама – краткий протокол

нақтыланады – уточняется

тексеріледі – выверяется

редакцияланады – редактируется

бес күндік мерзім – пятидневный срок

маңызды – важный

сондықтан – поэтому

мұрағат – архив
Хаттама үлгісі


«Алатау» ЖШС

ХАТТАМА

21 қаңтар, 2008 жыл. № 2

Қостанай қаласы


Еңбек ұжымының жиналысы
Төраға: Оспанов Біржан Алтынбекұлы

Хатшы: Сұлтанбаева Ләйлә Қайранбайқызы


Қатысқандар: 21 адам (лауазымы, аты-жөні көрсетіледі)

Шақырылғандар: 3 адам (лауазымы, аты-жөні көрсетіледі)


КҮН ТӘРТІБІ:

  1. Қазақстан Республикасы Президентінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі 2005 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама туралы» Жарлығын талқылау.

  2. Әр түрлі мәселелер.

ТЫҢДАЛДЫ:



  1. Ыбышев Н.Ы. – кәсіпорын директорының орынбасары (сөзінің қысқаша мазмұны беріледі).

СӨЗ АЛҒАНДАР:



  1. Ертаев С.Е. – бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс жасау бөлімінің меңгерушісі (сөзінің қысқаша мазмұны беріледі).

  1. Оразбаева Қ.Б. – ұжым мүшесі (сөзінің қысқаша мазмұны беріледі)

  2. Көлбаев А.Ж. – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің бастығы.

ШЕШІМ (ҚАУЛЫ) ҚАБЫЛДАНДЫ:



    1. Қазақстан Республикасы Президентінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі 2005 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама туралы» Жарлығының орындалуы міндеттелсін

    2. Бағдарламаны жүзеге асыруға ұжым мүшелерінің белсенді ат салысуы жөніндегі шаралар белгіленсін.

ТЫҢДАЛДЫ: (2-тармақ 1-тармақ сияқты толтырылады)






Форма протокола


Наименование предприятия
ПРОТОКОЛ

    1. №________

г. Костанай
Собрание трудового коллектива
Председатель (Ф.И.О.)

Секретарь (Ф.И.О.)


Присутствовали:_____________________________________________________________

(дожности, фамилии, инициалы)

Приглашенные: _____________________________________________________________

(дожности, фамилии, инициалы)


ПОВЕСТКА ДНЯ:

1.__________________________________________________________________________

2.__________________________________________________________________________
СЛУШАЛИ:

______________________ ____________________________________________________

(Ф.И.О., должность) (содержание выступления)



____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
ВЫСТУПИЛИ:

___________________ _______________________________________________________

(Ф.И.О., должность) (содержание выступления)



______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
ПОСТАНОВИЛИ:

1.1.___________________________________________________________________________________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________

1.2.______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
СЛУШАЛИ:… (п. 2 оформляется так же, как п. 1)
Председатель подпись И.О. Фамилия

Секретарь подпись И.О. Фамилия


В дело №_______

Подпись исполнителя 00.00.00





Грамматикалық мәлімет
Іс-әрекет, қимыл мен субъект және объект арасындығы қатынастарды білдіретін етістіктің түрі е т і с деп аталады. Қазақ тілінде етістің төрт түрі бар.

З а л о г и глагола выражают возможные отношения между действующим лицом и объектом действия.


Түрлері (типы)

жұрнақтары (аффиксы)

мысалдар

(примеры)



1

Өздік етіс

(возвратный)



-ын, -ін, -н

Ки-ін-ді, жу-ын-ды, тара-н-ды

2

Ырықсыз етіс

(страдательный)



-ыл, -іл, -л

-ын, -ін, -н

Ки-іл-ді, тара-л-ды, жу-ыл-ды, әкел-ін-ді

3

Ортақ етіс

(совместный)



-ыс, -іс, -с

Жаз-ыс-ты, ойла-с-ты, әкел-іс-ті

4

Өзгелік етіс (побудитель-ный)

-дыр, -дір;

-тыр, - тір;

-ғыз, -гіз; -қыз, -кіз;



