Бүйрек аурулары. Жіті диффузды нефрит. Nephritis acutal – жылдам дамитын бүйректің жұқпалы – аллергиялық бүйрек қабынуы түрінде пайда болып, түбекшелер құтысының тамырлардың зақымдануымен және аралық тіннің қабынуына ауысады. Түбектер эпителииінің дегенеративті өзгеруі айқын емес немесе қосымша түрде байқалады. Ауру барлық жануарға байқалып, әсіресе шошқа және итте, ал ірі қара мал мен жылқыда сирек кездеседі.
Этнологиясы. Жіті нефрит жұқпалы аурулармен ауырған соң пайда болуы мүмкін. (сақау, аусыл, стрептококкты инфекция, жылқының инфекциялық анемиясы, кантогиозды плевритте, лептоспироз, сондай-ақ улануда, суық тию, жарақат т.б)
Негізінен суық тию басты себеп болып табылады. Бүйректің қанмен қамтамассыз етілуі мен және иммунологиялық реакцияның өзгеруімен сипатталады. Сондай-ақ бүйрек эндотелиинің тосқауылдық қызметінің бұзылуынанда болады. Түбекшелердің микроб және токсиндермен зақымдануы салдарынан туындасада, бұған – нефротоксин, зат алмасу өнімі, тітіркендіргіштер, скипидар, дегать, қайың жапырағы, бұзылған азықтар, минералды тыңайтқыштарды жеп қойғанда байқалады. Осы жоғарыдағы салдарға қарағанда жіті нефритті полиэтиологиялық аллергиялық ауруларға жатқызады.
Достарыңызбен бөлісу: |