ОқУ-Әдістемелік кешені мазмұНЫ



бет44/65
Дата06.01.2023
өлшемі6,3 Mb.
#165062
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   65
Байланысты:
Желілік технологиялар УМКД

Бақылау жұмысы:

  1. Маска қолдану қалай жүзеге асады?

  2. Маскасыз доменді маршрутизациялау технологиясын қалай түсінесіз?

Дәріс №14
Тақырыбы: TCP/IP утилиттері. Қолданбалы деңгейдің протоколдары және қызметтері
Жоспары:

  1. TCP/IP утилиттері

2. Қолданбалы деңгейдің протоколдары және қызметтері
Сабақтың барысы:
TCP/IP хаттамасын 1969 жылы АҚШ Қорғаныс Министрлігі перспективті зерттеу және өңдеу агентствасы глобалды желі үшін жасап шығарды.TCP/IP (Transmission Control Protocol/interhet Protocol) – хаттамалар жинағы. Әр түрлі жүйелерді Іnterhet ауқымды желісі арқылы байланыстыруға арналған. ІР – желілік (желіаралық) деңгейдің, ал ТСР – көліктік деңгейдің хаттамасы.
Интернеттік қызмет кешені программалық өнім мен хаттамалардан тұрады.
ТСР хаттамасы интернеттік қызмет кешенінде кеңінен қолданылады. Ең бірінші интернеттік қызмет кешенін қолданбалы хаттамалар анықтаса, одан кейін базалық хаттама интернеттік қызметті сомдайды. Бұл анықтаманы толыққанды түсіну үшін келесі блок схеманы қарастырамыз:
Интернеттің негізгі базалық хаттамасы-ІР болып табылса, ал екінші негізгі хаттамасы-ТСР (Transmission Control Protocol) хаттама болып табылады. ТСР хаттама- бұл мәліметтерді жіберуді басқарып, бағыттайтын хаттама. ТСР хаттама мәліметтерді бөлшектерге бөледі де, мәліметтерді дұрыс жинақтауға жеңіл болу үшін оларды нөмірлейді. Ары қарай ІР хаттама бөлшектерге бөлінген мәліметтерді ІР пакеттік үлгіде желіге жібереді.

Соңғы нүктеде ТСР хаттама барлық мәліметтердің бөлшекке бөлінген бөліктері қабылданғандығын тексереді. Өйткені әр түрлі пакеттегі мәліметтер соңғы нүктеге әр түрлі уақытта жеткізіледі, сол себепті оларды қабылдау кезіндегі тәртіп бұзылуы мүмкін. Барлық мәліметтер бөлшегін ТСР қабылдағаннан кейін оларды реттеп, біріктіріп, жинақтайды.


Сол себепті ТСР және ІР хаттамалар бірге қызмет атқарғандықтан, оларды интернетте базалық хаттама деп атап, ТСР/ІР белгісінде қысқаша көрсетеді. Коммуникациялық жүйеде ТСР хаттаманың жұмыс қабілеттілігі жоғары болып келеді. Сол себепті мәліметтерді жіберу барысында ТСР хаттамсы жиі қолданылады.
ТСР хаттамсының негізгі қызметі - коммуникациялық жүйеде қосылған әртүрлі машиналар жүйесін бір жүйеге біріктіру болып табылады. Жалпы алғанда ТСР хаттамсының қызмет қабілттілігі жоғары, яғни коммуникациялық жүйенің үлкен жиынтығын жүйемен қамтамсыз ету арқылы өзінің жұмыс қабілеттілігін жоғарылатады.
Жалпы алғанда ТСР хаттамасының программасы операциялық жүйенің модулі болып табылады. Сол себепті бұл хаттаманы базалық немесе жүйелік деп атайды жәнеде ТСР жүйемен байланысты қызметтерді атқарып, ол туралы деректер беріп отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет