ОҚУ-Әдістемелік кешені 5В120100 «Ветеринариялық медицина» мамандығына арналған «Ветеринариядағы биопрепараттар» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары Семей 2015 Алғы сөз


Ветеринариялық биопрепараттарды өндірудің жалпы технологиясы



бет4/13
Дата07.10.2019
өлшемі0,79 Mb.
#49324
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
d08d306e-fa83-11e5-9a8c-f6d299da70eeУМКД 3 Вет био преп

Ветеринариялық биопрепараттарды өндірудің жалпы технологиясы

  • Ветеринариялық биологиялық препараттарды өндіру технологиясының даму тарихы



    Ветеринариялық биопрепараттарға жалпы сипаттама

    биологиялық препараттар - инфекциялық, паразитарлық аурулар мен аллергиялық жағдайларды емдеуге, арнайы алдын алуға арналған, сондай-ақ микроорганизмдер штамдары мен эукариот жасушаларын өсiру, жануарлар мен өсiмдiктер (аллергендер) биологиялық тiндерiнен заттарды алу, рекомбинантты дезоксибо нуклеин қышқылы технологиясын, гибридомды технологияны енгiзу, эмбриондардағы тiрi агенттердi немесе жануарларды репродукциялау арқылы алынатын дәрiлiк препараттар. Оларға аллергендер, антигендер, вакциналар (анатоксиндер), цитокиндер, бактериялық шығу тегi бар иммуномодуляторлар және органдар мен талшықтар негiзiнде жасалғандар, қан мен плазмадан алынған препараттар, сарысулар, иммуноглобулиндер, пробиотиктер, интерферондар жатады;

          Диагностикалық  иммунды қан сарысуы мен иммуноглобулиндерді жануарларға сәйкес келетін антигендермен гипериммундеу жолымен алады. Көп жағдайда қан сарысулардың продуценттері ретінде зертханалық жануарлар, тауық және жылқылар болып табылады. Диагностикалық қан сарысулары тек бір ғана антигенге бағытталған телімді антигендерден тұрады. Диагностикалық қан сарысулары ауру қоздырғыштарының патогенді материалдарын (сібір жарасы) анықтауда қоздырғыш инфекциясының түрін (сератоп, сератин) анықтау мақсатында қолданылады.

    Диагностикалық  антиген мен аллергендер.

    Диагностикалық  антигендерді – дайындау әдісімен принципі инактивирленген вакциналармен аналогты ұқсас болып келеді. Антигендер өз құрамында өлтірілген толық микроб жасушалары немесе экстрактарынан тұратын сәйкес микрооганизмдерден алады.

    Аллерген диагностикалық препараттары бактерия массасының экстрактысымен сипатталады. Көрсетілген препараттарды түрлі аурулардың аллергиялық балауда қолданды, олар туберкулез, паратуберкулез, бруцеллез, сібір жарасы және т.б. Аллергендерді арнайы ортада бактерия культурасын өсіруді, кейін культураны автоклавта стерильдейді, 1/10 көлемде буландырады, бактериологиялық фильтрмен сүзеді, 50% глицеринді қосады.

    Бактериофагтар – бактерия вирустары. Бактериофагтар бактерия жасушаларын инфекцирлеуге қабілетті, сондай-ақ онда репродукцияланып, көптеген ұрпақтар түзіп, бактерияларды лизиске ұшыратады. Бактериефагтардың иелеріне эшериха мен салманелла, стафилокок, стрептокок және т.б. микроорганизмдер жатады.

    Белсенді иммунитет түзетін  вакциналар телімді балауда төмендегңдей топтарға бөлінеді: тірі вакциналар инактиверленген, химиялық, анатоксинді және т.б.

    Тірі  вакциналар инфекциялық аурулардың алдын–алудың эфективтік құралы. Ресейде адам баласы үшін 40-тан астам вакцина түрі, ал жануар үшін 200-ден астам вакцина өндіріледі. Қазақстанда бірнеше, әртүрлі вакциналар өндіріледі. Мысалы: құтырық, яшура, құстың инфекциялық бронхитіне қарсы және т.б. вакциналар. Вакцинаның барлық түрі қойылған талаптарға сай өндіріледі, бірақ олда әлі де болса дамытуды талап етеді.

    Тірі вакциналарды вируленттілігі әлсіретілген микроорганизм штамдарынан  дайындайды. Бұнда қойылатын негізгі  талап - ұрпаққа берілетін аверуленттіліктің  тұрақты болуы. Мұндай микроорганизмдер штамдарын организмге енгізгенде, олардың  көбеюі қажет.

    Тірі вакциналар түрлік қоректік ортада өсірілген микроорганизмдер штамынан тұрады. Олар антиверуленген жасанды немесе табиғи жағдайда қоздырғыш негізінде тағайындайды. Аттенуирленген вирус және бактерия штамдарын кенді инактивациялау жолымен алады. Сондай, тірі вакцина штамдары енгізген орында көбейіп, сол жерде сақтауға қабілетті, бұл патогенді микроорганизм штамына иммунитеті түзеді.

    Тірі вакцинаның артықшылықтары: Мықты және ұзақ мерзімді иммунитет түзеді. Бір ғана вакцинаның инъфекциясы жетеді. Қарапайым әдіспен енгізіледі, құрғақ иофильденген түрде шығады. Сондықтан ұзақ уақыт сақтауға болады және қатырғанда белсенділігін төмендетпейді. Құрамында консерванттары жоқ.

    Өлтірілген  вакциналар. Оларды вирулинтті инактиверленген вирус және бактерия штаммынан дайындалады. Инактивацияға келесідегілерді қолданады:

    - Жылыту. Формалин, ацетон, спиртпен өңдеу. Вакциналарды кептіру препаратының жоғарғы тұрақтығын қамтамасыз етеді.

    - Артықшылықтары: ІІ рет енгізгенде тұрақты иммунитет түзеді. Парентеральді енгізу.

    Химиялық  вакциналар: Химиялық әдіспен алынған антигендерден тұрады. Химиялық вакциналар галагенді болмайды. Кейбір жағдайда оларды дайындау үшін микроорганизмдердің рибосомалық фракциялары қолданылады.

    - Артықшылықтары: Реогенттілігі төмен, үлкен мөлшерде көптеп енгізуге болады. Вакциналардың әсерлігі адъюванттармен күшейтілген. Сыртқы ортаға тұрақтылығы (төзімді) болып келеді.

    Анатоксиндер: Экзотоксинді микробтардан дайындайды, дайындау барысында формалинмен өңделеді. Иммуногендік және антидене түзу қабілетінен айырылмайды.

    2.2 Вирустарға  қарсы вакциналар

     Қазіргі уақытта вирустық препараттарды өндіру мен бақылауда жасуша өсіндісі, тауық эмбрионы, зертханалық және ауылшаруашылық жануарларды кеңінен қолданылады.

    Жасуша  өсіндісі. Вирусология мен вирус ауруларының диагностикасын ұлпа мен жасушаны культиверлеу әдісін енгізу тек вирустардың мазмұнын тереңінен түсіндіріп қоймай, сонымен қатар түрлі аурулардың этиологиясын түсінуге және вирустарға қарсы жоғары әсерлі вакциналарды шығаруға мүмкіндік ашты.

    Дж. Эндерс полилмелит вирусының  жасуша культурасында көбею қабілетін анықтады, сонымен бұл жүйе вирусологияда кеңінен қолданыла бастады.

    Жасуша өсіндісі әдісінің негізі мынада: клиникалық белгілері  көрініп өлген жасушалардың ұлпаларын не жасушаларын тез арада алып, оларды қоректік ортаға салады, бұл ортада жасушаның өмірсүргіштігі сақталуға жағдай жасалуы керек.

    Басқа әдістермен салыстырғанда  ұлпа өсіндісі әдісі арзан болып келеді, сондықтан да оны көптеп қолдануға болады.

    Өндірістік вакциналар мен  вирус штамдарының сапасы, олар репродукцияланатын субстраттың сапасымен байланысты, осы мақсатта биологиялық модельді іріктеу өте маңызды, кейде иммунді міндеттерді атқарады. Бірінші көптеген вирустардың балауы мен диогностикасының препараттарын шығаруда және оларды бақылауда жасуша өсіндісі әдісі маңызды роль атқарады. Ұлпа өсіндісі таза вирустарды алуға мүмкіндік береді, бұл серологиялық реакциялардан қан сарысулары мен антигендерді дайындауға маңызды. Вирустарды сериялы пассаждаудың көмегі мен аттенуирленген штамдарды алуға болады, бұл вакцина өндіруде жарамды.

    Иммунды сарысулар және олардан алынатын иммуноглобулиндер- құрамында микробтарға, вирустарға, токсиндерге антиденелері бар биологиялық препараттар. . Иммунды сарысулар екі топқа жіктеледі: гетерологиялық, гомологиялық. . Адамда токсиндерге, бактерияларға немесе вирустарға қарсы енжарлы иммунитет қалыптастыру үшін қолданады. Иммунды сарысулар мен иммуноглобулиндер серопрофилактикалық және серотерапиялық заттар ретінде қолданылады. Аурудың алдын алу және ауруды емдеу үшін қолданады. Токсинемиялық ауруларды (сіреспе, ботулизм, күл, газды гангрена) сарысулық препараттармен емдеген өте нәтижелі. сонымен қатар, кейбір бактериялық және вирустық аураларды (қызылша, қызамық, оба, түйнеме т.б.) емдеуге болады.

    Гетерологиялық иммунды сарысуларды алу үшін жануарды (жылқы, есек, кейде ор қоян) арнайы антигенмен (анатоксин, бактерия не вирус дақылы, не олардың антигені) иммунизацциялау (гипериммунизациялау) тәсілі қолданылады. Антидене түзілудің ең жоғарғы деңгейінде малдың қанын толығынан аызып, одан сарысу дайындайды. . Гомологиялық иммунды сарысулар ауырып сауыққан адамдардан, не арнайы иммунизацияланған донор адамдармен, не жатырдан, не түсіктен кейінгі қанның құрамынан алынған, не вакцинациялаудан кейін пайда болған антиденелер бар иммундық сарысулар. Алынған сарысу тазартылады, өйткені оның құрамында керексіз ақуыздар болады. Тазартылған, концентрациялаған сарысуда тек қана иммундыглобулиндер қалады. . Гетерологиялық препараттардың басымдылығы - жануарларды үздіксіз иммунизациялау арқылы антиденелердің жоғары концентрациясын алуға болады.

