7 СОБӨЖ Ә.Нұршайықовтың шығармашылығы, өмірі жайлы (Конспект)
Өздік жұмысының мақсаты: Әзілхан Нұршайықовтың әдеби мұрасының қазақ әдебиеті тарихындағы алатын орнын меңгерту.
Әдістемелік нұсқау: Әзілхан Нұршайықов өміршең шығармаларды дүниеге әкелген қарымды жазушыларымыздың бірі.Деректі материалдарды, өмірлік ащы тәжірибені негізге ала отырып жазған шығармалары өнегесі мол көркемдік шындыққа айналды: «Махаббат жыры», «Махаббат, қызық мол жылдар», «Ақиқат пен аңыз», «Тоғыз толғау» тағы да басқа көпшілікке танымал шығармаларда мейлі ерік, мейлі махаббат жайы сөз етілсін негізгі оқиғалар жүйесі адамгершілік арнасынан өрбіп, сол арнадан лайықты шешім тауып жатады. Ә.Нұршайықовтың шығармалары бүгінгі күннің қажетілігіне арналған құнды дүниелер дер едік.
Өмірдің өзінен алынып, жазушының эстетикалық талғамы мен шеберлігі нәтижесінде ерлік пен адамгершіліктің ғажап үлгісіне айналып, халыққа қайта ұсынған Бауыржан Момышұлы, Мәлік Ғабдуллин, Хамза Ақжолов, Махмет Қайырбаев, Мәншүк Маметова т.б образдары жазушының оқырманды қаһармандық рухта тәрбиелеу, игі мұраттарға жетелеу ниетінен туған. Жазушы кейіпкерлерін оймен шолып қарасақ, азаматтық бейнесі мен адамгершілік қасиеттері жағынан бірінен-бірі асқақтай көрінетін халқымыздың ардақты ұлдары мен қыздарын көз алдымызға елестетеміз. Бұдан жазушылық мақсаты өнегелі азаматтардың өмір жолын, елге еткен еңбегін жазып, бүгінгі күннің тарихын болашақ үшін айқындап беру екендігін ұғына түсеміз.