Жу-ғыз-ды, жаз-дыр-ды, айт-қыз-ды, кел-тір-ді, жүгір-т-ті, жет-кіз-ді, күл-дір-ді, татулас-тыр-ды


1-жаттығу. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз (Ответьте на вопросы).
Шешім немесе қаулы нені білдіреді? Шешім қалай ресімделеді? Шешімге кімдер қол қояды? Шешім мен қаулы қандай құжаттың құрамдас бөлігі болып табылады? Хаттама деп қандай құжат аталады? Хаттаманы кім жүргізеді? Хаттама қалай ресімделеді? Хаттаманың негізі не болып табылады? Хаттаманың кіріспе бөлімінде нелер көрсетіледі? Хаттаманың негізгі бөлімі қандай мәселелерді қамтиды?

Хаттамалардың отырыс барысын көрсету толықтығына қарай қандай түрлері бар? Хаттамалар қалай жасалады? Хаттамаларды неше жыл сақтайды? Хаттамалар сақтауға қайда жіберіледі?


2-жаттығу. Сөйлемдерден етіс жұрнақтарын тауып, олардың етістің қай түріне жататынын анықтаңыз (Найдите и определите вид залога глаголов).
Шешім қабылданды. Хаттаманың негізі мәтін болып табылады. Күн тәртібіне талқылауға ұсынылған мәселелер қойылады. Күн тәртібінің әрбір тармағы нөмірленеді. Мәселенің мәнін түсіндірді. Хаттама жазысты. Бүгін шығарылған шешім туралы сөйлестік. Ақиқатын айтқызды.
3-жаттығу. Қазақ тіліне аударыңыз (Переведите на казахский язык).
Основная часть протокола состоит из разделов, соответствующих пунктам повестки дня. Текст каждого раздела строится по схеме: СЛУШАЛИ:, ВЫСТУПИЛИ:, ПОСТАНОВИЛИ:. Эти слова пишутся прописными буквами, каждая с новой строчки, после них ставится двоеточие. Они зрительно разбивает текст, облегчая его восприятие. После двоеточия на следующей строке с абзаца пишутся фамилии и инициалы выступавщих и через тире – краткое изложение текста выступления от третьего лица единственного числа. Если имеются тексты или тезисы выступлений, они не записываются в протокол, а через тире после фамилии делается указание: «Текст выступления (сообщения) прилагается». Постановление (решение) указывается в протоколе полностью.
4-жаттығу. Берілген сөйлемдердің құрамындағы сөздерді орын тәртібіне қарай дұрыс

орналастырыңыз (Составьте предложения, соблюдая порядок слов).


Жазылады қаралатын мәселелер, аты жөні талқылауға қатысушылардың, шешімдер ұжымдық қабылданған қысқаша хаттамада. Бірінші хаттаманың барысында жасалады отырыстың нұсқасы. Тәртібімен қатысушылардың алфавит орналасады аты-жөні. Көрсетіледі қатысушылары олардың жиналыстарда көп ғана жалпы саны. Жедел мәжіліс жасалады қысқаша хаттама өткізгенде. Он кемінде жыл хаттамаларды сақтайды.
5-жаттығу. Екі бағанадан сөз тіркеcтерін құрастырыңыз (Составьте словосочетания, используя слова из столбцов).


шешім

алқалық


мәселені

директорлар

күн

алдын ала



құрылымдық

кәсіпорын

талқыланатын

бас


қысқаша

нормативтік

қабылданған

басқару


хаттаманың

қаулы


негізгі

хаттамамен

экономиканы

мүдделерді

тіл


қорғау

маман


хаттама

мазмұны


үйрену

мәселелер

дамыту

төраға


тәртібі

құжаттары

қабылдау

талқылау


қызметкерлері

кеңесі


дайындау

танысу


құжат

қаулы


деректемелер

ету


бөлімше



6-жаттығу. Қысқаша хаттаманың үлгісін толтырыңыз (Заполните образец краткого протокола).
Кәсіпорынның атауы
ХАТТАМА

    1. № _________

__________________қаласы


Бас директорда өткен өндірістік мәжіліс
Төрағаның аты-жөні

Хатшының аты-жөні


Қатысқандар: ______________________________________________

Қаралған мәселелер:




  1. ________________________________________________________

  2. ________________________________________________________

Қабылданған шешімдер:




  1. _________________________________________________________

  2. _________________________________________________________

Төраға қолы аты-жөні

Хатшы қолы аты-жөні
№____іске
Орындаушының қолы
Тест тапсырмалары


  1. Шешім мен қаулы қандай құжаттың құрамдас бөлігі болып табылады?