    Адам қанынан алынған гомологиялық иммуноглобулиндік препараттардың басымдылығы - адам үшін иммуногенділігінің жоқ болуында.

    Аллергендер-инфекциялық аллергиялық жағдайды анықтау үшін құрамында ауру қоздырғыштарының антигендері бар препараттар. Жүре пайда болған иммундық жүйенің жұмысына әсер етеді. . Аллергендерді инфекциялық, тері-аллергиялық сынамаларды қою үшін қолданады: . 0,1 мл көлеміндегі препаратты иық алды аймақтың ішкі жағының тері ішіне енгізеді. Оң нәтижелі болғанда енгізген жерде қабыну пайда болып, қызарады, инфильтрат түзіледі.

    Аллергендер: туберкулин, бруцеллин, антраксин, тулярин, люэтин және т.б.

    Вакциналар - белгілі бір жұқпалы ауруларға қарсы белсенді иммунитет қалыптастыру үшін қолданылатын профилактикалық препараттар. . Вакциналық препараттар –өлі , тірі , химиялық, анатоксиндік, рекомбинантты, гендік-инженериялық, липосомалық деп бөлінеді. Вакциналардың әсер ету бастаушысы-спецификалық антигендер, яғни аурудың спецификалық алдын алуға, кейбір кезде емдеуге қолданылады. 4. Антиген ретінде қолданылады: -патогендігінен арылтып иммуногендігі сақталған, әлсіретілген тірі микроорганизмдер; -бірнеше тәсіл түрімен белсенділігі жойылған микробтардың бүтін жасушалары, не вирустардың бөлшектері, яғни өлі вакциналар; -микробтардың алынған субжасушалық антигендерінің қосындысы (протективті антигендер) ; -аурудың патогенезінде басты рөл атқаратын арнайы антигендік қасиеті бар микробтардың метаболиті (токсин-анатоксин); - химиялық не биологиялық синтезі тәсілімен алынған молекулалық антигендер, оның ішінде микробтардың рекомбинантты штамдарынан алынған табиғи антигендер; - генетикалық инженерия жолымен алынған антигендер.

    Тірі бактериялық вакциналарға жатады: туберкулездік –БЦЖ, обалық, туляремиялық, бруцеллездік, күйдіргілік вакциналар. . Тірі вакциналарды вакциналық штамм деп аталатын , әлсіретілген, тірі апатогенді микроорганизмдерді пайдалану негізінде дайындайды. . Тірі вакциналардың басқа вакциналардың түрлерінен маңызды басымдылығына оларды тек тері астына енгізу арқылы қолдану ғана емес, сонымен қатар қарапайым жолдармен (тері бетіне, пероральды, интраназальді) жаппай вакцинациялауды жүргізгенде ыңғайлы болуы. 4. Тірі вакциналарды қолдану туа біткен немесе жүре пайда болған иммунды тапшылығы бар адамдарға қауіпті (әсіресе балаларға) , себебі оларда вируленттілігі төмен қоздырғыштар жоғары дәрежедегі инфекциялық асқынуларды тудыруы мүмкін.

    Белсенділігі төмендетілген (инактивацияланған) бактериялық вакциналарға жатады: лептоспироздық, көкжөтелдік, гонококтық, бруцеллездік вакциналар. . Белсенділігі төмендетілген вакциналарды иммуногенділігі айқын микроорганизмдерден дайындайды. Микроорганизмдерді физикалық немесе химиялық факторлар арқылы (56-60С температурада қыздырып, ультра күлгін сәулесінің әсерімен, формалинмен, спиртпен, мертиолятпен өңдеу және басқа да заттармен) инактивациялау жолымен алынады. 3. Белсенділігі төмендетілген вакциналар тірі вакциналарға қарағанда, сақтауға төзімдірек келеді. 4. Инактивацияланған вакциналардың әсері тірі вакциналарға қарағанда төмен. Себебі, осындай вакциналар қоздыратын иммунитет аз ғана уақыт сақталатындықтан, оны қайта-қайта енгізу керек болады. Олардың негізгі қолдану жолдары –тері астылық инъекциялар.

    Химиялық бактериялық вакциналарға: бөртпе –сүзектік, менингококктық, тырысқақтық (холероген+ О- антиген ), іш сүзектік вакциналар жатады. . Химиялық бактериялық вакциналар – физико-химиялық фактролармен әсер етіп, одан антигенді-иммуногендік белсенділігі күшті жерін бөліп алып вакцина дайындайды. Спецификалық компоненттерінің иммунологиялық қасиеттері бойынша ең белсенді антигендер. Бұлар органикалық қосылыстар- полисахаридтер, полипептидтер, липидтердің күрделі кешендері болып табылады. . Химиялық вакциналардың артықшылығы: балласты заттардан тазартылған, иммуногенді –белсенді антиген дозасы көп, өлі вакцинаға қарағанда инъекциялау саны аз болады. Инактивацияланған және тірі вакцинаға қарағанда химиялық вакциналардың реактогенділігі төмен болады. 4. Химиялық вакциналардың иммуногенділігі төменірек, сондықтан химиялық вакциналардың иммуногенділігін көтеру үшін оларға адъюванттар қосады.

    Корпускулярлы емдік вакциналар - физикалық (температура, УК-сәуле, иондық сәулелену) және химиялық (формалин, фенол) әдістермен белсенділігі төмендетілген бактерия мен вирустардың патогенді және вакцинаға арналған штаммдарының дақылдары. . Оларға жатады : стафилококктық, гонококктық, дизентериялық, бруцеллездік вакциналар .Негізінде созылмалы түрде жүретін инфекциялары кезінде иммундық емдеу мақсатында қолданады. Кейбір жағдайда вакцинамен емдеу курсы иммунды-белсендіруші, ал басқа жағдайда сезімталдықты төмендететін (десенсибилизирлеуші) әсер етеді.

    Антитоксиндік вакциналарды дифтериялық жіне сіреспелік экзотоксиндердің улылық қасиетін формалинмен (0,3 -0,4%) әсер етіп, 30-40 күн бойы (37%) бір қалыпты жылытып, төмендету тәсілімен алады. Бұл кезде экзотоксин улық қасиетін жоғалтады, бірақ иммуногендік қасиетін сақтайды. .Анатоксиндерге жатады: - тазартылған адсорбцияланған дифтериялық анатоксин (АД) - тазартылған адсорбцияланған сіреспелік анатоксин (АС) - секстаанатоксин (сіреспеге, газды гангренаға және ботулизмге қарсы) - стафилококктық анатоксин - холероген анатоксин Комбинирленген препараттар: адсорбцияланған дифтериялық –сіреспелік анатоксин (АДС) көкжөтелдік –дифтериялық –сіреспелік анатоксин (АКДС) 3. Анатоксиндерді белсенді анатоксиндік иммунитет қоздыру үшін дифтерия, сіреспе, ботулизм, газды гангрена, стафилококкты инфекцияларға қарсы спецификалық алдын алу мақсатында пайдаланады.

    Химиялық (суббірліктік) вирустық вакцинаға жатады: грипке қарсы вакцина ж.т.б. Химиялық вакциналар –микроорганизмдерден физикалық - химиялық әдістермен бөлініп алынған иммуногендік қасиеттері бойынша ең белсенді спецификалық компоненттерден –антигендерден тұрады. Ол органикалық құрамалардың күрделі кешені –полисахаридтер, полипептидтер, липидтер. Химиялық вакциналардың артықшылығы: балласты заттардан тазартылған, иммуногенді –белсенді антиген дозасы көп, өлі вакцинаға қарағанда инъекциялау саны аз болады. Инактивацияланған және тірі вакцинаға қарағанда химиялық вакциналардың реактогенділігі төмен болады. Химиялық (суббірлік) вакциналардың иммуногенділігі төмен, сондықтан химиялық вакциналардың иммуногенділігін жоғарылату үшін оларға адьюванттар қосады.

    Инактивацияланған вирустық вакциналарға жатады: грипке, кенелі энцефалитке қарсы вакциналар. Инактивацияланған вакциналарды иммуногенділігі айқын вирустардан қыздыру, УК сәулемен немесе химиялық заттармен (формалин , фенол ж.б.) инактивациялау жолымен дайындайды. Тірі вациналарға қарағанда инактивацияланған вакциналар ұзақ уақыт сақталады. Инактивацияланған вирустық вакциналардың тірі вакциналарға қарағанда тиімділігі төмен. Оларды қолданудың негізгі тәсілдері –тері астына енгізу иньекциямен, олардан кейінгі иммунитет ұзаққа созылмайтындықтан ревакцинациялау жүргізу қажет. Билет №13 Вирустық тірі вакциналарға жатады: қызылшалық, құтыруға қарсы, қызамықтық, паратиттік, полиомиелиттік, сары қызбаға қарсы ж.б. вакциналар. Тірі вакциналарды вакциналық штамдар деп аталатын әлсіздендірілген апатогенді вирустардан дайындайды. Тірі вакциналардың басқа вакциналарға қарағанда маңызды артықшылығы оларды тері астына енгізу жолынан басқа қарапайым тәсілдермен (тері бетіне, пероральды, интраназальды) қолдануға болады, және де жаппай егу жүргізуге қолайлы. Туа біткен немесе жүре пайда болған иммунды тапшылық жағдайларда тірі вакциналарды қолдану қауіпті, бұл кезде вируленттілігі төмен қоздырғыштар ауыр инфекциялық асқынулар тудыруы мүмкін.

    Полиомиелиттік оральды (ауыз арқылы қабылданатын) вакцина (ОПВ) –африкалық жасыл маймылдардың бүйрегінен алынған жасуша дақылдарында өсірілген полиомиелит вирусының аттенуацияланған 1,2,3 типтерінен дайындалған үшвалентті биопрепарат. Полиомиелит ауруының алдын алу үшін қолданылады. Бұл вакцина жалпы гуморальдық иммунитетпен қатар , секреторлық Jg A синтездеу есебінен ішекте жергілікті иммунитетті қамтамасыз етеді. Вакцина сұйық түрде және конфет –драже күйінде шығарылады.

    Тірі БЦЖ (BCG) вакцина Кальмет және Герен туберкулез таяқшасын өт сұйығы қосылған картопты –глицеринді агарды қайталап сеуіп авирулентті штам алған(13 жыл бойы), сол штаммнан вакцина дайындалады. Туберкулез ауруының алдын алу үшін қолданылады

    Диагностикалық сарысулардың типтері: агглютинациялық, преципитациялық, гемолитикалық, антитоксиндік, люминисценттік Диагностикалық сарысуларды тиісті антигендермен қояндарды гипериммунизациялау жолымен алады (микробтар, эритроциттер, ерітілген антигендер). Диагностикалық сарысулардың құрамында белгілі антиденелер болады, оларды зерттелетін материалдағы белгісіз антигенді анықтау үшін иммунитет реакцияларында пайдаланады.

    Антитоксиндік сарысулардың түрлері: антидифтериялық антисіреспелік антиботулиндік антигангреноздық Антитоксиндік сарысулар науқастың организмінде экзотоксиндерді бейтараптайды. Антитоксиндік сарысулар жоғарыда аталған ауруларды емдеу және алдын алу үшін қолданылады.

    Гепатит В –ге қарсы вакцина (HBV) гендік - инженерлік вакцинаға жатады. Гендік инженерия жолымен алынған (гепатит В вирусының HВs антигені шешек вакцинасына тіркелген). В гепатиттің спецификалық профилактикасы үшін қолданады. В гепатитке қарсы вакцина жоғары иммуногенді және реактогенділігі төмен.

    Бақылау сұрақтары:
    Негізгі әдебиеттер

    1 Технология ветеринарных биологических препаратов ., / Ахметсадықов Н.Н., Шабдарбаева Г.С., Хусаинов Д.М. Учебник – Алматы : Изд-во «Агроуниверситет», 2011. – 353 с.

    2 Современные лекарственные средства в ветеринарии.,/ Субботин В.М., Субботина С.Г., Александров И.Д. издание 2-е дополненное и переработанное. г. Ростов-на-Дону «Феникс» 2001г. – 600 с.



    2 Қосымша әдебиеттер

    1 Фитотерапия: оқу құралы / Қожанов, К.Н. -2010

    Пайдалы өсімдіктерді мал дәрігерлігінде қолдану./ Шәріпбаев Н. Ш. – Алматы, Қайнар: 1988. – 243 б.



    2 Ветеринариялық фармакогнозия / Қожанов К.Н. – 2009

    Лекарственные растения в ветеринарной практике / Рабинович М.И. - 1987



    3 Фитотерапия в ветеринарии, традиционной и нетрадиционной медицине / Маловастый, К.С. -2007

    Практикум по ветеринарной рецептуре с основами технологии лекарственных форм / Набиев, Ф.Г. - 2008



    4 Фармакопея СССР. – М.: Медицина, 1990. – 333 с.

    5 Фитотерапия в ветеринарии, традиционной и нетрадиционной медицине / Маловастый, К.С. -2007

    3 Сандық тасымалдағыш құрылғыдағы оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттер

    3.1 Фитотерапия: оқу құралы / К.Н.Қожанов; С.К.Қожанова. – Алматы, - 2010// http: // rmeb.semgu.kz/ebooks/ebook_98/

    3.2 Ветеринариялық фармакогнозия / Қожанов, К.– 2009 // http: // rmeb.semgu.kz/ebooks/ebook_93/
    «Ветеринариядағы биопрепараттар» пәнінен №3 Дәріс
    Модуль 1 Ветеринариялық биопрепараттар мен диагностикалық заттардың биологиялық анықтамасы
    Тақырыбы: Биопрепараттар мен диагностикумдардың шығу тегіне қарай жіктелуі
    Жоспары:

    1. Биопрепараттар мен диагностикумдардың шығу тегіне анықтама

    2. Ветеринариядағы биопрепараттардың қолдану маңызы

    3. Диагностикумдарға сипаттама

    Биопрепараттар мен диагностикумдардың шығу тегіне анықтама

    Қазіргі уақытта ветеринариялық практикада екі мыңнан артық дәрілік препараттар қолданылып, жануарлардың әртүрлі ауруларына қарсы қолданылып, бактериялық және вирустық инфекцияға қарсы алдын алу шараларында пайдаланылуда. Биологиялық препараттар тірі ағзалардың тіршілік жағдайын жақсартып, олардан алынатын өнімдерді молайтуда маңызы зор. Биологиялық препараттарға вакциналар, сарысулар, микроағзалардан өндірілетін антибиотиктер, ферменттер, т.б. биологиялық активті заттар жатады. Мысалы, вакциналар түрлі аурулардан сақтандыру үшін де кеңінен пайдаланылады. Оның сарысуға қарағанда ағзадағы иммундық қасиеттерді ұзақ уақыт сақтап қалатын қасиеті бар. Биологиялық препараттар егіншілікте егіс дақылдарын аурудан қорғап, олардың өнімділігін арттыруға едәуір көмегін тигізеді. Мысалы, микробтардан даярланатын азотобактерин, нитрагин препараттары атмосферадағы өсімдіктерге қажетті азотты сіңіреді. Бұл азот тыңайтқыштарын үнемдеуге көмектеседі.

    Ал құрамында фосфор бактериялары бар — фосфоробактерин биологиялық препараттары топырақтағы күрделі фосфор қосылыстарын ерітіп, оны өсімдіктердің сіңіруіне жағдай жасайды. Биологиялық препараттардың ішінде ең құндысы — ферменттер. Мысалы, амилаза, протеаза, пектиназа, целлюлоза және липаза ферменттерінен жасалған биологиялық препараттар мал ағзасындағы зат алмасуда ферменттер қатысуымен жүретін процестерге тікелей қатысып, азықтың жұғымдылығын арттырып, өнімділікті молайтады. Ал микроорганизмдерден алынатын амилоризин, амилосубтилин, протосубтилин, калдерин, пектиноворум биологиялық препараттары малдың ас қорыту жүйесінде азықпен бірге түскен күрделі көмірсулар қосылысын (крахмал, клетчатка, пектин заттар) ыдыратып, ағзаға оңай сіңетін көмірсулардың мөлшерін молайтады.[1]



    Биологиялық препараттардың өндірістік жағдайда алынатын түрі — мал азықтық ашытқылар басқа микробтар пайдалана алмайтын көмірсутектердің (мұнай өнімдері) күрделі қосылыстарымен қоректеніп, қоршаған ортада белоктың жиналуына көмектеседі, яғни олар ағза үшін жетіспейтін азот қосылыстарының (амин қышқылдары) көбеюін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, микроорганизмдерден алынатын фитобактериомицин биологиялық препараттары өсімдіктердің бактериялық ауруларына қарсы қолданылады. Гризин препараты өсімдіктердегі ауру қоздырғыш саңырауқұлақтарға қарсы қолданылады. Ал триходермин биологиялық препараттарн Қазақстан ғалымдары алды. Ол өсімдіктердің тамыр жүйесіндегі шірітуші микроағзаларды жою үшін пайдаланылады. Микробтардан алынатын көптеген биологиялық препараттар (биовит, кормогризин, бацитрацин, витамицин, комарин, т.б.) малдың салмағын арттырып, алынатын өнімдердің (сүт, ет, т.б.) сапасын жақсартады. Осымен қатар сібір жібек құртын, бау-бақша өсімдіктерін, жүзімді бүлдіретін зиянкес жәндіктерге індет туғызушы микроағзалардан де биологиялық препараттар (энтобактерин, дендробациллин, битоксибациллин, инсектин,боверин) алынады. Биологиялық препараттардың құндылығы — олар химиялық препараттармен салыстырғанда, қоршаған ортаға ешбір зиянын тигізбейді.

    Ветеринариядағы биопрепараттардың қолдану маңызы

    Ауруға қарсы тұратын енжар иммунитет уыз сүтпен де пайда болуы мүмкін. Кейде ауруға қарсы антиденелер жас төлдерге енелерінің ішегі арқылы да беріледі. Бұл жағдайды – колостралдық иммунитет деп атайды. Иммуноглобулиндердің ең көп мөлшері жас төлдерде туылған соң 5 күн өткенде ғана көбейеді.

    Табиғи колостралдық иммунитет жас төлге табиғи түрде ауырып жазылған енесінен беріледі. Ал, жасанды колостралдық иммунитет буаз малды егу нәтижесінде пайда болады. Мысал ретінде шошқа торайларының Ауески ауруына қарсы тұру қасиетін айтуға болады. Антиденелер жатырдағы төлге жатыр арқылы енесінен беріледі. Мысалға ит обасы вирусына, адамның қызылша, шешек ауруларына қарсы антиденелер осылай беріледі.



    Гамма – глобулиндер. Табиғи ауырған малдың қанында, не егуден соң қанда пайда болған антиденелер(иммуноглобулиндер) қан сарысуының гамма – глобулинді фракциясында ғана болады. Сондықтан да ғалымдар гипериммундық қан сарысуын басқа қажетсіз заттардан тазартуды алдына мақсат етіп қойды. Гамма – глобулин осындай тазартылған препарат болып есептеледі.

    Гипериммундық қан сарысуы мен гамма – глобулин ауруды емдеу және аурудан сақтандыру үшін қолданылады. Ауески ауруына , шошқа , ірі қара обасына т.б осындай қан сарысуын қолданады.

    Қан сарысуының пайдалылығы мынандай жағдайға байланысты болады.

    - антидене титріне

    - егу мерзіміне – әдетте препаратты организмге инфекция басталысымен енгізген жөн.

    - қан сарысуы алынатын малдың түріне . Гомологиялық қан сарысуының гетерологиялық қан сарысуымен салыстырғанда әсері күштірек.

    Сонымен бірге гипериммунды қан сарысуы мен гамма – глобулин мал ауруын анықтау үшін қолданылады, яғни вирус түрін анықтайтын серологиялық реакцияларға пайдаланылады.

    Сібір жарасына арналған қан сарысуы препараттың сипаттамасы. Сібір жарасына арналған қан сарысуы сібір жарасының қоздырушысының гипериммундалған культурасы жылқының қанынан алынады және оның түсі жасыл немесе сұр түстес мөлдір түсті флакон түбіне шөгетін тұнбасы бар , ал шайқаған кезде біркелкі массаға енетін сұйықтық.

    Жылқыларды гипериммундеу үшін антиген ретінде Ценковскийдің II – вакцинасын және 12 ден кем емес сібір жарасының қоздырушысының вирулентті штаммын алады.

    Препараттың сапасын көрсететін белгілері: Шығарар алдында қан сарысуының әрбір сериясының стерильдігін , активтілігін , қауіпсіздігін тексереді . 10 күнге термостатқа қойылған қоректік ортаға себілген қан сарысуы стерильді болуы керек . Ал шығарылған қан сарысуының қауіпсіздігін тексеру үшін 5 ақ тышқанға тері астына 0,5 мл , ал 2 теңіз шошқасына 10 мл , 350 – 400 г салмаққа егеді. Жануарлар 10 күнге бақылауға алғанда тірі қалуы керек.

    Шығарылу формасы: Қан сарысуларын флаконда шығарады. Жарамдылық мерзімі шығарылған күнінен бастап 4 жыл , 2 – 15С температурада қараңғы , құрғақ жерде сақтайды.

    Қолдану тәсілі: Сібір жарасына қарсы қан сарысуын алдын алу және емдік мақсатта қолданады. Қан сарысуы егілген жануарларда иммунитет 14 күнге дейін сақталады. Емдік мақсатта тек қана жануар сібір жарасымен ауырған жағдайда ғана қолданады.


    Жануар түрі

    Алдын алу дозасы

    Емдік доза

    Жылқылар мен түйелер

    Мүйізді ірі қара

    Қой, ешкі, бұзаулар мен шошқалар


    15 - 20

    15 - 20


    8 - 10

    100 – 200

    100 - 200

    50 - 20


    Ауырған жануарға қан сарысуын жоғарыда көрсетілген дозада ғана қолданады. Керек болған жағдайда ( егер ауырған жануар жағдайы 5 – 6 сағатта жақсармаса) қан сарысуын сол дозада тағы да қайталап егеді.
    Диагностикумдарға сипаттама

    Аллергия. Аллергия (грекше alios — басқаша, ergon — әсер) — организмнің белгілі бір бөгде затқа жоғары сезімталдыгы. Ол әдетте антигенніц денеге екінші рет енуі кезінде өріс алады. "Аллергия" ұғымын 1906 жылы австралиялық ғалым Пирке үсынған болатын. Ол бұл терминді организмнің өзгеріске үшыраған реактивтігін өзгертетін заттарды аллергендер деп атады. Аллергендер қатарына жануар және өсімдік тектес заттар, липоидтар, күрделі көмірсулар, дәрі-дәрмектер және т.б. жатады. Аллергияны туынды иммупитеттің компоненті деп қарау керек, өйткені ол да баска иммундық реакция­лар сиякты денеге енген бөгде заттарға (аллергендерге) карсы бағытталган организмнің жауабы болып табылады. Аллергиялык реакция-лардың екі түрі белгілі: гиперсезімталдыктың шапшаң түрі (ГШТ) және гиперсезімталдыктың баяу түрі (ГБТ).

    Диагностикалық биопрепараттар.

    Позитивті бруцеллезді сарысу- активті бруцеллезді сарысуды, қан сарысуын бруцеллезге АР,КБР және РДСК бақылау антигеніне қолданады. Бруцеллездің сарысу-ақшылтым болып келеді. Оны гипериммунделген сау қояндардан немесе ірі қара малынан алынады.Жануарларды гипериммундеу үшін бруцеллездін үш типтегі штаммпын қолданады.Олар 2-3 күн 37-38 с температурадағы бауырлы-глицеринді-глюкозды немесе картофельді агарда өсіреді.Таза басқа бруцеллезді өсінділер болмаса ,агарда өсіріліп физиологиялық ертіндімен жуылған , ватно-марлелі фильтерден өткізілген болса 100 С температурада бір сағатқа су ваннасына қояды.Бруцеллезді өсінділердін концентрациясы әрбір штаммда 4-5 млрд. 1 мл микробты денешіктерге. Өлшеніп алынған бруцеллалардың стерилдігін тексереді. Егер ол стерильді болса жануарларды гипериммундеуге қолданады. Жануарларға бруцеллездің үш типті антигеннің екпес бұрын араластырып аламыз. Антигенді жануарларға тамырішіне егеді.Бірінші рет 1 мл ,содан кейін 2 және 3 мл-ден егеді.

    Антигенді штамм бойынша бөлек 1-2 ай 2-4 С температурада сақтайды. Антиген ретінде тірі вакцинаны 19 штаммынан қолдануға болады.Ірі қара малына 19 тірі штаммын тері астына 5 мл мөлшерде егеді. 10-12 күннен кейін әрбір продуценттен АР,КБР-дың сарысудың титірін аңықтау үшін қан алады. АР-дан 1-1800 және одан жоғары ал КБР-да 1-20 және одан көп алынған титірді жануарларды қан алуға дайындайды.АР және КБР реакциясында активтілігін көрсеткен сарысуларды алады.

    Қояндардан арнайы цилиндірге стерильді шприцпен жүрегінен алады және оны 1 сағатқа термостатқа қан ұю үшін қояды. Сарысу таза мөлдір , эритроциттен, белокты заттардан таза болуы керек.Оны стерильді 5% корбол қышқылымен консервілейді.Агглютинациялаушы сарысуларды таза құрғақ борлы қышқылмен, хлороформмен және т.б консервілейді.Сарысуды жақсылап араластырып екі аптаға қойып содан кейін активтілігімен стерилльдігіне тексереді.Стерильдігін тексеру үшін ЕПБ ,ЕПА –ға егеді.Өсінділерді 10 күнге термостатқа қояды. АР реакциясына күмән болғанда пробирка түбінде қолшатыр тәріздес өсінді пайда болады.Пробирканы шайқаған кезде тұнба кішкентай үлпектерге айналады. КБР –ға сарысудың активтілігін екі бруцеллезді антигенмен тексереді.Бруцеллезді сарысуды стерильді таза ертіндімен араластырады олар 1-5, 1-10, 1-20, 1-40, 1-80, 1-100 және т.с.с пробиркаға 0,5 мл –ден құйып 30 минут су ваннасында инактивтейді.Ірі қара малының сарысуын 56-58С,ал қояндардың сарысуың 60-62С температурада .Позитивті бруцеллезді сарысу АР-да 1-800 және КБР-да 1-20, 1-60 болу керек. Оларды құрғақ қараңғы жерлерде 5-15С температурада бір жыл сақтайды.



    Монорецепторлы бруцеллезді сарысу.

    Бруцеллезді монорецепторлы сарысуды- агглютинация реакциясы арқылы бруцеллез өсіндісін дифференциациялау үшін қолданады.Агглютинация реакциясын пробиркада және тамшы әдісі арқылы шыныға қояды.Флаконда аз мөлшерде белокты түнбалар рұқсат етіледі.Зақымданған қояндарға екі типті бруцелл түрін дайындайды Иммунизация үшін қояндарға жоғарғыагглютинабильды бруцелл штаммын қолданады.

    Бруцеллезді сарысуды алу үшін қояндарды екі бөлек топта ұстайды.Бірінші топтағы қояндарды abortus өсіндісімен ал екінші топтағыны melitensis өсіндісімен зақымдайды.Оларға құлақ тамырына 1 мл тірі өсінді егеді онда 100млн бруцелл бар.Қояндарды зақымдағаннан кейін бес күннен кейін қансыздандырады.

    Агглютиндерді адсорбциялау үшін корпускулярлы антиген дайындайды.Алынған бруцелла өсінділерін 60 С 1,5 сағат қыздырады, содан кейін 2500-3000 айналым/минутына центрифугалайды.

    Абортус типті сарысуға қаймақ тәріздес қою суспензия қосады.Ал мелитенсис типіне абортус типтегі бруцелла суспензиясын қосады.Әрбір 45 мл бруцелла бар сарысуға 5 мл суспензия қосады, флаконды жақсылап араластырып су ваннасына 37-38С температураға 2 сағатқа қояды және 15-20 минут сайын флаконды араластырып отырады.

    Қыздырғаннан кейін түссізденгенге дейін центифугалайды.Тұнбаны алып тастап ,сарысуды 58-60С температурада бір сағат бойы инактивтейді содан кейін стерилиздеуші пластинкадан фильтірлейді.

    Сарысуды стерильдігіне, активтілігіне және спецификасына тексереді.Стерильдігіне тексеру үшін бауырлы агар сорпада тексереді. Өсінділерді 10 күнге термостатқа қояды.

    Бруцелла сарысулары дайындаған уақыттан бастап 6 ай сақтауға болады.Оларды қараңғы құрғақ жерлерде сақтайды..



    Моноспецификалық агглютиндеуші вибринозды сарысу.

    Сарысу үш типті серотипті- вибринді дифференцациялау үшін қолданпды, ол көбінесе ірі қара малында және қойларда кездеседі.Моноспецификалық вибринозды агглютиндеуші сарысудың түсі ақшылтым болып келеді.

    Сарысуды типті антигенмен гиперимунделген қояндардан алады. Типті антигендік суспензияны қояндарға тамырішіне 5 күн егеді. Бірінші рет 1 мл суспензия екінші рет 2мл содан кейін 3 мл суспензия егеді. Алынған қанды таза шыны цилиндрге құяды. Алынған сарысуды стерильдігіне, активтілігіне, спецификалығына тексереді. Стерильдігін коректік ортада тексереді ал активтілігімен спецификалығын агглютинация реакциясы арқылы тексереді.1-3200 титрлі сарысулар ғана жарамды болып табылады. Сарысуды сақтау мерзімі 1 жыл және оны 2-12 С температурада қараңғы құрғақ жерде сақтайды.


    Бақылау сұрақтары:
    Негізгі әдебиеттер

    1 Технология ветеринарных биологических препаратов ., / Ахметсадықов Н.Н., Шабдарбаева Г.С., Хусаинов Д.М. Учебник – Алматы : Изд-во «Агроуниверситет», 2011. – 353 с.

    2 Современные лекарственные средства в ветеринарии.,/ Субботин В.М., Субботина С.Г., Александров И.Д. издание 2-е дополненное и переработанное. г. Ростов-на-Дону «Феникс» 2001г. – 600 с.



    2 Қосымша әдебиеттер

    1 Фитотерапия: оқу құралы / Қожанов, К.Н. -2010

    Пайдалы өсімдіктерді мал дәрігерлігінде қолдану./ Шәріпбаев Н. Ш. – Алматы, Қайнар: 1988. – 243 б.



    2 Ветеринариялық фармакогнозия / Қожанов К.Н. – 2009

    Лекарственные растения в ветеринарной практике / Рабинович М.И. - 1987



    3 Фитотерапия в ветеринарии, традиционной и нетрадиционной медицине / Маловастый, К.С. -2007

    Практикум по ветеринарной рецептуре с основами технологии лекарственных форм / Набиев, Ф.Г. - 2008



    4 Фармакопея СССР. – М.: Медицина, 1990. – 333 с.

    5 Фитотерапия в ветеринарии, традиционной и нетрадиционной медицине / Маловастый, К.С. -2007

    3 Сандық тасымалдағыш құрылғыдағы оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттер

    3.1 Фитотерапия: оқу құралы / К.Н.Қожанов; С.К.Қожанова. – Алматы, - 2010// http: // rmeb.semgu.kz/ebooks/ebook_98/

    3.2 Ветеринариялық фармакогнозия / Қожанов, К.– 2009 // http: // rmeb.semgu.kz/ebooks/ebook_93/
    «Ветеринариядағы биопрепараттар» пәнінен №4 Дәріс
    Модуль 1 Ветеринариялық биопрепараттар мен диагностикалық заттардың биологиялық анықтамасы
    Тақырыбы: Биопрепараттардың жан-жануарлар организмінің дербес жүйе әрекеттері (функциялық процесс) қызметін реттеу (физиологиялық қамтамасыз ету) қажеттілікке мәжбүрлеу, ветеринарлық іс әрекетті жүзеге асыруға, диагностикалық мақсатта пайдаланылуына байланысты жіктелуіне сипаттама
    Жоспары:
    1. Биопрепараттардың жан-жануарлар организмінің дербес жүйе әрекеттері (функциялық процесс) қызметін реттеуде қолданылуы

    2. Ветеринарлық іс әрекетті жүзеге асыру барысында қолданылатын диагностикалық препараттың пайдаланылуына жалпы сипаттама



    Вакцина деген термин француз тілінен уасса - сиыр деп аударылады. Ол сөзді әдебиетке кіргізген ЛЛастер болатын. Өйткені ағылшын ғалымы Э.Дженнер сиыр шешегін ең алғаш адамға егіп, ол адамды аурудан қорғап калғандығы үшін вакцина деп атаған.Вакциналарды көбінесе аурудың спецификалық алдын алуға, кейбір кезде емдеуге қолданады.

    Тірі вакциналар - әсерлі заты әртүрлі әдіспен патогендік қасиеті жойылып антигендік қасиеті сақталып қалған, аттенуацияланған (әлсіретілген) микробтардан жасалынған препараттар. Аттенуацияны микробтың штамына химиялық (мутагендар), физикалық (температура, радиация), не болмаса ауру жұқпайтын жануарларға қайталап егу арқылы жүргізеді. Солардың нәтижесінде ауру туғызбайтын, бірақ организмге еңгізген кезде белгілі бір жүқпалы аурутүрінеқарсыарнайы иммунитет қүратын мүмкіншілігі» бар заттар пайда болады.Аттенуация тәсілін ең алғаш Л.Пастер үсынған. Тәсіл іс жүзінде қүтыру, тырысқақ, түйнеме қоздарғыштарында тексерілген. Кәз.іргі заманда бүл тәсіл өте қең қолданылады. Тірі вакцина ретінде, адамға патогенді емес, бірақ адамға патогенді микробтардың антигендеріне үқсас антигендері бар, дивергенттік штамм деп аталатын түрлерін қолдануға болады. Мысал ретінде шешекке, туберкулезге (БЦЖ) қарсы қолданылатын вакциналарды келтіруге болады.Кейінгі уақытта тірі вакцинаны алу үшін генді-инженерлік тәсілдер колданылып отыр.

    Өлі вакциналарадың әсер ететін заты- физикалық, не химиялық тәсілдермен өлтірілген патогёнді бактериялар мен вирустардың бүтін жасушалары, не олардан алынған протективті антигендік комплекстері (субжасушалық, субвириондық вакциналар). Бактерия мен вирустарды бейбелсендіру үшін формалдегид, спирт, фенол, температурамен, ультракүлгін сәулесімен әсер ету және ионизациялайтын радиация қолданылады.Өлі вакцинаны алу үшін алғашында микробтар мен вирустардың таза дақылын өсіреді содан кейін белсенділігі жойылады. Препаратқа міндетті түрде консервант, кейде адъювант қосылады.Өлшемі бір антигендік корсеткішпен есептеледі. Әдетте терінің астына, не бүлшық ет ішіне бірнеше рет егіледі.

    Молекулалық вакциналар да антиген, олардың спецификалығын анықтайтын молекулалық немесе молекуланың бөлшегі түрінде болады (эпитоптар, детерминанттар). Иммунитет туғызатын протективті антигендерді табиғи патогенді микробтарды өсіру кезінде биологиялық синтез арқылы алуға болады (мысалы, экзотоксині бар күл, сіреспе, ботулизм микробтарынан). Токсинді молекула түрінде бөліп шығарғаннан кейін, формалинмен өңцеп оның улығын жойып антигендік және иммуногендік қасиетін сақтайды.

    Анатоксиндер (токсоидтар).Молекулалық вакциналардыңтүріне күл, сіреспе, ботулизм, газды гангренаның қоздырушыларының анатоксиндері жатады. Анатоксин алудың принципіне негізінде токсинді 0,4 пайызды формалин ерітіндісімен 37 градус жылылықга 3-4 жүма өңцеген кезде токсин улығын жоғалтып антигендік және имуногендік қасиетін сақтап қалуы жатады. Алынған анатоксинді тазартып оған адъювант қосады. Анатоксин өте тиімді вакциналар түріне жатады. Мысалы, күлге, сіреспеге қарсы анатоксинді егу арқылы осындай аурулар саны күрт төмендеп эпидемия пайда қаупі жойылған. Тазартылған анатоксин тері астына, не бүлшық ет ішіне егіледі.

    Синтетикалық вакциналар.Антигендердің молекулалары, не олардың эпитоптары өте төмен дәрежелі иммуногендер. Оның себебі әржақты. Сондықтан олардың иммуногендік дәрежесін жоғарылату үшін, оларға иммунгендік көрсеткіші зор ірі молекулалы заттарды (полимерлер) жалғастырады. Ондай заттардың адъюванттық қасиеттері де болуы мүмкін.Сонымен синтетикалық вакцина антиген (не эпитоп)+ полимер+адъювант қосындысынан түрады. Синтетикалық вакцинаны жасау процесі өте күрделі, дегенмен бірталай елдерде болашағы мол белсенді жүмыс жүргізілуде.

    Адъюванттар.Жоғарыда айтылғандай вакциналардың иммуногендік дәрежесін көтермелеу үшін адъюванттар қолданылады (лат. аdjuvant - көмекші). Адъювант ретінде минералдық сорбенттер, полимерлі заттар, күрделі химиялық қосындылар (ЛПС, мурамилпептид); бактериялар мен оның компопенттірі (мысалы Фрейнд адъювантына қосатын БЦЖ -ның сорындысы); қабыну тудыратын заттар (сапонин, скипидар) қолданылады.

    Ассоциаланган вакциналар.Вакцина егуді және егу санын қысқаріу үшін арнайы ассоцияланған (құрамаланған) вакцина түрі ойлап табылған, яғни бір препараттың ішіне түрлі текті антигендер кіріп, бірнеше ауру түріне қарсы иммунизациялауға болады. Вакцинаның ондай түрін құру ғылыми түрде дәлелденген, өйткені иммундық жүйе бір мезгілде бірнеше антиген түріне жауап бере алады. Ассоциациялық вакцина жасау жолындағы шешілетін ең басты мәселе, ол вакцинаға кірген антигендердің бірімен бірі қарсыластыққа түспеуі және жанама көрніс тудырмауы. Ассоциалық вакцинаның ішінде тірі және бейбелсендірілген препаратар бірге болуы мүмкін. Егер препараттың ішіне бір текті антигендер кірсе оны поливакцина деп атайды. Мысал ретінде полиомиелитке қарсы қолданылатын вакцинаны айтуға болады антигені.Егерде ассоциаланған вакцинаның ішіне түрлі текті антигендер кірсе онда оны комбинациялангая вакцина деп атайды. Мысалы, АКДС (адсорбталған көкжөтел-күл-сіреспе вакцинасы).

    Анатоксиндердің алыну әдістері. Инфекциялар, анатоксиндер көмегімен жүргізілетін профилактика. Адъюванттар, олардың биопрепараттар комплексіндегі рөлі. Еркин 311 жм

    Анатоксин алу әдісі: токсинді 0,4 пайызды формалин ерітіндісімен 37 градус жылылықта 3-4 жұма өңдегенде токсин улылығын жоғалтып, антигендік және иммуногендік қасиет сақтап қалуы жатады.Алынған анатоксинді тазартып, оған адъювант қосады.

    Анатоксин: күлге, сіреспеге қарсы тері астына немесе бұлшық етке егіледі.


    Вакциналардың иммуногендік дәрежесін көтермелеу үшін адъюванттар қосылады.Адъювант қосылған вакциналарды «деполанған» деп атайды.Олар иммунитеттің Т-,А-,В- жүйелерін тікелей демейді және организмнің қорғаныс ақуыздарының түзілуін үдетеді.


      Заманауи вакциналар .  Заманауи вакциналогияның негізі иммунитеттің жасушалық және молекулярлық механизмінің дамуын меңгеру болып табылады. Болашақтың вакциналарына мыналар жатады: генді инженериялық вакциналар, пептидті синтетикалық вакциналар, ДНҚ вакциналары, жаңа комплексті вакциналар, топтық және жеке вациналар , және т.б.

    Ветеринарлық іс әрекетті жүзеге асыру барысында қолданылатын диагностикалық препараттың пайдаланылуына жалпы сипаттама


    Диагностикалық препараттар (бұдан әрі – ДП) – зерттелетін материалда микроорганизмдерді, антигендерді, антиденелерді, нуклеинді қышқылдарды танып білуге қабілетті препараттар;

    Диагностикум - жануарлар ауруларын немесе физиологиялық жай-күйін диагностикалауға, сондай-ақ микроорганизмдерді, олардың тіршілік ету өнімдерін және басқа да биологиялық объектілерді индикациялау мен бірдейлендіруге арналған биологиялық немесе синтетикалық тектес құралдар;

    рентгенографикалық зерттеулерге арналған контрастық препараттар; ауруларға салуға арналған диагностикалық реагенттер

    Сондай-ақ, диагностикалық сары сулар жұқпалы аурулар қоздырғышын идентификациялау үшін ғана емес типін және вариантын да анықтау үшін пайдаланылады. Бұл үшін негізінен лабораториялық жануарлар сывороткалары қолданылады (қоян, теңіз шошқасы), әтеш және сирек жағдай да жылқы пайдаланылады.

    Диагностикалық глобулин – (мысалы құтырықты анықтауда иммунолюминесцентті микроскоп). Бұнда тазажоғарғы активті моноспецификалық антирабиалық жылқы сары сулы у-глобулин қолданылады.



    МЫСАЛЫ: Ауыл шаруашылық және үй жануарларындағы БРУЦЕЛЛЕЗ ауруының диагностикасына қатысты негізгі мәселелер (ге) немесе

    БРУЦЕЛЛА қоздырғышының диссоциациялық және реверсииялық жағдайларына байланысты ДИАГНОСТИКАДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР


    Ауру қоздырғышының 10 түрі мен әртүрлі биоварлары бар, 2008 жылы және кейінірек B.ceti, B.pinnipedialis, B.microti, B.inopinata аталмыш түрлері бруцелла тұқымына (рода) жатқызылды. Бұның соңғы екеуінің адам үшін патогенділігі дәлелденген. Br.melitensis,Br.abortus,Br.suis және B. neotomae – түрлеріне S – вариант (гладкая форма) тән, B. ovis және B. canis екі түрі R-вариант (шероховатая форма) болып келеді.

    Жалпы түсінікте ауруды (ең) негізінен – тегіс S және R бұдырлы (шероховатой) пішіндегі (формадағы) қоздырғыш тудырады деп есептеледі.

    Қоздырғыштың пішіндік түріне сәйкес - иммундық препарат (вакциналық штаммдар) әзірленіп, диагностикалық мақсатта антитаксинді (түзілетін) анықтау үшін соған тән антигендік диагностикум әзірленіп тәжірибеде пайдаланылып келеді...
    Диагностикалық мәселелер
    Қазіргі кезде (бізде) серологиялық зерттеу негізінен жануар организміндегі S-бруцеллезді антителаны анықтауға негізделген.

    Диагностикалық мақсатта ит және басқа жануарлардағы бруцеллезді анықтаудағы қиындықтың бірі қоздырғыштың антигендік түрінің (құрылымы) ерекшелігіне байланысты болып табылады. Мысалы итте (негізінен) бруцелла R-формалы түрінде болады. Осы мәселеге байланысты өзім танысқан ғылыми еңбекте 2009-2010 жылдары 160 итті R-бруцеллезді антигенмен тексерген кезде 56 жануар оң реакция берсе, осы сынамаларды РА және РСК арқылы S-бруцеллезді антигенмен тексергенде оң реакция байқалмаған.

    Сонымен қатар серологиялық диагностиканың күрделілігі кейбір микроорганизмдердің бруцелла антигенімен ұқсастығында деп есептеледі. Мысалы ішек иерсиниозы - Yersininia enterocolicia қоздырғышы. Бұған қоса жануар организміндегі антидененің түзілуін далалық культурасынан /полевые культуры/ және бруцеллездік вакцина штамынан ажырату (дифференциациялау) мүмкіндігін жетілдіру үнемі қарастырылмайды деуге болады. Осы себепті белгілі диагностикалық реакциялармен бір жол немесе алғашқы тексеру /однократном исследовании/ арқылы бруцеллезден қолайсыз шаруашылықтағы ауру малдарды бірден анықтау өте қиын. Яғни, иерсиниоз және бруцеллезді ажыратуды қолдану керек.

    Ғылыми дәйектемелер дерегіне қарағанда ішек иерсиниозы соңғы он жылдықта эпизоотиялық және эпидемиологиялық маңызға ие болып, адам мен жануарларлар арасындағы жұқпалы аурулардың қатарынан көрінуде.

    Қазіргі таңда Yersinia enterocolitica 0:9 серовары және Brucella abortus аралығындағы жанамалық серологиялық реакция (наличия перекрёстных серологических реакции) ветеринариялық тәжірибеде өзіндік мәселе күйінде қалып отыр. Осы себепті жануарлар бруцеллезін анықтауда - бруцеллезді антигенмен тексергенде, бруцеллездік этиологияға жатпайтын анителаның (антител небруцеллёзной этиологии) жиі байқалуына сәйкес бұл антитела Yersinia enterocolitica 0:9 –ке жатқызылуда.

    Осы жағдайға байланысты (жалпы) ветеринарлық тәжірибеде «Набор для выявления антител к иерсиниям и бруцеллам в сыворотках крови крупного рогатого скота методом иммуноферментного анализа» құрылымы ұсынылған. Бұл құрылым негізінен иммундаудан өтпеген бруцеллез ауруына қолайлы шаруашылықтағы мүйізді ірі қара малының қан сары суын бруцеллезді антигенмен тексерген кезде оң және күмәнді реакция берген жағдайда ішек иерсиниозы (Yersinia enterocolitica серовара 0:9). мен бруцеллездік этиологияны ажыратуға арналған.


    Бұл жетістік ветеринариялық ғылыммен тәжірибенің мүмкіндігін көрсетеді.

    Сонымен қатар жануар организміндегі Yersinia enterocolitica (S-»R) культурасының диссоциациялық және реверсиялық (R->S) үрдісте (жағдайда) болатындығы себепті, серологиялық реакцияда S-, және R- антителаны анықтау мақсатындағы антигенді қолдануды ұсынған.



    Яғни, бұл жағдай бруцеллез қоздырғыштарына да тән, осы себепті екі антителаны бірдей тексеру үшін - SR-формалық бруцеллезді антигендік диагностикумды қолдану қажет.
    Бақылау сұрақтары:
    Негізгі әдебиеттер

    1 Технология ветеринарных биологических препаратов ., / Ахметсадықов Н.Н., Шабдарбаева Г.С., Хусаинов Д.М. Учебник – Алматы : Изд-во «Агроуниверситет», 2011. – 353 с.

    2 Современные лекарственные средства в ветеринарии.,/ Субботин В.М., Субботина С.Г., Александров И.Д. издание 2-е дополненное и переработанное. г. Ростов-на-Дону «Феникс» 2001г. – 600 с.



    2 Қосымша әдебиеттер

    1 Фитотерапия: оқу құралы / Қожанов, К.Н. -2010

    Пайдалы өсімдіктерді мал дәрігерлігінде қолдану./ Шәріпбаев Н. Ш. – Алматы, Қайнар: 1988. – 243 б.



    2 Ветеринариялық фармакогнозия / Қожанов К.Н. – 2009

    Лекарственные растения в ветеринарной практике / Рабинович М.И. - 1987



    3 Фитотерапия в ветеринарии, традиционной и нетрадиционной медицине / Маловастый, К.С. -2007

    Практикум по ветеринарной рецептуре с основами технологии лекарственных форм / Набиев, Ф.Г. - 2008



    4 Фармакопея СССР. – М.: Медицина, 1990. – 333 с.

    5 Фитотерапия в ветеринарии, традиционной и нетрадиционной медицине / Маловастый, К.С. -2007

    3 Сандық тасымалдағыш құрылғыдағы оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттер

    3.1 Фитотерапия: оқу құралы / К.Н.Қожанов; С.К.Қожанова. – Алматы, - 2010// http: // rmeb.semgu.kz/ebooks/ebook_98/

    3.2 Ветеринариялық фармакогнозия / Қожанов, К.– 2009 // http: // rmeb.semgu.kz/ebooks/ebook_93/
    «Ветеринариядағы биопрепараттар» пәнінен №5 Дәріс
    Модуль 1 Ветеринариялық биопрепараттар мен диагностикалық заттардың биологиялық анықтамасы
    Тақырыбы: Дәрілік зат (диагностикум, емдік және алдын алу) биопрепараттарды қолдану және жою барысындағы қағидалар
    Жоспары:
    1. Дәрілік заттық (диагностикум, емдік және алдын алу) биопрепараттардың ветеринарлық мақсатта қолданылуындағы әрекеттерді клиникалық-зертханалық тұрғыда бағалау әдістемеліктері

    2. Ветеринарлық биопрепараттарды қолдану және жою барысындағы қағидаларға жалпы сипаттама

    Жануартану тәжірибиесінде жаратылысты және синтетикалық гормоналды препараттардың айтарлықтай мөлшеріне ие. Оларды төрт топқа бөлуге болады:

    -  Бірінші топ — жануарлардың эндокринді бездерінен гормоналды заттарды шығару арқылы алынады. Бірқатар препараттар (инсулин, адреналин, эстрон) жоғары деңгейдегі тазартылған және де кристаллды түрдегі горманалды заттардан құралған.

    Бұл типтегі көптеген препараттарда органикалық қосылыстардың кейбір мөлшері бар. Мысалы, питуитринада гистамин есебінен 5% -ға дейін белсенділіктің өзгерісі болуы мүмкін, ал гонадотропин негізгі заттарға жақын емес 20 % заттардан құралған.

    - Екінші топ – табиғи заттардың құрылымына толық сәйкес келетін гормондардың синтезделген препараттары. Көбінесе олар жақсы тазартылған, оларды дәлме-дәл мөлшерлеуге (дозалауға) болады, бірақ мұндай препараттар өндірілуі қиын болғандықтан, аз маз.

    - Үшінші топ –гормоналды әсері бар өсімдік препараттары, өкінішке орай, олар өте аз зерттелген.

    - Препараттардың төртінші тобы маңызды қызығушылық білдіртеді — табиғи гормондарға ұқсас синтетикалық қосылыстар.

    Ағзада гормоналды препараттар белгілі бір физиологиялық үрдістерге қатысты өзіне тән қатаң әсер етеді. Негізінен олар зат алмасудың барлық түрлеріне, мүшелер мен дифференциясына, жыныс белгілерінің дамуына, бұлшықеттің  дамуына үлкен әсер етеді. Тәжірибеде таза гормондардан басқа (табиғи және синтетикалық) гормондардан құралған және эндокринді стандартталған және стандартталмаған деп аталатын әр алуан препараттар кең қолданылады. Стандартталған эндокриндердің белгілі бір белсенділігі бар, және оларды дәлме-дәл мөлшерлеуге болады; ал стандартталмағандардың белсенділік деңгейі айқындалмаған. Ағзада бұл және басқа да гормондардың жетіспеушілігі көптеген ағза жүйесінің қызметтеріне теріс әсер етеді және ауыр сырқаттарға әкеліп соқтырады. Мысалы, қалқанша бездің қызметінің төмендеуі тері асты жасушасының ісуіне, терінің ауырсынуына, орталық жүйке жүйесінің қысымына, ағза тұрақтылығының төмендеуіне және т.б. әкеліп соқтырады.

    Қалқанша бездің қызметінің жоғарылауы барлық қолайсыз құбылыстарға әкеліп соқтырады. Ағзадағы гормондардың жетіспеушілігінің әр алуан негізі болуы мүмкін және оны әрдайым айқындап отыру қажет. Мысалы, инсуллиннің жетіспеушілігі оның ағзадағы аз мөлшерде өндірілуінен болуы мүмкін, ол жылдам инсулиназамен ериді, жаңа қосылыстарға енеді, одан басқа, эфферентті жүйенің құрылымы олармен өзара әсерлеспейді.

    Гормонды препараттардың фармакодинамикасының бағытына сәйкес оларды аса жиірек ағзадағы жетіспейтін гормондарды толықтыру үшін (гормонның кетуі барысына көбінесе гормонға қарсы шығатын немесе гормон өндіретін бездің қызметін төмендететін фармакологиялық құралдар қолданылады);

    Ағзадағы гормонның жетіспеушілігіне байланысты емес аурулар барысында арнайы фармакотерапия мен фармакостимуляция үшін қолданылады. Бұдан басқа, гормонды препараттарды қажет мезгілде  жануарлардың табиғи ұрықтандырылуын жоғарылату үшін және де ауылшаруашылық жануарлардың таза салмағының өсімін арттыру үшін, азықтандыру шығындары мен азықтандыру мерзімдерін қысқарту үшін пайдаланылады.

    Соңғы жылдары гормоналды препараттар фармакологиялық интенсивті түрде зерттелуде. Бұл бағыттың жетістіктері жаңа гормоналды препараттардың ашылуы мен синтезіне, қартаюдан бұл әсердің байланысын анықтауға, фармакодинамикасының биохимиялық негіздерін ашуға және т.б. септігін тигізеді.

    Барлық гормоналды препараттар токсинді және көп жағдайларда олардың қауіптілігі бірден айқындалмайды, ол бірте-бірте дамиды және ұзақ уақыттан кейін айқындалады.

    Гормоналды препараттар – арнайы әсері бар күшті фармакологиялық агенттер. Ағзаның физиологиялық көрсеткіштерін қайта тұрақтандыру үшін көбінесе теріс әсерін тигізбейтін препараттардың аздаған (доза) мөлшері керек.

    Бірақ олардың тиімділігі тек қана, егер патологияның себептері белгілі болған жағдайда ғана жоғары болады.



    Жануарлар ағзасындағы гормонның жетіспеушілігі келесі фактормен негізделген:

    1. Ол ағзада аз мөлшерде өндіріледі;

    2. Ол жылдам белсенділігін жоғалтады;

    3. Жаңа қосылыстарға  енеді;

    4. Эфферентті жүйенің құрылымы олармен өзара әсерлеспейді.

    Аталған төрт себептердің әрбіреуі, өз алдына, әр түрлі факторлармен шартталуы мүмкін:

    а) өндіруші жасушалардың кемуі

    б) өндіруші жасушалар қызметінің әр алуан токсин-мен басылуы

    в) гармон синтезінің бөлек топтарының бұзылуы.

    Гормоналды препараттардың кішігірім дозасы айтарлықтай көптеген физиологиялық процестерді өзгертеді, — біреулері белсенділікке қарай, басқалары төмендету жағына қарай оны білу қажет. Сондықтан гормоналды препараттарды қолдану бойынша нұсқауда олардың фармакологиясын, қолдану көрсетілімдері мен қарсы көрсеткіштерін нақты көрсетеді.

    Жануарларға арналған дәрiлiк заттардың қауiпсiздiгiн бағалау мынадай тәуекелдердi көздеуi тиiс:

          1) жануарларға арналған дәрiлiк зат құрамының, жекелеген құрамдастарының және (немесе) өзге де ингредиенттерiнiң сәйкес келмеуi;

          2) жануарларға арналған дәрiлiк затты қолдану жөнiндегi нұсқаулықта көрсетiлген оны пайдалану ережесiнiң сақталмауы;

          3) жануарларға арналған дәрiлiк затты ұсынылатын мөлшерде тағайындауы бойынша пайдалануға қарамастан, асқынулар мен жанама әсерлердiң пайда болуы;

          4) жануарлар, сондай-ақ жануарлармен байланыста болған адамдар үшiн токсикологиялық қауiптiң туындауы;

          5) иммунологиялық дәрiлiк заттарды пайдалану кезiнде жануарлар үшiн биологиялық қауiптiң туындауы;

          6) жануарлар ағзасында дәрiлiк заттар мен биологиялық препараттар құрамының қалдықтары нормаларының асып кетуi.

          Ветеринарияда пайдаланылатын дәрiлiк заттар мен биологиялық препараттар жануарлардан және мал шаруашылығы өнiмдерiнен жеке сақталуы тиiс. Дәрiлiк заттарды қабылдау мен босатудың есебi жүргiзiлуi тиiс.

    Ветеринарияда пайдаланылатын дәрiлiк заттар мен биологиялық препараттар, сондай-ақ шығару және пайдалану (қолдану) процесiндегi шикiзаттың жануарлардың, ветеринариялық көмек көрсететiн немесе мал шаруашылығы өнiмдерiн қолданатын адамдардың денсаулығы мен өмiрiне зиян келтiру тәуекелi болады, олар мынадай тәуекелдердi қамтиды:

          1) дәрiлiк заттар мен биологиялық препараттар конструкциясының жетiлмеуiне байланысты;

          2) дәрiлiк заттар мен биологиялық препараттардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн технологиялық процестердiң, сапа көрсеткiштерiн бақылау жүйелерiнiң жетiлмеуiне байланысты;

          3) қолданылатын шикiзатқа, құрамдастарға, химиялық заттарға, субстанцияларға байланысты дәрiлiк заттар қауiпсiздiгiнiң тәуекелi;

          4) дайындау сатысында бөгде қосылулармен, микроорганизмдермен өнiмнiң ластануына, контаминациясына байланысты;

          5) қоршаған ортаның ластануына және жануарлар мен адамдардың шығару кезiнде, дәрiлiк заттар мен биологиялық препараттарды кәдеге жарату мен жою процесiнде өндiрiстiк қалдықтардың шығарындыларын ықтимал жұқтыруына байланысты;

          6) дәрiлiк заттар мен биологиялық препараттарды арнайы бiлiмi, жұмыс тәжiрибесi жоқ, асептика мен антисептика нормаларын сақтамайтын адамдардың пайдалану тәуекелi;

          7) дәрiлiк заттарды қолдануда (көзге, қоршаған ортаға шашу, түсу) абайсыз болу тәуекелi;

          8) сақтау процесiнде өзгерген қасиеттерi бар дәрiлiк заттарды қолдану тәуекелi (температуралық режимдердi сақтамау, физикалық, химиялық факторлардың әсер етуi);

          9) биологиялық препараттар салынған жануарларда инфекцияның латенттiк өршу нысаны болғанда асқыну және ауыр салдарлар тудыратын;

          10) табиғи және климаттық факторларға ұшыраған жануарларға биологиялық препараттарды қолданғаннан кейiн туындайтын;

          11) тасымалдаудың бұзылуы кезiнде дәрiлiк заттар қасиеттерiнiң өзгеруiне байланысты;

          12) жасанды және химиялық және биологиялық құрамдастардың сапасына сәйкес келмейтiн дәрiлiк заттарды пайдаланумен байланысты;

          13) құрамында дәрiлiк заттар мен биологиялық препараттардың қалдық мөлшерi бар мал шаруашылығы өнiмдерiн тамаққа қолданатын адамдардың өмiрi мен денсаулығына зиян келтiру тәуекелi.

    Ветеринарияда пайдаланылатын дәрiлiк заттар мен биологиялық препараттарды қолдану кезiнде мынадай тәуекелдерге байланысты негiзгi қауiпсiздiк талаптарын назарға алу қажет:

          1) жануарлардың қырылуына әкеп соқтыратын асқынулардың туындауы;

          2) дәрiлiк заттардың сапасына немесе дұрыс тағайындалмауына (диагнозына) байланысты тиiмсiздiгi.

    Дәрiлiк заттарды, биологиялық препараттарды қолданғаннан кейiн жануарларда, сондай-ақ байланыста болатын жануарларда, мал шаруашылығы өнiмiн қолданған адамдарда және қоршаған ортада асқынулардың болуын анықтайтын негiзгi факторлар: жануарларға арналған дәрiлiк заттардың, биологиялық препараттардың қауiпсiздiгi мен қолданылу тиiмдiлiгi оларды ұтымды тағайындаумен қамтамасыз етiледi. Тағайындау кезiнде аурудың диагнозын, жануардың түрi мен жасын, қолда бар дәрiлiк нысандарды, мөлшерлеменi, қолдану ретiн және емдеу курсының ұзақтығын, жаңа реакциялардың дамуын болдырмау жөнiндегi ықтимал шараларды және жануарларға арналған басқа да дәрiлiк заттармен өзара әрекеттесуiн ескеру керек.

    Жануарларға арналған дәрiлiк затты, биологиялық препаратты кез келген қолдану жануарларға арналған дәрiлiк заттың атауын (заттаңбада жазылған), серия нөмiрiн, мөлшерiн, салу жолын; жануарларға арналған дәрiлiк затты қабылдаған жануарды (ларды) сәйкестендiрудi; дәрiлiк затты, биологиялық препаратты тағайындау себептерiн және дәрiлiк затты, биологиялық препаратты тағайындаған және қолданған адамның (дардың) қолдарын, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарлары үшiн сою алдында ұстау және (немесе) мал шаруашылығы өнiмiн пайдалану мерзiмiн көрсете отырып, құжатталуы тиiс.


          Қабылданған және босатылған жануарларға арналған дәрiлiк заттарды, биологиялық препараттарды құжатты түрде есепке алу жүргiзiлуi тиiс.

    Ветеринарлық биопрепараттарды қолдану және жою барысындағы қағидаларға жалпы сипаттама


    Ветеринарияда пайдаланылатын дәрiлiк заттар мен биологиялық препараттарды шығару (дайындау) қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар

    Жануарларға арналған дәрiлiк заттарды, биологиялық препараттарды өндiрушiлер олардың өндiрiсiн оның қауiпсiздiгiн өндiрiстiк үй-жайлардың iшiнде және одан тыс қамтамасыз ететiндей етiп ұйымдастыруы және ықтимал қауiптi заттарды, микроорганизмдердi (токсиндердi), олардың генетикалық түрлендiрiлген нұсқаларын, сондай-ақ өндiрiсте пайдаланылатын материалдар мен заттардың қоршаған ортаға шығарылуына жол бермеу үшiн алдын алатын iс-қимылдарды көздеуi тиiс.

          Тiрi микроорганизмдермен немесе олардың генетикалық түрлендiрiлген нұсқаларымен жұмыс iстеу кезiнде олардың жануарлар популяциясында айналыста болу қабiлетi, патогендiк қасиеттердiң реверсиясының ықтималдығы және патогендiк микроорганизмдермен генетикалық ақпарат алмасу мүмкiндiгi ескерiлуi тиiс.

          Микроорганизмдер, оның iшiнде шетелден алынғандары, жануарларға арналған иммунологиялық дәрiлiк заттарды шығару мен олардың сапасын бақылауға арналғандар Ветеринарияда пайдаланылатын микроорганизмдер штамдарының коллекциясына депозитке алынуы тиiс.

          Өндiру сатысында ластанудың алдын алу жөнiндегi шараларды көздеу керек. Басқа дәрiлiк заттарды шығару үшiн пайдаланылатын аймақтарда микробиологиялық тектес дәрiлiк заттарды, биологиялық препараттарды дайындауға жол берiлмейдi. Қоректiк ортаны таңдау кезiнде ортаның селекциялығы, ашықтығы және зарарсыздандыруға жарамдылығы ескерiлуi керек. Онда уытты және аллергендi қасиеттерi бар заттар болмауы тиiс.

          Өндiрiсте пайдаланылатын технологиялық процестер, сондай-ақ шикiзатпен, материалдармен, реактивтермен, субстраттармен, жабдықтармен, микроорганизмдердiң өндiрiстiк штамдарымен, орау материалдарымен айла-амалдар персонал мен қоршаған орта үшiн қауiпсiздiктi қамтамасыз етуi тиiс.

    Ветеринариялық дәрiханаларда дәрiлiк заттарды дайындау қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар

          Жануарларға арналған дәрiлiк заттарды дайындау Қазақстан Республикасында тiркелген дәрiлiк заттар негiзiнде жекелеген жануарлар үшiн ветеринариялық дәрiгерлердiң рецептерi бойынша ветеринариялық дәрiханада жүзеге асырылады.

          Ветеринариялық дәрiханада жануарларға арналған дәрiлiк заттарды дайындау кезiнде есiрткi заттары, психотроптық, күшi әсер ететiн және улы заттар пайдаланылмайды.

          Ветеринариялық дәрiханаларда биологиялық препараттарды дайындауға жол берiлмейдi.

          Ветеринариялық дәрiханада осы Техникалық регламенттiң талаптарына сәйкес жануарларға арналған дәрiлiк заттарды дайындауды қамтамасыз ететiн қажеттi үй-жайлар, жабдықтар және мүкәммал болуы тиiс.

          Жануарларға арналған дәрiлiк заттарды шығару кезiнде пайдаланылатын өлшеуiш аспаптар мен жабдықтарда бүкiл пайдалану уақыты iшiнде сақталатын техникалық паспорттары болуы тиiс. Оларды калибрлеу (салыстырып тексеру) кезеңi белгiленуi, құжатталуы және жоспарлы тәртiппен жүргiзiлуi тиiс.

          Жануарларға арналған дәрiлiк заттарды дайындаудың барлық процестерi нақты регламенттелуi және нормативтiк құжаттардың, нұсқаулықтардың талаптарына сәйкес жүргiзiлуi тиiс.

          Жануарларға арналған дәрiлiк заттардың қауiпсiздiгiн бақылау нәтижелерi журналдарда тiркеледi. Барлық журналдар тiгiлуi, ондағы беттер нөмiрленуi, басшының қолымен және дәрiхананың мөрiмен куәландырылуы тиiс.

    Жануарларға арналған дәрiлiк заттарды, биологиялық препараттарды сақтау, босату (өткiзу) және тасымалдау физикалық-химиялық, биологиялық, фармакологиялық, токсикологиялық қасиеттерiн ескере отырып, сондай-ақ көлiктiң осы түрiнде қолданылатын талаптарды ескере отырып, олардың сақталуын қамтамасыз етуi тиiс, жануарларға арналған дәрiлiк заттардың белгiленген жарамдылық мерзiмi iшiнде препаратқа арналған нормативтiк құжаттаманың талаптарына сәйкес орындалуы тиiс.

          Дәрiлiк заттарды, биологиялық препараттарды шығаруды жүзеге асыратын кәсiпорындарда жануарларға арналған дәрiлiк заттарды, биологиялық препараттарды сақтау мен босату кезiнде олардың қауiпсiздiгi мен қасиеттерiнiң сақталуын қамтамасыз ететiн үй-жайлар, жабдықтар және мүкәммал болуы тиiс.

          Мыналар:

          1) дәрiлiк заттарды сақтаудың температуралық режимдерiнiң сақталмауы;

          2) өнiмнiң түрiнiң бұзылуы;

          3) тасымалдау кезiнде өнiмнiң зақымдануы;

          4) препараттарды қолдануда дайындау, тағайындау ережелерiнiң бұзылуы;

          дәрiлiк заттарды жою кезiндегi қауiпсiздiкке қойылатын талаптардың бұзылуы дәрiлiк заттарды қолданған жануарлар, адамдар және қоршаған орта үшiн қауiптiң туындау мүмкiндiгiн анықтайтын негiзгi факторлар болуы мүмкiн.

    Ветеринариялық препараттарды жою қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар

          Жарамдылық мерзiмi өткен және жасанды, зертханалық зерттеулердiң нәтижелерi бойынша жануарлар үшiн қауiптi деп танылған ветеринарияда пайдаланылатын дәрiлiк заттар мен биологиялық препараттар жойылуға тиiс.

          Одан әрi пайдалану туралы шешiм қабылдағанға дейiн дәрiлiк заттар мен биологиялық препараттар уақытша айналымнан алынады және олар қол жетпейтiн орындарда сақталады.

          Жануарларға арналған дәрiлiк заттарды, биологиялық препараттарды жою нормативтiк-техникалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылады.

    Жануарларға арналған дәрiлiк заттар мен биологиялық препараттарды жоюды тиiстi рұқсаты бар кәсiпорындар арнайы жабдықталған алаңқайларда, полигондар мен үй-жайларда осы Техникалық регламенттiң талаптарына және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де талаптарға сәйкес жүргiзедi.

          Ветеринарияда пайдаланылатын дәрiлiк заттар мен биологиялық препараттарды жою рәсiмi адамдардың, жануарлардың қауiпсiздiгiне әсер етпеуi және қоршаған ортаны ластамауы тиiс.

          Жануарлар мен адамның денсаулығына қауiп тудыратын дәрiлiк заттар мен биологиялық препараттарды мiндеттi түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) жөнiндегi iс-шаралар тиiстi аумақтың мемлекеттiк ветеринарлық инспекторының мiндеттi түрде қатысуымен жүргiзiледi.



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет