Анамнез - ауру жайлы мәлімет (ауырған малды емдеу, сауықтыру мақсатында алдын ала жиналатын мәліметтер.
Анамнестикалық реакция – иммундалған немесе инфекциялық аурудан жазылып, антителаны сақтау қабілетін жоғалтқан организмде болатын реакция.
Аритмия – жүрек ырғағының бұзылуы.
Абиотикалық факторлар – сыртқы ортадағы бейорганикалық факторлардың организмге әсер етуі.
Анафилаксия – организмнің бөгде белокты ерекше сезінуі. Анафилаксияның дамуы кезегімен үш процесстен тұрады: а) сенсибилизация (әзірлік); б) анафилактикалық талықсу (шешілу) және в) десенсибилизация