А) бұйрықтың

В) хаттаманың

С) анықтаманың

D) өкімнің

Е) жарғының


  1. Жиналыстарда, отырыстарда, мәжілістерде мәселелерді талқылау және шешімдер қабылдау фактісін белгілейтін құжат

А) қаулы

В) шешім


С) хаттама

D) анықтама

Е) бұйрық


  1. Өзгелік етіс тұлғасында тұрған сөзді табыңыз.

А) жазылды

В) жазғызды

С) жазысты

D) жазды


Е) жазыпты


  1. Ортақ етіс тұлғасында тұрған сөзді табыңыз.

А) көтерісті

В) көтерілді

С) көтертті

D) көтергізді

Е) көтерді


  1. Ырықсыз етіс тұлғасында тұрған сөзді табыңыз.

А) өткізісті

В) өткізілді

С) өткіздіртті

D) өткізді

Е) өткізген
АҚПАРАТТЫҚ-АНЫҚТАМАЛЫҚ ҚҰЖАТТАР

ИНФОМАЦИОННО-СПРАВОЧНЫЕ ДОКУМЕНТЫ

8 сабақ

Қызметтік хаттар

(Служебные письма)



Ақпараттық-анықтамалық құжаттарға хаттар, жеделхаттар, телефонограммалар, актілер, анықтамалар, мағлұмат хаттар, арыздар т.б. жатады. Ішкі, тысқы ақпараттық-анықтамалық қатынас хаттар басқару құжаттары көлемінің 80 пайызын құрайды.

Қызметтік хаттар басқару қызметінде туындайтын көптеген жедел мәселелерді шешу үшін қолданылады. Мазмұны мен мақсатына қарай хаттар: кепілдік беру, ақпараттық, жарнамалық, коммерциялық, сұрату хаттары, шақыру хаттары, жауап хаттар, өтініш хаттар, хабарлама хаттар, бастама хаттар, еске салу хаттары болып бөлінеді.

Қызметтік хаттың мәтіні қарапайым жазылады, бір мәселеге ғана арналады. Хаттың мәтіні жүйелі, нақты және нық болуы тиіс.

Хат арнайы бланкіде толтырылады және оның тақырыбы, адресаттың аты көрсетіледі, қол қойған тұлғаның аты-жөні және құрастырушының телефон нөмірі жазылады.

Қызметтік хаттардың негізгі мақсаты іс-әрекетке кірісудің қажеттігін сендіру, көрсету, түсіндіру. Хатта сөздерді нақты мағынада анық қолданған дұрыс. Көпсөзділік хаттың мәнін түсінуге қиындық тудырады.

Хаттарда «Адресат» (хатты алушының) деректемесінің құрамдас бөліктері дұрыс көрсетілуі керек: фирма; құрылымдық бөлімшелер; лауазымы; аты-жөні; алушының почталық мекен-жайы.

Мекемеден жіберілетін барлық хаттар бастама және жауап хаттар болып екі топқа бөлінеді. Жауап хатты жіберуші өзі алған бастама хаттың күні мен нөмірін көрсетеді. Бұл деректеме хат түпкілікті ресімделгеннен кейін бланкіге толтырылады.
Мәтінге арналған сөздік

Словарь к тексту

ақпараттық-анықтамалық құжаттар – информационно-справочные документы

хат – письмо

жеделхат – телеграмма

анықтама – справка

мағлұмат хаттар – докладная записка

ішкі – внутренний

тысқы – внутренний

ақпараттық-анықтамалық қатынас хаттары – информационно-справочная

переписка

пайыз – процент

басқару қызметі – управленческая деятельность

туындайтын – возникающих

көптеген – многочисленных

жедел мәселелер – оперативные вопросы

шешу үшін – для решения

қолданылады – применяется

мазмұн – содержание

ілеспе хат – сопроводительное письмо

кепілдік беру хаттары – гарантийные письма

ақпараттық хаттар – информационные письма

жарнамалық хаттар – рекламационные письма

коммерциялық хаттар – коммерческие письма

сұрату хаттары – письма-запросы

шақыру хаттары – письма-приглашения

жауап хаттар – письма-ответы

өтініш хаттар – письма-просьбы

хабарлама хаттар – письма-уведомления

бастама хаттар – инициативные письма



еске салу хаттарыписьма-напоминания

мәтін – текст

қарапайым – простой

жүйелі – последовательный

арнайы бланк – специальный бланк

құрастырушы - составитель

мақсат – цель

көпсөзділік – многословие

деректеме – реквизит

құрамдас бөліктері – составные части

дұрыс көрсетілуі керек – должны быть правильно указаны

лауазым - должность

түпкілікті – окончательный

ресімдеу – оформлять


Қызметтік хат үлгісі

ҚЫЗМЕТТІК ХАТ
Кәсіпорынның атауы Директор

Кәсіпорынның мекен-жайы Ә.Н. Сардаровқа

Тел.

Факс: 001111, Қостанай,



00.00.00 № 21/1 – 3

№ ___ 00.00.00 Алтынсарин, 12


Жиһаз жеткізуді кешіктіру туралы
Құрметті Әнуар Нұрбекұлы!

Біз Сізге 00.00.00-дағы № ___ келісім-шарт бойынша келісілген үш офис жиһазының жиынтығын, өкінішке орай, уақытында жеткізіп бере алмағаныңыз туралы хабарлаймыз. Өзара келісілген мерзімнен бері екі апта уақыт өтіп кеткенін естеріңізге саламыз.

Жеткізуді кешіктіру бұдан әрі жалғасатын болса, бірлескен қызметіміз доғарылуы мүмкін.

Біз Сіздер қажетті шаралар қолданып, оның нәтижесі туралы бізге хабарлайды деп есептейміз.


Директор қолы аты-жөні
Байтұрсынов 265 5192


Форма служебного письма

СЛУЖЕБНОЕ ПИСЬМО

Наименование предприятия Директору

Адрес предприятия Сардарову А.Н.

Тел.


Факс: 001111, Костанай,

00.00.00 № 21/1 – 3

№ ___ 00.00.00 Алтынсарина, 12

О задержке поставки мебели
Уважаемый Ануар Нурбекович!

Сообщаем Вам, что обьязательства по контракту 00.00.00 № ___ о поставке трех комлектов офисной мебели, к сожалению, не выполняются. Напоминаем, что согласованный нами срок отгрузки истек две недели назад.

Дальнейшая задержка поставки может привести к прекращению совместной деятельности. Мы рассчитываем, что Вы примете необходимые меры и сообщите нам о результатах.
Директор подпись Султанов К.Б.

Байтурсынов 265 5192



Кепілдік хат үлгісі

(Форма гарантийного письма)



Кәсіпорынның атауы «Іскер» АҚ-ның

Кәсіпорынның мекен-жайы Бас директоры

Тел./факс А.Е. Белгібаев мырзаға
КЕПІЛДІК ХАТ 001111, Қостанай,

00.00.00 № 1-3/28 Шипин, 23

№ 2-5/114 00.00.00
Құрметті Асқар Ерболұлы

Біздің мекен-жайға Сіздің компанияңыздың екі контейнер өнімінің жіберілу мүмкіндігін растауыңызды өтінеміз.

Біз ол заттарды осы айдың аяғына дейін алғымыз келеді.

Төлемді алдын-ала жасауға кепілдік береміз.

Біздің есеп шотымыз _________________ , ____________ банкі

Директор қолы аты-жөні

Бас бухгалтер қолы аты-жөні

М. О.


Наименование предприятия Генеральному директору

Адрес предприятия АО «Іскер»

Тел./факс г-ну Белгибаеву А.Е.
ГАРАНТИЙНОЕ ПИСЬМО 001111, Костанай,

00.00.00 № 1-3/28 Шипин, 23

№ 2-5/114 00.00.00

Уважаемый Аскар Ерболович!

Просим подтвердить возможность отправки в наш адрес двух контейнеров изделий Вашей компании.

Мы заинтересованы в их получении до конца текущего месяца.

Предоплату гарантируем.

Наш расчетный счет ___________________ , банк ______________________


Директор подпись И.О. Фамилия

Главный бухгалтер подпись И.О. Фамилия

М.П.


Грамматикалық мәлімет
Заттың түрін, түсін, сынын, сипатын білдіретін сөз табын сын есім деп атайды. Сын есім қандай? қай? деген сұрақтарға жауап береді.

Имя прилагательные обозначает различные признаки предмета и отвечает на вопросы какой? какая? какое? какие?

В отличие от русского языка, в казахском имя прилагательное, сочетаясь с существительным, не изменяется ни по падежам, ни по числам. Например:

ақ қардың

ақ қарда

ақ қарды


Имена прилагательные в казахском языке в основном выступают в качестве определения.

Имена прилагательные обозначают различные признаки предметов:



  1. цвет: қара (черный), көк (синий), жасыл (зеленый), күлгін (сиреневый);

  2. объем, величину, размер: кішкентай (маленький), тар (узкий, тесный), жақын (близкий);

  3. характер или свойство: жуас, момын (смирный), ақылсыз (глупый), арық (тощий, худой);

  4. вкус: тәтті (сладкий), қышқыл (кислый), тұщы (пресный), ащы (горький);

  5. форму: сопақ (продолговатый), қырлы (граненый), дөңгелек (круглый), қисық (кривой).


1-жаттығу. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз (Ответьте на вопросы).
Ақпараттық-анықтамалық құжаттарға қандай құжаттар жатады? Басқару құжаттары көлемінің 80 пайызын қандай хаттар құрайды? Қызметтік хаттар қандай мақсаттарда қолданылады? Мазмұны мен мақсатына қарай хаттар қалай болып бөлінеді? Қызметтік хаттың мәтіні қандай болуы тиіс? Қызметтік хат қандай бланкіде толтырылады және онда нелер көрсетіледі? Қызметтік хаттардың негізгі мақсаты не? Мекемеден жіберілетін барлық хаттар нешеге бөлінеді?
2-жаттығу. Қатесін түзетіңіз (Исправьте ошибки).
Хабарлама хат өзінің стилі бойынша шақыру хаттарындағы ұқсас. Жарнамалық хаттардың мақсаты – адресаттың ұсынылып отырған қызметтерге қызығушылығы-ңызды тудыру. Хаттан мәтіні нақты, анық және толық болуға тиіс. Шақыру хатында жүргізілетін іс-шараның сипатын беріледі, өтпейтін мерзімі, нақты уақыты көрсетіледі. Көбінесе, ақпараттық хаттарға көмегімен қандай да бір ұйымның қызметін, өндіретін өніміңді, шығаратын әдебиеттеріңізді үгіттейді. Растау хатында «растаймыз» деген сөз болуың тиіс.
3-жаттығу. Қазақ тіліне аударыңыз (Переведите на казахский язык).

Инициативные письма – это письма, которые требуют ответа. Большая категория таких писем выражает просьбу (предложение, запрос) к адресату в решении каких-либо вопросов. Это самая распространенная разновидность писем, их тематика не ограничена. Их характер предполагает вариантность положительного или отрицательного решения поставленного вопроса.
4-жаттығу. Сөздерге тиісті қосымшаны жалғаңыз (Добавьте к словам соответ-ствующие суффиксы).


түлкі

тау


арыстан

қар


бармақ

үй



-дай

-дей


-тай

-тей


бақ

қу

батыр



пәле

талап


аппақ

қызмет

қоғам


шетел

құқық


қыс

көркем


қала

-лық

-лік


-дық

-дік


-тық

-тік



әдіс

кітапхана

хаттар

көлік


мәртебе

соғым


азамат

ар

пайда


келе

сүбе


шұрай

боран


егін

атақ


күш

-лы

-лі


-ды

-ді


-ты

-ті


өлке

адам


мәселе

заң


әнші

түн


алқап

іс

сөз



ақы

ұйқы


білім

пайда


мағына

-сыз

-сіз


іс

жұмыс


сөйлем

түн


маман


5-жаттығу. Кестені толтырыңыз (Заполните таблицу).


Түс

Дәм

Көлем

Сапа

қара

тұщы

ықшам

жұмсақ

Тәтті, таулы, қызметтік, құқықтық, кең, қатты, білімді, сары, биік, ащы, тасты, көк, жасыл, қысқа, әдемі, мықты, жалқау, ауыр, тегіс, қап-қара, ақшылтым, жып-жылтыр, дәмді, жеңіл, жасық, тар.


6-жаттығу. Берілген сөйлемдердің құрамындағы сөздерді орын тәртібіне қарай дұрыс орналастырыңыз (Составьте предложения, соблюдая порядок слов).
Ескертпе хат міндеттеменің ескертеді қандай да бір немесе жақындағанын мерзімінің өтіп кеткенін. Бұл хат мүмкін қысқа болуы өте. Мұндай аяқталады “ескертеміз” хаттар сөзбен деген. Шақыру хаттың мақсаты – шақыру адресатты іс-шараларға жүргізілетін қандай да бір. Кепілдік беру жоғары хаттарының функциялары бар құқықтық. міндеттемелерге кепілдік хаттарда беріледі белгілі бір кепілдік. Кездерінде коммерциялық хаттар оны келісім-шарттар жасау және орындау жасалады.

7-жаттығу. Сөздердің жігін ажыратып, сөйлем санын көрсетіңіз (Разбейте слова и определите количество предложений).
Жіберілетінхаттарғамүдделілауазымиелерібұрыштамабелгісоғадымысалықаржымәселесібойыншахатқабасбухгалтербелгісоғадыбұрыштамабелгілеркәсіпорынныңөзіндеқалатынхаткөшірмесініңалдыңғыбетінеқойыладыегерқұжатекіадресбойыншажіберілетінболсаалдыңғыекіданасыарнаулықағазғабасылыпкөшірмесіжайқағазғатүсіріледіяғнибарлығыүшданаболадыкейжағдайдахатмөрменкуәландырыладықабылданатынхаттарғакеліптүскендігітуралыбелгіжәнекәсіпорынныңбасшықызметкерлерініңтапсырманыорындауғаалғандығытуралыбұрыштамабелгіқойыладыондаорындаушыныңтегіесіміәкесініңатытапсырмамазмұныжәнеорындаумерзімікөрсетіледі.
Тест тапсырмалары


  1. Хаттар, жеделхаттар, телефонограммалар, актілер, анықтамалар, мағлұмат хаттар, арыздар қандай құжаттарға жатады?

А) анықтамалық-ақпараттық

В) басқару

С) құрылтай

D) қосымша

Е) негізгі


  1. Есім сөзден жасалған сын есімді табыңыз.

А) қатты

В) дәмді


С) тұщы

D) ашық


Е) жабық
3. Етістіктен жасалған сын есімді табыңыз.

А) ашық


В) сенімді

С) тұрақты

D) қызық

Е) ащы
4. Хабарлама хат өзінің стилі бойынша қандай хаттарға ұқсас?

А) бастама хаттарға

В) жауап хаттарға

С) шақыру хаттарға

D) құттықтау хаттарға

Е) сауал хаттарға
5. Заттың сынын, сипатын, түсін, белгісін, салмағын, дәмін, көлемін білдіретін сөздер

А) зат есімдер

В) сын есімдер

С) есімдіктер

D) үстеулер

Е) сан есімдер


9 сабақ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет