ОҚУ-Әдістемелік кешені (Барлық мамандықтарға арналған)


Педагогикалық қарым-қатынас стильдері



бет5/7
Дата28.06.2017
өлшемі1,49 Mb.
#20352
1   2   3   4   5   6   7

Педагогикалық қарым-қатынас стильдері. Мұғалім тәжірибесінде орын алатын педагогикалық қарым-қатынастың түрлерімен қатар оның негізгі стильдерімен танысып өтейік. Педагогикалық қарым-қатынас стилі - педагогтың өз шәкірттерімен әрекеттесуінің дербес-психологиялық ерекшеліктері. Әр мүғалімнің балалармен қарым-катынас орнатуында өзіне ғана тән ерекшеліктері болады. Осы ерекшеліктеріне байланысты әр мүғалімнің кабинетке кіруімен бірге оқушылар сыныбында әр түрлі психологиялық ахуал орын алады.

Педагогика, психология, әлеуметтану ғылымдарында қарым-қатынастың мынандай стильдері топтастырылған: авторитарлык, либералдық, демократиялық,



  1. Қарым-қатынастың авторитарлық стилінде мұғалім оқушылардың қызығушылықтарын ескерусіз өзі ғана шешім қабылдайды, мұнда мұғалім: «Менің айтқаньм заң», «Мен бұйырамьн, сендер орындайсыңдар» деген позицияны ұстанады.

  2. Қарым-қатынастың либералдық стилінде мұғалім өз бетінше шешім қабылдаудан бас тартып, жауапкершілікті оқушыларға, әріптестеріне ысырады. Мұғалім «Сен тимесең, мен тимеймін», «Қалай болса, солай болсын» деген позицияны ұстанады.

  3. Қарым-қатынастың демократиялық стшінде оқушы мен мүғалім педагогикалык қарым-қатынастың тең құқылы субъектілері ретінде қарастырылады. Бұл стиль бойынша жұмыс істейтін мұғалім: «Бәріміз бірге жоспарлаймыз, бірігіп орындаймыз, бірігіп жетістікке жетеміз» деген позицияны ұстанады.

Студенттің өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар.

  1. Қарым-қатынас дегеніміз не?

  2. Педагогикалық қарым-катынасты қалай түсінесіз?

  3. Педагогикалық қарым-қатынастың қандай кезеңдерін білесіз?

  4. Педагогикалық қарым-катынастағы авторитарлыкқ стиль дегеніміз не?

5. Педагогикалық қарым-қатынастағы либералдық стиль дегеніміз не?

6. Педагогикалық қарым-қатынастағы демократиялық стильдің ерекшелігі неде? Эмпатия, симпатия, антипатия ұғымдарын қалай түсінесіз?

7. Педагогикалық карым-қатынастың қандай түрлерін білесіз?

Әдебиеттер

1. Станкин М.И. Психология общения. Курс лекции, М., 2000 г.

2. Поваляева М.А., Рутер О.А. Невербальные средства общения. - Ростов н/Д.: 2004. - 352 с.

3. Хан Н.Н. Сотрудничество в педагогическом процессе школы. -Алматы: 1997. -212 с.

4. Елеусізова С. Қарым-қатынас психологиясы., Алматы, 1995 ж.



5. Сластенин В.А. Педагогика: учеб. пособие для етуд.высш. учеб. заведений/ В.А. Сластенин, и др. - М.: - 2007. - 576 с.
Дәріс №9. Болашақ ұстаздарды даярлаудағы үздіксіз педагогиклық практиканың маңыздылығы.
Мақсаты: Болашақ мұғалімдерді үздіксіз педагогикалық практиканың негізгі мақсат, міндеттерімен таныстыру және студенттерге мұғалім қызметінің әлеуметтік мәні мен оқушы тұлғасын қалыптастырудағы өздерінің жетекші рөлін түсіндіру.

Негізгі ұғымдар: Практика, педагогикалық практика, үздіксіз педагогикалық практика, мектептің құрылымы, «ұстаз-оқушы», қарым-қатынас.

Жоспары:

  1. Үздіксіз педагогиклық практиканың мақсаты, міндеттері, мазмұны.

  2. Педагогиклық практика кезіндегі тәрбиелік жұмыстар.

  3. Педагогиклық практика барысында кездесетін проблемалық жағдайлар.

Кәсіби білім беру саласында педагогикалық практика болашақ мамандардың өздері таңдаған кәсіптерін практика жүзінде, тереңірек танысып көруіне негізделіп ұйымдастырылады.

  • ЖОО-ғы өткізілетін педагогикалық практикалар болашақ ұстаздардың теориялық білімдерін шынайы педагогикалық процесс жағдайында шығармашылықпен іске асырып, өздерін педагог ретінде сынап көрулеріне, болашақ кәсіптерінің қыр-сырымен тереңірек танысуларына бағытталған.

  • Педагогикалық практика болашақ мұғалімдердің кәсіби іскерліктері мен кәсіби құзіреттерін дамытудағы және қалыптастырудағы ЖОО-ғы педагогикалық процестің ажырамас бір бөлігі.

  • Болашақ мұғалімдердің кәсіби даярлықтарының сапасын жоғарлатуға бағытталған педагогикалық практиканың білім берушілік, тәрбиелеушілік, дамытушылық қызметтерінің мүмкіншілігі өте жоғары.

Білім беруді ізгілендіру, демократияландыру, және интеграциялау идеяларын ендіруге, оқу орнының педагогикалық процесіндегі болашақ мұғалімнің тұлғалық, белсенді-шығармашылығын, кәсіби құзырлығын қамтамасыз етуге жағдай жасайтын жоғары оқу орнындағы оқу-тәрбие іс-әрекетінің барлық жүйесін бағдарлауға; оқу-тәрбие жұмысын шығармашылықпен ұйымдастыруға жағдай жасайды.

Бүгінгі күннің мұғалімі қазіргі өзгермелі әлеуметтік жағдайға тез бейімделіп, шығармашылықпен ойлай білетін, педагогикалық процесті жүйелі түрде алдын-ала болжай алатын, оқушылармен ынтымақтаса отырып, кәсіби психологиялық-педагогикалық қызметті дара шығармашылық тұрғыда жасауға бағытталған болуы керек. Болашақ мұғалім мамандығын дайындау жүйесінде педагогикалық практика негізгі рөл атқарады. Ол жоғары оқу орнынының тұтас педагогикалық процестен бөлінбейтін бөлігі бола отырып, мұғалімді дайындаудың теориялық және практикалық бірлігін қамтамасыз етеді.

Практиканың міндеттері:


  • мұғалім мамандығының әлеуметтік мәнін және оның оқушы тұлғасын қалыптастырудағы әсерін студенттердің сезіне білуі.

  1. болашақ мұғалімнің кәсіби құндылығын, педагогикалық бағыттылығын қалыптастыру.

Практиканың мазмұны:

Бекітіліген нормативтік құжаттарға сәйкес әртүрлі типтегі оқу-тәрбие мекемелерінің жұмыс жүйесімен таныстыру.

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандартына», психологиялық-педагогикалық пәндердің кешендеріне сәйкес, студенттерді оқытудың барлық кезеңдерінде әрбір курста үздіксіз педагогикалық практика өткізіледі және мыналарды қамтиды:


  1. білімді реформалау жағдайында мектеп жұмысының негізгі бағыттарымен таныстыру

  2. Мемлекеттік стандартпен, мамандық бойынша оқу пәнінің типтік бағдарламаларымен таныстыру

  3. мектептегі тұтас педагогикалық процестегі басқару жүйесі мен таныстыру

(директордың, директордың орынбасарының іс-әрекеті);

  1. мектеп құжаттарымен таныстыру (мектеп жұмысының жоспары, сынып жетекшісінің жоспары және т.б.)

  2. әртүрлі әдістерді (сауалнама, бақылау, сұқбат, мектеп құжаттарымен танысу және т.б) пайдалануды негізге алған пән мұғалімінің мен сынып жетекшісінің қызметтерімен таныстыру

  3. мектеп психологының қызметімен таныстыру

  4. мектептің санитарлық гигиеналық жағдайымен таныстыру

  5. сабақ кестесі, тамақтану тәртібі, күн тәртібі, физикалық даму ерекшеліктерімен таныстыру

  6. мектептің материалдық-техникалық жабдықталу жайымен таныстыру

Педагогикалық практиканың мақсаттары:

  1. студенттердің мұғалім мамандығына деген сүйіспеншілікке және тұрақты қызығушылыққа тәрбиелеу;

  2. студенттің өзін-өзі тұтас педагогикалық процестің субъектісі ретінде сезініп, үздіксіз кәсіби-тұлғасын дамытуға деген қажеттілігін қалыптастыру;

  3. студенттің теориялық білімін тереңдету және бекіту.

  4. мектептің тұтас педагогикалық процесінде пайдалана отырып әлеуметтік психологиялық-педагогикалық және арнайы білімдерін тереңдету;

  5. тұтас педагогикалық процесті құзырлылық әдіспен іске асыруға мүмкіндік беретін болашақ мұғалімнің кәсіби іскерлігін және дағдысын қалыптастыру;

  6. педагогикалық іс-әрекеттің, шығармашылық, зерттеушілік әдісін дамыту;

  7. мұғалімнің тұлғалық-кәсіби сапасын қалыптастыру.

Мектеп әкімшілігінің студенттердің үздіксіз педагогикалық практикасын басқарудағы жұмысы. Мектеп директоры:

- педагогикалық практиканың дұрыс өтілуіне жағдай жасайды, мұғалімдер мен қызмет істеушілермен және оқушылармен педагогикалық практика мәселелері бойынша жұмыс жүргізеді;

- студенттерді оқу – тәрбие мекемесінің жұмысымен, мұғалімдер құрамымен, құжаттармен оқу - өндірістік базамен (кабинеттермен, шеберханалармен, кітапханалармен,және т.б) оқу - өндірістік және тәрбие жұмыстарының жалпы жүргізілуімен, алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибелермен таныстырады, практиканттарға педагогикалық кеңестің, пәндік (бейімдік) тексерушілердің атаа – аналар комитетінің жиналыстарына қатысуға мүмкіндік береді, олардың жұмыс жоспарымен таныстырады.

- практиканың топ жетекшісімен бірге студенттерді сыныптарға (топтарға) бекітеді;

- Судент практиканттардың іс – шараларына (таңдап) қатысады және де оларды талқылауға қатысады;

- педагогикалық практика жұмысын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

- оқу – тәрбие мекемелерінде педагогикалық практика қорытындысы бойынша жиналыс өткізеді және мүмкіндігінше институттағы бағыт беруші және қорытындылаушы конференцияларға қатысады.

Пән мұғалімдерінің міндеттері

- өзіне бектілген студенттерді өзінің оқу – тәрбие жұмыстарының жоспарымен таныстырады, ашық сабақтар мен сабақтан тыс шаралар өткізіп, оларды талқылауды ұйымдастырады;

- практиканың топтық жетекшісімен бірге студенттердің арасында сабақтардың тақырыбын және пән бойынша сабақтан тыс шараларды бөліп белгілейді;

- студенттерге үйірме жұмыстарын өткізуге, дәптер тексеруге, көрнекі құралдар жасауға, кино және диафильмдерді демонстрациялауға, зерханалық жұмыстарын дайындауға және т.б жұмыстарды тапсырады;

- студенттерге мінездеме береді және олардың оқу жұмысын бағалайды;

- педагогикалық практиканың қорытындысы бойынша оқу – тәрбие мекемесінің жетекшілерімен өткізген жиналыстарға, сондай – ақ мүмкіндігінше институттағы бағыт беруші және қорытындылаушы

конференцияларға қатысу.

Сынып жетекшісінің міндеттері

-студенттерді сыныптан жалпы ерекшеліктермен, негізгі тәрбие міндеттерімен және өзінің жұмыс жоспарымен таныстырады;

- педагогика пәнінің оқытушысымен және топ жетекшілерімен бірігіп студенттерге тәрбие жұмысының жоспарын жасауға көмектеседі, жоспарды бекітеді, оның орындалуын қдағалап, кеңес береді;

- психология пәнінің оқытушысымен бірге практиканттардың оқушыларды және сынып ұжымын зерттеу жұмыстарына, психологиялық – педагогикалық мінездеме жасауына жасауына жетекшілік жасайды;

- студенттердің өз бетінше жасаған тәрбиелік іс – шараларына және оны талдауға, баға қоюға қатысады;

- студенттерді сыныптың (топтық) күнділікті тәрбие жұмыстарына тартады;

- студенттерге мінездеме беріп, олардың тәрбие жұмысын бағалайды;

- педагогикалық практика бойынша оқу – тәрбие мекеме жетекшілерінің өткізген жиналыстарына, сондай – ақ институттағы бағыт беруші және қорытындылаушы конференцияларға қатысады.



Педагогикалық практикалар мына шарттар арқылы өткізіледі:

  1. мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің объектісі - тұтас педагогикалық процесті түсіндіруге бағытталған, теориялық және практикалық дайындықтың өзара байланысы;

  2. студент оқу іс-әрекетінің біртіндеп күрделенуіне байланысты бірінші курстан бітіруші курсқа дейін педагогикалық практиканы ұйымдастырудың жүйелілігі, кезеңдері. Кәсіби дайындаудың әрбір кезеңінде оқыту міндеттерінің тереңдетілуі, теориялық жағынан қамтамасыз етілуі, студентердің өз бетінше жұмыс істей білу деңгейі және олардың дара ерекшеліктерін ескеру негізі болып табылады.

  3. психологиялық-педагогикалық ғылымдарының және практикасының классикалық, сонымен бірге инновациялық жетістіктерінің интеграциясы.

  4. бірінші курстан бастап бітіруші курсқа дейін педагогикалық практиканың барлық түрін өткізу процесінде болашақ мұғалімді ғылыми-зерттеу жұмысына бағыттау;

  5. педагогикалық практиканың болашақ мұғалімнің нақты мамандығына қарай бағыттылығы;

Студенттің өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1. Үзіліссіз педагогикалық практиканың негізгі мақсат, міндеттері қандай?

2. ЖОО-ғы үзіліссіз педагогикалық практиканың құрылымы қандай?

3. Педагогикалық практика кезіндегі тәрбиеләк жұмыстардың маңыздылығы неде?

4. Тәрбиелік жұмыстардың қандай түрлерін атай аласыз?



Әдебиеттер

  1. Станкин М.И.. Психология общения: курс лекций. М. - 2000. - 304 с.

  2. ЖОО-ның І-ІV курс студенттерінің үзіліссіз педагогикалық практикасы. Типтік бағдарлама. А,:2006ж

3. Введение в педагогическую деятельность. А.С.Роботова, Т.В.Леонтьева, и др. - М., 2000. - 208 с.

4. Виктор Пекелис. Адам қабілетінің қайнары. Алматы, 1976. -196 б.
Дәріс №10. Педагогикалық қарым-қатынас түрлері, құбылысы мен стилі.

Мақсат: Болашақ мұғалімдерді өзін-өзі тәрбиелеу әдістерімен таныстырып, өздігінен білім алу туралы білімдер жүйесін қалыптастыру.

Негізгі ұғымдар: тәрбие, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері, өзін-өзі бағалау, өзін-өзі бақылау, өзіне-өзі бұйырық беру, өзін-өзі иландыру, өздігінен білім алу.

Жоспары:

  1. Өздігінен білімін көтеру, өзін-өзі тәрбиелеу ұғымы және олардың ерекшеліктері.

  2. Мұғалімнің кәсіби білімін көтеру.

  3. Өзін-өзі тәрбиелеу болашақ мұғалімнің кәсіби дайындығының құралы.

  4. Өздігінен білімін көтеру жеке тұлғаның шығармашылық мүмкіндігінің қалыптасуы мен дамуының көзі.

Өзін-өзі тәрбиелеу туралы түсінік. Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудегі ұжымның атқаратын қызметі. Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеу жеке тұлғаны қалыптастыру процесінің ажырамас екі жағы деуге болады. Тәрбие барысында ықпал адамға басқа адамдар тарапынан келетін болса, өзін-өзі тәрбиелеуде адамға әсер ететін ықпал ішкі күштерге байланысты туындайды. Яғни, адамның тұлға ретінде дамып қалыптасуында сыртқы тәрбиелік ықпалдармен қатар ішкі түрткілердің де маңызы зор.

Өзін-өзі тәрбиелеу - бір мақсатқа сәйкес адамның өз тұлғасын өзі қалыптастыруы, адамның өзін дамытудағы маңызды күштердің бірі. Ол тәрбие процесімен тығыз байланыса отырып жеке тұлғаның қалыптасуын нығайта түседі.

Кептеген психолог-педагогтардың зерттеулері бойынша жеке тұлға қоршаған ортаны өзгертудегі белсенді күштердің бірі ғана емес,

сонымен қатар ол өз тұлғасын өзгертуде де үлкен рөль атқарады. Бүл мәселемен тікелей айналысқан А.Г.Ковалев, А.И.Кочетов, Л.И. Рувинский т.б. болтан.

Өзін-өзі тәрбиелеу процесінде адам тәрбиелік процестің белсенді субъектісі ретінде қарастырылады. Әр адамның өз өмір жолына көз жүгіртіп, өткен-кеткенді ой елегінен өткізіп, болашағына үңіліп көрген сәттері болған шығар. Өміріндегі кейбір сәтсіздіктердің себебін анықтауға байланысты ойларға терең бойлап, өз мінез-құлқьін, көзқарастарын өзгертуге ұмтылу әр адамның өмірінде кездесетін жайттар. Бірақ бұндай құлшыныстар кейбіреулердің іс-әрекеттерінде жалғасын таппай жоғалып, ал басқаларын зор жетістіктерге жеткізіп жатады.

Өзін-өзі тәрбиелеу қажеттілігі адам баласында әуелі бастауыш сынып жасынан-ақ байқалады, бірақ бұл процесс жасөспірімдік кезеңде өте жиі кездеседі. Бұл қажеттілік бірдей жастағы балалардың бәрінде біркелкі кездесе қоймайды, ол адамдардың психологиялық ерекшеліктеріне, олардың жалпы талаптарды орындауға деген даярлықтарының деңгейіне байланысты.

Қай кезден бастап бала өзін-өзі тәрбиелей бастайды? Педагогикалық тәжірибеде оқушылардың өзін-өзі зерттеулері әсіресе жеткіншек жаста көп байқалады. Оны осы жастаты балалардың түрлі үйірмелерге қатысып, өз күштерін, қабілеттерін сынауларынан, өзара сауалнамалық сұрақтар құрастырып соған жауап жазуларынан, жеке күнделіктерін бастауларынан және тағы басқа өзгеше іс-әрекеттерінен аңғарамыз. Жеткіншек жастағы балалар өздерінің жеке «Менін» қалыптастыруға, көпшілік ішінде өзінің алатын орнын анықтауға тырысады және көптетен танымал тұлғаларға (артист, әнші, ақын, боксер, футболист, т.с.с.) еліктегіш келеді.



Әр адам көпшілік ортада өзінің беделінің жоғары болуын қалайды, басқаларға тек жаксы жақтарын ғана танытқысы келеді. Сондықтан өзін-өзі тәрбиелеу процесінде ұжымның атқаратын ролі жоғары. Педагогикалық әдебиеттерде тұлғаньң өзін-өзі тәрбиелеуіне қатысты ұжымның атқаратын екі қызметі аныкталған:

Біріншісі, ұжымның өзі балалардың өзін-өзі тәрбиелеу процесін ұйымдастыруға жалпы жағдайлар туғызады .

Екіншісі, ұжым осы процесті тікелей ұйымдастырады .



Адам өзін қоғамның бір бөлігі ретінде сезініп, өзінің зор мәнін жете түсінгенде ғана оның өзін-өзі тәрбиелеуге деген талпынысы күшейе түседі. Әрбір адам өз бойына өзі үңіліп, «Мен кіммін?», «Мен қогамға қандай пайда әкеле аламын?», «Менің өмірлік мақсатым қандай?» деген сұрактарға жауап іздестіруге тырысуы керек. Бұл мәселе қазіргі көптеген ғылымдардың ең маңызды, көкейкесті сұрақтарының бірі. Ежелгі математиктердің бірі Фалес айтқандай: «Бәрінен де өзіңнің кім екеніңді білу қиын». Әрине, басқаларга жөн сілтеп, ақыл айтып, кеңес берген оңай, ал бірақ адамның бір нәрсені орындауға өзін-өзі көндіруі қиынырақ. Мысалы, көптеген адамдар темекінің басқалардың да, өзінің де денсаулыгына зиянды екенін біле тұра сол жағымсыз әдеттерінен құтыла алмай қиналып жүреді. Ондай адамдар өз ерік-жігерін өз ырқына көндіре алмайды, өздерін өздері билей алмайды.

Адам өз бойында қандай қасиеттерді қальштастырып, қандай жағымсыз жақтарынан арылғысы келетінін накты біліп, сол бағытта табанды түрде өзімен жұмыс істеуі керек. Мысалы, кейбір адамдар өздерімен көп жұмыстар жүргізіп, әр түрлі жағдайларда өздерін сынап ұялшақтық, тұйықтық, жасқаншақтық сияқты қасиеттерінен арылып, жетістіктерге қол жеткізіп жатады.

Б.Б. Айсмонтастың пайымдауынша өзін-өзі тәрбиелеу - дамуды қамтамасыз ететін ішкі рухани факторлар арқылы бізге дейінгі ұрпақтардың асыл тәжірибесін меңгеру процесі.

Адамның ішкі қабілеттерінің, күш-жігерінің мүмкіндігі өте зор. Кейбір адамдарда мектепті нашар бітірген балалар жоғары оқу орындарында да орташа студенттер қатарынан аса алмайды деген теріс көзқарас қалыптасқан. Болашағын алдын ала болжап жастарға мұндай тұжырымды айту, әрине, орынсыз, себебі ең нашар оқыған балалар да жеке басын жан-жақты өрістете алады.

Адамның ішкі әлеуетінің, мүмкіндіктерінің ауқымы өте кең, өмірде өзіне лайықты жұмыс таппайтын адам бар дегенге сенудің өзі қиын. Қоғамда қаншама кәсіп түрлері, қаншама өнер түрлері, қаншама еңбек пен іс-әрекет түрлері бар болғанымен солардың ішінен өзіне лайықты, жарасымды орныңды таба білу тіпті де оңай іс емес. Сондықтан - «талантсыз адам жоқ, өз орнын таппайтын адам бар» деген дұрысырақ болар.

Адам өзінің табиғи күш-қуатын, ерік-жігерін, ой-өрісін, зор мүмкіндіктерін барынша дамытып жақсы игі істерге қол жеткізуі үшін асқан төзімділік, шыдамдылық, ұзақ уақыт бойы үздіксіз жұмыс істеуге машықтануы қажет. Адам санасында өз өміріне басқалардың емес, өзінің жауапты екенін түсінуі, ар-ұлт, намыс, адамгершілік сезімдерінің басым болуы, өмірлік мақсатына жетудегі табандылығы мен құлшынысы оның өзін-өзі тәрбиелеуіне демеу болатын негізгі тетіктер.

Өзін-өзі тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері. Психологиялық - педагогикалық әдебиеттерде өзін-өзі тәрбиелеу әдістері әр түрлі топтастырылып келеді. Өзін-өзі тәрбиелеудің толып жатқан әдіс-тәсілдерінің көпшілгі Абайдың қара сөздерінде де жан-жақты қарастырылатыны мектеп қабырғасынан шыққан әрбір оқушыға таныс.

Педагогика ғылымында Б.Б. Айсмонтас өзін-өзі тәрбиелеу әдістерін және тәсілдерін ажыратып қарастырады және оларды үлкен үш топқа бөліп жіктейді: өзін-өзі тану, өзін-өзі меңгеру, өзін-өзі ынталандыру әдістері. 1 - суретте көрсетілгендей әр топқа жататын бірнеше әдістерді атап көрсетеді.


Өзін өзі тәрбиелеу әдістері

Өзін өзі тану

Өзін өзі меңгеру

Өзін өзі ынталандыру

Өзін өзі бақылау

Өзін өзі талдау жасау

Өзін басқалармен салыстыру

Өзін өзі бағалау



Өзін өзі сендіру

Өзін өзі қадағалау

Өзін өзі бұйрық беру

Өзін өзі иландыру

Өзін өзі құптау


Өзін өзі көрсету

Өзін өзі мақұлдау

Өзін өзі мадақтау

Өзін өзі жазалау



Ал өзін-өзі тәрбиелеу тәсілдеріне адамның өз тұлғасын жетілдіру мақсатында өз алдына нақты міндеттер қоюын, ол міндеттердің орындалуы бойынша өткенді ой таразысына тартьп өзіне есеп беруін, олардың орындалмауының себептерін анықтауын, өзін арнайы қадағалау негізінде айқындалған өз бойындағы өзгерістерді жүйелі түрде тіркеп жазып жүруді жатқызады.

¥стаздық жұмыспен айналысатын адамдар өзін-өздері тәрбиелеу арқылы ұстамдылыққа, шыдамдылыққа, сабыр сақтауға, өз ерігі мен эмоциясын басқаруға үйренеді және осылайша өз мінезіндегі кейбір жағымсыз жақтарынан арылады. Балаларға қалай болса солай ұрса салуға болмайтыны анық, сондықтан мұғалім өз ерігін өзіне бағындыра отырып байыппен әдепті сақтау негізінде педагогикалық қарым-қатынас орнатуға тырысады. Өзін-өзі тәрбиелеудің нақты бағдарламасын жасау және оны іске асыру өте жауапты да күрделі іс. Адамның жауапты міндеттерді шешуге тырысуы оның өмірін бай, әрі мазмұнды ете түседі, ерік-жігерін шынықтырады.



Қойылған мақсат орындалды ма, сағат сайын, күн сайын, апта сайын есеп беру қажет. Өзін-өзі тәрбиелейтін адамдар күнделіктер бастап жазады, өздерінің бойындағы өзгерістерді бақылап, жан-жақты талдау жасайды. Мысалы, өз бойыныздағы ең үш жағымсыз жақтарыңызды дәптеріңізе жазыңыз:

  1. Жалқаулык,

  2. Көнгіштік,

  3. Ұялшақтық.

Өзін-өзі тәрбиелеу әдістері мен тәсілдерінің ішінен өзіңізге ең қолайлысын таңдап алған дұрыс. Көпшілігіміз табысқа жеткендердің іс-әрекетіне еліктейміз де, өз мінез-құлқьмыздағы ерекшеліктерді ескермейміз. Педагогтар баланың жеке ерекшеліктерін білу және соған лайық тәсілдер қолдану тәрбиенің маңызды шарты екенін баса айтады. Өзін тәрбие объектісіне айналдырушы адамға да керегі осы: өзінің табиғи ерекшелігін білу. Көздеген сапаға жету үшін ең әуелі өз мінезіңіздің жақсы жақтарын іске қосу керек. Кемшіліктеріңізді бейтарап қалдырып, назар салмаған дұрыс.

Мұғалімнің өздігінен білімін жетілдіруі. Кез келген мемлекеттің өркендеуі оның білім беру саласының жағдайына негізделеді, ал білім беру процесіндегі маңызды фигура-ұстаз тұлғасы. Мұғалімнің негізгі міндеттерінің бірі - өскелең ұрпақты қазіргі ғылыми білімдермен қаруландыру, дамыған шығармашыл тұлға ретінде қалыптастыру. Осындай жауапты міндеттерді сапалы деңгейде атқару үшін әр мұғалім өзінің білімін жетілдіріп отыруы қажет. Мұғалімнің кәсіби дайындығы кезінде жинақтаған білімдері бір қалыпта сақталып тұрмайды. Қоғамның дамуына байланысты мұғалімнің білімдері де жаңарып, толықтырылып отыруы керек, себебі қоғамның экономикалық дамуына байланысты жас ұрпақты әлеуметтендірудің жаңа талаптары туындап отырады. Осыған орай қазіргі оқушылардың сұраныстары да жоғарлай түсуде

Сондықтан әр мұғалімнің кәсіби жетілуінің негізгі факторларының бірі болып оның өздігінен білім алуы қарастырылады. Өздігінен білім алу - мұғалімнің тұлғалық өсуінің негізі. Қазіргі кездегі үздіксіз білім беру мәселесі де адамның бір алған білімімен қанағаттанбай, оны заманына сай толықтырып, жаңартып отыруын көздейді. Адам біліммен тек бір оқу мекемесінде ғана қаруланбайды, білім - үлкен құндылык, оны өмір бойы толықтырып отыру қажет. Егер адам білімін үнемі толықтырып, жаңартып отырмаса, ол кәсіби іс-әрекетке де жарамсыз болып қалады.

Өздігінен білім алу - адамның білім беру мекемелеріндегі жүйелі оқытудан тыс өздік жұмысы арқылы білім алу процесі. Мұғалімдердің өздігінен білім алулары олардың кәсіби біліктіліктерін жоғарлатудың негізгі формасы. Бұл бағытта мұғалімдер озық педагогикалық тәжірибелерді зерттеп, мектептегі немесе тұрғылықты жердегі басқа кітапханалардағы әдістемелік әдебиеттермен танысып, өз жоспарлары бойынша жұмыс істейді. Өздігінен білімді жетілдірудің ұжымдық түрлері ретінде мүғалімдердің біліктіліктерін жетілдіру институттарын, әдістемелік бірлестіктердің жұмыстарын атауға болады. Өздігінен білім алу барысында жас мұғалімдер қазіргі жаңа педагогикалық технологияларды, білім берудің негізгі бағыттарын зерттеп олардың практикальқ маңыздылығымен танысады.

Өздігінен білім алудың атқаратын негізгі қызметтері ретінде М.Князеваның мынандай топтамасын келтіруге болады:

1. Экстенсивтік - жаңа білімдерді іздестіру, жинактау.

  1. Бағдарлық мәдениет және қоғам ішінде өз орнын анықтау.

  2. Компенсаторлық-мектептік білімнің олқылықтарын толықтыру, өз біліміндегі кемшіліктерді жою.

  3. Дамытушылық - өзіндік сананы, есте сақтау қабілетін, ойлау қабілетін, шығармашылық сапаларын дамыту

  1. Әдіснамалық - кәсіби біліктілігін, білімдерін жетілдіру, дүниенің тұтастығын түсіне алу.

6. Коммуникативтік - түрлі кәсіптер, ғылымдар, адамдар
арасындағы байланыстарды орната алу

7. Шығармашылық шығармашылық жұмысқа үйрену.

8. Жаңашылдық қалыптасып қалған пікірлерге жаңаша көзқарастардың туындауы, ескілікті жою, стереотиптерден арылу.

9. Психологиялық - зиялы адамдар қатарынан екенін сезіну, өзін зиялылар қауымының бір бөлігі ретінде сезіну.

10. Геронтологиялық - жасы ұлғайған адамдардың өздігінен білімдерін жетілдірулері арқылы заманауи жаңалықтардан хабардар болып отыруы.

Қазіргі ақпараттық қоғамда адам өздігінен білімін жетілдіріп отыруы арқылы бәсекеге қабілетті, еркін жан-жақты дамыған тұлға бола алады. Өздігінен білім алу процесінің құнды жақтарының бірі ретінде тұлғаның жеке танымдық белсенді іс-әрекетпен шұғылдануын атауға болады. Бұл процесте адам мақсат-міндеттерді өзі анықтайды, өзі білім алу құралдарын іздестіреді, өзі-өзіне мұғалім болып, өзін-өзі білімге жетелейді.

Өздігінен білім алудың тағы бір маңызды ерекшелігі ретінде адамның білімді ізденудегі құлшынысының, ынта-ықыласының барлығы адамның өз еркінен туындайтынын, сырттан келетін ешқандай ықпалдардың болмайтындығын атап өтуге болады.

Өздігінен білім алудың негіздері әуелі мектеп жасынан басталып, кейіннен орта және жоғарғы кәсіби білім алу барысында жалғасын табады. Ал жоғары оқу орнындағы болашақ мұғалімдер үшін өздігінен білім алудың негізгі көздері ретінде А.С.Роботова, Т.В.Леонтьева т.б. ұсынған мынандай жағдайларды қарастыруға болады:

1.Кітапханадагы электрондық және кітап қоры, интернет жүйесін пайдалану.

3.Білімді, іскерліктерді жан-жақты жетілдіру курстарына қатысу

4.Кәсіби іс-әрекет бағытында жұмыс істеп көру.

5.Қоршаган ортадан алынған ақпараттарды білім алу көзіне айналдыру.



6.Өздігінен білім алудың құзіретінде әр адамның әуестенушілігін, хоббиін қарастыруға болады.

Өздігінен білім алу негіздерін жақсы меңгерген маман кәсіби іс-әрекетте үнемі әріптестерінің алды, ұжымның абыройлы тұлғасы, өзінің құзіреттілігімен, бәсекеге қабілеттілігімен гуманистік бағыттылығы негізінде басқаларға үлгі-өнеге болып оларға қолдау көрсете алады.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет