Түйіршікті дистрофия - цитоплазмада табиғаты белок болып келген өте көп түйіршіктердің пайда болуымен сипатталады. Дистрофияның бұл түрі дистротейноздардың ішінде ең жиі байқалады. Түйіршікті дистрофия әсіресе бауырда, бүйректерде және жүректе айқын көрініс береді.
Меторизм - іш кебу.
Мильгия – бұлшық ет ауруы.
Миелит – жұлынның қабынуы.
Миосклероз – бұлшық еттердің қатайып өзгеруі.
Моноплегия – дененің бір жағының сал болуы.
Мутиляция - мүшенің шіріген жансыз жерінің жанды жерінен бөлінуі.
Некроз (гр.nekros — өлі, шірік, өлі еттену) - тірі организмдегі клетка мен тіндердің өлуі.[1] Қан және жұқпалы ауруларға шалдыгу, жарақаттану, күю т. б. себептерден ауыз шырышты қабығы, қызыл иек шеті, ерін мен ұрт үстері некрозға ұшырайды.
Нефроз (Nephrosis - бүйрек ауруы) - Бүйрек өзекшелері эпителиінің дистрофиясы басым ауру. Оның ең ауыр түрі некрозды нефроз.
Неврома (Neuroma - жүйке ісігі) - Нерв талшықтарынан немесе ганглий клеткаларынан тұратын ісік.
Невроз – орталық жүйке жүйесінің қызметі бұзылудан болатын ару.