Зертханалық жұмыс №3 Қызметкерлерді офиске орналастыру (тапсырма атауы) Жұмыс мақсаты: аудан мөлшеріне байланысты есеп жүргізу, жұмыс орындары мен сервер конфигурациясын, желі топологиясын таңдау.
Жұмысты орындау реті: Санитарлық нормаға сүйене отырып (әр компьютерге 6 м ), 25 жұмыс орындары мен сыртқы құрылғылар қосылған сервер үшін ауданды анықтау.
Шешілетін есепке сәйкес 1000 ш.б. шамалап дербес компьютердің конфигурациясын таңдаңыз.
Шешілетін есепке сәйкес 1500 ш.б. шамалап сервердің конфигурациясын таңдаңыз.
Жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін желілік кабельді және питания кабельін есептеу.
Желілік құралдарды таңдау және түсінік беру.
Масштапта желі топологиясы жобасын орындау және неге осы топология таңдалғанын түсіндіру.
Есеп беру жұмысына сервердің және ДК таңдалған конфигурациясын енгізу, сонымен қатар шешілетін есептерді түсіндіру.
Жергілікті желіні орнатудың дұрыстығы туралы қорытынды жазу.
Лабораториялық жұмыста ұйымның акционерлерінің деректер базасын (реестр) құру және қызмет көрсетумен айналысатын белгілі бір ұйымның бөлмшесі қарастырылады. Ұйымда бухгалтерия, реестрді жүргізу бөлімшесі, акционерлермен жұмыс жасау бөлімшесі, ЕТ бөлімшесі, байланыс құралдары және программалық қамтамасыздандыру және т.б. бөлімшелері жұмыс істейді.
ДБ серверінің кілттік сипаттамасы – оның деректерді тез оқу және форматтау қабілеті. Бұл жерде шешуші рөлді жүйенің есептеуіш қуаты және масштаптауы атқарады, яғни сервердің қабілеттілігі қызмет көрсетілетін қолданушылардың санының және өңделетін транзакциялардың өсуі барысында жалпы өнімділікті сақтау.
Офистық типтегі деректер базасымен жұмыс қатты дикінің сенімділігі мен көлеміне, процессордың қутатылығына және жүйелік шинаның өткізу қабілеттілігіне жоғары талаптар қояды. Сонымен қатар мамандандырылған дискілік RAID – массивтер қолданылады.
Санитарлық нормаға сүйене отырып 25 жұмыс орнына және 1 серверге қажетті аудан 156 м тең.
1 жұмыс станциясына 1000 ш.б. есептеп максималды мәні 25000 ш.б. тең болатын конфигурация таңдау және кестені толтыру: